146
Л. Урвик басты назарын ресми тұрғыдан ұйымдастыруды
құратын қағидаларды әзірлеуге аударды. Онысы бүгінгі таңда да
өзінің көкейтестілігін жоғалтқан жоқ. Құрылымдағы адамдардың
сәйкестігі, арнайы штабтың құрылуы, құқық пен жауапкершіліктің
салыстырмалылығы, бақылау диапазоны, мамандандыру, нақтылық
және т.б. Бұлар оның тұжырымдамасының негізгі ережелері.
Осы мектептің өкілі, неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер
(1864–1920ж.ж.) – ұйымдағы биліктің құрылымы мен лидерлік
мәселелерге жете назар аударды. Ол «бюрократия» терминінің
авторы.
«Форд моторс» компаниясының негізін қалаған америкалық
кәсіпкер Генри Форд (1863–1947 ж.ж.) «Мои достижения, моя
жизнь» еңбегінде өз өндірісінің негізгі қағидаларын көрсеткен:
•
іскерлікте әкімшілік аз болсын, әкімшілікте іскерлік мол
болсын;
•
дайын өнімдерді алып-сату нақты іспен үш қайнаса сорпасы
қосылмайды, ол «заң жолымен жобаға келмейтін ұрлықтың әдетті
түрі»
ретінде болады;
•
барлық адам тең деп санайтын қағидадан артық адамзатқа
зиянды әрі ақылға
сыймайтын ұғым жоқ шығар, сірә;
•
біреудің ісіне қол сұғу – қылмыс, өйткені ол басқа бір
адамның үстінен арам жолмен пайда табумен бірдей әрі қара күштің
үстемдігін
орнатады;
•
көптің пайдасына арналған жұмысты қарақан басыңның
қамынан жоғары қой. Пайдасы болмаса ешқандай іс алға баспайды.
Пайда табуда ешқандай жаманшылық жоқ.
«Адамгершілік
қарым-қатынастар» мектебі
Басқару теориясындағы жаңа бағыттың негізін қалаған
америкалық ғалым – Элтон Мэйо (1880-1949 ж.ж.). Ол
жұмысшылардың тобымен бірлесіп он үш жылдай жүргізген
тәжірибенің
нәтижесінде
мынадай
қорытындыға
келді:
жұмысшылардың еңбек өнімділігі еңбек жағдайы мен әкімшіліктің
әрекетіне ғана байланысты емес, ол, сондай-ақ, жұмысшылар
ортасының бейресми шағын таптар деп аталатын) психологиялық
және әлеуметтік климатына да тәуелді болады.
Ф. Герцберг, Рл. Ликарт, Дуглас Мак Грегор, Фоллет Мэри
147
Паркер және т.б. осы мектептің көрнекті өкілдері.
Бұл бағыттың негізгі ережесі – бейресми шағын таптарға
қатысты рөлді анықтау және басқару іс-тәжірибесінде топтардың
психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін анықтап,
пайдалануға мүмкіндік беретін әдістердің қажеттілігіне сендіру.
Осы мектептің өкілдері басқару жүйесіндегі қызметкерлердің
еңбегін жетілдіру әдістерін іздестіруге айтарлықтай маңыз береді.
Әрі-беріден соң оларға ұйымның формалдық құрылымын қайта
құру барысында бейформалды әлеуметтік құрылымдарды өзгертуге
баса назар аударуына кеңес берілді.
Жауапкершілікті жүктеу біршама деңгейде ұйымдағы
мотивациямен байланысты. Осы позиция тұрғысынан Д. Мак
Грегордың көзқарасы кеңінен тараған. Оның айтуы бой¬ынша,
басқаруды ұйымдастырудың екі негізгі тәсілдемесі бар.
Біріншісі – Х теориясы нормаланған тұжырымдар мен
операцияларды пайдаланатын мәжбүрлеу және көтермелеу («қамшы
және жылы-жұмсақ»), әдістерін қолдануға негізделген. Екіншісі
– У теориясы қызметкерлерді ынталандыруға, септігін тигізетін
олардың белсенділікпен бастамалар көтеруіне мүмкіндік беретін
жағдай тудыруға айрықша көңіл бөледі.
Д. Мак Грегордың пікірі бойынша, ұйымның Х теориясынан
У теориясына өту шамасына қарай ұйымның құрылымы қатаң
иерархиялық құрылымнан қашықтап, күрделі өзгеріске ұшырамақ.
Жалпы қорытындысында «адамгершілік қарым-қатынастар»
мектебі адам факторының есебіне және ұжымда тиісті
психологиялық климат тудыруға баса назар аударады.
«Эмпирикалық» басқару мектебі
Бұл мектеп өкілдерінің мәлімдеуінше, басқару саласындағы
ғалымдардың негізгі міндеті – тәжірибе материалдарын жинап алу,
қорытындылау әрі осының негізінде басқарушының ұсыныстарын
әзірлеу болып табылады.
Бұл мектеп басқаруды ұйымдастырудың мәселелерін нақты
психологиялық-ұйымдастырушылық және экономикалық тұрғыдан
зерттеулер жүргізу бағытында дамытты.
«Эмпирикалық мектептегі» негізгі зерттеу бағыттарының біріне
басшылардың функцияларын және еңбектің мазмұнын зерделеуді
жатқызуға болады. Бұл бағыт біршама деңгейде мынадай жағдайға