3. Жапонияның бюджеттік жəне қаржылық жүйесі
Жапония − унитарлы мемлекет, екі деңгейдегі бюджет жүйесін
иеленеді, ол мемлекеттік бюджет жəне жергілікті басқару орган-
дар бюджетінен құралады. Бұл бөлімнен басқа қаржы жүйесіне
арнайы қорлар жəне мемлекеттік кəсіпорын қаржылары кіреді.
Бюджеттің кірістері мен шығыстары бөлім, статья жəне
параграфтарға бөлінеді. Кірістер 7 бөлімнен, 11 статьядан жəне
43 параграфтан, шығыстар-13 бөлімнен, 41 статьядан жəне 242
параграфтан тұрады. Жапонияда Бюджеттік жыл 1 сəуірден 31
наурызға дейін жалғасады.
Жапонияда бюджет кірістері салық жəне салықтық емес
түсімдерден түседі. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда
Жапонияда салықтық емес түсімдер жоғары деңгейде бола-
ды. Салықтық емес түсімдерге: жалға төленетін төлем, жер
учаскелерін сату жəне басқа да қозғалмайтын мүліктер, пеньялар,
айыппұл, лотереялардан кірістер жəне тағы басқа салықтық емес
түсімдерге алдыңғы жылдың қалдығы да жатады.
Бюджет шығысының 36% əлеуметтік сақтандыруға, жергі-
лік ті өзін басқару органдарына − 20%, қоғамдық жұмысты қар-
жы ландыруға − 11%, білім жəне ғылымға − 8%, қорғанысқа −
6% ,мемлекеттік қаржыға қызмет көрсетуге − 2%, басқа да
шығыстарға − 17% кіреді.
158
Жапонияда бюджеттік тапшылық мəселесі өте өзекті. Бюджет
тапшылығы мемлекеттік займдар арқылы қаржыландырылады.
2011 жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша
жапония бюджеті 92,41 трлн. иен (1,11 трлн. долл.) құрап отыр
деп хабарлайды мемлекеттегі демократиялық партия. Бұл өткен
жылғы кезең көрсеткіштерімен салыстырғанда 0,1% өскенін
айтады. Жапонияның Орталық банкі иен бағамын бірқалыпты
ұстап қалу мақсатында оның нарықтағы көлемін арттырып жа-
тыр. Бұл Ұлттық экспортты қолдау мақсатында жасалып отырған
шара. Ақпаратты Bloomberg таратты. Қазір Жапония 10 трлн. иен
сатуды жоспарлап отыр.
Жапония ұлттық валюта нарығында интервенция жасады.
Аталған шара иена бағамын ұстап қалуға көмектесетін бола-
ды. Себебі, иена қымбаттаған кезде жергілікті экспорттаушылар
шығынға бататыны белгілі. Reuters елдің қаржы министрі Йоши-
хико Нодаға сілтеме жасай отырып, Үкіметтің валюта саясатына
араласуының арқасында америка мен жапония валюталарының
арақатынасы 77-ден 79-ға төмендеп кетті деп хабарлап отыр.
Сондай-ақ, Жапонияның орталық банкі активтер үлесін 10-нан
15 трлн. иенаға жеткізетін болады. Қазір 10 трлн. иен сату жо-
спарлап отыр. Бұл − $126 млрд-ға жуық. Биылғы жылдың нау-
рыз айынан Үкімет валютаны бірқалыпты ұстап тұру мақсатында
бірқатар шараларды қолға алған еді. Осыған қарамастан нау-
рыз айының ортасында болған жер сілкінісі мен цунами елдің
іскерлік белсенділігін айғақтайтын Nikkei-ге жағымсыз əсер етті.
Ол бірнеше сатыға төмендеп, қазір 9300-ші пунктте тұрақтады.
Жапонияда қаржы жылы 31 наурызда аяқталады. Жылдың
аяғында балансты қорытындылау мақсатында көп мөлшерде
шетел валютасы йенге ауыстырылады, бұл оның қымбаттауына
əкеледі. Жапонияның көптеген сақтандыру компаниялары USD/
JPI, USD/DEM, DEM/JPI, CHF/JPI, GBP/JPI нарығында ірі
қатысушылар болып есептелінеді. Жапонияда негізгі мəселе −
халықтың қартайған бөлігінің үлес салмағы жоғары болып отыр.
Көптеген жылдар бойы төменгі пайыздық ставканы ұстап тұру
− банк жүйесі енді қарама-қайшылық туғызды, соған қарамастан
Жапония банктері əлемдегі ең ірі банктер болып есептелінеді.
Болашақта оңтүстік-шығыс экономикасын нығайту йеннің
азиялық аймақтың негізгі валютасы болуға мүмкіндік береді
|