Тема: Международно – правовые вопросы беженцев



жүктеу 1,12 Mb.
бет1/5
Дата17.11.2017
өлшемі1,12 Mb.
#537
  1   2   3   4   5

Мазмұны.

Кіріспе.


1 тарау. Босқындардың құқықтық режимінің негізгі шектері мен ерекшеліктері.


    1. Халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы

    2. Босқындар режимін беру принциптері

    3. Босқындардың жалпы құқықтары мен міндеттері


2 тарау. Босқындар статусын халықаралық – құқықтық реттеу.

2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын орнықтыратын халықаралық-құқықтық нормалары

2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері бойынша ынтымақтастығы

3 тарау. Қазақстан интеграциясының, босқындар мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықтағы көкейтесті сұрақтары.

3.1 ҚР босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері

3.2 Босқындар проблемалары бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығындағы Қазақстан Республикасының құқықтық аспектілері
Қорытынды
Қолданылған көздер тізімі
Кіріспе.
Тақырыптың көкейтестілігі.

Бірнеше ондаған жылдардан бері боқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әртүрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз, жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасы, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы жанжалдар, нәсілдік және діни тіресулер.

Батыс зерттеушілерінің жұмысында, халықаралық құқықтағы босқындар жағдайы статус ретінде анықталады. Осы терминді кең мағынада қолдану мүмкіндігін ұйғара отырып, оны құқықтық біліктілік тұғырынан қолданылуының негізделуіне шүбә келтіру керек.

Құқықтық статус – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, жеке территориялардың, әртүрлі халықаралық және мемлекеттік органдардың, түлғалардың және мүліктердің жеке категорияларының халықаралық құқық нормаларымен орнықтырылған жағдайы. Мысалы, тұлғалардың жеке категорияларының құқықтық статусы туралы сөз болғанда, онда, бәрінен бұрын, дипломатиялық қызметкерлер мен халықаралық қызметшілердің құқықтық жағдайлары ұйғарылады, яғни қызметтері, кейбір ескертпелермен, халықаралық сипатта болатын және олардың басқа мемлекеттің территориясында уақытша болуы өзіндік ерекшелікпен шарттасылған жеке тұлғалар категориясы. Босқындар жағдайы, оған тән, барлық күрделіліктер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан, уақытша сипатта болады. Сондықтан, халықаралық құқықта босқындар жағдайы туралы айтқанда, оны статус деп емес, режим деп атаған дұрыс болар еді. Сол арқылы проблеманың уақытша сипаттамасы ғана көрсетілмейді (соғыс тұтқыны мен жараланғандар режимінің ұқсастығы бойынша), сонымен қатар, босқындар жағдайының халықаралық құқықтағы басқа категориядағы тұлғалардың жағдайынан негізгі айырмашылықтары анықталады.1

Босқындар проблемасы көкейтесті проблемалардың бірі болып табылады, оның айналасында көптеген жылдардан бері мемлекеттердің саясаттық, экономикалық, ұлттық және басқа мүдделерімен байланысты, шиеленіскен және сөнбейтін күрес жүруде. Босқындар проблемасын шеше отырып, құқықпен анықталған қорғау құралдарын орнықтыра отырып, мемлекет, бәрінен бұрын, адам мен азаматтың еркіндігі мен құқығын сақтау қажеттігін жетешілікке алады.

Адам құқығын қадірлеу принципі халықаралық құқықтың негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Адам құқығы, ол тұратын елдің заңдарымен қарастырылған, экономикалық, саясаттық, әлеуметтік, азаматтық және мәдениеттік құқықтармен және еркінділікпен анықталады. Бұл құқықтар мен еркіндіктердің сипаты, оның көлемі сияқты, сол мемлекеттің және оның заңдарының қоғамдық – саясаттық және әлеуметтік – экономикалық құрылысымен анықталады.

Адам құқығын қорғау саласында, барынша маңызды өзгерістер, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болды. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда қабылданған БҰҰ жарғысына, келесі ереже енгізілді: Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанатын мақсаты «экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешіде халықаралық ынтымақтастықты және адам құқығын қадірлеуді дамыту және қолдау, нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамай, барлығы үшін негізгі еркіндікті жүзеге асыру». Бұл ереженің босқындар проблемасына тікелей қатысы бар. Босқындар құбылысы бүгінгі күні объективті сипатта, өйткені дүниежүзіндегі көптеген катаклизмалармен (үркіншіліктермен) шартталады. Көбейіп кеткен соғыстар, дүлей апаттар, өмір сүрудегі экономикалық жағдайлардың қиындауы және басқа көптеген құбылыстар, қауіпсіз және жалпы адамдық қажетсінуге жауап беретін, өмір жағдайы болатын, тұратын орын іздеуші адамдар – босқындар ағымы пайда болатын жағдайды жасайды.

Босқындар сияқты, мұндай категориядағы адамдардың болуы, мемлекеттер үшін құқықтық салдар ғана жасап қоймай, сонымен қатар оларды қорғау бойынша құқықтық пен жауапкершілікті де қосады. Қазіргі кезде бұл міндет, халықаралық қоғамдастықтың өкілі болып табылатын, босқындар ісі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы комиссар Басқармасына жүктелген (ЖКБ БҰҰ), бірақ мемлекетте босқындарды қорғау бойынша бернені орындай алады, бұл барлық уақытта олардың материалдық мүдделерімен байланысты емес, заң бойынша, олар бұл проблемаға құлшына кіріспейді.

Босқындарға қатысты құқықтық нормаларды зерттей отырып, босқындарды қабылдаумен және кіргеннен соңғы оларға қалай қарайтынымен байланысты мемлекеттер міндеттемесіне ғана емес, сонымен қатар әрекеттері немесе керісінше әрекетсіздігі халықтың босуына келтіретін, мемлекеттің әлуеттік халықаралық-құқықтық жауапкершілігінеде көңіл аудару қажет. Мемлекеттің жауапкершілігі, өз кезегінде, оның территорияны және халықты бақылау фактісінен шығады. Жеке тұлғалар мен топтар, халықаралық мәні бар, және өздері қоғамдық фактілермен немесе соған қатысымен байланысатын территорияда, адам құқығын еркін жүзеге асыруға мүмкіндігі болуы қажет; өздігінен ақиқатты, мұндай жағдай сырттан тықпалау, күштеу кезінде емес, ал ұлттық демократиялық және өкілдікті басқару, азаматтық қоғам мен құқықтық тәртіп басым болатын жерде барынша ықтималды болады.

Қуғыншылық пен зәбірлеу қауіпінен және басқа осыған ұқсас залалдан тығылатын жер іздеу адамдар үшін өмірі мен еркіндігін сақтауда өте маңызды болғанымен, ол адам құқығын өзінің отанында барынша толық қорғау туралы талаптарды алмастыра алмайды. Демографиялық құбылыстар ауылдық жерлерден қалаға қоныс аударумен, әскери және әлеуметтік жанжалдармен, әлсіз дамығандықпен, жеткіліксіз немесе бірізді емес демократияланумен, адамдардың өзінің өмірдегі келешегіне ықпал ету қабілеттілігінің жойылуымен немесе қабілетсіздікті сезінуімен байланысты. Дегенмен, осыған салыстырмалы дамыған әлем (босқындар ұмтылған елдер) көбінесе шектеулі шаралар қолданумен шектелетіні айдан анық. Осының бәрі нормалар мен принциптер спектрі үшін, босқындарды қорғаудың халықаралық-құқықтық жүйесін құрайтын көңілді орта жасай алмайды.

Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы босқындар мәселелері бойынша дүниежүзілік интеграцияда белсенді қатысада. Оған мысал, 2001 жылы 11 қыркүйек айында АҚШ-тағы болған оқиға, сол оқиға нәтижесінде Америка Ауғанстанға соғыс жариялаған кезде, Қазақстан дүниежүзі қоғамдастығы алдында Ауғанстан мен Тәжікстаннан босқындардың белгілі бір санын қабылдауға және орналастыруға міндеттеме алуы.2 Ойлаймыз, мұндай жағдайларда босқындарды қабылдау түріндегі гуманитарлық көмек көрсетуші елдердің беталыстары ұқсас болуы керек.

Егер бұрынғы тоталитарлық кезеңде Одақ, оның ішінде Қазақстанда, адамдардың әміршіліктің әкімшілік жүйесінен қашуынан, елден кету ағымы байқалса, ал қазір демократия мен нарықты құра отырып, бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдер босқындарды әлуетті қабылдаушы елдер қатарына өтті. Бұл проблеманы шешуге, осы саладағы жүниежүзілік стандарттар мен принциптерге жауап беретін, заңдық база ықпал етуі керек. Одан өзге, дүниежүзілік интеграцияға тарту үшін, әрекеттегі халықаралық құжаттардың ратификациясы (бекітілуі) қажет. Осының көрнекі мысалы ретінде Қазақстан Республикасының босқындар проблемасын реттеуші, халықаралық құқықтың екі негізгі көзіне қосылуын айтуымызға болады, – БҰҰ Конвенциясы 1951 ж. және Хаттамаға 1967 ж.


Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Бұл дипломдық зерттеудің мақсаты, босқындардың халықаралық – құқықтық мәселелерін зерделеу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін, бұл дипломдық жұмыстың авторы бірқатар міндеттер қояды, жекелей айтқанда:

- халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымына анықтама беру;

- босқындар режимінің берілу принциптерін қарастыру;

- босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттерін зерттеу;

- босқындардың құқықтық жағдайын орнықтыратын, халықаралық – құқықтық нормаларды қарастыру;

- босқындар мәселелері бойынша мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін қарастыру;

- ҚР босқындар режимінің құқықтық реттелуінің ерекшеліктерін зерттеу;

- босқындар проблемалары бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығында Қазақстан Республикасының құқықтық аспектілерін қарастыру.
Осы дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып, арасында үлкен дәрежеде тарихи, салыстырмалы, логикалық және функционалдық әдістер болатын, мемлекеттік-құқықтық нақтылықты танудың жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістері табылды.
Зерттеудің теориялық негізі.

Зерттудің теориялық негізін, Сәрсембаев М.А., Гай С. және Гудвин – Гилл, Потапов В.И. және басқ. Сияқты халықаралық құқықтар саласындағы, ресейлік, қазақстандық және шетелдік авторлардың – мамандардың монографиялық басылымдары құрады. Теориялық материалдарды халықаралық құқықтық актілер, сонымен қатар, босқындардың құқықтық аспектісін шектейтін, Қазақстан Республикасының әрекетегі заңдары толықтырды.


Жұмыстың құрылымы.

Бұл дипломдық жұмыс үш тараудан; жеті параграфтардан; кіріспеден, қорытындыдан; қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау босқындардың құқықтық режимдерінің жалпы мәселелеріне арналған. Бұл жерде келесі мәселелер қаралады: халықаралық құқықтағы «босқындар» ұғымы; халықаралық құқықпен әзірленген босқындар режиміне принципиалдық тәсілдеме; босқындардың жалпы құқықтары.

Екінші тарауда босқындардың құқықтық жағдайы туралы халықаралық құжаттардың қолданылуын қамтамасыздандыратын ережелер туралы, жәнеде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы айтылады.

Үшінші тарауда босқындар режимін реттеуші, Қазақстан республикасының әрекеттегі заңын талдауға шолу жасалында; босқындар мәселелері бойынша негізгі қолданбалы заңдық материалдар жиналды, сонымен қатар Қазақстан Республикасында босқындардың көкейтесті құқықтық проблемалары алынды және талданды.

Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі компьютерде терілген ... бет.


жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау