147
СЕГІЗІНШІ ТАҚЫРЫП
ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
Дəрістің мəн-мəтіні
Мақсаты:
Жапонияның қаржы жүйесін зерделеу
Дəріс жоспары:
1. Жапония экономикасы.
2. Жапонияның ақша жəне несие жүйесі.
3. Жапонияның бюджеттік жəне қаржылық жүйесі.
4. Жапонияның салықтық жүйесі
Негізгі түсініктер:
қор биржасы, инвестор, қаржылық саясат,
мемлекеттік қаржылар, ұлттық экономика құрылымы, қорлары,
қор нарығы
Тақырыптың мазмұны:
Жапония экономикасына жалпы си-
паттама беру.
1. Жапония экономикасы
Жапондар ертеден-ақ өз елін Ниппон немесе Нихон деп атады.
Бұл атау екі иероглиф белгісінен тұрады. Оның біріншісі – «Күн»,
екіншісі – «негіз» дегенді білдіреді. Жапонияның күншығыс елі
ретіндегі астарлы атауы осыдан шыққан. Жапонияның туындағы
қызыл күн шеңбері жəне ел таңбасындағы хризантема - олардың
ұлттық гүлі, əрі шығып келе жатқан күнді білдіреді.
Жапонияның негізгі бөлігін 4 арал құрайды:
Кюсю. Сикоку. Хонсю. Хоккайдо.
Шаруашылығының жер аумақтық құрылымы: екі «жақты»
ел. Жапония «алдыңғы» жəне «артқы» (немесе «күнгей»
жəне «теріскей») дейтін мүлде əр басқа екі бөліктің өзара
сəйкестенуімен ерекшеленеді. Жапонияның «алдыңғы бетін» ең
алдымен Хонсю аралының жағалау – ойпаты бойынша өтетін
аса кең емес (15-65 км) Тынық мұхит белдеуі құрайды. Бұл бел-
деу – елдің əлеуметтік – экономикалық кіндігі. Басты өндірістік
аудандар Токио, Осаки, Нагой, Китакюсю, шикізат пен отын-
148
ды импорттауға сүйенетін ЖЭС пен АЭС-тің, металлургиялық,
мұнай өңдейтін жəне химиялық комбинаттардың, машина жасау
зауыттарының басым бөлігі осы аралда орналасқан. Құрылыс
аландарының жетіспеуі салдарынан көптеген, оның ішінде аса ірі
кəсіпорындар бүкіл жағалауды бойлай созылып жатқан теңізден
«жаулап алынған» учаскелерге салынған.
Тынық мұхит белдеуі Жапонияның өнеркəсіп белдеуі де-
ген атқа ие болды, бірақ бұл мүлде осылай деп кесіп айтуға
келмейді. Оның маңында өнімді ауыл шаруашылығының
көптеген басты аудандары, басты-басты көлік магистральдары
жəне елдің аса маңызды аймақтары орналасқан. Жапонияның
негізгі көлік қатынасының күретамырын бүкіл Тынық мұхит
белдеуін ұзынынан басып өтетін «Синкансен» жүрдек темір жол
магистралі құрайды.
Жапонияның «а р т қ ы б ө л і г і н», ең алдымен шеткі аймақ деп
аталатын таулы-орманды Хонсю құрайды. Бұл жерде ағаш дайын-
далады, мал өсіріледі. Мұнда, əсіресе курорттық демалыс пен ту-
ризм жақсы дамыған. Жапонияда адамдардың «орын ауыстыруға
құмарлығы» сонша – үлкендер де, мектеп оқушылары да көпшілік
болып туристік сапармен бір жерден екінші жерге үздіксіз ағылып
жатады. Соңғы кезде Жапонияның мемлекеттік аймақтық саясаты
бұл экологиялық жағынан таза шеткі аймақты игеруге қатты мəн
беріп отыр. Тынық мұхит белдеуінің жүгін жеңілдету мақсатымен
барлық технополистердің жартысы – ғылым мен ғылым тікелей
қатысатын өндірістердің жаңа орталықтары шеткі аймақ – Хон-
сю аралында құрылуда. Таяу уақытқа дейін шеткері қалып кел-
ген Хоккайдо аралын игеру дүние жүзіндегі ең ұзын Сейкан темір
жол туннелін салуға мүмкіндік береді. Алайда, тұтастай алғанда,
жер аумағының сəйкессіздіктері баяу шешілуде. Жапонияда
өзен қатынасы мен құбыр тартудан басқа көлік түрлерінің бəре
де жақсы дамыған. Өзінің көлік-жол торабы бойынша бұл ел Ба-
тыс Еуропа елдерін еске түсіреді, бірақ жүк, əсіресе жолаушы-
лар тасымалдауда олардың кез келгенінен асып түседі. Ал, жо-
лаушылар тасымалдайтын темір жолдарының молдығы жөнінен
дүние жүзінде бірінші орын алады. Жапония сондай-ақ аса ірі
жəне ең жаңа теңіз сауда кемелеріне ие болып отыр. Олар кеңінен
қолданылады жəне өзінің ¾ салмағындай жүк көтеріп жүзетін
«арзан көлік».
149
Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі – оның
халықаралық экономикалық байланысқа айрықша кеңінен тар-
тылуында. Елдің нашар қамтамасыз етілуі – өз отыны мен
шикізатының жетіспеуінде, сондықтан оның 9/10 бөлігін сырт-
тан алады. Екінші жағынан, елдің экономикасы дайын өнімдерді
экспорттауға төтенше тəуелді. Жапония белсенді сауда балансы-
на ие. Дүние жүзінің көптеген елдері жапон фотоаппараты, бейне
үнтаспалары, калькуляторы, сағаты автомобилі мен мотоциклін
сатып алады. Жапония – барлық Азия – Тынық мұхит аймағы
елдерінің басты сауда серігі. Соңғы кезде бұл ел тауар экспорт-
таудан капитал экспорттауға көбірек ойысып барады. Жапондық
тікелей инвестиция негізінен Солтүстік Америкаға, Еуропаға,
Азияның басқа да елдеріне бағытталған.
Жапонияның экономикалық кереметі нің сыры «гемба кайдзен»
деп аталатын жапон менеджментінің ерекшелігіне келіп тіреледі.
Жапондар «сапа – бұл сананың күйі, ал өнімділік – қайырымды
іс жасау дың бір тəсілі» дейді. «Ең бастысы – сапа» де ген ді жа-
пондар ұран деп емес, жұмыс тағы басшылыққа алынатын ереже
деп түсінеді. Ал сапалы басшылықтың түпқазы ғы ма мандар дай-
ындауда жатыр. Жапон компа ниялары жаңа маманды бір жыл-
дай оқы
тады. Одан кейін тікелей өндірісте ша
ғын топ болып
тағы да оқудан өтеді. Жа пондар үнемі білім жетілдіру, тəжірибе
ал
масу, жас мамандар мен бұрыннан келе жатқан кəсіпқойлар
арасындағы тығыз қарым-қатынас ерте ме, кеш пе, өнімнің са-
пасын жақсартуға оң ықпал етеді деп есептейді. Шығынды азай-
ту, басы артық жұмыс түрін мейлінше қысқарту, уақыт үнемдеу,
жұ мыс шылардың рухын көтеру – бұл жапон компаниясының
көздейтін мақсаты. «Адам дар мен бизнестегі үдерісті басқару-
дың жетілген жүйесі қалыптасуы керек» деген қағида əрбір жа-
пон компа
ниясының алтын заңына айналған. Жал
пы, жапон
менеджментінің құнды лығы машиналар дан бұрын адамдарды бас
қару ға басты мəн беруінде жатыр. Оны жүзеге асырудың тəсілі –
компанияларда сапаны қадағалау үйірмелерін құру.
Компанияның адам, қаржы, материалдық ресурстарын тиімді
пайдалану – үнемді өндірістің негізі.
Қазір отандық бизнес, ең алдымен, қар
жы тапшылығынан
қиындық көріп отыр. Ал сапаны жақсарту мен оны бақы
лау
150
кəсіпкерге ірі қаржы көзінсіз-ақ үлкен нəтижеге қол жеткізуге
мүмкіндік береді.
Өндірісті дамыту, өнімнің құнын ар зандату, сапасын жақсарту
– инженердің ғана емес, жұмысшының да міндеті. Сөз реті кел-
генде айтайық, жапон инженері 1 жылда кем дегенде 1-2 өнер тап-
қыштық идеясын ұсынып, оны өндіріске енгізбесе, жұмысынан
ғана емес, инженер дəрежесі нен де айырылады
екен.
Жапон экономикасы XX ғасырдың 50 жылдарының ортасын-
да қалпына келді.
XX ғасырдың 50-70 жылдарындағы Жапон өнеркəсібінің өте
жылдам жəне қарқынды дамуының себебі:
1. Елде мамандану деңгейі жоғары əрі көнбіс, салыстырмалы
түрде арзан жұмыс күшінің болуы.
2. Аталған кезеңде дүние жүзілік нарықта шикізат пен отын
бағасының арзан болуы.
3. Шетелдердің ең соңғы ғылыми-техникалық жетістіктерін
сатып алып, жергілікті жағдайға тиімді түрде бейімдеу.
4. Əскери шығындардың өте төмен болуы.
5. Қаржылық қорды экономиканы дамытуға жұмылдыру.
6. Мемлекет тарапынан экономиканы реттеудің күшті жүйесі-
нің қалыптасуы.
Жапония дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші өнеркəсіп
алыбы болуымен қатар аса маңызды қаржылық орталыққа ай-
налды.
Өнеркəсібі: Өнеркəсіп өнімі АҚШ-тан кейінгі екінші орында.
Жапон өнеркəсібінде жалпы саны 800 мың шамасын-
да кəсіпорындар жұмыс істейді.
Жапон аса ірі танкерлер мен алып жүк кемелерін жасауға ма-
ман данған. Кеме жасау орталықтары: Иокогама, Кобэ, Нага саки.
Жапондардың автомобиль өнеркəсібі дүние жүзінде I орын
алады. Оған əлемдегі автомобиль экспортының 14%-ы тиесілі.
Автомобиль зауыты жылына 10 млн автомобиль жасайды. Оның
8 млн-нан астамы жеңіл автомобильдер.
Автомобиль концерндері: Мицубиси, Тойота, Хонда , Ниссан.
Тұрмыстық радиоэлектроника бұйымдарын шығарудан да
дүние жүзінде жетекші орын алады.
Түрлі-түсті теледидар мен радио техникасын жасаудан
Жапонияға ешбір ел теңесе алмайды.
151
Көлік қатынасы: 4 арал арасындағы тоқтаусыз көлік қатынасы
(темір жəне тас жолдар) орнаған. Тас жолдар əсіресе күшті
дамыған. Темір жол көлігі автокөліктен кем түспейді. Елдің
сыртқы байланыстарында теңіз көлігінің маңызы зор. Аса ірі
теңіз порттары – Тиба, Кобэ, Иокогама, Нагоя, Осака, Китакюсю.
Сыртқы байланыстары: Сыртқы сауда көлемі жөнінен Жапо-
ния дүниежүзінде АҚШ пен Германиядан кейін III орын алады.
Оның үлесіне экспорттың 6,8 %, импорттың 5,4 % тиесілі. Негізгі
сауда əріптесі – АҚШ.
Жапония–дүниежүзіндегі ең ірі несие беруші жəне қаржы
экспорттаушы ел. Əлемнің алдыңғы қатарлы 10 банкінің 7-і
жапондық. Жапонияның іскерлік орталықтарында дүниежүзінің
ең ірі қор биржасы орналасқан.
Жапонияның Қазақстанмен қарым-қатынасы даму үстінде.
1994 жылы Жапониямен экономикалық келісімге қол қойылды.
Біздің елімізге импортқа медициналық құрылғылар, дəрі-
дəрмектер, лингафон кабинеттері жабдықтарын, теледидар,
радиотехникалық аппаратуралар шығарады. Қазақстанда 20-дан
астам ірі жапон компаниялары жұмыс істейді.
Жапония мен Қазақстан арасында жолаушылар вагоны де-
посын жаңарту туралы, темір жол инфрақұрылымын құру ту-
ралы (25 жыл мерзімге) келісім-шартқа қол қойылды. Жапония
үкіметінің қорынан елімізге техникалық жəне материалдық көмек
ретінде қаржы бөлінді. Мына 5 жобаға қаржы жұмсалды:
1. Ертіс өзені арқылы Семейде көпір құрылысын салу.
2. Астана əуежайын жаңарту.
3. Батыс Қазақстандағы автомобиль жолдарын жөндеу, жа-
ңарту.
4. Ақтау портындағы тосқауылдар мен бөгеттерді жаңарту.
5. Екібастұз – Топар – Оңтүстік Қазақстан-2 – Тараз АЭС-ы
электр лі тізбегінің құрылысын салу.
Бұл жобалардың біразы іске қосылып үлгерді. Сонымен қатар
Семей аймағында медициналық көмек көрсетуді жақсартуға, Ал-
маты облысының денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға қаржы
бөлді.
1970–1980 жылдары Жапония сауда мен тауар өндіруден
дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орында болды. Кейбір са-
лаларда мемлекет дүние жүзінде көш басшылықты сақтап келді.
152
1990 жылы экономика үлгісіне байланысты орталық-
тандырылған республикалық билік пен басқа мемлекеттердің
тəжірибесіне синтез жасау барысында мемлекеттің дамуы тоқтай
бастады.
1998 жылы көп жағдай Азияның қаржылық тұғырыққа
түскенімен түсіндірілді. Осы жылы жеке өндірістік капитал са-
лымдары қысқарды.
1999 жылы тұғырықтан шықты.
Жапонияның ағымдағы экономикалық жағдайы баға
деңгейінің түсуімен ерекшеленді.
Қазіргі жағдайдағы Жапония экономикасының ең ерекше
көрсеткішінің бірі банкротқа түскен компаниялар саны болып
табылады.
Мемлекеттің ішкі сауда экспансиясында доллармен
салыстырғанда иен курсы жоғарлады. Дүние жүзілік есеп ай-
ырысуларда иеннің қатысуы кеңейе бастады. Бірақ Жапония
билігі иеннің халықаралық валютаға кіруінен қорықты, олар
мемлекеттің экономикасына қарсы əсер етеді деп ойлады.
1990 жылдағы Жапонияның экономикасының дамуын сипат-
тайтын болсақ, мемлекеттің барлық аясында дағдарыс болып,
одан шығу жолдары ізделген. Ең аяғында мемлекет депрессияға
түсті, 10 жылдан бері ол шешілмейтін мəселе ретінде болды.
Достарыңызбен бөлісу: |