Газет 2005 жылдың 29 желтоқсанынан шыға бастады



Pdf просмотр
бет1/6
Дата23.12.2019
өлшемі2 Mb.
#24792
  1   2   3   4   5   6


Газет 

2005 жылдың 

29 желтоқсанынан 

шыға бастады

3 қараша 2017 жыл

#

 

19



 

(462)


Бүгінгі санда:

2

7



Арнайы техникаларды 

жаңарту жоспарланды

5

4-бетте


Әлеуметтік  сала

 

қызметкерлерінің



Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Осынау төл мереке қарсаңында, 

яғни қазанның 27

-і күні Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобы әлеуметтік саясат саласы 

қызметкерлерінің алғашқы форумы болып өтті. 

Алқалы жиынға «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және төрт мұнай

-газ өндіру басқармаларының, «Қазгермұнай» БК» 

ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Ембімұнайэнерго» басқармасы, Өндірістік

-техникалық қызмет көрсету және жабдықтармен 

комплектациялау, «Өзенмұнайгаз» АҚ Мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету, Мұнай өнеркәсіп қондырғылары және 

технологиялық коммуникацияларды жөндеу, Ұңғымаларға қызмет көрсету, Химияландыру және экология, «ӨзенЭнергоМұнай», 

Технологиялық транспорт басқармаларының, «Технологиялық транспорт және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» 

ЖШС, «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС, «Argymak TransService» ЖШС, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, «ҚазГӨЗ» 

ЖШС, «KMG EP

-Catering» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС әлеуметтік және әкімшілік-шаруашылық сала жетекшілері мен 

мамандары қатысты. 

алғашқы форумы өтті

Ф

орумның  ашылуында  сөйлеген 



«ҚазМұнайГаз»  Барлау  Өндіру» 

АҚ  Аппарат  жетекшісі  Бауыржан 

Асқаров қатысушыларға алдымен кәсіби мере-

кеге  орай  ҚМГ  БӨ  бас  директоры  Құрманғазы 

Есқазиевтің  құттықтауын  жеткізді.  Өз  баянда-

масында  Б. Асқаров  «ҚазМұнайГаз»  БӨ»  АҚ 

компаниялар  тобындағы  әлеуметтік  салада 

атқарылған  жұмыстарға,  болашақта  маңыз 

беретін мәселелерге тоқталды. 

«Бүгінгі шара ҚМГ БӨ компаниялар тобының 

маңызды  оқиғасы  десем  артық  айтқаным 

емес,  өйткені  компанияның  тұрақты  дамуында 

корпоративтік  әлеуметтік  құрылымдардың  рөлі 

зор, ал мәселелерді бірлесіп талқылау қажеттілігі 

өзекті  болып  табылады.  Сондықтан  біз  бүгін 

компанияның әлеуметтік міндеттемелерін орын-

дау бойынша жұмыс барысында кездесетін про-

блемаларды айтып, оларды түсіну мақсатында 

алғаш рет осындай кеңейтілген форматта жина-

лып отырмыз.

Бағымызға ашылған 

балабақша

Өзгерісті өзімізден 

бастайық


мұнайшы

   қайраткер

       азамат

Біздің жоғары оқу орнын бітіріп, мұнайшы инженер дипломымен елге оралған 

сәтіміз – Еділ

-Жайық қос өзені аралығында «қара алтын» кені табылып, 

бұрындары  марғау  кейіпте,  тып

-тыныш жатқан, негізінен төрт түлік мал 

өсірумен  шұғылданатын  Нарын  өңірінде  жаңа  өндірістің  енді

-енді  аяқтан 

тік тұра бастаған сәтіне дөп келді. Отыздың ар жақ бер жағындағы өңкей 

жас  мамандар  бүгінде  Салтанат  Балғымбаев  есімімен  аталатын  Мартыши 

кенішінде бас қостық. Көпшілігіміз бірімізді біріміз сонау Алматыдағы атақты 

политехникалық институттың қабырғасынан, студенттік шақтан танитындар

-

мыз. Солардың бірі – Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев болғандығын бүгінгі оның 



тұстастары, жұмыстастары мақтанышпен еске алады.

3-бетте


нұрлан  БалғымБаевтың туғанына 70 жыл

www.munailymeken.kz




2

трансформация

Бала күнінен еңбектің қазанында қайнап, 

істің  ебін  білген  Ерханға  темір  жонушы 

мамандығын игеру қиындық туғызған жоқ. Ма-

шина жасау және металл өңдеу, металл кесуші 

құрылғылар маманы деген жоғары білімі бар. 

«Теория керек, ал тәжірибе жүзінде білу – одан 

да маңызды», – дейді Ерхан Сүгіров. 

25  жыл  темір  жонушы  болған  Ерхан  бұл 

қызметке қатысты өзгелердің пікірін түбегейлі 

өзгерте алады. «Темір жонушы математикаға 

мықты  болу  керек.  Есептемесең,  еткенің 

еш.  Химия  мен  материалтануды  білмесең, 

апатты жағдайға апарар құрылғы дайындап 

бересің.  Физиканы  меңгермеген  болсаң, 

металдың қасиетінен хабарсызсың. Қауіпсіздік 

ережелерін сақтамайтын болсаң, цехқа кірмей-

ақ қой», – дейді ол. 

Мамандығының қыр-сырын меңгерген Ерхан 

Сүгіров 2014, 2015 жылдарда «ҚазМұнайГаз» 

БӨ» АҚ еншілес мекемелері арасында өткен, 

яғни  «Үздік  маман»  байқауларының  3-ші 

кезеңдерінің жеңімпазы. Екі жыл қатарынан 

4  бірдей  мекемеден  дара  танылған  темір 

жонушыларды өзінің кәсіби білігі, шеберлігі, 

ұқыптылығы арқасында жеңді. 2017 жылдың 

байқауында да соңғы бөлімге жолдама алып, 

жеңімпаз атанды. Сайыста темір жонушыларға 

қойылатын  сан  талап  –  сапа,  шапшаңдық, 

тазалықты ол мүлтіксіз орындайды. Ерханның 

жонған темірлері құдды темір емес, айна дерсің! 

Сапасына да талайлар сын айта алмаған.  

Жалақы үшін жұмыс жасайтындардан жақсы 

маман шықпайтынын айтады ол. Адалдық пен 

ізденімпаздық – барлық салада адамды алға 

сүйрейтін жақсы қасиеттер, – дейді. «Білгенім 

– бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз» дейтін 

Ерхан Сүгіров өзі қызмет ететін МӨҚжТКЖБ-

ның бұрынғы темір жонушылары, қазіргі тех-

нолог мамандары Сүйіндік Ақжігітов пен Сыр-

лыбай Мұхановты тек жұмыстас емес, рухтас, 

тілектес жандар деп біледі. Себебі әр жеңісті 

сәттерінде олардың ақыл-кеңестері пайдаға 

асып, қажетіне жараған. Ал өзі жұмыс бары-

сында кейінгі жас мамандарға көмектесуден, 

білгенін үйретуден жалыққан емес. 

Барлық қозғалысы темірге «тірелген» мұнай-

газ өндірісінде темір жонушының рөлі зор.

Жаңа бағытқа бет түзедік

Б

үгінгі қоғамның біздің алдымызға қойып 



отырған  талабы  –  өркениет  көшінен 

қалмай, заманауи өзгерістерге дайын 

болуымыз қажеттігі. Бұл орайда айтарымыз, қазақ 

мұнайының бастауында тұрған «Ембімұнайгаз» 

акционерлік  қоғамы  ғасырдан  астам  уақыт 

игеріліп келе жатқан кен алаңдарының жұмысына 

тың  қадамдарды  батыл  енгізіп  отыр.  Өндіріс 

шығындарын оңтайландыру және еңбек тиімділігін 

арттыру  мақсатында  Компанияда  бірнеше 

пилоттық  жобалар  іске  қосылды.  Солардың 

арасынан қысқа мерзім ішінде өзінің тиімділігін 

көрсетіп үлгерген 3 жобаны ерекше атап өтуге 

болады.  Олар:  «Интеллектуалды  кен  орны», 

«Материалдық-техникалық қамсыздандырудың 

тиімділігін арттыру» және «Техникалық қызмет 

көрсету мен құрал-жабдықтарды жөндеу бары-

сын  арттыру»  жобалары.  Әр  жобаның  өзіндік 

мақсаты  мен  маңызы  бар.  Соған  орай  ерек-

ше  атап  өтеріміз,  мұнай  өндіру  көрсеткішін 

тұрақтандырып,  өндірісте  еңбек  қорғау  және 

қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды басты 

мақсат етіп отырмыз. Енді, маңызды саналған 

осы 3 жобаға жекелей тоқталайын. 

«Ембімұнайгаз»  АҚ  бойынша  2015  жылы 

қолға  алынған  «Интеллектуалдық  кен  орны» 

пилоттық жобасы «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ 

өндіру басқармасына қарасты «Уаз» кенішінде 

өндіріске  енгізілді.  Уаз  кен  алаңындағы  өнім 

өндіру мен дайындауға қатысты барлық өндіріс 

процестері онлайн ережесі бойынша бақылау мен 

технологиялық басқару кешенді құрылғылармен 

жабдықталды. Пилоттық жоба екі жылда өзінің 

нәтижесін  де  көрсетті.  Мұнай  өндіру  көлемі 

шамамен  3  пайызға  көбейсе,  операциялық 

шығындар қысқарып, электр энергиясын үнемдеу 

20 пайыздан астамға артқан. Сонымен қатар, 

ұңғымаларды  жөндеуаралық  кезеңді  ұлғайту 

арқылы  мұнай  өндіру  артып,  шығын  азайды. 

Өзінің тиімділігін көрсеткен бұл тәжірибелерді 

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның құрамына 

кіретін компанияларға (олардың саны – 14) тарату 

көзделіп отыр. 

Екінші жобаға келер болсам, ол материалдық-

техникалық  қамту  барысын  оңтайландыру 

Өзгерісті Өзімізден

Темірден түйін түйген 

Ерхан

 бастайық



мақсатында қолға алынған тың бастама. Оған 

қатысты ауыз толтырып айтар табысымыз да 

жетерлік. Ең алдымен, компаниядағы барлық 

өндіріс  процестері  автоматтандырылды. 

Мамандарымыздың  бірыңғай  ақпараттық 

жүйеде  қызмет  етулеріне  мүмкіндік  жасал-

ды.  Енді  өндіріске  қажетті  ақпаратты  жедел 

түрде  алуға  және  сапалы  шешімдерді  дереу 

қабылдауға  мүмкіндік  бар.  Материалдық-

техникалық  қамту  барысы  стандартталған, 

реттелген,  жүйеленген  және  тауар,  қызмет, 

жұмыстардың анықтамалығы бірыңғайланған. 

Олар жұмысты жақсартуға мүмкіндік жасады.

Ал, үшінші жобаның мақсаты қызмет көрсету 

мен  құрал-жабдықтарды  жөндеу  бойынша 

тұрып  қалулар  санын  азайту,  болжанбаған 

сатып  алуларды  қысқарту,  мұнай  кәсіпшілігі 

қондырғыларының жөндеуаралық кезеңін артты-

ру және қызмет көрсету мен жөндеудің сапасын 

көтеруді жоспарлау арқылы өндірістің тиімділігін 

арттыру. Бұл жоба бүкіл жұмыс барысын авто-

матты түрде қадағалап отыруға мүмкіндік берді. 



Жұмыс бірден Жеңілдемейді

Дегенмен  де,  «Интеллектуалды  кен  орны» 

жобасы бойынша енгізілген жаңа технология-

лар  кен  орнындағы  жұмысшылардың  еңбегін 

жеңілдетті  деп  айту  әзірге  ерте.  Мамандар 

әлі  де  жаңа  процестерді  үйренуде,  олардың 

жаңалықты толық меңгеруі жолында жұмыстар 

жүріп  жатыр.  Ал,  өндіріс  жаңалықтарының 

күнделікті  жұмысымызға  тұрақты  енуі  үшін 

уақыт керек. Алдағы 2-3 жылда бұл жұмыстың 

нәтижесін  көреміз  деп  жоспарлап  отырмыз. 

Ол  бойынша  бүгінгі  таңда  қажетті  дерекқор, 

статистика жиналуда. 

Ал, осы процестермен тікелей жұмыс жасайтын 

акционерлік қоғамның орталық аппаратындағы 

қызметкерлер  жайлы  сөз  қозғасақ,  олардың 

күнделікті жұмысы айтарлықтай жеңілдеді. Себебі, 

бұрынғыдай емес, ақпаратты жинау мерзімі едәуір 

қысқарды және оңтайландырылды. Бұрын ондаған 

Excel файлдарды жинауға, тексеруге және өңдеуге 

тым  көп  уақыт  жұмсалумен  қоса,  оның  бары-

сында қате жазу, дұрыс тексермеу іспетті адами 

фактордың тәуекелі орын алу ықтималдығы бар 

еді. Бұл мәселе бүгінде толық шешімін тапты. Қазір 

аталған процестердің автоматтандырылуы SAP 

бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі негізінде 

жүзеге асырылады. Сондықтан қызметкер оның 

тілін меңгеріп, қызмет етуге дағдыланады. SAP 

дегеніміз қарапайым тілмен айтқанда, құжаттарды 

автоматтандыру. 

«Бұл  бағытта  барлығын  жаңа  бастадық, 

енді  ғана  қолға  алып  жатырмыз»  деп  айтуға 

болмайды. Бұған дейін 2007 жылы компания-

да  SAP-тың  белгілі  бір  модульдері  енгізілген. 

Бухгалтерия, қазынашылық, кадрлық қызметтер 

іспетті қаржылық-есептеу процестері өзгерістерге 

барынша әзір болған. Сондықтан оларды бірінші 

кезекте автоматтандыруға кірістік. Ал өндірістік 

процестер  одан  тысқары  қалды.  Бірақ  тек 

қаржылық процестерді автоматтандырған кез-

де  қандай  сын-қатерлер  туындайды?  Біз  тек 

шығындарды жедел және дәйекті түрде есептей 

аламыз. Ал егер өндірістік процесс жүйеленбесе 

және оңтайландырылмаса, онда ешбір қаржылық-

есептеу  жүйесі  оған  қолғабыс  ете  алмайды. 

Сондықтан өндірістік процестер біріздендірілді. 



өзгерістерді Жүзеге асыратын – 

адамдар

Шыны  керек,  бастапқыда  трансформация 

бағдарламасы  басталған  кезде  көпшілік 

б ұ л   ж а ң а л ы қ т ы   е р е к ш е   с а қ т ы қ п е н 

қабылдады.  Олардың  арасында  ішінара 

келеңсіз  көзқарастардың  байқалғаны  да 

рас.  Жұмысшылар  бірден  «жұмыс  орын-

дары  қысқарады  екен»  деп  күдіктенді.  Ал, 

оның себебі мәселені жете түсінбеуден ғой. 

Белгісіз,  түсініксіз  нәрсеге  тап  болған  кез 

келген адамның бойын үрей билеп алатыны 

да рас. Бірақ трансформация бағдарламасы 

о баста өз алдына мұндай мақсат қоймады. 

Жүргізіліп  отырған  трансформацияның 

негізгі  мақсаты  –  тиімділікті  арттыру  және 

байырғы  кен  орындарының  өмірін  ұзарту. 

Бірінші  кезекте  бұл  –  қауіпсіз  және  тиімді 

өндірістің кепілі. Өндірісті оңтайландыру және 

автоматтандыру бойынша біздің жобалары-

мыз адамдарды қысқартуды қарастырмайды. 

Оған жұмысшылар мен қызметкерлер бүгінде 

көз  жеткізіп  жатыр.  Яғни,  ол  ең  алдымен 

шығындарды азайтып, үнемдеуге баса көңіл 

бөлу. Бүгінде нарықтағы мұнай бағасы төмен 

екенін бәрі біледі. Сол себепті «көрпеңе қарай 

көсілу»  қажет.  Алайда,  жұмысшылар  ара-

сында бұл өзгерістердің негізгі мақсаттарын, 

оның  әрбір  маман  үшін  тиімділігін  жеткізу, 

жан-жақты түсіндіруді қаперден шығармауға 

тиіспіз.  Жаңалықты  өндіріске  енгізерде 

көбіне технологияларға немесе процестерге 

ғана  баса  мән  беру  –  үлкен  қателік.  Себебі 

процестерді  адамдар  жүзеге  асырады.  Сол 

себепті,  ең  алдымен  жаңалық  маманға 

қаншалықты түсінікті деген мәселеге аса мән 

беруіміз қажет. Тұтастай алғанда, дағдарыс 

және мұнайдың бағасы төмен болып тұрған 

жағдайда да біз жұмыс орындарын сақтауды 

көздейміз. Ұжым ретінде біздің мақсатымыз 

– осы қиын кезеңде бірігу және компанияның 

тиімділігін көтеру үшін еңбек ету.

Мен  өзім  трансформация  бағдарламасын 

жүргізуде біраз тәжірибе жинақтадым. Астана 

қаласында  қолға  алынған  барлық  жобаларға 

жетекшілік жасадым. Бұл аса маңызды, күрделі 

жұмыс. Бүгінгі таңда осы бағыттағы жұмысымды 

Атырауға қоныс аударып, «Ембімұнайгаз» АҚ-

да  жалғастырып  отырмын.  Айта  кетерлігі, 

компанияда  осы  мақсаттағы  жұмыс  тиімді 

жүргізілуде.  Ғылыми-техникалық  ілгерілеу 

қарышты  қадаммен  дамуға  бет  алды.  Тиімді 

нәтижеге қол жеткізу үшін барлық өзгерістерді 

қаперге  алу  керек.  Бәсекеге  қабілетті  болу 

–  өмір  талабы,  ол  үшін  компаниямен  қатар 

әрбір  қызметкер  өз-өзін  дамытуды  қолға 

алулары  тиіс.  Кәсіпорын  бизнес-процестерді 

оңтайландырып,  өзінің  тиімділігін  арттырса, 

әр маманға өзінің білім көкжиегін кеңейту аса 

қажет. 

жұма, 3 қараша 2017 ж.



Көрнекілік сурет. Уаз кен орны

Әлихан байдүйсенов, 

«ембімұнайгаз» ақ Перспективалық даму жөніндегі 

басқарушы директоры:

Көрнекілік сурет. Уаз кен орны

www.munailymeken.kz




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау