Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Ресей Федерациясының қаржы жүйесі



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет83/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

Ресей Федерациясының қаржы жүйесі


206
Жеке жəне заңды тұлға, кəсіпорындар мен ұйымдар несиегерлер 
болып келеді. Қаржы нарығында облигация жəне де т.б. құнды 
қағаздарды сату арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарта ала-
ды. Мемлекеттік қарыз ішкі жəне сыртқы болады.
Ресей Федерациясының ішкі қарызы ұзақ мерзімді мін-
деттемені білдіреді. Яғни, Ресей Федерациясынан алынған несие, 
мемлекеттік қарыз ұзақ мерзімді міндеттеме болып табылады.
3. Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты 
орынға ие - мемлекеттік бюджет.
Ресей Федерациясының жаңа Бюджет заңы бюджет туралы 
анықтаманы төмендегідей береді:
Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында 
қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен 
жұм сау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қа-
рай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы 
əлеуметтік-экономикалық жағдаймен тікелей байланыста бола-
ды. Мысал үшін, экономиканың социалистік үлгісіндегі елдер-
де, соның ішінде бұрынғы Кеңес Үкімет елдеріндегі қаржылық 
билік толығымен дерлік мемлекет билігінде болатын жəне де 
ең басты міндет - мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету 
еді. Мемлекеттік қаржылар кəсіпорындар мен ұйымдардың 
қаржыларын, тіпті халықтың жинақтарын да толығымен өздеріне 
бағындырған болатын.
Дегенмен, 80-90 жылдардағы Ресейдегі саяси өзгерістер Ресей 
экономикасын толығымен өзгертіп жібергені анық. Меншіктің 
жаңа түрлері, шаруашылық субъектілерінің пайда болуы ақша та-
быстары жүйесіне өзгерістер енгізді. Əкімшілік билік жойылған 
соң, қоғамның қаржы ресурстарын заң шығарушы органдар мен 
атқарушы билік органдарының арасындағы құзырды анықтау 
мəселесі туындады.
Мемлекет қаржыларын модернизациялаудың басты бағыты 
болғаны – дамыған социализмнен қалыптасып қалған бірыңғай 
мемлекеттік бюджеттің өз бетінше үш жеке дербес бөліктерге 
бөлінуі:
– федералды бюджет;


207
–  федерация субъектілерінің бюджеті;
– жергілікті бюджеттер.
Сондай-ақ, бюджеттің басты табыс көзі ретіндегі салықтар 
жүйесі де қолға алынды, сыртқы сауда мен валюта қатынастарына 
монополияны болдырмау, өнеркəсіптерді мемлекет меншігін 
алу сияқты маңызды қадамдардың бəрінің нəтижесі Ресей 
Федерациясының бюджет жүйесі мен құрылымын принципиал-
ды түрде өзгертті.
Осылайша бүгінде Ресей Федерациясының бюджет жүйесі 
жоғарыда аталып кеткендей, үш деңгейлі:
Бірінші деңгей – Ресей Федерациясының федералды бюджеті 
мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеті;
Екінші деңгейі – Ресей Федерациясының субъектілер бюджеті 
(21 республикалық бюджет, 55 - өлке мен облыстар бюджеті, 
10 автономды аймақтардың аймақтық бюджеттері, Еврей об-
лысы бюджеті, Москва жəне Санкт-Петербург қалаларының 
бюджеттері) жəне аумақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 
бюджеттері;
Үшінші деңгей – жергілікті бюджеттер (29 мыңға жуық 
қалалық, аудандық, поселкелік жəне ауылдық бюджеттер).
Ескере кететін бір жəйт, Ресей Федерациясының БК-сі 
қабылданғанға дейін бюджеттен тыс қорлар қаржы жүйесінің 
элементі болып саналып, бюджет жүйесінің құрамына кірмейтін.
Ресей Федерациясының бюджет заңдылығы бойынша осы 
бюджеттер жиынтығы жиынтық немесе құрама (консолидиро-
ванный бюджет) бюджет деп аталады.
Федералды бюджет – федералды жиналыс арқылы бекітілген 
мемлекеттің басты қаржы жоспары. Федералды бюджет ұлттық 
табыс пен ЖІӨ-ді қайта бөлудің басты құрамы болып саналады, 
ол арқылы елді экономикалық дамытуды реттеу мен мемлекеттің 
əлеуметтік саясатын жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстары 
жұмылдырылады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – федералды бюджет-
тен тыс қалыптасқан жəне қолданылатын ақша қаражаттарының 
қорлары. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар азаматтардың 
мынадай конституциялық құқықтарын, яғни зейнетақымен 
қамтамасыз ету, əлеуметтік сақтандыру, жұмыссыздық жағда-
йын да əлеуметтік қамсыздандыру, денсаулықты қорғау жəне 
медициналық көмек көрсету сияқты құқықтарын жүзеге асыру 


208
үшін бағытталған жəне олар қатаң мақсатты түрде жұмсалады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, негізінен, міндетті ауда-
рымдар есебінен құралады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің орындалуы 
Ресей Федерациясының федералды қазыналығымен жүзеге асы-
рылады.
Ресей Федерациясының Бюджет Кодексіне сəйкес мемлекеттік 
бюджеттен тыс қорлар қатарына мыналар кіреді:
•  Ресей Федерациясының зейнетақы қоры;
•  Ресей Федерациясының əлеуметтік сақтандыру қоры;
•  Федералды міндетті медициналық сақтандыру қоры;
•  Ресей Федерациясының халықты еңбекпен қамту қоры;
Жəне, сондай-ақ мақсатты федералды бюджеттік қорлар:
•  Ресей Федерациясының жол қоры;
•  Ресей Федерациясының экономикалық қоры;
•  Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес қоры;
•  Минералды шикізат базасын ұлғайту қоры;
•  Ресей Федерациясының шекара қызметін дамыту қоры;
•  Ресей Федерациясы атом энергиясы министрлігінің қоры;
•  Ресей Федерациясының кеден жүйесін дамыту қоры.
Ал, мемлекеттік салық қызметінің федералды қоры жаңа 
заңдылық бойынша мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар құрамына 
кірмейді. Оған себеп, бүгінгі таңда көптеген мақсатты қорлардың 
қаражаттары бюджетке жинақталып, ал қорлардың өздері өз 
дербестіктерін жоғалтуда.
Осылайша, Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары 
жүйесіндегі реформалау екі бағытта жүріп жатыр: кейбір бюджет-
тен тыс қорлар өз дербестіктерін жоғалтып, олардың қаражаттары 
бюджет құрамына енгізіліп, ал қорлардың өздері қаржы 
органдарының құрамына берілуде; енді біреулері болса, өздерінің 
заңды дербестіктерін сақтап қалса да Ресей Федерациясының 
бюджет жүйесінің құрамына кіруде.
Осылайша мемлекет қолында қалып ресурстарын орталық-
тандыру процесі қызу қарқынмен жалғасуда.

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау