2. Жапонияның ақша жəне несие жүйесі
Жапонияның экономикалық жүйесінің құрылуы 4-6 ғ.ғ.
Қытай мен Корей даму модельдерінің əсер етуінен қалыптасты.
Ақша айналымы дұрыс дамымаған сипатта болды. Саудагерлер-
мен есеп айырысу тек тауарлық негізде болды.
Жапонияның несие жүйесі 1868 жылы буржуазиялық төңкеріс
аяқталмай тұрып пайда болды.
1942 жылы соғыс экономикасы жағдайында халықаралық
қаржылық бақылау ассоциация құрылды, оған барлық несие
жүйелері бағынады. Банктер мемлекеттің облигацияларына өз
депозиттерінің өсімінің 75%-ын салып отыруға міндетті болды.
Соғыстан кейін 1945 жəне 1950 жылдары мемлекет
қиратылған жəне құлдыраған жағдайды қалпына келтіру кезеңі
болды. Бұл жылдары еңбекке жарамды халықтың жарты пайызы
153
ауыл шаруашылығында жұмыс жасады, ол мемлекетке аграрлық
дəреже берді. Соғыстан кейінгі кезеңде ақша айналымы жүйесі
өзгерді. Екінші дүние жүзі соғысынан кейін инфляция жоғарғы
деңгейде болып қолма-қол ақша 30-дан 56%-ға дейін өсті, ал де-
позит керісінше қысқарды. Банк жүйесі өте қиын жағдайда бол-
ды, өйткені несиелеу тиімді болмады.
1940 жылдың екінші жартысында қаржылық ресурстар
қатаң орталықтандырылды. Шаруашылықты басқару жəне
биліктің көп бөлігін жүргізетін мемлекеттік орган – экономика-
ны тұрақтандыру Штабы ашылды. Олар белгілі бір жоспар жа-
сап, мемлекеттің бақылауы мен қаржы ресурстары əр түрлі са-
лаларда таратылды. 1947 жылдың қаңтар айында мемлекеттік
қаржылық институт – шаруашылықты түзетуді қаржыландыру
қоры құрылды. Қор экономиканы көтеру үшін электроэнергети-
ка, көмір, өндіріс тыңайтқыштары мен айналысты, олар негізгі
объектісі болып саналды жəне дамудың көзі деп қарастырылды.
Валюта резервтерінің төменгі деңгейгі ағымдағы операциялар
мен төлем балансының капиталдар шотымен операцияларды
жүзеге асыру тоқтатылды. Экономиканың тұрақтандыруына бай-
ланысты ағымдағы шоттармен операциялар либерализациялана
бастады.
1945–1951 жылдары Жапонияда инфляция көтерілді. Айна-
лымдағы ақша массасы 15-ке өсті, өткізу бағалары 343-ке көбейді.
1947 жылы соғыстан кейінгі бірінші кезеңде кері экономикалық
өсім тіркелген.
1970 жылдың ортасы жəне 1980 жылдың басында баға
көтерілді, импорттық жанармай шикізат жəне сауда-саттық
бағасы өсті. 1975 жылы Жапония Парламенті жаңа заң шығарды,
ол бюджеттің шығындарын қаржыландыратын арнайы обли-
гациялар шығаруды жүзеге асыруды көздеді. Банктер арқылы
жинақталған ликвидті емес облигациялар банктік дағдарысқа
əкеп соқтырды. Бірақ 1977 жылы Жапонияда қаржылық орын-
дар жəне жеке тұлғаларға əкімшілік облигациялар нарығы
құрылды.
1990 жылы Жапония несие жүйесінің дамуының жоғарғы
шегіне жетті, салымдар үшін қажетті деңгейде сенім туғызып,
несиелік механизм жасады, өте төменгі пайызбен несие ұсына
алды.
154
1996 жылы 1997 жылдың соңында банктер банкроттық деңгейге
жетті, бұл Жапонияның Қаржы Министрлігінің экономиканың
қаржылық саласын бақылай алмай, оның тұрақтылығына
кепіл бола алмады. Банктік дағдарыс оңтүстік-батыс Азиядағы
«азиялық вируспен» бір уақытта болды, мағынасы жағынан бұл
екі қаржылық құлдырау болды. Жапонияның несие-қаржылық
тұрақсыздығы 2 себеппен түсіндірілді:
1. 1990 жылы қозғалмайтын мүлікке бағаның түсуі кепілдік
қамтамасыз етудің нақты бағасы түсуіне əкеп соқтырды.
2. Интернационалдық банк ісінің жетіспеушілігі байқалды.
Жапонияның банк менеджерлерінің төмен дəрежеде ма-
мандануы, тəжірибелерінің болмауы осының барлығы бағалы
қағаздармен жасалатын операциялардың тəуекелге баруы жəне
сенімсіздікке əкеп соқтырды.
Осының барлығы АҚШ жəне Шығыс Европа мемлекеттерінің
Жапония банктеріне сенбестік танытып, жұмыс жасауға тəуекелге
бармауларына əкеп соқтырды.
1982 жылы Жапония банкі 30 жылға құрылып, мемлекеттің
банкноттарын эмиссиялады. Мерзім тағы 30 жылға ұзартылды.
1942 жылы Жапония банкін үкімет бақылау жасайтындығы ту-
ралы заң шықты, ал Қаржы Министрі банк актілерін өз бетінше
өзгерте алу құқығын алды. 1949 жылы саяси үкімет құрылды,
ол мемлекеттің қызығушылық танытумен монетарлық реттеуді
жүзеге асырды. 1979 жылы банк туралы заң модернизацияланды,
орталық банк мемлекеттің бірінші деңгейдегі банкі мəртебесін
алды.
1998 жылдың 1 сəуірінен бастап Жапония банкі туралы жаңа
заң шықты, осы арқылы банк қаржы министрлігіне тəуелсіз
болды.
Жапония банкі өз дəрежесі бойынша əкімшілік орган болып
табылмайды, ол акционерлік компания, оның 55% капиталы
үкіметке, ал 45%-ы қаржылық институттарға, сақтандыру ком-
панияларына жəне басқа жеке акционерлерге жатады. Акционер-
лерге 4% түрінде дивидент, ал егер үлкен пайда болса 5%-ға дейін
көтерілді, қалған пайда мемлекеттік бюджетке төленді.
Жапонияның ақша жүйесі екі деңгейден тұрады. Орталық
банк жəне коммерциялық банк, қосымша банктік емес қаржы-
несие ұйымдары. Ақша несие жүйесінің бірінші дəрежесінде
155
жапонияның осы орталық банкі алады. Ол ақша эмисиялап жəне
осы ақша-несие жүйесін басқарып реттеп отырады.
Ақша-несие жүйесінің екінші деңгейінде коммерциялық
банк тер мен қаржы-несиелік ұйымдар алады. Бұл ұйымдар мен
банктер жергілікті басқаруды қаржыландыруда жəне шетлемен
операциялар жүргізуде манызды рөл атқарады. Бүгінгі таңдағы
осы банктердің саны-64.
Жапония банкінің басқару органы − саяси кеңес болып та-
былады. 1998 жылы 1 сəуірінен бастап енгізілген саяси кеңес
9 мүшеден тұрады, оның алтауы тағайындалған кеңес мүшесі
банк төрағасы жəне екі орынбасардан тұрады. Советтен басқа
банкті басқаруға үш орындаушы аудитор, үш орындаушы дирек-
тор жəне сегіз кеңесші. Жапония банкі орталық банк ретінде мы-
нандай қызмет атқарады.
Банкнот шығару. Орталық банк − мемлекетте ақшаны басуға
құқығы бар жалғыз банк.
Қаржылық нарықтағы операциялар − қаржы нарығындағы
жағдайға əсер ету, оларды құлдыраудан сақтап жəне сұраныстың
шектен тыс көбеймеуін ұстап тұру үшін қолданады.
Жапонияның банкі мемлекеттік бағалы қағаздармен опера-
циялар жасап, қабылдап, сақтап жəне қазынашылық қорларына
төлейді.
Жапония банкі екінші дүние жүзілік соғыстан кейін амери ка
жүйесі бойынша банк жүйесін маманданудың жоғары дең
гейі
бойынша жүргізді. Қазіргі уақытта Жапонияның банк жүйе
сі
тұрақ танды деп айтуға болады. Ол өзіне Жапония банкі коммер-
циялық банктер жəне басқа да несие-қаржы институттарын
кіргізеді.
Коммерциялық банктер келесі категорияларға бөлінеді: қала-
лық банктер немесе sity banks, ірі компанияларға қысқа жəне
орта мерзімге несие берумен айналысады. Оған Жапонияның
жекеменшік банктердің депозиттерінің 20%-ы кіреді, банк жүйе-
сінің капиталының барлық көлемінің 36%-ын алады.
Қалалық банктер − бұл жапония мемлекетіндегі ең мықты
он банк жəне əлемдік банктердің құрамына кіреді. Қалалық
банктердің филиалдары тек жапония мемлекетінде ғана емес, со-
нымен қатар 173 филиалы шетелдерде орналасқан. Қалалық бан-
ктер жапония экономикасын өсіруге өте үлкен үлес қосады жəне
өте үлкен несиелік операциялар орындайды.
156
Жергілікті банктер − бұл орта жəне кіші масштабта опера-
цияларды жүргізетін банктер. Бұл банктер кəсіпорындарға, жеке
меншік ұйымдарға несие берумен айналысады.
Ұзақ мерзімді несие беретін банктер − мемлекетте бар-жоғы
саны үшеу. Бұл жартылай мемлекеттік арнайы мамандандырылған
мекеме. Бұлардың капиталға түсетін түсімдері 3% қамтиды.
Траст-банктер − мемлекеттегі саны-30. Осының ішіндегі
25 банк əлемдегі активер көлемінен алдағы орындағы банктер бо-
лып табылады. Қазіргі таңда траст банктер-трасталық операция-
ларды орындаумен, ұзақ уақыттқа қаржыландырумен қоса жоба-
ларды инвестициялаумен айналысады.
Шетелдік банктер-жапония мемлекетіндегі жалпы саны-90.
Оның ішінде АҚШ, Германия, Қытай, Швеция сияқты экономика-
сы берік орналасқан мемлекеттің банктері бар. Негізгі қызметтері
болып валюталық операцияларды орындау жəне валюталық са-
тып алу жұмысын жүргізеді.
Ақша – несие жүйесіндегі ең маңызды орынды мемлекеттік
мамандандырылған банктер алады. Бұған:
Экспортік-импорттік банк, негізін 1950 ж. қалаған. Бнктің
толық қызметін қаржы министрлігі басқарады жəне жарғылық
капиталы тұтастай мемлекеттікі. Экспортті-импортті банк жапо-
ния мемлекетіндегі кəсіпорындарға 6 айдан 5 жыл аралығында
жəне ерекше жағдайда 15-20 жыл уақытқа несие берумен айна-
лысады.
Жапония даму банкінің негізі 1951 жылы қаланған. Қызметі
ұзаққа созылатын өндірісті несиелеу, жəне тəуекелдігі жоғары
өндірісті несиелейді. Мысалы: энергетика, транспорт саласына
байланысты.
2000 жылдың қыркүйек айында «Мидзухо» (Midzuho) тобы-
на үш ірі банк, екі қалалық жəне бір ұзақ мерзімді несие беру
банктері өз жоспарларын біріктіріп, жұмыс жасай бастады. Бұл өз
активтері бойынша дүние жүзінде ірі қаржылық топ болды. Бұл
прогресс дүние жүзіндегі банк ісіндегі бəсекелікке жауап берді
жəне жапон экономикасы үшін үлкен оң нəтиже болды.
2011 жылы Жапонияның орталық банкі елдің экономикасына
салынатын инвестиция көлемін екі есе ұлғайтып, бұл сан 15 трлн
жапон иенін (183,8 млрд. долл.) құрады. Бұған дейін Жапонияның
Орталық банкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін,
157
7 трлн. иенді (85,89 млрд долл) жапонияның валюта рыногіне
салған болатын.
Несие жүйесінің бір бөлімі-несие − қаржылық орындары,
оның ішінде негізгі орынды мемлекеттік мамандандырылған
банктер алады. Оларға: Жапонияның экспортты-импортты банкі
Жапонияның даму банкі жəне мемлекеттің қаржылық корпора-
циясы жатады.
Мемлекетте 220 қор компаниялары бар, олар тек қана бағалы
қағаздармен операциялар жүргізеді. Бұл Жапония несие жүйесінің
негізгі бір ерекшелігі болып табылады.
Қаржы-несие ұйымдарының ішінде сақтандыру ұйымдары да
ерекше орын алады. Себебі олар өздерінің активтер көлемімен
ерекшеленді. Бүгінгі таңда 24 өмірді сақтандыру компаниясы
жəне 21 мүлікті сақтандыру компаниясы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |