Интернетке ќосылу



жүктеу 88,93 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі88,93 Kb.
#6888

ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Клиенттер мен серверлер

Бүкіл әлемдік желіні құрайтын барлық компьютерлерді екі топқа – клиенттер мен серверлерге бөлуге болады.Кез келген компьютерді қай топқа жатқызу керек екендігі оның қуаттылығына емес,Интернетте атқаратын қызметіне қарай шешіледі.Желі арқылы алынатын мәліметтердің басым бөлігі серверлерде орналасады.Сондықтан серверлердің негізгі жұмысы басқа компьютерлердің,яғни клиенттердің сұраған ақпараттары мен қызмет баптарын қамтамасыз ету болып табылады.

Сервердегі ақпараттарға тұтынушылардың кез келген сәтте үздіксіз қол жеткізу үшін және әрбір клиенттің ойынан шығу үшін сервер ретінде Интернетке тұрақты түрде қосылып тұратын,әрі өте жылдам істейтін қуатты компьютерлер де жұмыс істей алады,оларға Интернетке тұрақты қосылып тұру міндет емес,тек керекті мәлімет аларда ғана байланысу жеткілікті болып саналады.

Серверлердің бірнеше түрлері бар,мысалы,клиенттердің бір-бірімен электрондық мәліметтермен алмасуына мүмкіндік беретін пошта серверлері ,жаңалық алу топтарымен байланыстыратын жаңалық серверлері,ал вэбсерверлер клиент-компьютерлерге Интернеттен жиі сұратылатын мәліметтер бөлігін – Word wide web (Бүкіләлемдік өрмек) сайттарындағы ақпараттарды беру ісін атқарып отырады.



Модемді таңдау

Интернетке қосылудың көптеген тәсілдері бар,бірақ солардың ішіндегі ең кең тараған,әрі оңай жүзеге асырылатыны – телефон желісі мен модем (модулятор – демодулятор сөзінің қысқартылған түрі) деп аталатын арнайы құрылғаны пайдалану арқылы орындалады . Бұл тәсіл dial-up(қосылатын – коммутацияланатын)деген атпен белгілі.

Модем – компьютер мен тьелефон желісі арасындағы дәнекер аудармашы рөлін атқарады.Мұндағы ерекшелік – телефон арналары мен компьютерлер екеуі екі түрлі,бір-бірімен сәйкес келмейтін тәсілдермен жұмыс атқарып,мәліметтерді тасымалдап өңдейді.Компьютерлер цифрлармен жұмыс істесе,телефон арналары аналогтық түрдегі сигналдары пайдаланады.Сол себепті басқа компьютер мәлемет жіберу үшін оларды цифрлык түрден анологтық түрге айналдыру керек те, ал оны қабылдау кезінде сигналдарды аналогтык түрден кайтадан цыфорлык түрге келтіру кажет болады. Міне осы түрлендіру жүмысын модемдер атқарады.

Барлық модемдерді екі топқа – сырткы және ішкі деп бөлу қалыптасқан. Ішкі модемдер компьютердің жүйелі блогында – негізгі қорабында ( кеңейтілген әдеттегі РС – карта сияқты жасалып, аналық тақшаның бос ұяларына қойылады ) орналасады да, үстел үстінде қосымша орын талап етпейді.

Сыртқы модемдер бөлек қорап ішіне орналастырылып, компьютерге оның USB немесе қазірде сирегірек қолданылып жүрген компьютердің артқы жағындағы СОМ порттары арқылы қосылады. Сыртқы модемнің қорабындағы жарықша диодтары мен алфавиттік – цифрлық индикаторлары бар шамдары модемнің қалай жұмыс істеп тұрғанын, жұмыс істеу қабілетін жылдам анықтауға мүмкіндік береді.

Модем сыртқы немесе ішкі болса ба, оның телефон сымы жалғанатын ажыратып қосқыш тарақшасы ( әдетте LINE сөзімен белгіленеді ), көбінесе телефон аппараты ( PHONE сөзімен белгіленеді ), микрафон, колонкалар да қосылытын тарақшалары да болады. Егер LINE қосқышына телефон сымы, ал PHONE ұяшығына телефон аппараты жалғанса, басқа ешбір кабельдерді пфйдаланбай, Интернетке қосылып, әрі модем жұмыс істемей тұрғанда телефонды да пайдалана беруге мүмкіндік аламыз. Бүкіләлемдік желіге қосылған сәттерде Сіздің телефон арнаңыз Интернет қызметтерін беруші провайдермен байланыс орнатып тұрады да, телефоныңыз бос болмайды.




Интернетке қосушылар

Модем алып оны телефонға жалғаған соң, Интернет қызметін пайдалануды жүзеге асырушы провайдерді ( Internet Service Provider ISP ) таңдап алу қажет. Модем мен телефон арқылы сол провайдер компьютерімен байланыс орнатып, солардың көмегімен Интернеттің шексіз қызмет бабын пайдалануға мүмкіндік аламыз. Қазіргі кезде шағын қалалардың өзінде Желоіге қосу қызметтерін атқаратын бірнеше компонияларды табуға болады, ал көпшілік шоғырланған үлкеенірек тұрғын аймақтарында олар ондап емес, жүздеп кездеседі (олар туралы www.providers.kz сайтында мәлемет жинақталған). Провайдерлердің қызмет ету, жумыс істеу сапасымен Интернетке қосылу жеңәлдәгә және оның жылдамдығы тығыз байланыста болады. Сондықтан провайдар дандауға тиянакты көңіл бәлшеуміз қажет.



Интернет-кәртішкелер мен келімсіз шарттар

Көбінесе провайдерлер желігі қосылудың екі мүмкіндігін ұсынады: келісім шарт(контракт) негізінде және алдын ала толенген кәртішкелер арқылы Келісім шарт бойынша желігі қосылу үшін интернет-провайдеркеңсесіне барып, өткені колма-қол акша төлеу керекемес, керекті соманы аударуға болады. Ал екінші тәсіл жеке адамдарға ынғайды, жақын аралдағы дүкеннен немесе пошта бөлімнен интернет-кәртішке сатып алып, калған уақытта желіге қосылуға мүмкіндік аласыз.

Қай тәсілде пайдалансаңыз да, онда жүрген Желігі қосылу жилігіңізе байланысты траыикті жоспар тандап алу қажет. Күнде-күнде түракты түрде Интернетке қосылу кажет болса, Unlimited покетін тандаған дүрыс, ол провайтерге байланысты $20-60 шамасында болады. Кешкі Unlimited пакетінін қүны $12-20 шамасында болады. Ал егер Сіз Интернетке тек анда-санда ғана қосылытын болсаңыз (мысалы, электрондык поштаны пайдалану және оқта-текте World Wide Web жүйесін аралау), онда сағаттық толеммен шектелген тиімді болады. Бизнес-уақыт кездеріндегі бір сағата қосылу $0,2-0,8 болса, бизнес-уақыттан тыс кездердегі оның құны -$0,15-0,4. Интернетке кететін тшығынға жергілікті телефондық байланысқа төлейтін сомаңызды да қосу керек екенін есте сақтау керек, провайдер компьютерімен телефондық байланыс тегін болмайды. Осындай дайындық жұмыстары толық орындалған соң, Windows жүйесіндегі Интернетке қосылу жұмысын тікелей жүргізуге болады.

World Wide Web қызметі

Интернеттегі қызметт түрлері көп, солардың ішіндегі ең жиі пайдаланылатыны- World Wide Web жүйесіндегі мәліметтерді көріп керектісін алу қызметі.WWW немесе вэб ортасындағы мәліметтер қызықты,әрі көрнекті және алуан түрлі болып келеді, онымен жұмыс істеу де қиын емес, қарапайым түрде кез-келген адам орындай алады. WWW қызметі тұтынушыларға бір-бірімен байланысқан өте көлемді гипермәтіндік құжаттарды көрсетуді жүзеге асырады. Құжаттар ішінде мәтіндік ақпарат, графикалық бейне-суреттер, аудио- және бейнемәліметтер, бұған қоса басқа ақпараттарға да көптеген сілтемелер бар. Осындай құжаттарға кез келген адам қалаған кезінде қол жеткізе алуы үшін вэб-парақтардағы мәліметтер Интернетке тұрақты қосылып тұрған вэб-серверлерде сақталады. Бір тақырыпқа арналып, бір-бірімен байланысқан парақтар жиыны вэб-сайт деп аталады.Жай сайт бірнеше парақтардан тұрады, ал бірақ көлемді мәлшметтері бар және жиі қаралатын сайттар құрамында жүздеген парақтар бола береді.



Web-адрестер туралы

Қазіргі кезде әлемде 20 млн-дай вэб-серверлерде орналасқан 10 млрд-тан астам вэб-парақтар бар,бұлардың саны күннен күнге өсіп жатыр. Оларды бір-бірінен ажыратыыппп, керек кезінде тауып алу үшін әрбір вэб-параққа латын әріптерінен, цифрлардан және де басқа арнайы символдардаан тұратын, қайталанбас бірегейадрес тағайндалады.

Web-парақ адресі бірнеше бөліктен тұрады: хаттама атауы, осы парақ орналасқан вэб-сервер адресі, оған баратын жол тізбегі және файл аты.Вэб-сервер адресі WWW Симвволдарынан басталатын, бір-бірімен нүктемен бөлінген сөз тіркестерінен тұрады. Вэб-парақ адресі web-сербер адресінен қиғаш сызық арқылы бөлініп тұрады да,ол сервердегі парақтар иерархиясымен анықталады.Нақты web-парақ файлының тіркемесі НТМ немесе НТМL (HyperText Markup Language-web-парақтар жасау үшін қолданылатын арнайы тіл) символдарынан тұрады.

Адрестерде нақты адрес жазылмауы да мұмкін.Көюінесе web-сайттың жалпы адресі ғана жазылады,мысалы,http://www.website.kz. Web-сервер адресінде файл аты қөрсетілмесе де,ол бір парақты көрсетеді.Ол парақ сайттыңең басты парағы болып саналады жа,оны көбінесе индекс деп атайды.

WWW ортасындағы барлық адрестер http://символдарынан басталады, бірақ адресті тергенде,оны енгізбей-ақ www.site.kz деп енгізуге болады. Тек www символдары жоқ адрестер енгізгенде ғана оларды толық теру керек. Браузерлер

World Wide Web жүйесін аралап көруді жүзеге асыратын арнайы программалық жабдықтар – Web-браузерлер болады. Бүгінгі күнге дейін ең кең таралған браузерге Microsoft компаниясының Internet Explorer программасы жатады, ол Windows нұсқаларының кез келгенің құрамында бар.

Браузермен жұмыс істеу өте қарапайым боп келеді, оның адрестік өрісіне Web –сайт немесе басты парақ адресін енгізіп, Enter пернесін басу жолымен Интернет арқылы сол адрестегі Web-парақұ мәліметі алынып, экранда бейнеленеді. Интернетке қосылу жылдамдығы мен Web-сервермен байланысу сапасына қарай және де парақ мәліметі көлеміне байланысты экранға керекті мәлімет бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады.

Гиперсілтемелер

Желідегі керекті ақпаратты іздеу бір парақтан екінші параққа, одан үшінші параққа т.с.с. ауысу жолымен жүргізіледі. Егер солардың әрқайсысының адрестерін теріп отыру керек болса, оған көп уақыт кетеп еді. WWW негізінде басқа парақтарға жылдам ауысу ісін атқаратын тиімді механизм жатыр. Оны гиперсілтемелер деп атайды, ондай сілтемелер белгіленген мәтін сөздері арқылы немесе суреттерді таңдау жолымен де атқарыла береді. Белгіленген сөздер асты сызылып басқа түспен ерекшеленеді, суреттер де басқалардан айрықшалау түсте болады. Курсорды сондай ерекшеленген сөздер мен суреттерге алып барған соң, ол сұқ саусағы тікейтілген қолды бейнелеп көрсетеді. Сол сәтте сілтеме көрсетіптұрған Web-адрес Internet Explorer программасы экранының төменгі жағында орналасқан қалып қатарындап көрсетіліп тұрады.



Opera

Opera- әлемдегі ең жақсы браузерлердің бірі. Оның кең таралмағандығын бастапқы кезде оның тегін болмағандығынан деп түсіндіруге болады. Бірақ, уақыт өзгереді, соған орай қазір бұл тамаша программаның кез келген нұсқасын тиын шығармай көшіріп алуға болады. Опера ең көп платформалы браузер. Оны Windows, Linux, MaOs жүйелері орнатылған компьютерлерде, тіпті мобильдік телефондарда да кездестіруге болады. Мұны бір операциялық жүйеден екіншісіне ауысу ешқандай проблема туғызбайды. Программа интерфейсті өте ыңғайлы, ол басында ІЕ программасының көшірмесі болған. Бірақ, тереңірек үңілсек, оның сыртқы түрін оп-оңай өзгертуге болады. Біріншіден, оған көптеген сайттарда тұрған түпқағаздар бейнесін қоюға болады. Екіншіден, тек қана батырмаларды ғана емес, толық тақталардың өзін қосуға, алып тастауға және жылжытуға болады. Осылардың нәтижесінде ең ыңғайлы, әрі әдемі сыртқы түр жасай аламыз. Операның функционалдық қызметі өте жақсы құрастырылған. Веб парақтары жеңіл көруге болатын мүмкіндіктерден басқа операның ыңғайлы пошталық клинеті, IRC клинеті, RSS жаңалықтарын оқу клинеті және тереңдетілген мәлімет жүктеуші менеджер бар, ол тоқтатылған тапсырмаларды ары қарай оқу ісін де атқара алады. Осы операда ең алғаш рет браузерді жаңа түрлері-тышқан сілтеулері мен дауыспен басқару пайда болды. Осығңан орай ыстық пернелер жасаудың қажеті де болмады. Операның тағы бір артықшылығы-кэшпен жұмыс істей алуы.

Мысалы, сіз жаңалықтар ресурсын жиі қарайсыз, делік, ал браузер сіз кірген сайын оның суреттерін біртіндеп жүктей бастайтыны іші пыстырады емес пе! Ал операда бұдан шығатын жол бар. Тек сайтты бір рет оқып алу керек, сонан соң браузер оның суреттерін кэшке орналастырады, ал екінші кірген кезде сол суреттерді кэштен алады да, оған ешқандай трафик шығармайды. Компьютер жалымен жұмыс істейтін осы

Мүмкіндік веб-парақтар ашу жылдамдығын біршама арттырады, оған қоса жылдам істейтін айналмасы тамаша нәтиже береді. Оның үстіне Presto барлық стандарттармен жұмыс істей береді. Тек аздаған проблемалар Java Script пен Flash мүмкіндігін пайдаланған кезде туындайды. Кемшіліктерін айтатын болсақ, кэшті толтыру кезінде браузердің өзін жүктеу де біраз уақыт алады. Мұны кэш көлемін кішірейту жолымен немесе оны оқтын-оқтың тазалап отыру арқылы аластауға болады. Пошта клиенті алдыңғы қатарлы программалармен таласа алмайды, бірақ қарапайым тұтынушының қажетіне ьолығымен жарайды. Тағы бір аздаған кемшілігі-бұл программа плагин жасау өте қиын. Сондықтан, қажет болған жағдайда, жекелеген элементтерді орнатуға тура келеді. Браузер қауіпсіздігі жоғары деңгейде. Өз ішкі айналмасы бар программа операциялық жүйе кемшіліктерінен тыс жұмыс істейді және ол – ІЕ-ге шабуыл жасауға арналған мүмкіндіктерден де жақсы қорғайды. Ыңғайлы интерфейс, әрі сыртқы түр, қауіпсіз серфинг, трафикті үнемдеу, жоғары деңгейде қызмет ет у барлығы бар.


Maxthon

Maxthon-толыққанды программалық өнім емес. Ол ІЕ программасының қызметі қанағаттандырмайтын тұтынушыларға арналған программасына орнатылған қондырма болып табылады. ІЕ-ден Maxthon ауысу ешқандай қиындық туғызбайды. Бастапқы интерфейстерінің де ешқандай айырмасы болмайды. Бірақ, тұтынушы талабы бойынша жаңа батырмалар мен тақталар қосып, олардың орналасуына да өзгертуге болады. Ортасына ішкі беттер мен іздеу жолы қосылған. ІЕ-ден Maxthon –ға ауысу кезінде жаңа браузерге таңдамалы журналды және де басқа тізімдерді бірден енгізу мүмкіндігі бар. Бұл программаның ыңғайлылығы тышқан сілтеулері мен Super Draw&Drop функциясын сүймелдеу арқылы арта түседі. Парақтарды қарау ыңғайлы болуы үшін беттерді масштабтау функциясы енгізілген. Программаға керексіз контененттерді сүзгіден өткізбейтін АД-фильтрі қосылған. Ол өз тапсырмаларын жақсы орындайды. Бірақ, жалпы браузер қауіпсіздігі онша емес. Оның қауіпсіздігі негізі болып табылатын ІЕ программасы мәліметтеріне бағытталған шабуылдарға төтеп, бере алмайды. Жұмыс істеу жылдамдығы ІЕ программасы тәрізді, яғни жоғары емес. Дегенмен, ескіріп кеткен Maxthon программасына алға ұмтылуға кедергі жасап отыр.

Қызмет мүмкіндіктерінің жоғарылығына, жарнамалық фильтрінің болуына және программасынан Maxthon программасына ауысуы оңайлылығына қарай бірсыпыа тұтынушыларды ол толық қанағаттандыра алады.

Қалған браузерлер де жоғарыдағыларға ұқсас немесе аздаған ғана айырмашылығы бар. Сонымсен, мынадай тұжырым, жасауға болады. ІЕ ескірді, енді ол жаңа программаларға орын беруі тиіс. Опера немесе Maxthon программаларының бірін таңдау тұтынушыларының өз еркінде. Жоғары функциональдығы керек пе, әлде жалынды түлкініңғ жоғары санасы қажет пе, әлде ІЕ мүмкіндігін біртіндеп арттыратын таңдайсыз ба, оны өздеріңіз білесіздер. Ал біз Опера –таңдап оған Біздің таңдауымыз деген лауазым бергелі отырмыз.





жүктеу 88,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау