Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі археология оқулық Астана, 2010



жүктеу 2,76 Mb.
бет4/10
Дата05.02.2018
өлшемі2,76 Mb.
#8500
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

МЕРЗIМДЕЛУ

Жаңа тас - 6 – 4 мыңжылдықтар арасы.

Жейтүн мәдениетi – б.з.д. 6 – 5 мың.

Атбасар мәдениеті – б.з.д. 7 – 4 мың.

Льялово мәдениетi – б.з.д. 4 – 3 мың.

Днепро – Дон мәдениеті – б.з.д. 5 – 3 мың.

Кельтеминар мәдениетi – б.з.д. 4 мың.

Байкал өңiрiнiң (Исаков, серов, китой) мәдениеттерi – б.з.д. 4 – 3 мың.

Маханжар мәдениетінің – б.з.д. 5 – 4 мың.

Шығыс Еуропаның орманды аудандарының кейiнгi жаңа тас (балахин, каргополь, карель т.б.) мәдениеттерi – б.з.д. 3 – 2 мың.

Қиыр шығыстың жаңа тас (новопетров, громатухин, нижнеамур) мәдениеттерi – б.з.д. 5 – 2 мың.

Әдебиеттер
Адрянов Б.В. Земледелие нашых предков. – М., 1978.

Археология Зарубежной Азии. – М.,1986.

Археология Средней Азии и Ближнего Востока. – Ташкент, 1983.

Археология Старого и Нового Света. – М., 1966.

Брюсов А.Я. Очерки по истории племен европейской части СССР в неолитическую эпоху. – М., 1952.

Даниленко В.Н. Неолит Украины. – Киев. 1969.

Деревянко А.П. Новопетровская культура Среднего Амура. – Новосибирск, 1970.

Изыскания по мезолиту и неолиту СССР. – М., 1983.

Коробкова Г.Ф. Орудия труда и хозяйство неолитических племен Средней Азии. – Л., 1969.

Крижевская Л.Я. Неолит Южного Урала. – М., 1968.

Масон В.М. Средняя Азия и Древний Восток. М.;Л., 1964.

Массон В.М. Культурогенез Древней Центральной Азии / Под ред. Л. Б. Кир-чо. — СПб.: Филологический факультет СПбГУ; Изд-во С.-Пе-терб. ун-та, 2006. — 384 с.

Матюшин Г.Н. Экологическая кризис и их роль в смене культур каменного века//Природа и человек. – М., 1988.

Старков В.Ф. Мезолит и неолит лесного Зауралья. – М., 1980.

Таймагамбетов Ж.Қ., Норхина Т.И. Археологические комплексы пещеры Караунгур. – Туркестан,1998.

Таймағамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас ғасыры. – Алматы, 2008.

__________________Е к і н ш і т а р а у_______________
Қола ғасыры

Шығыс Еуразияның егінші және бақташы тайпаларының энеолиттiк мәдениеттер

Б.з.д. IҮ – мыңжылдықта адамдар мыстан еңбек құралдарын жасай бастады. Мысты игеру барлық жерде бiрдей жүрген жоқ. Мысқа бай оңтүстiк аудандарда бұл процесс қарқынды дамыды. Металл өндірісінің қалыптасып дамуы туралы екі түрлі көзқарас бар. Зертеушілердің бір бөлігі метталл өндірісі бстапқыда бір ғана жерде қалыптасып, біртіндеп басқа жерлерге тараған. Ол ежелгі Шатқалкүйік және Шойынутөбе қоныстары орналасқан Анатолия мен Хузистан аралығы. Бұл Иранның оңтүстігіндегі тарихи аймақ. Ол жерлерден б.з.д. ҮІІІ – ҮІІ мыңжылдықтарға жататын, әлемдегі ең көне мыс бұйымдар (моншақ, ине, біз) табылған. Ғалымдардың келесі тобы метталды өңдеудің кейбір әдістерін өзгелерден үйренумен қатар кейде оны дербес игерген жағдайлар да болған дейді. Еуразия құрлығында металл өндірісі б.з.д. Ү-ІҮ мың. шекарасында қалыптасқан.

Ежелгі мыс өндірген кеніштер өте сирек табылады. Дегенмен, археологтар бірсыпыра кеніштерді тауып, зерттеген. Солардың ішінде Солтүстік Қазақстандағы Бақырөзек, Киімбай өзенінің бойындағы Еленовка, Алтайдағы Белаусовкі кеніштері.Соңғы айтылған кеніштен мыс кені салынған тері дорбасымен бірге жатқан ежелгі кеншінің қаңқасы табылған. Мыстың табиғатында жұмсақ қасиеті тас құралдармен бәсекеде кем түсіп жатуы мыс құралдардың көп жерлерге таралмауына себеп боды. Мыстан көбіне сәндік бұйымдар мен пышақ, біз секілді ұсақ құралдар жасаған.

Мыс өңдеудiң екi тәсiлi белгiлi: қыздырып және қыздырмай өңдеу. Бұлардың қайсысы алғаш игерiлгендiгiн дөп басып айту қиын. Ең алғашқы еңбек құралдары қыздырмай, кесек мыстарды көрiкте соғу арқылы жасалды деуге негiз бар. Дегенмен, мысты қыздырған кезде балқыған мыстың әртүрлi қалыпқа түсiруге болатындығын адамдардың бiлуi де әбден мүмкiн.

Металл өндiрудi игеруге байланысты өндiрiсте өзгерiс болды. Жалпы тайпалардан егiншi және бақташы тайпалардың бөлiнiп шығуы неолитте қалыптаса бастаған бiрiншi қоғамдық еңбек бөлiнiсiне алып келдi. Жерорта теңiзi, Алдынғы Азия, Солтүстiк Африка, Оңтүстiк шығыс Еуропада және Орта Азия жерлерiнде егiншi тайпалардың мәдениетi тұтастай қалыптасты. Ал құрлықтың басқа көптеген бөлiктерiнде шаруашылықтың неолиттiк қалпы сақталды.

Шығыс Еуропаның оңтүстiк аудандары мен Орта Азияның көпшiлiк жерлерiнде таралған энеолиттiк мәдениеттер дамудағы өзара ортақ бiрсыпыра белгiлерiне қарай топтастырылған. Олар тас еңбек құралдарымен қатар мыс құралдардың көп таралуы; кетпендi егiншiлiк пен үй маңы бақташылығының үстем болуы; өрнектi балшық ыдыстардың молдығы; балшықтан тұрғызылған iрi үйлермен қатар, балшықтан жасалған әйел мүсiндерi, ерекше өрнектi өнер туындылары. Шығыс Еуразия кеңiстiгiнде энеолит мәдениетi Оңтүстiк Украина мен Молдовада, Орта Азияның оңтүстiгiнде жақсы зерттелген. Украина, Малдова, Румыния мен Болгарияның Карпат-Дунай аймағыны триполь-кукутени деп аталған энеолиттік мәдениет таралған жерлер. Осы мәдениетке жататын ескерткіштерді зерттеудің үлкен тархы бар. Мәдениеттің ерте, орта және кейінгі деп аталған үш кезеңі мен жекелеген хронологиялық мерзімдегі жергілікті вариантары белгілі. Үлкен аймаққа таралған энеолиттік қоныстар бірқатар өзіндік ортақ белгілері бойынша топтастырылады. Олар таспен қатар мыс құралдардың пайда болуы, кетпенді егіншілік пен үйде мал асыраудың басымдылығы, сырты безендірілген ыдыстардың, балшық үйлердің болуы мен егіншілікке табыну. Зертелген қоныстардың 150-ге жуығы мәдениеттің ерте кезеңіне жатады. Ең бастапқы кешендерде сыртына сурет салынған ыдыстар кездеспейді. Алғашқы кезеңнің қоныстары Трансильвани, Карпат бауырайлары, Прут өзені өңірі мен Орталық Малдовада таралған. Днестрдің бойында орналасқан Флорешты, Александровка І, Лука-Врублевецк және Бернашовк қоныстарында жүргізілген қазбалар нәтижесі триполь-кукутение мәдениеті Карпат тауының шығыс бауырайлары мен Оңтүстік – Шығыс Трансильвани өңірін б.з.д. Ү-ІҮ мынжылдықта мекендеген мәдениет негізінде қалыптасқан.

Триполь-кукутени мәдениетінің ортаңғы кезеңінде керам ика өндірісі мен оның сыртын өрнектеу жедел дамыды. Бұл кезеңнің қоныстары бірне ше ондықтан тұра ды. Солардың ішінде едәуір жақсы зерттелгендері Коломийщин мен Владимовкада. Коломийщин шатқалында 6000 кв.м. аумақ жерден дөңгелене орна ласқан 39 балшық алаңшалар ашылған. Бұл алаңшалар балшықтан салынған үйлердің орындары болып шықты. Сушково қонысынан табылған осындай үйдің қалпына келтірілген моделінде тік бұрышты, ортасынан екіге бөлінген. Есіктен кіргенде оң жақта пеш, оның бір шетінде сыпа орналасқан. Бөлменің бір бұрышында дән үгітіп отырған әйелдің кішкене мүсіні орнатылған. Оның жанында ыдыс тұр.

Трипольдық мекендердің тұрғындарының негізгі кәсібі кетпенді егіншілік. Дән қалдықтары, бидай, арпа, тарының сабақтары мен қауашақтары және олардың іздері үй салуға пайдаланылған балшықтарда қалған.

Трипольдықтардың егіншілікке қатысты идеологиялық түсiнiктерi ыдыстарының сыртын салынған суреттерде айқын көрiнiс тапқан. Ыдыстардың сыртындағы күрделi де тұрақты өрнектер дiни мағана берiп, олардың айнала қоршаған орта мен кеңiстiк жайлы түсiнiктерiн аңғартады. Өрнектерде көбiне жаңбыр мен жел, күн мен түн, жыл мезгiлдерiнiң ауысулары бейнеленедi. Сонымен қатар, жануарлар, өсiмдiктердiң жапырақтары, жер жырту мен егiн салу секiлдi шаруашылық көрiнiстерi де суреттелген. Балшықтан кейде сүйектен жасалған энеолиттiк әйел бейнелерi оларды береке мен құнарлылық құдайы ретiнде дәрiптегендiктi сездiредi. Осы дәуiрге жататын триполь мәдениетi өкiлдерiнiң кетпендi егiншiлiк және үй маңындағы бақташылықпен айналысқаны анықталып отыр. Дәлел ретiнде қазба кезiнде табылған әртүрлi дәндi дақылдардың қалдықтары мен егiншi лiкте пайдаланған еңбек құралдарын айтуға болады. Астық жинаған орақтардың тұтас тастан, мыстан және тiстерi микролиттерден құрастырылған түрлерi де кездеседi. Трипольдық мекендерден табылатын елік, бұғы, құндыз бен қоян секілді жабайы жануарлардың сүйектері аңшылықтың да қоғам өмірінде маңызы жойылмағандығын білдіреді.

Триполье – кукутени мәдениеті өзінің өрлеу кезеңінде батыстағы көрші мәдениеттермен қатынасқа түскендігі байқалады. Әсіресе, Гумельница, Орта Стог ІІ және Злото тайпаларымен өзара байланыста болған. Үлкен аумақты алған мекенжайлар мен оларды қазу кезінде табылған қысқа шоқпарлар (биліктің белгісін білдіретін белгі) тұрғындардың арасында әлеуметтік жіктің басталғанын білдіреді.

Триполье–кукутени мәдениеті дамуының кейінгі кезеңінде қауымдастықтың таралу аймағы едәуір кеңейген. Олар Волын төңірегінен Қара теңіздің жағалауларына дейін, батыста Карпат маңынан Ортаднепрге дейінгі аралықты жайлады. Осы аймақтан трипольдық қоныстардың үлкенді – кіші қалдықтары мол табылған. Мәдениеттің кейінгі кезеңіне жаттатын қабаттарының радиокарбонды анализ бойынша алынған уақыты - б.з.д. 3000 – 2200 жылдар аралығы.

Құрамында 444 мыс еңбек құралдары бар Карпун көмбесiн зерттеу трипольдықтардың еңбек құралдарын Балкан-Карпат таулы аймақтарынан алынатын таза мыстан жасалғандығын анықтауға мүмкiндiк бердi. Көмбеден табылған мыстарды зерттеу триполдықтардың мысты қыздырып соғуды, оларды дәнекерлеуді білгендігін, ал балқытуды әлі игермегендігін анықтау мүмкіндігін берді. Олардың ішінде еңбек құралдары, әшекей бұйымдары мен антропоморфты және ғұрыптық заттар бар.

Трипольдықтардың арғы тегi жайлы ғылымда ортақ көзқарас жоқ. Бiр- бiрiне қайшы келетiн екi пікір қалыптасқан: бiрiншiсi бойынша, триполь тұрғындары Балкан жарты аралынан келген. Екiншi пiкiр бойынша, триполь мәдениетi жергiлiктi нолиттiк тайпалардың негiзiнде қалыптасқан. Олардың тарих сахнасынан түсiп қалуы жайлы да ортақ көзқарас жоқ. Кейбiр зерттеушiлер оның басты себебi ретiнде б.з.д. II- мыңжылдықта шаруашылықта болған өзгерiстермен, яғни бақташылықтың дамуымен байланыстырса, ендi бiреулерi бұл жерлердi бақташы тайпалардың жаулап алуымен байланыстырады.

Энеолит дәуірінде триполье-кукутени мәдениетімен қатар Молдова мен Украинаның жерінде басқа да мәдениеттер тіршілік кешкен. Мәселен, Дунай мен Прут өзендерінің төменгі сағасынан гумельница мәдениетінің ерте кезеңіне жататын ескерткіштер ашылып, зерттелген. Бұл аймақта б.з.д. ІҮ мыңжылдыққа жататын 20-дан астам мекенжайлар ашылған. Солардың ішінде біршама тиянақты зерттелгені-Белградтың маңындағы мекенжай. Дунайдың сол жағалауларына адамдар Солтүстік Добрудж жағынан келген деп есептеледі. Жоғарғы Висла мен Жоғарғы Днестр аралығында зимно-злот мәдениеті мекендеді. Олардың кіші гірім мүйістерде орналасқан сыртынан дуал мен ор қоршаған шағын қоныстары белгілі.

Б.з.д. ІҮ ортасынан ІІІ мыңжылдықта Рейін мен Полесьяға дейін, шығыста Буг пен Днестрдің жоғарғы ағысындағы аралықта трипольдықтардың көршісі воронка тәріздес кубоктар мәдениеті тіршілік кешкен. Шығыс Еуропаның елеулі аумағын қамтыған осы мәдениет өкілдері шаруашылықтың өндіруші нысанының таралуына елеулі үлес қосқан деп саналады. Б.з.д. ІІІ мыңжылдықта Еуропаның Эльбадан Орта Днепрге дейінгі аймағында шар тәріздес амфор мәдениеті қалыптасқан. Осы мәдениеттің ескерткіштері кейінгі триполь және варонка тәріздес кубтер мәдениеті қоныстарымен қатар тіршілік кешкен.

Неолиттік отырықшы егіншілік пен бақташылықтың елеулі орталықтарының бірі Орта Азия болды. Осы өңірдің оңтүстiк аудандарындағы энеолиттік тіршілік жейтүн егiншiлiк мәдениетiнiң негiзiнде қалыптасып, дамыды. Бұл өңiрдiң энеолиттiк мәдениетiн зерттеуде олардың құрылыс салу дәстүрiнде, еңбек құралдарында, ыдыс өрнектерiнде, балшықтан жасалған әйел бейнелерiнде трипольдықтармен ұқсастық барлығы байқалады.

Түркмения жерiндегi Анау, Намазга тепе қоныстарын зерттеу үлкен ғылыми маңызға ие. Қазба жұмыстары нәтижесi олардың жейтүннен де жоғары дамыған егiншiлiк мәдениеттiң ескерткiштерi екендiгiн көрсеттi. Бұл мәдениеттер өкiлдерiнiң өсiрген дәндi дақылдарының iшiнде арпа басым. Олар қой, ешкi iрi қара бағып, ит ұстады. Бiрсыпыра кейiнірек түйенi қолға үйреттi. Еңбек құралдарының басым көпшiлiгi (кетпен, орақ, дән үгiткiштер) тастан жасалғанымен олар мысты да бiлдi. Анаудың төменгi қабатының өзiнен инелер, түйрегiштер, жапырақ тәрiздес пышақтар мен әшекей бұйымдары кездеседi. Қазба кезiнде шыққан сыртында өрнегi бар саз ыдыстар, құрылыс қалдықтары, әйелдер бейнелерi бұл мәдениеттiң энеолит дәуiрiне жататындығын көрсетедi.

Орта Азияның оңтүстiгiнде қалыптасқан осы мәдениеттер Иран мен Алдыңғы Азияның энеолиттiк мәдениеттерiмен тығыз байланысты және Оңтүстiк Еуропа мен Азияның егiншi мәдениеттерiмен бiрқатар ұқсастықтары бар.

Мәдениеттердiң бiрiнен соң бiрi жалғаса дамуы археологтарды әр уақытта қызықтырған. Осы мәселеде Түркменстанның егiншi тайпаларының мәдениетiнiң даму кезеңдерi аса үлкен маңызға ие. Анау тепедегi мәдени қабаттардың бiрiнен соң бiрiнiң кезектесiп қалыптасуына қарай төрт кешен анықталды: Анау I б. з. д. 4500 – 3200- жылдарына; Анау II б. з. д. 3200 – 2400- жылдарға; Анау III және Анау IҮ қола дәуiрге жатады.

100 гектардан астам жерді алып жатқан Намазга тепеде жүргiзiлген зерттеудiң материалдары бұл қонысты алты хронологиялық кешенге бөлуге мүмкiндiк бердi. Солардың І – ІІІ қабаттары мысты тас дәуіріне жатады. Оңтүстік Түркменияның энеолиттік кешендері көрші Иранның Сиалық және Гиссар секілді егіншілік мекендерінің стратиграфиясымен сәйкес келеді.Сиалық І дің б.з.д. ҮІ – Ү мыңжылдыққа жататын қабатынан қола құралдардың алғашқы үлгілері табылған. Иранның тау жазықтары мен Таяу Шығыста энеолиттік егіншілік мәдениеттердің кең қанат жайғаны жайлы Сиалық ІІІ, Сузы І, Джова, Тали Бакун, Гисар І қоныстарының б.з.д. Ү мыңжылдықтың соңы мен ҮІ мыңжылдықтың басына жататын қабаттарынан белгілі.

Иранның батыс жағындағы Кіші Азия жерінде де б.з.д Ү мыңжылдықтың ерте егіншілік кешендері ашылған. Балшық үйлер мен мыс құралдар, сырты безендірілген ыдыстар мен теракоталық статуэткалар осы өңірге тән. Ирак жеріндегі Хасун мәдениетінің Жарым төбе І мекенжайынен табылған мыс құралдар мен өрнекті ыдыстар осы мезгілге жатады. Осы айтылған өңірлердегі мәдени-шаруашылық байланыстар сонау мезолит және неолит дәуірлерінен бастап сабақтасып келе жатқанын байқау қиын емес.

Орта Азияның энеолиттік ескерткіштерін Иран мен Месопотамияның археологиялық материалдарымен қатарластыра қарау Намазга І ерте, Намазга ІІ дамыған, Намазга ІІІ кейінгі энеолитке тұспа-тұс келеді деп қорытынды жасауға негіз болады. Мәдениеттің орталығы Намазга I – б. з. д. Ү – IҮ- мыңжылдықтарға жатады. Мұнда егіншіліктің дамуы жалғасты. Егінді таяқ қазғыштармен қопсытқан. Негізінен арпа мен бидай егілді. Үй жануарларынан сиыр, қой, шошқаның сүйектері жиі кездеседі. Қам кірпіштердің алғашқы түрлері пайда болды. Бір бөлмелі үйлерге жалғастыра қамбалар мен қоймалар салынған. Қоныстардың аумағы аса үлкен емес, 2 га көлемінде. Осы кезеңнің соңында аумағы 10 гектерға жеткен қоныстар қалыптасты. Алғашқы мыс бұйымдар табылған: олар-әшекейлер, екі жағы жүзделген пышақтар, төрт қырлы біздер. Металлографиялық анализ олардың балқытып құйылғандығын анықтады. Кейбір заттар бір жақты қалыпта құйылған. Тас құралдар өте сирек кездеседі. Олардың сиреуі металдың пайда болуымен түсіндірілсе керек.

Ыдыстары жартылай сфера тәріздес түбі тегіс. Бір түсті сыртқы өрнектері батыс пен шығыста едәуір ерекшеленеді. Балшықтан жасалған конус тәріздес ұшықтың бастары жиі кездеседі. Сол кезде әйел адамның құдайдай құрметтелгенін білдіретін балшықтан жасалған жалаңаш әйел мүсіндері көп табылады. Жерлеу орындары әдетте қоныстың аумағында орналасады. Марқұмның қол-аяғын бауырына бүгіп жатқызып, үстінен жоса сепкен. Бастарын бір бағытта қою тәртібі сақталмаған. Жерлеу заттары кедей, әлеуметтік теңсіздік белгілері байқалмайды.

Орта Азиядағы Қаратөбе, Геоксур І, Алтынтөбе мекендерінің материалдары энеолиттің ерте кезеңіне жататын материалдар берген. Олардың астыңғы қабаттары 2 – 3 мың жылдық уақытты қамтиды. Ал жоғарғы қабаттары қола дәуіріне сәйкес келеді. Коптеген энеолиттік мекендер жекелеген оазистерге топтасқан. Солардың елеулілерінің бірі-Тежден атрауындағы Геоксур оазисі.



Намазга II қабаты б.з.д. 3500 ж. (б.з.д. ІҮ – ІІІ мың.) басталады. Қоныстардың саны артып, аумағы орта есеппен 12 гектарға дейін өскен. Мекендерде астық сақтайтын қойма мен ғұрыптық қасиетті бөлмелер ортақ болған. Бұл кезде бөлмелер саны да көбейген. Осы кезеңге жататын Қарадепе және Геоксюр мекенжайлары ғылым үшін маңызды. Геоксюрде суғару жүйелерінің алғашқы нышандары зерттелген. Үй жануарларынан қой мен шошқаның сүйектері көп кездеседі. Мысты пайдаланудың түрлі тәсілімен қатар, алтын мен күмісті өңдеуді де игергендігі сезіледі. Олардан жасалған әшекей бұйымдары табылған. Мыс құралдардың бұрынғы түрлерімен қатар, ара мен мыс балта кездеседі. Тас құралдар саны азайған. Олар құрамалы құралдардың тістері, жебенің ұштары, дәнүгіткіштер.

Ыдыстар жартылай сфера, конус тәріздес саптаяқтар, құтылар, тостақтар. Әшекейлері күрделі, көп түсті өрнектер. Олардың нақыштары батыс пен шығыста едәуір өзгеше. Жалпақ мықынды, жұмыр кеуделі әйел мүсіндері мен жануарлардың мүсіндері көп көп.

Жерлеу орындары басы оңтүстікке қараған жеке қабірлерден тұрады. Кейбір жағдайларда жерлеу шұңқыры қам кірпішпен өрілген. Жерлеу заттарының айырмашылығы әлсіз де болса байқалады. Жас баланың қабірінен гипстен жасалып, сыртынан алтын, күміс жапырақшалармен қапталған 2500 моншақ шыққан. Солтүстік Ауғанстаннан әкелініп, осында өңделген лазурит моншақтар осы кезеңде таралады.

Орта Азиядағы мысты тастың соңғы кезеңі ескерткіштері Намазга Ш, Геоксүр, Қаратөбе және Алтынтөбе қоныстары. Алғашқы екі кезеңнің арасындағы уақыт шекарасын анықтау мәселесінде ғалымдардың пікірі ортақ емес. Шартты түрде Намазга ІІІ – тің соңы б.з.д. 2750 ж. мерзімделеді. Бұл кезде батыс пен шығыс аудандардың арасында жергілікті елеулі ерекшеліктер қалыптасады. Бұл, әсіресе, олардың ыдыстарында анық көрініс тапқан. Батыс пен шығыстың ірі орталықтары – Намазгадепе мен Алтындепе қалыптасады.

Бұл кезеңнің мекендері барлық түрде – үлкен, кіші және орташа көлемде болған. Мекендерде үйлер көп, 20-ға дейінгі бөлмелерден құралған. Мұндай үйлерде көп жанұялы әулеттер тұрған деп есептеледі.

Егіншілікте үлкен жетістіктер болды. Қолдан жасалған әуіздер мен суғару каналдары пайда болды. 3 м тереңдіктегі осындай бір әуіздің аумағы 1100 шаршы метрді алады. Су қорының молдығы жылына екі рет өнім алуға мүмкіндік берген деген пікір бар. Мал құрамы бұрынғысынша, қой сүйектері басым. Балшықтан жасалған ойыншық арбаның дөңгелегі мен ноқта-бауы салынған аттың мүсіні жылқыны жұмыс көлігі ретінде пайдаландығын аңғартады. Энеолиттің соңындағы ыдыстар конус тәріздес тостақтар, құтылар, кубктар түрінде. Балшықтан жасалған ыдыстар мен қатар, мәрмәр тектес әк тастан қашалған ыдыстар да кездеседі. Әйел адамдардың мүсіндерімен қатар сирек те болса қаба сақалды еркек бейнелері де кездесіп қалады.

Жерлеу орындары көбіне ұжымдық. Жерлеу заттары жұпыны, күнделікті ыдыстар, әшекей бұйымдары т.т.

Түркменияның энеолиттік егіншілерінің дүниетанымы көршілес жатқан басқа да егіншілік аудандармен өте жақын. Ыдыстардың сыртындағы өрнектердің ұқсастығымен әйел бейнелері соңың куәсі. Әдетте еркін отырған немесе тұрған әйел бейнесі жұмыр бөкселі келеді. Анау мәдениеті ыдыстарының сыртындағы геометриялық шартты сызықтарда сиқырлы сырға ие. Анау мәдениетіне тән көптеген элементер (тас құралдар, тас кетпендер, ыдыстардың өрнегі, мыстан жасалған заттар) жергілікті энеолиттік тайпалардың көршілес тайпалармен тығыз байланыста дамығандығын білдіреді.

Кавказ бен Кавказдың күншығыс беткейінің энеолиттік мәдениеттері Әзербайжан, Дағыстан, Армения мен Грузия жеріндегі б.з.д. ҮІ – ІҮ мыңжылдықтардың мекенжайлары негізінде зерттелген. Текқана Әзербайжан жерінде 50-ден астам ерте егіншілік мекенжайлар белгілі. Солардың елеулілерінің қатарына Әзербайжандағы Күлтөбе І, Нахичевани, Тойретөбе І, Иланлытөбе, Чалангантөбе, Грузиядағы Техут, Армениядағы Адалблур І, Шенгавит І қоныстарын жатқызуға болады. Сонымен қатар Солтүстік Дағстанда Гинчи қонысы зерттелген. Күнгей Кавказдың оңтүстігі мен орталығында энеолиттік дербез мәдениеттер ретінде қарастыруға болатын екі жергілікті топ ерекшеленеді. Күнгей Кавказдың ерте егіншілік қоныстарынан радиокарбонды анализ бойынша алынған уақыттар б.з.д. 5560 – 3807 жылдардың аралығын қамтиды. Демек Күнгей Кавказдағы энеолиттің қалыптасуы б.з.д. ҮІ мыңжылдықтан басталып, оның соңғы кезеңі б.з.д. ІҮ мыңжылдықпен сабақтасады. Қазірге дейінгі материалдар бойынша Күншығыс Кавказдың б.з.д. ҮІ – ІҮ мыңжылдықтардағы энеолиттік ескерткіштерін екі үлкен топқа бөлуге болады. Олар: орталықкавказдық және оңтүстік күнгейкавказдық.

Орталықкавказ тобын Әзербайжанның батысынан Грузияның кура өзенінің ортанғы ағысына дейінгі аралығын дейінгі аймақ қамтиды. Бұл жерде шулавери-шамутобелік мәдениет ерекшеленеді. Екінші бір топты Нахичабаннан батысқа қарай Муганиге дейінгі аралықта таралған ескерткіштер құрайды. Орталықкавказ тобының ескерткіштері энеолиттің ерте кезеңіне жататындығы анықталған.

Орталықкавказ тобында Шулаверис және Шомутөбе қоныстары жақсы зерттелген. Көпшілік қоныстарда біртектес үйлер мен шаруашылық құрылыстарынан тұратын бірнеше құрылыс қабаттары ашылған. Үй жайлары дөңгелек келген диаметрі 3 метр келетін балшықтан соғылған. Ошақтары қабырғаға тақап салынған, төбесі күмбезделіп жабылған. Үйдің ішіне жарық қақ төбедегі кішкене тесіктен түскен, ошақтың түтіні де сол тесіктен шығарылған. Үйлер ешқандай ретсіз және тығыз орналасқан. Қоныстардан шақпақтастан жасалған вкладыштар, адамдар мен үй жануарларының балшықтан жасалған мүсіншелері. Сүйектен, мүйізден жасалған кетпендер, оседиян мен шақпақ тастан жасалған орақ тістері, тас дәнүгіткіштер егіншіліктің болғанын аңғартады. Сонымен қатар тастан жасалған төстер, шоттар мен балталар ерекше топ құрайды. Қазбадан бидай, арпа, жабайы бұршақ тұқымдас дақылдардың дәндері көп табылған.

Нахичаван-мугандық топтың энеолиттік ескерткіштері кішкене ерекшеленеді. Күлтөбе І мекенжайында балшықтан және тастан дөңгелек немесе төрт бұрыш етіп соғылған диаметрі 6-8 метір келетін үйлердің орындары ашылған. Тас құралдары энеолиттік тұрпатта. Күрделі геометриялық нақыштары қызыл, қара және қоңыр бояғыштармен салынған ыдыстар кездеседі.

Дунайдан бастап, Қара теңіздің солтүстік жағалауларын қамтый отырып шығысқа қарай созылған Евразия құрлығының далалық аймақтарында өндіруші шаруашылықтың малшылық түрі дамыды. Даланың табиғи-географиялық жағдайы шаруашылықтың осы түрінің еркін дамуына қолайлы еді. Мұнда егіншілік жекелеген өзен жағалауларында ғана мүмкін болды. Осы аймақтың энеолит дәуіріне қатысты тың мәліметтер Қазақстандағы Ботай (Көкшетау обл.) археологиялық мәдениетi ескерткiштерiнен алынды. Ботай мәдениетіне топтастырылған энеолиттік қоныстар кешені б. з. д. IҮ - IIІ мыңжылдық аралығындағы жылқышы тайпалардың ескерткiштерi.

Ботай мәдениетi көршiлес орналасқан неолиттiк атбасар және маханжар мәдениеттері негiзiнде қалыптасқан. Осы мәдениеттiң басты қонысында жүргiзiлген ұзақ жылдық зерттеулер Ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға үйреткен тайпалар екендiгiн дәлелдейтiн материалдар (70000 жылқы сүйегі табылған) бердi. Алғашқы жылқышы тайпалар Ботайды 200 ж. жуық уақыт мекендеген. 15 га аумақты алатын қоныстан 158 үйдің орны анықталып, олардың 50 – і қазылды. Үй салу үшін алдымен 20-70 шаршы метрлік төрт және сегіз бұрышты, тереңдігі 1 м шұңқыр қазылған. Шұңқырдан шыққан шымдарды оның жағасына тағы да 1 м биіктікте қабырға етіп қалаған. Үйдің шатыры ортаға орналастырған тіреулерге қиғаштап бекітілген бөренелердің үстіне төселген бұтақ, шөптермен жабылады. Үйдің ортасында ошақ, есік жақта тұрмыстық заттар тұратын бөлік, төр жақта жатар орын орналасқан. Азық-түлік сақтайтын қуыстар қабырғалардың бойынан қазылған. Еңбек құралдары мен шаруашылық заттары тас, балшық, сүйек және ағаштан жасалған. Ботайлықтардың мал өсiрумен қатар жер жыртып, егiн егумен айналысқандығы туралы да мәліметтер бар. Қазбадан табылған тастан жасалған пышақ, қанжарлар, найза, жебенiң ұштарымен қатар зубр, бұғы, қарақұйрық, киiк, аю, қарсақ, қоян секiлдi т.б. аңдардың сүйектерi ботайлықтарда аңшылық кәсiптiң де осал болмағандығын бiлдiредi. Ботайдың батыс варианты – терсек мәдениеті ескерткіштері: Қостанай мен Торғайда - Бестамақ, Тұздыкөл І, Ливановка, Құмкешу, Қожай, Дүзбай 3, Көкшетауда – Қызылжар, Василковка 4 т.б. қоныстары.

Жерлеу дәстүрінен тотемизм мен бабалар рухына табынушылық айқын байқалады. Қайтыс болған туыстарын мекен ішіндегі ескі үйлерге жерлеген. Жерленген кісіні қоршай шұңқырдың ішіне ондаған аттың бастарын қойған. Кейде үйдің шығаберіс табалдырығының астына итті жерлеу ғұрпы кездеседі.

Ботай мәдениетi материалдарының кейбір белгілері Оңтүстік Оралдағы сортанды тұрғындары мен Еділ маңындағы хвалын мәдениеті заттарына жақын. Сондай-ақ, Алтайдағы Афанасев, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым мәдениеттерi бұйымдарымен ұқсас.

Маңғыстау өңiрiнде энеолит дәуiрiне жататын: Шебер, Жыңғылды, Қошқар-Ата Қосқұдық қоныстары белгiлi. Маңғыстау өңірінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі энеолиттің басында мұнда жылжымалы бақташылықтың қалыптаса бастағанын білдіреді.

Қазақстан жерiндегi энеолиттiк мәдениеттер ескерткiштерiнiң аз зерттелуiне қарамай қолда бар материалдар негiзiнде сол дәуiрдегi тайпалардың қоғамдық–экономикалық және материалдық мәдениетiнiң дамуында үлкен жетiстiктер болды деп айта аламыз.

Энеолит дәуіріне жататын тағы бір жарқын ескерткіштер тобы Оңтүстік Сібірдегі – окунев мәдениетіне жатады. Осы мәдениет Черновая ҮІІІ, Сыда, Кіші Копен, Окунев ұлыс, Тас-Хазая т.б. зиратардың материалдары, мүсінтастар мен тасқа жазылған таңбалар арқылы зерттелген. Жерлеулері төрт бұрышты тас қоршаулардан тұрады. Бір қоршаудың ішінде беті жалпақ таспен жабылған бірнеше тас жәшік қабірлер орналасады. Мәйіттің аяғын бүгіп, шалқасынан жатқызған. Жеке және еркек пен әйел бірге қойылған жерлеулер де кездеседі. Жерлеу заттары керамикалық ыдыстар, олардың сырты мен түбіне суреттер тырнап салынған. Сондай-ақ, мыс пышақтар, біздер, ау тоқитын инелер, сүйек сапты пышақтар, мүйізден жасалған гарпундар және жануарлардың тісінен жасалған әшекейлер. Әйелдер мен балалардың қабірлерінде тастан жасалған, әйелдің басы мен жүзі қашалған жалпақ сүйектер, ұсақ мүсіндер, басы құс, денесі адам кейпіндегі антопоморфты мүсіндер. Сырға ман шашбаулар міндетті түрде кездеседі. Жерлеулерден жиі кездесетін мал сүйектері Окунев тұрғындарының қой, ірі қара, жылқы өсіргендігін білдіреді. Олар төрт және екі аяқты арбаларда білген. Жабайы аңдар мен балық аулау кәсібі де окунев тұрғындарына жат болмаған.

Бетіне суреттер салынған окуневтік бағантастар археологиялық тамаша ескерткіштер саналады. Ол тастар Окуневтықтардың дүниетанымы мен танымдық санасы жайлы мол мағұлмат береді. Окуневтықтардың тегі жағынан Афанасев мәдениетімен ортақ байланысы жоқтығы анықталған. Олар аздаған монголтекті белгілері аралас антропологиялық түрге жатады. Дегенмен, кейбір жекелеген жағдайларда олардың ыдыстары мен жерлеу ғұрпында өзара ұқсастық та кездесіп қалады. Жергілікті неолиттік тайпалар негізінде қалыптасқан окунев мәдениетінің Сібірдің орманды аймағындағы глазков, Байкал маңындағы самусь, батыс сібірдегі ростовки және кротов мәдениеттерімен ортақ жақтары бар. Осы мәдениеттер окуневпен бірге протосамодтық ортаға жатады деген пікір де айтылады.

Еуразияның орманды дала аймағында энеолит дәуірінде аса маңызды оқиғалар жүріп жатты. Осы аймақта өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы жайлы материалдар мол жиналған. Қара теңіздің солтүстік аймағындағы егіншіліктің ошақтарынан Донға дейінгі аралықта б.з.д. ІҮ мыңжылдықта ортастогов энеолиттік мәдениеті қалыптасты. Бұл жерде Стог ІІ, Стрильча, Скел, Константиновка қоныстары ашылып, зерттелген. Мәдениет орналасқан жеріне қарай үш нысаны бөлінеді. Олар: днепрлік, осколо-донецкілік және төменгідондық. Қоныстардан жердің бетіне, жерді кішкене қазып салынған үйлер мен шаруашылық құрылыстарының, ошақтардың орындары ашылған. Сүйек қалдықтары жылқы мен ұсақ малдардың және ірі қараның өсірілгендігін көрсетеді. Жылқыны қолға үйрету сырттан енбеген, осы жерде қалыптасқан деп айтылады. Диқан құралдарының өте сирек кездесуі мұнда егіншіліктің қосалқы орын алғандығын аңғартады.

Жеке жер қабірлер мен тас табыттардан тұратын жеке және жұп жерлеулерден тұратын зираттар белгілі. Мәйітті шалқасынан қос аяғын бүгіп жатқызған. Мәдениеттің бірлігі қыш ыдыстарының, сүйек пен мүйізден жасалған заттар мен әшекей бұйымдарының ұқсастығымен анықталады. Ұзын тамақты, үшкір түпті құтылар, қызғалдақ тәріздес ыдыстары белгілі. Олардың сыртқы жағына жергілікті неолиттік дәстүрдегі тарақ тәріздес құралмен тырнап түсірілген және баулы өрнектер салынған.


МЕРЗIМДЕЛУ
Триполь мәдениетi – б.з.д. 4 – 3 мың.

Анау І -- б.з.д. 4500 – 3200 ж.

Намазга І -- б.з.д. 4 – мың.

Анау П, Намазга П және Намазга Ш – б.з.д. 3200 – 2400 ж.

Ботай мәдениетi – б.з.д. 3 – 2 мың.

Әдебиеттер
Агаков С.А. и др. Хвалынский энеолитический могильник. – Саратаов, 1990.

Антонова Е.В. Антропоморфная скульптура древних земледельцев Передней и Средней Азии. – М., 1977.

Богданов Е.А. Происхождение домашних животных. – М., 1937.

Вавилов Н.И. Избранные произведения. – Л., 1967.Т.1.

Даниленко В.Н. Энеолит Украины. Этноисторическое исследование. – Киев,1974.

Зайберт В.Ф. Энеолит Урало - Иртышского междуречья. – Петропавловск, 1993.

Збенович В.Г. Позднетрипольские племена Северного Причерноморья. – Киев. 1974.

Круц В.А. Позднетрипольские памятники Северного Причерноморья. – Киев. 1977.

Лисицына Г.Н. Становление и развитие орашаемого земледелия в Южной Туркмении. – М., 1980.

Масон В.М. Первые цивилизации. – Л., 1989.

Матющин Г.Н. Энеолит Южного Урала. – М., 1982.

Мерперт Н.Я. Древнейшие скотоводы Вольжкого-уралского междуречья. – М.,1974.

Мунчаев Р.М. Кавказ на заре бронзового века. – М., 1975.

Пасек Т.С. Раннеземледельческое (трипольские) племена Поднестровья. – М., 1961.

Формозов А.А. Каменный век и энеолит Прикубанья. – М.,1965.

Хлопин И.Н. Геоксюрская группа поселений эпохи энеолита. – М.;Л., 1964.

Чайлд Г. У истоков европейской цивилизации. – М., 1952.

Энеолит СССР // Археология СССР:В 20т. – М., 1982.

Энеолит и бронзовый век Украины. – Киев,1967.

Энеолит и бронзовый век Урало-Иртышского междуречья. – Челябинск, 1985




жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау