Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет82/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

2. Қаржы жүйесі жəне оның буындары
Қаржы өзінің экономикалық табиғаты жағынан жəне жал-
пы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның 
сан алуан қажеттілігіне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы 
бірқатар салалардан тұрады. нəтижесінде өз ықпалымен бүкіл 
экономиканы қамтиды. 
Қаржы қатынастарының саласы мен буындары өзара тығыз 
байланыста болады жəне елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.
Қаржы жүйесі – бұл мемлекет пен кəсіпорынның орталық-
тандырылған жəне орталықтандырылмаған ақша қорларын 
құру   жəне   пайдалану   процесіндегі   қаржы   қатынастарының 
оқшауланған, бірақ өзара байланысқан əртүрлі салалары мен 
буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы орган-
дарының жиынтығы.
Ресей Федерациясының қаржы жүйесі қаржы қатынастарының 
біршама дербес мына салаларынан тұрады:
• Мемлекеттік 
бюджет;
• Сақтандыру 
қорлары;
• Қор 
нарығы;
• Мемлекеттік 
несие;
•  Шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің қаржыла-
рына;
•  Бюджеттен тыс қорлар.
Жоғарыда келтірілген қаржы қатынастарын екі жүйеге бөледі. 
Шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржылары орталық 
тан-
дырылмаған қаржыларға жатады жəне микродеңгейдегі эконо-
микамен əлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін 


204
пайдаланылады, ал жалпы мемлекетке орталықтандырылған 
қаржылар жатады жəне макродеңгейдегі экономика мен əлеу-
меттік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.
Қаржы жүйесін буындарға бөлу себебі: əр буынның мін-
детіне байланысты жəне де орталықтандырылған жəне де 
орталықтандырылмаған ақша қорын қалыптастырумен байланы-
сты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының 
ресурсы ұлттық пайданы бөлу жəне қайта бөлу арқылы құрылады.
Экономикалық-əлеуметтік дамудағы мемлекеттің маңызды 
рөлі, оның қол астындағы мөлшерлі көлемдегі қаржылық 
ресурстардың орталықтандыруына əкеледі. Бюджеттік жəне бюд-
жеттен тыс қорлар мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік 
жағдайын қамтамасыз етеді.
Ақша қорларының басқа да формаларын пайдалану қаржы 
жүйесінің несиелік жəне сақтандыру салалары арқылы жүзеге 
асырылады.
Орталықтандырылмаған ақша қорлары кəсіпорынның өздері-
нің жинақтарынан жəне ақша пайдасынан құралады.
Жалпы мемлекеттік қаржылар халық шаруашылығының да-
муын қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын экономика салалары-
мен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды рөл атқарады. 
Жалпы мемлекеттік қаржылар кəсіпорынның қаржыларымен 
тығыз байланысты.
Бір жағынан, бюджет пайдасының басты көзі ұлттық пайда 
болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кəсіпорынның 
өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттік ақша 
қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кəсіпорынның 
өзінің жарғылық қоры жетіспеген жағдайда акционер негізінде 
басқа фирманың қаражаттарын тарту арқылы дамытуға болады.
Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған жəне орталық-
тандырылмаған ақша, жинақ қорларына мемлекеттік несиенің, 
салықтардың, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы 
ықпалын тигізеді.
Мемлекеттік бюджет - қаржы жүйесінің басты саласы. Ол 
мемлекеттің де басты саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері мен 
шығыстарын біріктіреді.
Ресей Федерациясының негізгі қаржы жоспары мемлекеттік 
бюджет болып табылады. Бюджет арқылы барлық меншік нысан-


205
дарының, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қара жат тары 
жəне ішінара халықтың табысы жұмылдырылады. Мемлекеттік 
бюджет арқылы мемлекет экономиканы, əлеуметтік-мəдени ша-
раларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, 
мемлекеттік басқару органдарын ұстауға жəне басқаларға 
бағытталады. Жалпы мемлекеттік қаржының бірден-бір саласы 
бюджеттен тыс қорлар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар – федеративтік жəне жергілікті үкімет-
тің қаржылары.
1995 жылы жалпы бюджеттен тыс қорлардың пайдасы
90,5 трлн. рубль немесе мемлекеттік бюджеттің 63%-н құрады.
Қоғамның сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып 
отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруа-
шылық құрылымдар мен Халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін. 
Оны алудың басты əдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол 
– жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі. 
1-
сызба
.     

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау