Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі археология оқулық Астана, 2010


Орта Азия мен Кавказдың қола ғасыры мәдениеттері



жүктеу 2,76 Mb.
бет5/10
Дата05.02.2018
өлшемі2,76 Mb.
#8500
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Орта Азия мен Кавказдың қола ғасыры мәдениеттері



Орта Азия қола ғасыры мәдениеттері

Қола ғасырды оқытуға кiрiсер алдында адамзаттың б. з. д. 3 - мыңжылдықта қоланы игеруiнiң тарихи маңызын анықтап алған жөн.

Қола еңбек құралдарының мысқа қарағанда кең таралуына оның сапалық артықшылығы басты себеп болды. Дегенмен, сапалы қола еңбек құралдарының өзi барлық жерлерде бiрдей тас еңбек құралдарын ығыстырып шығара алмады. Тiптi қола өндiру мүмкiндiгi жоғары аудандардың өзiнде тас еңбек құралдары көпке дейiн сақталып қалды. Бұл жағдай бiрнеше себептерге байланысты болды. Соның iшiндегi басты ерекшелерiнiң бiрi қола алынатын тау жыныстарының құрлықтың барлық бөлiктерiнде бiрдей кездеспейтiндiгi. Сондықтан рудаға бай аудандардың қола ғасыр кезiндегi мәдениеттерi басқа аудандарға қарағанда едәуiр қарқынды дамыды. Осындай орталықтарда жасалған еңбек құралдары қола өндiруге мүмкiндiгi жоқ алыс аудандарға да таратылды.

Табиғи жағдайларға сәйкес қола құятын жеке орталықтар қалыптасты. Бiздiң жерiмiзде осындай бiрнеше орталықтар белгiлi. Солардың ең алғашқылары Кавказда, Оралда, Қазақстанның шығысында және Байкалдың жағалауында. Осы аудандарда адамдар басқа жерлерге қарағанда қола жасауды ертерек меңгердi.

Дегенмен қолаға көшудi бір ғана материалдық мәдениетте болған төңкерiс деп қарауға болмайды. Қоланың таралуы шаруашылықтың барлық салаларында, әлеуметтiк және қоғамдық қатынастарда түбегейлi өзгерiстерге алып келдi. Еңбек құралдарының түрлері көбейді. Қоладан құралдар мен қару жасаудың қыры мен сыры игерілді. Рулар арасындағы қақтығыстар қару түрлерінің дамуына әсер етті. Семсер, қанжар, соғыс балтасы, найза секілді қарулар едәуір жетілдірілді. Тайпалардың дамуындағы жаңа дәуiр қалыптасты. Ол егiншiлiк пен бақташылықтың одән әрi дамуы мен бақташы тайпалардың шаруашылықтың басқа түрiнен бөлiнiп шығуымен ерекшеленедi. Үлкен тарихи маңызға ие болған бұл оқиға табиғат жағдайы мен ауа райы мал өсiруге өте қолайлы далалы және орманды аудандарда алдымен жүзеге асты. Бiр – бiрiнен алыс аймақтарда мекендеген тайпалардың арасында болған айырбас пен мәдени байланыстар осы оқиғамен тiкелей қатысты.

Қола ғасырында әртүрлі аймақтардағы тайпалардың арасында экономикалық теңсіздік қалыптасты. Бұған басты себеп метал қорының бар-жоғы болатын. Бір жерде мыс, екінші жерде қалайы қоры болса, үшінші аймақтарда бұлардың екеуі де жоқ. Бұл бір жағынан қоғам дамуындағы теңсіздікті арттырса, екінші жағынан тайпалар арасындағы өзара айырбастың күшейуіне себепші еді.

Археологиялық зерттеулер нәтижесі егіншілік пен мал шаруашылығы қатар дамығандығын байқатады. Дегенмен, жоғары жетілген суғармалы егіншілік оңтүстік аудандарда жетекші орын алса, мал өсіру кәсібі солтүстік аудандарда жақсы жетілді. Қола дәуірінің жоғары жетілген егіншілік мәдениеттері Оңтүстік Түркменстан жерінде шоғырланған. Мұнда егiншiлiк пен отырықшы тiршiлiк энеолит дәуiрiнен бастап қалыптасып дами бастаған. Намазга төбе мен Анау төбенiң жоғарғы қабаттары (Намазга 1Ү,Ү,Ү1 б.з.д. 2750-1100 жж.; ІІІ – ІІ мыңжылдықтарға жататын Анау Ш) қола ғасырына жатады. Оңтүстік Өзбекстандағы Сапалли жерлеу кешені де қола дәуіріне жатады. Адамдар төбесі күмбезделіп жабылған саздан соғылған үйлерде тұрған. Осындай жиырма жеті бөлмеден тұратын үй орны Намазга төбеде зертелді. Көп бөлмелі құрылыстар үлкен тұрғын кварталдарын құраған. Тұрғын үйлерге жалғастырыла қолөнері шеберханалары салынған. Қазба жұмыстары Намазга төбеде қола ғасырына тән жоғары дамыған өркениет болғандығын көрсететiн археологиялық мол материалдар бердi. Орта Азияның оңтүстік аудандарындағы мекендердің құрылымы мен топографиясын зерттеу мұнда қала құрылысының алғашқы жүйелерінің қалыптаса бастағанын білдіреді. Бұл кезеңнің едәуір жарқын ескерткіші -Алтындепе мекенжайы. Қоныстағы балшықтан соғылған көп бөлмелі үйлер тұрғын бөлмелер мен шаруашылық қоймалары араласа салынған. Мекенжайдан металл өңдеп, құмыра жасаған шеберханалардың орындары да табылған. Балшықтан жасалған ыдыстардың өрнегі геометриялық нақышта салынған. Ыдыстардың басым көпшілігі арнайы шарықта жасалған. Сыртқы өрнектері мен суреттері қара сырмен салынған. Құмырашылар тұрған ауданнан ыдыс күйдірген пештер мен күйдіруге дайындалған ыдыстар, бұқалар мен адамдардың мүсіндері табылған. Аршылған үйлердiң жобасы мен орналасу жүйесi мұнда қалалардың ең алғашқы түрi (протогород) қалыптаса бастағанын бiлдiреді. Намазга мәдениетiнiң қыш ыдыстары мен археологиялық бұйымдары Алдынғы Азияның заттарына өте ұқсас, яғни олардың мәдени байланысының тығыз болғандығын көрсетедi. Б.з.д. ІІ мың. жартысында Намазга өркениеті әлсіреп барып тіршілігін тоқтатқан. Егіншілік жоғары дамыған өркениеттер біртіндеп басқа аудандарға ауысты.

Қола дәуірінде Орта Азияның оңтүстік аудандарында егіншілік жақсы дамыған, қалалардың алғашқы үлгісі деуге келетін мәдениет қалыптасты. Мекенжайлардағы үйлердің салыну жобасы, қоғамдық құрылыстар қатарына жататын ғибадатханалардың болуы осыны растайды. Мәдениеттің классикалық ескерткіштердің бірі Алтынтөбе. Ол үлкен мәдени кешеннің орталығына айналған. Алтынтөбеде жүргізілген қазбалар алғашқы кезеңге жататын құрылыстар бір-біріне тақала салынған екі және төрт бөлмеден тұратын үйлер. Мекен айнала биіктігі 6 метрлік дуалмен қоршалған. Дуалдың маңында жергілікті жерлеу орны сақталған. Кейінгі кезеңде анфиладты (есіктері қарама-қарсы салынған бөлмелер) үлгідегі үйлер пайда болады. Ішінде рәсімдік шараларға арналған ошақ пен арнайы қуыстары бар табыну үйлері де болған. Ғибадатхана секілді күрделі құрылыстардың қас бетіне алып пилондар мен мұнаралар салу дәстүрі де осы уақытқа тән. Алтынтөбеден табылған заттардың кешені ыдыс жасау, метталл өңдеу, көлік пен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде елеулі ілгерлеудің болғанын білдіреді. Арнайы шарықта жасалған жұқа қабырғалы ыдыстар сапалы күйдірілген. Алып шоттар, бір жағы жүзделген пышақтар, ұңғысы қуыс жебенің ұштары, қола орақтар мен әшекей заттары, қола және күмістен жасалған мөрлер секілді сан түрлі қола бұйымдар кездеседі.

Осы мәдениеттерді жергілікті энеолиттік дәстүрде қалыптасқан суғармалы егіншілік пен жайлаулы малшылық қалыптасқан өркениеттің шығыстық үлгісі деп айтуға келеді.

Б.з.д. ІІ мыңжылдықта егіншіліктің Орта Азиядағы алғашқы дәстүрлі орталығы құлдырап, оның есесіне басқа аудандарда уранистік мәдениеттер қалыптасады. Мургап пен Амударияның төменгі ағысындағы егіншілік дамыған мекендер оазистері алға шықты. Егіншілік аймақтардың орталықтары болған мекендер 5 гектардан жоғары аумақты қамтыды. Алғашқы қалалар үлгісіне жататын Келлели мекенжайы-сондай орталықтардың бірі. Амударияның ортаңғы ағысында, Тәжікстан, Өзбекстан және Ауғанстан жерлерінде алғашқы қалалық үлгіде салынған егіншілік мекендері б.з.д. ІІ мыңжылдықта пайда болады. Өзендердің сағаларында орналасқан осындай мекендердің тұрғындары арпа, бидай, тары егіп, жүзім өсіргендігі белгілі болды. Солардың бірі-Саппали мекенжайы. Өлшемі 82х82 метрлік бекініс мекенжайдың негізін құрайды. Оның ортасында тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстары қоршаған сарай орналасқан. Саппали мәдениетінің тағы бір мекенжайы – Жаркутан Амударияның оң жағалауында. Оның аумағы 100 га, цитаделі 4 га жерді алып жатыр. Мекеннің зираты да жақын орналасқан. Ыдыстардың сыртына салынған белгілер мен жерлеулердің әлеуметтік топқа бөлінуі секілді қазба кезінде анықталған мәліметтер өндірістің маманданған сипатқа бет алғандығын аңғартады. Шамасы Жаркутан үлкен егіншілік аймақтың орталығы болған.

Арал теңiзi маңында, Хорезім жерінде неолиттiк кельтиминар мәдениетiнiң орнына б.з.д. ІІ – мыңжылдықтың басында оңтүстiк аудандардан суярган тайпалары ауысып келдi. Мәдениеттің негізгі мекендері Жамбас 6, Кокча 2, Базар 2 т.б. Олардың қыш ыдыстары Анау мәдениетi мен ирандыкiне өте жақын. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың соңында Суяргандықтар тазабагъябтықтармен араласып кетеді. Олардың түбі тегіс болып келетін ыдыстары өте сапалы жасалған. Қоладан жасалған заттардан бір жағы жүзделген пышақтар мен жебенің ұштары көп кездеседі. Суяргандықтардың шаруашылығы мәдениеттiң соңғы кезеңiне қарай суғармалылы дәстүрге ұласқан егiншiлiк пен бақташылық болды.

Андрондық мәдениеттiң жергiлiктi нұсқасы саналатын Орта Азиялық тазабагъяб тайпалары б. з. д. ІІ – мыңжылдықтың екiншi жартысында суяргандықтардың көршiсiне айналды. Олардың қоныстары Амударияның бойындағы Ақшадария атырауында орналасқан. Онда бiр-бiрiне жақын орналасқан қоныстардың арасындағы суғару жүйелерiнiң iздерi анық байқалады. Тазабагъяб тұрғындары аумағы 10х12 м тік бұрышты жертөлелерде тұрған. Үйлердің ішкі жағы бөренелерден тұрғызылып, арасы қамыспен тоқылып, сыртынан сыланған. Үйді жылытқан ошақ қақ ортаға салынған. Үйдің қабырғаларының бойында қосымша тағы да бірнеше ошақ болған. Айналасынан ыдыс қалдықтары көп кездесетін бұл ошақтар жұп жанұяларға тиесілі болған деген пікір бар.

Тазабагъябтықтар мен андрондықтардың жақындығы олардың қыш ыдыстары, еңбек құралдары, әшекей бұйымдарынан, үй құрылыстары мен жерлеу ғұрпынан байқалады. Олар да өлген туыстарын қол, аяғын бауырына жинап бiр жамбасына жатқызып жерлеген. Қабiрлер мен қоныстарда жүргiзiлген қазба кезiнде табылған археологиялық заттардың кешенi, қоныстардың маңындағы су жүйелерiнiң қалдықтары тазабагъяб тайпаларының негiзiнен егiншiлiкпен шұғылданғанын көрсетедi.
Кавказдың қола ғасыр мәдениеттері
Табиғи металл қорына бай Кавказ өңірі қола ғасыры мәдениеттерінің қалыптасып, дамуына ернекше роль атқарды. Өздерiнiң шыққан тегi мен шаруашылық қатынастары тұрғысынан әртектес Кавказ тайпаларында бiрнеше археологиялық мәдениеттер қалдырған. Олардың бiр бiрiне мүлде ұқсамайтын өзiндiк ерекшелiктерiмен қатар бiрсыпыра ортақ белгiлерi де болды. Оны бiз егiншiлiк пен бақташылықтың едәуір дамыған нысандарынан, боялған керамиканың таралуы мен iрi тастардан салынған алып құрылыстарынан көремiз. Кавказ тұрғындарының Алдынғы Азия халықтарымен байланысы Ежелгi Шығыс техникасы мен қару түрлерiнiң Кавказға таралуына әсер еттi. Олар ежелгi Ассириялық нысандағы семсерлер, Алдынғы Азиялық балталар, Ежелгi Шығыстық айбалталар (секирлер) едi . Кейбiр қарулардың түрлерi оданда алыстағы солтүстiк аудандарға да таралған.

Ерте қола ғасырында Шығыс Кавказда кура-аракс (б.з.д. ІІІ мың.) мәдениеті тайпалары өмір сүрді. Бұл мәдени бірлестік Шығыс Анатолия, Солтүстік-Батыс Иран, Дағыстан мен Шешен жерлерін де мекендеді. Осы аймақта отырықшы-егіншілік мекендер саны көбейді. Қоныстар салуға көбіне таулар мен тау бөктерлері игерілген. Ондағы дөңгелек үйлер көбіне тастан қаланған. Кавказ тайпаларында металл өндірісі жақсы дамыды. Қазба кезінде металл балқытқан ошақтар, металл құюға арналған құралдар табылған. Қоладан жасалған балта, найза, қанжарлар жиі кездеседі. Осы мәдениетке жататын қоныстар тығыз орналасқан аймақтар: Армениядағы Арарат жазығы, Грузиядағы Картлий ойпаты, Азербайжандағы Кура өзенінің өңірі мен Каспий теңізінің Дағыстанға қарайтын жағалаулары. Мәдениеттің жақсы белгілі ескерткіштері Нахичавандағы Күлтөбе І, Азербайжанда Мингечаур кешені, Арменияда Шенгавит, Гарни, Эчмиадзин қоныстары.

Ереванның маңында зерттелген Шенгавит мекені осы мәдениетке екінші ат берді. Айналасын мұнаралы тас қамал мен ор қоршаған мекеннің жалпы аумағы 6 га. Оның ішінен металл өндірісінің іздері анықталған. Ыдыстары жылтыр қара түсті. Куро-аракс мәдениетінің екінші мекені Мингечаур Азербайжанда зерттелген. Оның жалпы аумағы 25 га. Үйлері ортасында ошағы бар, қабырғасы ағаштан тұрғызылған жартылай жертөле түрінде. Куро-аракс мәдениетінің бірсыпыра жерлеу кешендері де табылған. Онда жерлеу құрылыстары мен жерлеу тәсілдері әртүрлі. Оба астындағы жерлеу шұңқырлары сопақша келген жер қабірлер, тас жәшіктер. Мәйітті қол-аяғын бауырына бүгіп, бір жамбасына жатқызған, кейде өртеп, күлін жерлеу ғұрпыда қолданылған. Мәдениет ІІІ мыңжылдықтың басынан, оның соңына дейін тіршілік кешті. Археологиялық зерттеу қорытындылары куро-аракс мәдениетінің Кіші Азия өркениеті мен Солтүстік Кавказдағы майкоп мәдениетімен байланысы барлыған анықтатты.

Б.з.д. 3 – 2 – мыңжылдықтарда өмiр сүрген Солтүстiк Кавказ тайпаларының мәдениеттерi ғылымда Майкоп мәдениетi деген атпен белгiлi. Х1Х ғасырдың соңында қазылған Белое өзенiнiң бойындағы Майкоп зираты осы мәдениеттiң ерте кезеңіне жататын басты ескерткiшi болып саналады. Белое өзенiнiң бойындағы Мешоко қонысы мен үлкен қабiр шұңқырларынан тұратын көптеген зираттар осы мәдениетке жатады.

Майкоп зиратының қазылған қорғандарының бiрi ғылым үшiн аса құнды материалдар бердi. Онда үлкен үйiндiнiң астында орналасқан терең қабiр шұңқыры ағаштармен төртке бөлiнген. Соның үлкен бөлiгiнде ер кiсiнiң сүйегi қойылыпты. Оның үстiн арыстандар, бұқалар және жапырақ тәрiздес әшекейлер бейнеленген алтын iлмешектер жауып жатыр. Мәйiттiң жанынын ұзындығы 1 метрден астам 6 күмiс түтiктер табылды. Олардың төртеуiне екi алтын, екi күмiс бұқалардың мүсiндерi орнатылған. Бұл түтiктер марқұмның үстiне жабылған жамылғыны ұстап тұрған деп айтуға болады. Ал, алтын iлмешектердiң әрқайсысында кездесетiн тiгу үшiн жасалған арнайы тесiктер олардың әлгi жамылғының сыртынан тiгiлгенiн байқатады. Қабiрдiң қабырғасына тақап алтын және күмiс ыдыстар қойылыпты. Сонымен қатар, марқұмның қасына қанжар, балта, қашау секiлдi мыс қарулар мен шақпақ тастан жасалған жебенiң ұшы да қойылған. Қабір ішiндегі бағалы заттар қорғанның ру көсемiнiң қабiрiнiң үстiне тұрғызылған деуге келеді. Кейбір мамандар мәдениеттің жекелеген ыдыстарының жасалу сапасы мен тәсіліне қарап, олар құмыра жасайтын арнайы шарықты білген деген пікір айтады. Зерттеушілердің екінші бөлігі майкоптық ыдыстарды шығырда дайындалған белгілер кездеспейді, олар мұқият дәлдікте жасалған дейді.

Майков мәдениетіңің заттары Таулы Қарабақтағы Новосвободск қорғанынанда белгілі. Старомышатск көмбесінен шыққан күміс ыдыстар, бұқа мен бөкеннің, бұқаның мүсіндері, арыстанның алтыннан жасалған басы, алтыннан жасалған самайға ілетін ілмешектер т.б. заттар майкоп мәдениетіне тиесілі.

Мәдениеттің соңғы кезеңіне жататын дольмендер жақсы зерттелген. Олардан бұрғылап тесілген балта, орақтың тістері, жебенің ұштары, жылтыр қара керамикалармен қатар мыс балта, кетпен, қашау, қанжар, пышақтар жиі кездеседі. Мыстан жасалған шанышқы мен тайзалар месопатамия мен криттікіне ұқсас. Сердолик пен лазуриттен жасалған моншақтар Таяу Шығыстан әкелінген. Алтын мен күмістен жасалған ыдыстар, арыстан, бұқа бейнелері мен диадема түріндегі әшекейлер Шығыспен байланыстың болғандығын білдіреді. Шаруашылығы егіншілік пен бақташылыққа негізделген. Жерлеу заттарынан мүлік теңсіздігінің тереңдей бастағаны байқалады. Майкоп тайпалары куро-аракс мәдениеті өкілдеріне етене жақын.

Долинск қаласының маңында бір топ мазанкалардан (жұқа ағаштардан қаланып, сыртынан балшықпен сыланған үйлер) тұратын үйлер қазылған. Үйлердің едені мен арнайы шұңқарларда астық сақтауға арналған үш құлақты ыдыстар орналасқан. Үйлердің арасындағы жерлер игерілген.

Б. з. д. 2 – мыңжылдықта Солтүстiк Кавказдың Шығыста Махачқаладан бастап Майкоп пен Краснодарға дейiнгi ұлан ғайыр территорияны мекендеген тайпалар Солтүстiк Кавказ мәдениетiн қалыптастырды. Бұл мәдениеттiң ескерткiштерi Солтүстiк Кавказдың әртүрлi аудандарында, Терека және Кубан өзендерiнiң алқаптарында, далалы және таулы аймақтарда орналасқан. Бұл мәдениеттің қоныстары зерттелмеген. Археологиялық мәліметтер жерлеу ескерткіштерінен алынған. Олардың жерлеу орындары таулы аймақта – шұңқырға, далалы және тау бөктерлерінде оба астында орналасқан. Жерлеу заттарынан қола пышақ, балта, шот, әшекей заттары, түйрегіштер жиі кездеседі. Солтүстік Кавказ тайпаларының катакомба мәдениеті өкілдерімен байланысы болғандығы анықталды.

Солтүстiк Кавказ мәдениетi б.з.д. 2 – мыңжылдықтың соңы мен 1 – мыңжылдықтың басында Кобан атты жарқын да ерекше мәдениетке ұласты. Бұл мәдениет өз атауын Жоғарғы Қобан ауылының маңында орналасқан зираттан алады. Ол Х1Х ғасырдан бастап зерттелуде. Қобан мәдениетiнiң жерлеу ескерткiштерi мен қоныстары бұл күнде Асетиядан батысқа қарай Кавказдың терiскей бөктерiнiң бойымен Қара теңiз жағалауларына дейiнгi аралыққа таралған. Бүл мәдениет қарапайым жер қабiр мен жалпақ тастардан жәшiк секiлдi етiп жасаған қабiрлерге қол-аяғын бауырына бүгіп жатқызған мәйіттердің қасына қойылған бай қарулары және еңбек құралдарымен белгiлi. Жерлеу бұйымдарының iшiнде сапалы күйдiрiлiп, геометриляық өрнектермен безендiрiлген қыш ыдыстары ерекше. Қола заттардың iшiнде қарулар көп кездеседi. Олар бет жағы безендiрiлген балталар, өрнектелген қанжарлар, аң бейнелерiмен безендiрiлген тұтқалар (ұстағыштар), жебе мен найзалардың ұштары, қола кетпендер мен орақтар. Қобан мәдениетi кезiнде Кавказдағы қола өндiру өзiнiң шарықтау шегiне жеттi. Кейбiр қабiрлердiң материалдары олардағы мүлiк теңсiздiгiнiң басталуынан хабар бередi.



белгiлi қола ғасырлық дербес мәдениет қалыптасты. Ол Триалет өңiрiндегi зираттар негiзiнде зерттелген. Сондықтан да бұл мәдениет археологияда шартты түрде Триалет мәдениетi деген атқа ие болған. Көлденеңiнен қимасы 100 метрге дейiн жететiн үлкен обалары жақсы зерттелген. Жерлеу ғұрпы тұрақсыз: өлген кiсiнiң денесiн жерлеу мен қатар өртеп күлiн көму дәстүрлерi

қатар кездеседi. Үлкен оба үйiндiсiнiң астында аумағы 175 шаршы метрге дейiн жететiн “жерлеу сарайлары” да кездеседi. Жерлеу заттарының iшiнде көп кездесетiндерi қара және қоңыр түстi сыртында қара бояумен салған өрнектерi бар үлкен құмыралар, металдан жасалған қазандар, қарулар, күмiс пен алтыннан жасалған әшекей бұйымдары.

Обалардың бiрiнен өрнектелген 24 қыш ыдыс пен мыс қазаннан басқа сыртында аң аулау көрiнiсi бейнеленген күмiс шелек, бас жағы алтыннан күмiс түйреуiштер, сердоликтен көздер салынған алтын кубок табылды. Оның сыртын өрiлген алтын сымдар мен алтын түйiршiктер жапсырылған өрнектері безендiрiп тұр. Кубоктiң iшiне кесек янтарь салынған.

Басқа бір обадан сыртына екі қатар бедерлі сурет салынған күміс кубок шыққан. Жоғарғы белдемшеде тақта отырған құдайға салтанат көрсетіп жатқан 23 кісі, астыңғы белдемшеде бұғылардың тізбегі бейнеленген.

Өрнектің стилі хеттік өнермен ұштасады. Осы және басқа бұйымдар триалет мәдениетінің Алдыңғы және Кіші Азиямен байланысын анық көрсетеді.

Триалет обаларындағы алтын заттар мен асыл бұйымдар мол қойылған жерлеулер ру көсемдерiне тиесілі екендiгiн білдіріп, оларда әлеуметтiк және мүлiктiк теңсiздiктiң тереңдей бастағандығын көрсетеді.


МЕРЗІМДЕЛУІ


Анау III, Намазга IҮ – б.з.д. ХХIҮ – ХҮII ғғ.

Тазабагъяб мәдениетi – б.з.д. ХХ – ХҮ ғғ.

Майкоп мәдениетi – б.з.д. 3 – 2 мың.

Солтүстiк Кавказ мәдениетi – б.э.д. Х1Х – ХШ ғғ.

Триалета мәдениетi – б.з.д. ХХ – ХҮ ғғ.

Намазга Ү, Намазга ҮI – б.з.д. ХҮII – ХI ғғ.

Кобан мәдениетi – б.з.д. Х1 – ҮП ғғ.

Әдебиеттер
Аскаров А.А., Абдуллаев Б.Н. Джаркутан (к проблеме протогородской цивилизации на юге Узбекистана). – Ташкент, 1983.

Асланов Г.А., Ваидов Р.М., Ионе Г.И. Древний Мингечаур (эпоха энеолита и бронзы). – Баку, 1959.

Гаджиев М.Г. Из истории культуры Дагестана в эпоху бронзы. – Махачкала, 1969.

История народов Северного Кавказа с древнейших времен до конца ХУШ в. – М., 1988.

Крупнов Е.И. Древняя история Северного Кавказа. – М., 1960.

Кузьмина Е.А. Металлические изделия энеолита и бронзового века в Средней Азии. – М., 1966.

Кушнарева К.Х. Эпоха бронзы Кавказа и Средней Азии // Археология СССР. – М., 1994.

Масон В.М. Первые цивилизации. – Л., 1989.

Мунчаев Р.М. Кавказ на заре бронзового века. – М., 1975.

Пиотровский Б.Б. Археология Закавказья. – Л., 1949.

Пицхелаури К.Н. Восточная Грузия в конце бронзового века. - Тбилиси, 1979.

Шығыс Еуразияның далалық аймағындағы қола ғасыры
Жер бетіндегі адам санының өсуі мен олардың үлкен аймаққа таралуы өндіруші шаруашылықтың жаңа нысандарының қалыптасуына әсер етті. Бір қатар аудандарда бақташылық шаруашылықтың негізгі түріне айналды. Бұл егіншілікке аса қолайлы емес таулы, шөлейтті және далалы аймақтарда мүмкін болды. Мал басының өсуі жердің отының таусылуы мен жыл маусымының ыңғайына қарай бақташылардың қоныс аударып отыруын қажет етті. Мұны кейінірек қалыптасқан көшпелі мал шаруашылығының алғашқы нышаны деуге болады.

Шығыс Еуразияның далалық аймақтарының қола ғасырлық мәденитерiнiң iшiнде артында жарқын ескерткіштер қалтырған ежелгi шұңқыр (древнеяма), катакомба және қима (срубная) мәдениеттерi.

Оңтүстiк Урал аймағынан Балкан – Дунай аудандарын алып жатқан территорияда б.з.д. 3 – мың-тың ортасы мен 2 – мың-та древнеяма мәдениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттiң өкiлдерi өздерiнiң марқұм болған руластарын қарапайым жер шұңқырларға жерлеу ғұрпын ұстанғандықтан ғылымда ежелгi шұңқыр мәдениетi өкiлдерi деген шартты атауға ие болған. Ол б.з.д. 4 – 3 – мыңжылдықтарда осы маңда болған ортастогов (среднестогов) мәдениетi негiзiнде қалыптасты. Өлген кiсiнi шұңқыр қабiрге шалқасынан, екi тiзесiн жоғар қарай бүгiп, басын шығысқа қаратып жерлеген. Жерлеу заттары өте кедей: шақпақ тастан жасалған жебенiң ұштары, қырғыштар, пышақтар, сүйектен жасалған гарпундар, iлгектер, бiздер, түйреуiштер, моншақтар. Мыс өте аз кездеседi, одан пышақ пен бiздер жасаған. Ыдыстары жұмыр және тегiс түптi болып келедi. Олардың өрнектерi тарақ тәрiздес затпен, немесе басына жiптен бау оралған (шнур) шыбықпен салынған. Бұндай өрнектердi кейде баулы (шнуровы) өрнек дейтiнi де содан.

Археологиялық зерттеу қортындылары ежелгі шұңқыр мәдени-тарихи қауымдастығының ертедегі нұсқасы болып осы өңірді мекендеген Еділ-Орал тайпалары саналатындығын көрсетті. Ал, оның өзі хвалын тайпаларының жалғасы саналады. Шұңқыр мәдениеті өкілдерінің мекендедері өте сирек кездеседі. Олар-көбіне бақташылардың уақытша тұрақтары. Мәдениет таралған аймақтың шығыс аудандарында көрші егінші тайпалармен байланысқа түскен шұңқыр мәдениетінің өкілдері біртіндеп, тұрақты қоныс теуіп, егінші-мал шаруашылығын қатар жүргізе бастады. Төменгi Днепрдегi Михайловскi қонысы осылай пайда болған еді. Өзеннің биік мүйісінде орналасқан бұл қоныстың аумағы аса үлкен емес. Ол айналадағы жазықтан табиғи ормен бөлінген.

Үйлерінің құрылымы өте нашар сақталған. Қазбадан тас пен сүйектен жасалған бұйымдар табылған. Мыс бұйымдардан төрт біз ғана. Сырттан әкелген, типольдық ыдыстар да кездеседі. Мәдениеттің кейінгі, б.з.д. ІІІ – мың. соңы мен ІІ – мың – тағы қоныстары үлкен, кейде қорғаныс құрылыстарымен ерекшеленеді. Михайловскі қонысының қорғаныс құрылысы үш метрлік тас қабырға мен ордан тұрады. Үйлері негізі тастан қаланған балшық үйлер, кейде жартылай жертөлелер де кездеседі. Мыс бұйымдар едәуір көбейген, біз, пышақ, қашау, шот секілді 26 зат.

Үй жануарларының сүйектерінен қой мен сиырдікі басым. Жылқының сүйектері едәуір аз кездеседі. Осы дәуірдің жерлеулерінің бірінен табылған арба жануарларды күш көлігі ретінде пайдаланғанын білдіреді. Қазбадан табылған кетпен, дән үгіткіш, орақтың тістері егіншіліктің екінші кезекте болғанын білдіреді.

Ежелгі шұңқыр мәдениетiнің келешек дамуы б.з.д. 2 – мыңжылдықта оның Катакомба мәдени-тарихи қауымдастығымен өзара байланысқа түсуіне әкелді. Катакомба мәдениеті шұңқырлықтарды біршама жерінен ығыстырып тастады. Едiлден Днепрге және Қырымнан Курскiге дейiнгi аралықты жайлаған катакомба қауымдастығы алты дербес мәдениеттен құралды. Оларды бiр мәдениетке бiрiктiрген жерлеу ғұрпындағы катакомбалық ортақ дәстүр мен ыдыстары мен оның өрнектерінің жақындығы едi. Катакомба мәдениетiнiң қыш ыдыстары мойны цилиндр тәрiздес бүйiрi томпақ келедi. Құтыларының түбi тегiс, өрнегi шұнқыр тектес. Қабiр шұңқырларының бiр бүйiрiне қарай кәуленiп қазылуы (катакомба) мәдениеттiң археологиялық атауына арқау болған. Дегенмен, осы мәдениетке жататын обалардың астында жерлеу шұңқырларының басқа да түрлері кездеседі. Катакомба қауымдастығының шығу тегі туралы мәселе әлі шешімін таппаған. Басты қиындық оның құрамындағы мәдениеттердің арғы тегінің әртүрлілігінде. Катакомбалық ыдыстардың бүйірі томпақ, мойны ұзын цилиндр тәріздес, түбі тегіс. Өрнектері негізінен созылған бау (шнуровый) тәріздес.
Қоныстары өзен жағасындағы, айнала табиғи ормен қоршалған мүйістерде орналасқан. Өзен жағалаулары әрі мал жайылымы әрі егіс алабы ретінде пайдаланылған. Мал шаруашылықтың басты түрі. Днепр өңірінде сиырдың

сүйектері, Дон аймағында қойдың сүйектері басым. Қоныстардың орнында жылқы мен балықтардың сүйектері де кездеседі. Қазбадан табылған орақ тістері, мүйізден жасалған кетпендер, дән үгіткіштер секілді құралдар қауымдастық өмірінде егіншіліктің де өзіндік орын алғанын аңғартады.

Ростов облысындағы катакомбалардың бірінен төрт дөңгелекті үлкен арба табылған. Жерлеу заттарынан қоғамдағы мүлік теңсіздігі байқалатындығы айтылады.

Едiл мен Оралдың аралығында б. з. д. 2- мыңжылдықтың жартысынан 1- мыңжылдықтың басында қалыптасқан мәдени – тарихи қауымдастық археологияда қима (сұрыпты) мәдениет деген шартты атқа ие болды. Анықтап айтқанда бұл мәдениеттiң жерлеу қабiрлерi шұңқырдың iшiне қима бөренелерден салынған қабiрлерден тұрады. Кейде қарапайым шұңқырға жерленген мәйіттер де кездеседі. Қима мәдениеті өкілдері ежелгі шұңқыр тайпаларының кейінгі ұрпақтарынан тараған деген пікір бар. Бұл мәдениеттiң қыш ыдыстары түбi тегiс, көбiне құты тәрiздес келедi. Бiрсыпыра ыдыстары цилиндр тәрiздес. Қималықтар қола өндіруге түсті металлды алғашында Кавказдан, кейіннен Оралдан, Орта Азия мен Қазақстаннан әкелінген деп есептейді. Қола қорыту ісі қауымдық қолөнері аясында оқшауланып, мамандана бастағаны байқалады. Қоладан жасалған бұйымдардың барлығы жабық екі жақты қалыптарда құйылған. Мәдениеттің жерлеу ескерткіштерінен қалыптар мен балқыту құралдары жиі кездеседі. Қоладан жасалған заттар өте көп және әр алуан. Әсiресе, қола қанжарлар мен түтiк ұңғысы қуыс найзалар. Найзалардың осындай түрi Карпаттан Алтайға дейiнгi аралықта кең таралған. Қима мәдениеті дәурен құрған тұста кельт деп аталатын қола балтаның түрi пайда болды. Қола ғасырында кельттер бүкiл Еуропаға таралғаны белгiлi.

Үйлері кейде 150 шаршы метрді қамтитын жартылай жертөлелер. Олардың қабырғалары бөренелермен нығайтылған. Үйдің ішінде бірнеше ошақ болады. Әсте бірнеше жұп отпасы бірге тұрса керек. Жерлеу қабірлеріндегі қималарды қиюластыру тәжірибесіне қарап, олар ағаш үй де сала білген деп шамалауға болады.

Қола ғасырында металдан жасалған еңбек құралдары мен бұйымдар жоғары бағаланған. Сондықтан да тайпа көсемдері мен ру ақ сүйектері оларды артық дүние ретінде жинауды әдетке айналдырған. Бұндай құбылысты сирек те болса кездесіп тұратын көмбелер құрамынан байқауға болады. Еділдің бойындағы Хвалынскі қаласының маңынан табылған көмбе заттары осындай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Көптеген қола құралдардың қалыпқа құйған кездегі қырлары сол күйінде сақталған. Яғни тұрмыста қолданылмаған, артық дүние ретінде жиналған. Мүлiк теңсiздiгiнiң б.з.д. 2 – мыңжылдықтың екiншi жартысынан бастап қалыптаса бастағанын осындай көмбе материалдары көрсетедi. Одесса облысындағы Бородино селосының маңынан табылған қола заттардың тағы бір көмбесi осыған айқын дәлел. Көмбе 17 бұйымнан тұрады. Солардың iшiнде күмiстен жасалған найзаның екi ұшы мен әсем жасалған нефрит балта. Оның ұңғысы сап өткiзiлетiндей етiп тесiлген және мұқият өңделген. Олардың көпшiлiгi өздерiнiң жасалу дәстүрi жағынан Алдынғы Азия мәдениетiне өте жақын. Көмбеден табылған асыл металлдар мен құнды тастардан жасалған заттар оның тайпа көсемiнiң меншiгi болғанын көрсетедi. Мамандар көмбе құрамындағы нефрит балта биліктің символы есептелетін аса таяқтың басы болуы мүмкiн. Бұл б. з. д. 2 – мыңжылдықтың ортасында билiк рәмiздерi қалыптасқанын бiлдiредi.

Қима мәдениетінің негізін үй маңындағы және жартылай көшпелі шаруашылық құрады. Мал құрамында сиыр мен жылқының үлесі басым. Ауыздық секілді мініс көлігіне қолданылған әбзелдер табылған. Егіншіліктің де біртіндеп дамып келе жатқаны байқалады. Қоладан жасалған бірқатар егіншілік құралдары белгілі. Мамандар қима мәдениетінің соңғы сатысында пайда болған еңбек құралдары осыдан кейінгі скифтердің құралдарымен ұқсас екендігін айтады.


жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау