Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі археология оқулық Астана, 2010



жүктеу 2,76 Mb.
бет10/10
Дата05.02.2018
өлшемі2,76 Mb.
#8500
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ольвия


Ольвия қаласы б.з.д. ҮІ ғ. Буга өзенінің жағасындағы қойнауда қалыптасты. Биік жотаның басына орналасқан қала жоғарғы және төменгі деңгейлерден тұрды. Археологиялық қазба кезінде жоғарғы деңгейде орналасқан көптеген тұрғын үйлер мен қол өнері шеберханалары ашылған. Қазба жұмыстары қаланың б.з.д. ІҮ ғ. едәуір кеңейгендігін көрсетеді. Қаланы қоршаған мұнаралы қорғаныс қабырғаларының солтүстік бөлігінде басты қақпа орналасқан. Қаланың ортасында храм мен мәрмәр тасқа ойып жазылған декрет ілінетін тұғыр және базар алаңы орналасқан. Осы маңдағы грек театырының да орны ашылған. Қазба барысында астық сақтайтын арнайы қоймалар Ольвидің скифтермен негізгі саудасы астық болғандығын білдіреді. Милет, Родос және Самос аралдарымен тығыз сауда қатынаста болған. Үлкен құрлықтағы қалалардың ішінде Ольвимен тығыз сауда жасаған Коринф қаласы. Ольвиліктердің б.з.д. Ү ғ. Аттикамен де тауар алмасқандығын қазба материалдары көрсетеді. Грек қалаларынан қыш ыдыстармен бірге шарап, май, мата және басқа да қол өнері туындылары секілді заттар әкелінсе, грек қалаларына астық, мал, балық және құлдар шығарылды. Ольвиден Грецияның қалалары мен Қара теңіздің жағалауындағы Геракли, Херсонеспен тығыз сауда қатынастарын баяндайтын тас тақта табылған.

Б.з.д. ҮІ ғ. Ольвия ірі қолөнер орталығына айналды. Әсіресе металл өндіру мен ыдыс жасау кәсібі жоғары дамыды. Ольвиде жасалған қарулар мен әшекей бұйымдары аса бағаланды. Көптеген әшекей заттары скиф ақсүйектерінің тапсырысымен жасалды. Қазба кезінде ыдыс және қол өнері шеберханаларымен қатар орташа көлемдегі кемелерді жөндейтін ұстаханалардың орындары да ашылған. Қалаға б.з.д. ІҮ ғ. А. Македонский әскерлері, б.з.д. ІІІ ғ. көрші скифтар мен батысқа қарай жылжыған сарматтар тарапынан жиі қауіп төніп тұрды. Қаланың амандығына мүдделі ірі құл иеленушілер мен қаланың қалталы тұрғындары қорғаныс сыртқы қорғаныс құрылыстарын салдыруға өздерінің жеке қазынасынан қаржы бөлгені жазылған деректер табылған. Сондықтан да Ольвии саяси – экономикалық жағынан қала ақ сүйектерге тәуелді еді. Б.з.д. ІІ ғ. Ольвиде скиф патшасы Скилурдың бейнесі салынған теңгелердің таралуы қаланың скиф мемлекетіне тәуелділігімен түсіндіріледі. Кейіннен қаланы жаулап алған фракиялық гот тайпасы оны аяусыз тонады. Осындай ұрыстардың және ауыр жағдайға төзбей қоныс аударған саудагерлердің есебінен қала тұрғындарының саны кеміп, қаланың көпшілік бөлігі қирап, бос қалды. Дегенмен, археологиялық қазба материалдары қаланың бірсыпыра бөлігінің біздің заманымыздың бірінші ғасырына дейін тіршілігін жалғастырғанын көрсетеді. Бұл тұста Ольвидің негізгі тұрғындары гректермен сауда байланысын жасауға ықыласты скиф тайпалары болды.



Херсонес

Солтүстік Қара теңіз жағалауларындағы антикалық қалалардың ішіндегі ең кейін қалыптасқаны (б.з.д. Ү ғ.) Херсонес. Қырым жарты аралының оңтүстік – батысында қалыптасқан бұл қаланың негізін қалаушылар Қара теңіздің оңтүстік жағалауындағы Понтилік Геракли қаласынан келген гректер болатын. Бұл жергілікті тағы халықтың мәдениетінің ықпалына ал іліккен қала болатын. Осындай ерекшелікті қалаға жақын орналасқан тұрмысы аса кедей таулық таврлар тайпасы тарапынан грек өнімдерін сұраныстың жоқтығымен түсіндіруге болады. Оның үстіне ол тайпалар қала тіршілігіне қастандықпен қарады. Б.з.д. ІҮ ғ. басында қаланың сыртынан салынған күрделі қорғаныс қабырғалары осының куәсі. Оның текше тастардан қаланған мұнаралары мен айбынды қабырғаларының жалпақтығы 4, биіктігі 10 метрге дейін жететін. Алуан түрлі тәсілмен қаланған қабырғалардың бойындағы оқ ататын ойықтар қаланың талай шабуылға төтеп бергенін көрсетеді . Антикалық дәстүрде безендірілген орталық алаңда құдайлар мен қалаға еңбегі сіңген әйгілі адамдардың мүсіндері және қоғамдық ғимараттар мен храмдар салынған. Қол өнері шеберханалары қаланың шет жақтарында орналасқан.

Херсонес өзінің ауыл шаруашылық өнімдерімен сауда жасады. Теңіз жағалауларындағы ауыл шаруашылығы алқаптары Херсонеске қарайтын. Мемлекеттің меншігіндегі бұл жерлер қаланың жекелеген тұрғындарына жалға берілді. Геракли жарты аралынан ауыл шаруашылығымен айналысқан мекендердің орындары табылды. Олар жекелеген усадьбалардан тұрады. Онда тұрғын үйлер астық пен еңбек құралдарын сақтайтын қоймалармен қоршалған. Усадьбалардың маңындағы жерлер жүзім бақтарына бөлінген. Әрбір мекен уақытша қоғаныс қабырғаларымен қоршалған. Ауыл шаруашылығы өнімдерінен Херсонес астық пен жүзімді мол өсірілді. Шарап негізінен сату үшін өндірілген. Шарап өндірісі жайлы жүзім бақтарынан басқа жүзім езетін бөлмелер мен шырын тұндырғыштар, шарап сақтайтын және тасымалдайтын алуан түрлі ыдыстардан байқауға болады. Херсонес пен оның маңындағы мекендерден табылған анфоралар мен сәнді жасалып, қара түсті лакпен сырланған ас ыдыстары, теракота мүсіндері қол өнерінің ішінде құмыра жасаудың жоғары дамығандығын білдіреді. Сондай – ақ қол өнерінің тоқыма, зергерлік және қару жасау секілді салалары да жақсы жолға қойылған. Херсонес құл иеленуші демократиялық мемлекет еді . Онда құлдар қолөнері мен үй шаруасында пайдаланылды. Басы бос және азаматтық құқы бар тұрғындар саяси құқыққа ие болды. Қазбадан табылған Мәрмар тасқа қашап жазылған Херсондықтардың анты б.з.д. ІІІ ғ. қаланың қақ ортасында тұрса керек. Онда әрбір херсондық азамат өз қаласының демократиялық құрылымын қорғауға алланың атымен ант беруі тиіс екендігі жазылған. Херсондықтар негізінен қыз құдайға табынған. Қалада оған арнап салынған храм мен құрбандық орны ашылды. Херсондықтардың басқа да гректік құдайларға табынғандықтары белгілі. Херсондықтардың өмірі таворлар мен скифтер тарапынан болған шапқыншылықтан қорғанумен өтті. Әрдайым төнген қауіптен мезі болған Херсондықтар б.з.д. ІІІ ғ. соңы мен ІІ ғ. басында Понти патшалығымен көмек шартына қол қоюға мәжбүр болды. Соңында осы шарт қала тәуелсіздігінің түбіне жетті. Б.з.д. ІІ ғ. соңында скифтердің шабуылын тойтаруға жіберілген Митридаттың қолбасшысы Диофант скифтерді талқандап, олардың астанасы Неапольмен бірге Херсонесті Понтиидің құрамына күштеп қосты. Ол туралы қазбадан табылған, Диофанның құрметіне жазылған эпиграфиялық ескерткіштерден білеміз. Херсонес І ғ. бастап Римнің қол астына өтті. Қазба барысында ашылған балық тұздауға арналған ірі ыдыстар мен тұздалған балықтар сақталатын қоймалар көптігі Херсондықтардың сыртқы саудасында балық сатудың негізгі кәсіп болғанын көрсетеді. Қаланың жергілікті скиф, тавор, меот, синд, сармат секілді т.б. тайпаларға бастапқыда гректік сосын римдік мәдени ықпалды таратқан орталықтардың бірі болғанын да қазбадан табылған материалдардан байқаймыз.

МЕРЗІМДЕЛУ


Б.з.д. ҮІІ ғ. Қара теңіздің солтүстік жағалауында гректердің алғашқы факторилары қалыптасты.

Б.з.д. ҮІ ғ. Ольвия, Феодосия, Пантикапей, Тиритака, Нифей және Мирмекий қалалары қалыптасқан уақыт.

Б.з.д. Ү - II ғғ. аралығы Боспор патшалығы дәурен құрған уақыт.

Б.з.д. ҮІ - II ғғ. аралығы Ольвия қаласы дәурен құрған уақыт.

Б.з.д. Ү - I ғғ. аралығы Херсонес қаласы дәурен құрған уақыт.

Әдебиеттер
Античные государство Северного Причерноморья// Археология СССР. В 20 т. М.,1984.

Античная цивилизации. – М., 1973.

Блаватский В.Д. Античная археология и история. – М., 1985.

Блаватский В.Д. Античная археология Северного Причерноморья. – М.,1961.

Блаватский В.Д. Природа и античное общество. – М., 1974.

Гайдукевич В.Ф. Боспорские города. – Л., 1981.

Кругликова И.Г. Античная археология. – М., 1984.

Кругликова И.Г. Сельское хозяйство Боспора. – М., 1976.

Масленникова А.А. Населения Боспорского государства в ҮІ ІІ вв.до н.э. Проблемы античной культуры. – М., 1986.

Цветаева Г.А. Боспор и Рим. – М., 1979.



Орта Азияның құл иеленуші және феодалдық қоғамдарының археологиялық ескерткіштері

Антикалық Орта Азияда егінші тайпалардың бірнеше мәдени орталықтары қалыптасты. Кеңес дәуірінде жүргізілген қазба жұмыстары б.з.д. І мың жылдықтың екінші жартысында Орта Азия жерін мекендеген халықтар шаруашылық құрылымы жағынан екі топқа бөлінді. Ежелден егіншілік қалыптасқан аудандарда отырықшы, қалған аймақтарда көшпелі малшы тайпалар мекендеді.

Жергілікті табиғат ерекшеліктеріне қарай егіншілер мен малшы тайпалар өзара тығыз байланыста дамыды. Дегенмен, малшы тайпалар тарапынан егіншілік аймаққа үнемі қатер төніп тұрды. Олар бір – бірімен бірде достық , енді бірде соғыс жағдайында болды. Осындай қатынас Орта Азия тайпалары тарихының өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

Амударияның төменгі ағысында орналасқан ежелгі Хорезм мемлекеті қазіргі Өзбекстанның Хорезм облысы мен Қарақалпақстанды және Түрікменстанның солтүстігін қамтыды. Одан оңтүстікте бірнеше егіншілік аудандар дамыды. Олар Өзбекстан мен Тәжікстанның оңтүстігіндегі – Бактрия; Өзбекстан мен Тәжікстанның орталық аудандарындағы – Соғда; Түрікменстандағы Парфия мен Маргияна.

Қала тектес мекендер мен суғармалы егіншілік Орта Азия жерінде сонау жаңа тас дәуірінде қалыптаса бастаған. Б.з.д. ҮІІ – ҮІ ғғ. Орта Азия тұрғындарының қоғамдық өмірінде, шаруашылығы мен мәдениетінде қола ғасырымен салыстырғанда елеулі өзгеріс болды. Археологиялық материалдар құлдық қатынастардың дамып, суғармалы егіншіліктің кеңейгендігін байқатады. Қола ғасырындағы суғармалы егіншілік өзен суларының табиғи толысымен байланысты болса, Антикалық дәуірде қолдан салған каналдар арқылы суғарылатын егістік алқабы көбейді. Амударияның оң жағалауында ашылған Қой-қырылған қала, Жамбас қала каналдарының магистралдары мен олардан тараған үлкенді – кішілі көптеген арықтар суғармалы егіс алқаптарының өзен атырауын тұтас қамтығандығын көрсетеді. Б.з.д. ІҮ ғ. Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысындағы суғармалы егістік даласы 3.5 млн. гектарға жетті. Егіс даласында арпа, бидай, тары егіліп, бақтарда өрік, жүзім, алхор және шабдалы өсірілді. Ежелгі егіншілердің мекендерінің қираған қалдықтары ірі каналдар мен олардың салаларының бойынан табылып, зерттелген. Солардың ішіндегі ең елеулілері Жамбас қала Қой-қырылған қала, Топырақ қала, Қызыл қала т.т.

Осы өңірдің ең ерте егіншілік мекендері Парсы одағының гүлденген дәуірі, б.з.д. ҮІ-Ү ғғ. жатады. Сыртқы қорғаныс қабырғасының ішкі жағында қалыңдығы 4 м. келетін коридор тәріздес бөлмелерден тұратын Кюзелигыр- сол заманның қалашығы. Осы бөлмелердің арасында ішінде екі камералы ошағы бар адамдар тұруға арналған баспаналар кездеседі. Сақ заманында кең таралған ыдыстардың сынықтары мен жебенің қоладан жасалған ұштарының көп кездесетіндігіне қарағанда қалашық б.з.д. ҮІ ғ. жатады. Қалашықтың орта тұсында үлкен ғимарат орналасқан. Оның орталық сарайының көлемінің өзі 285 шаршы метр. Сәулетті үйлер мен қатар қарапайым үйлердің қатар кездесуі олардың тұрғындарының әлеуметтік деңгейінің әркелкі болғандығын білдіреді.

Қалалығыр қалашығы ахеменидтер әулетінің Орта Азияда билік жүргізген дәуірдің соңына сәйкес келеді. Оны ғалымдар б.з.д. Ү ғ. соңы мен ІҮ ғ. басында ахемениттік намесниктердің ордасы болған дейді. Бұл-Хорезмнің көлемі жағынан ен ірі қалаларының бірі. Оның сыртқы қорғаныс қабырғаларының бойында көптеген күзет мұнаралары болған. Сыртқы қақпалары шытырман коридорлар мен оқ ататын 0уыстармен қалқаланған. Бекіністің ішкі жағында үлкен сарай ғимараты орналасқан. Сол сарайдың қабырғалары кей тұста жеті метрге дейін сақталған. Сарайдың жалпы көлемі 10500 шаршы метрді қамтиды. Қалашықтың қорғаныс қабырғасы секілді ғимараттың қабырғалары да ірі блоктардан тұрғызылған. Салтанат сарайының қақпасының екі жағына үстінде қыранның басы бар бағаналар орнатылған. Осындай құрылыс ерекшелігі мен көлемі жағынан қалашық парсы астанасы – Персополге ұқсас.

Қой-қырылған-қала бекінісі-б.з.д. ІҮ ғ. классикалық ескерткіш. Қазба барысында бекініс сыртынан тоғыз мұнаралы дөңгелек қабырғамен қоршалған, цилиндр тәріздес ғимарат екендігі анықталған. Бекіністің ортасында төбесі күмбезделіп жабылған бөлмелерден тұратын дөңгелек ғимарат орналасқан. Оның сырт жағындағы көптеген бөлмелер қызметкерлер мен құлдар тұруға және қойма ретінде пайдалануға арнап салынса керек. Мұндағы бірсыпыра бөлмелерден түрлі азық сақтауға арналған адам бойы келетін ірі хұмдар табылды.

Қой-қырылған қала әрі орда, әрі әкімшілік орталығы міндетін атқарумен қатар жерлеу орны болуы да мүмкін. Археологиялық материалдардың ішінде ең көп кездесетіні керамика. Саздан жасалған ыдыстар өздерінің көлемі мен қолдану аясы жағынан сан түрлі – үлкен хумдардан кішкене ыдыстарға дейін бар. Шарап және астық сақтауға арналған үлкен хумдар полихромды спираль өрнегімен безендірілген. Арыстанның басы түрінде жасалған тұтқасы бар құмғандар мен шарап құятын керамикалық ритондар кең таралған. Түйе мен есекке теңдеп су тасуға қолайлы бір бүйірі тегіс флягалар Орта Азияда осы тұста пайда болды. Ыдыстардың сырты қызыл түсті бояумен өрнектелген. Кейбір ыдыстардың сыртында арамейлік әріптермен тушта орындалған жазулар кездеседі. Үш мүйізді қалпақ киген еркектер мен салтанатты кйінген әйелдердің мүсіндері көп.

І ғ. соңында Хорезм мемлекеті жаңа қалыптасқан Кушан империясының құрамына кірді. Орталығы сол кездегі Үндістанда болған бұл құлиеленуші мемлекет Соғда мен Бақтрияның оңтүстік аудандарын және Ауғанстан мен Шығыс Иранды қамтыды.

Кушан қалалары үйлері түзу кварталдарға бөлінген , айналақоршаған бекініс дуалдардан тұратын мекендер. Олардың қорғаныс дуалдары балшықтан жасалған ірі кірпіштермен тұрғызылған. Мұнаралары төрт бұрышты және дөңгелек келеді. Осы дәуірдің гүлденген қалалары Термез (Деметрия), Дальверзин және Айыртам, Топырақ-қала.

Жеті гектар жерді алып жатқан Дальверзин қалашығын қорғаныс дуалы мен терең ор қоршаған. Оның оңтүстік шетінен 1000х800 м, көлемдегі қаланың негізгі бөлігі жалғасады. Осы бөлікте құмырашылардың кварталдары, қаланың қарапайым және бай тұрғындарының үйлері мен моншаның орны қазылды. Бай үйлердің бірі тұрғын бөлмелер мен қабырғалары суреттер, мүсіндермен безендірілген салтанатты сарайдан тұрады. Осы жерден қазіргі шахматтың бастапқы түрінен ойынның бейне тастары табылды. Кіші гірім бөлмелердің бірінің еденінің астынан құйма және сым түріндегі алтындар мен әшекей бұйым- дарынан тұратын көмбе табылды.

ІІІғ. басында Хорезм Кушан империясының құрсауынан босайды. Негізі б.з.д. І ғ. қаланған Топырақ-қала Хорезім билеушілерінің ордасы болған. Оны қоршаған үш мұнараның қабырғалары 25 м биіктікте сақталған. ІІІ –ІҮ ғғ. сарайдың орны храмдық кешеннің маңында орналасқан. Көпшілік бөлігі екі қабаттан тұратын сарайды тұрғын үйлер кварталы қоршаған. Сарайдың бірсыпыра салтанат бөлмелері аршылды. Солардың бірінде қабырғаға жалғастыра салынған биік сыпалардың үстінде қамқоршы құдайлар мен ағайын-туысқандарының арасында тұрған Хорезм патшалары мүсіндерінің тобы орнатылған. Қабырғаларына патшалардың бедерлі суреттер салынған «жеңіс және алебастор залдары» ашылды. Қара түсті гвардияшылар залы үстіне балықтың қабыршағы тәріздес сауыттар, бастарына биік қалпақ киген қара түсті жауынгерлердің мүсіндерімен безендірілген. Сарайдың қоймасынан арпа, бидай, тарының көп дәндері мен жүзім, өрік, сабдалының сүйектері табылған. Қару жарақтардан темір найзалар мен жебенің ұштары жиі кездеседі. Көне Хорезм алфавитімен ағаш және былғарыға жазылған шаруашылық есептері 116 құжаты шықты.

Б.з.д. ІҮ ғ. феодалдық қатынастардың дамуына байланысты диқандардың жерге қоныс тебе бастауы нәтижесінде көптеген жеке усадьбалар салына бастады. Орталық билік әлсіреп, суғару жүйелері мен сауда құлдырады. Арнайы шарықта жасалған ыдыстар азайып, қолдан жапсырған ыдыстар көбейеді. Хорезмнің құдыреті құлдірап, кошпелі тіршіліктің ролі артты.

Хорезм мәдениетінде Персия, Греко-Бактрия және Индияның ықпалы байқалады. Олардың ықпалы негізінен қолданбалы өнер мен сәулеткерлік туындыларда байқалады. Дегенмен, ежелгі Хорезмнің материалдық мәдениетінің қаймағы жергілікті ерекшеліктер негізінде қалыптасып дамыған.

Хорезмнің оңтүстігінде Бактрия мен Маргияна, Парфия мен Соғда елінің бай даласы жатты.

Антикалық дәуірдің едәуір ертедегі түрлері Мургаб өзенінің бойындағы Маргиянада қалыптасты. Онда егіншілік оазистері б.з.д. І мың жыл. басында болған. Яздепе мен Арватдепе бекіністері сол дәуірдегі егіншілік орталықтары. Яздепеде жүргізілген қазба жұмыстары 16 га жерді алып жатқан қалашықтың цитаделі күйдірілмеген кірпіштерден тұрғызылған сегіз метрлік тұғырдың үстіне салынған. Цитаделдің ішкі жағында айнала ұзын бөлмелер қоршаған төрт бұрышты салтанат сарайының орны ашылды. Олардың төбесі күмбезденіп жабылғандығы анықталған. Бұл жергілікті билеушінің сарайы болуы мүмкін. Оның маңында көптеген шаруашылық құрылыстары салынған. Керамикалық ыдыстардан тұратын тұрмыстық заттар мен қатар қалашықтан жебенің қоладан жасалған ұштары, балшықтан және өңделген тастан жасалған ядролар көп табылған.

Б.з.д. ҮІІІ ғ. Орта Азияның оңтүстік аудандары мен қазіргі Ауғанстан жері Бактрияның құрамында болатын. Көп ұзамай Бақтрияның өзі Персияның қол астына өтті. Ал 329 ж. бұл ауданды А. Македонскийдің армиясы жаулап алды.

Грек-Бактрия патшалығы жергілікті мәдени дәстүрді сақтап қалды. Қазбалардан табылған археологиялық материалдарда жергілікті ыдыстар басым. Дегенмен, бірнеше жүз жылдықтар бойы қалыптасқан жергілікті қала салу дәстүрі жаңа мәдени әлеммен кездесті. Сондықтан да элиндік мәдениеттің толқыны өз ізін қалдырмауы мүмкін емес еді. Қала мәдениетінің дамуында гректік ықпал айқын байқалады. Грек- Бактрия археологиялық материалдарының ішінде теңгелер көп. Артқы бетінде Зевс, Артемида, Посейдон және Геракл секілді құдайлар мен грек пантиондарының батырлары бейнеленген теңгелер Бактрияға да таралды.

Бақтрия қалаларынан солтүстікте Орта Азияның кіндігінде ежелгі Соғды елі жатты. Ол туралы жазба деректер парсы патшаларының сына жазбаларында, грек және араб авторларының шығармаларында көп кездеседі. Сол деректердің хабарлауынша онда диқандар, қолөнер шеберлері мен саудагер көпестер, тамаша музыканттар мен бишілер тұрған. Б.э. басында соғда тілі Хорезмнен Солтүстік Индия мен Монғолстанға дейін таралды. Ежелгі Соғда мәдениеті толық зерттелмеген.

Басында Маракан кейіннен Афрасиаб аталған Соғданың астанасының қираған қалдығы қазіргі Самарқанның маңында. Оның территориясынан табылған заттардың ең ертесі б.з.д. ҮІ-ІҮ ғғ. тән. Олардың көпшілігі саздан жасалған ыдыстар мен темір бұйымдар. Афрасиабтың орнында жүргізілген қазба кезінде грек-македондықтардың шапқыншылығынан қираған құрылыс қалдықтары анықталды. Дегенмен, олардың Соғды жерінде тұрақты үстемдік құрғаны жайлы дерек кездеспейді. Археологиялық материалдардың арасында элинистік ықпал өте әлсіз. Керісінше, жергілікті билеушілердің атынан соғылған теңгелер жиі кездеседі. Ыдыстар мен терракоталық керемет мүсіндер де жергілікті сипатта. Отбасын қорғайтын періштелер мүсіндерінің арасында әйел бейнелері жиі кездеседі. Әйел мүсіндерінің ішінде грек дәстүрінде киінген бейнелер де кездеседі. Соныман қатар, сыбызғы, немесе дауылпаз ойнап тұрған элинистік нысандағы еркек мүсіндері табылады.

Римнен Қытайға дейін апаратын сауда жолының Соғда арқылы өтуі де қала мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті. Қазбадан табылған Рим теңгелері мен сырттан әкелінген ыдыстар осыны көрсетеді. Бірінші ғасырдың басында Мараканның айналасында Соғда ақ сүйектері түрған ондаған бекініс сарайлар пайда болған. Ол жерлерден алынған археологиялық материалдар Соғды ақ сүйектерінің дәулетті тұрғандығын көрсетеді.

Оңтүстік Түрікменстан мен оған көршілес Солтүстік-Шығыс Иран жерін ежелгі Парфия алып жатты. Б.з.д. ҮІ-ІҮ ғғ. Орта Азияның басқа жерлері секілді ол да Парсы державасының құрамында болды. Б.з.д. ІІІғ. Парфияда жергілікті аршакидтер әулеті (Аршак патшадан тараған) билікке келді. Парфия билеушілері дәуірлеп тұрған кезде Иран, Месопатамия, Ауғанстан мен Арменияның жерлерін өзіне бағындырды. Сөйтіп күшейген патшалық Римнің Шығыстағы бақталасына айналды. Римдіктердің Парфияға қарсы талай жорықтары сәтсіз аяқталған.

Парфияның солтүстік жерлерін қамтыған Түрікменстан жерінде сол дәуірдің мәдени қабаты сақталған қырықтан астам қоныстар белгілі. Парфия патшаларының бірнеше орталық қалалары болғаны белгілі. Ашхабаттың маңында орналасқан Ниса аршакидтердің астаналарының бірі болуы ықтимал. Мұндағы қирандылардың арасында екі қаланың орны сақталған. Оның бірі Жаңа Ниса – қаланың өзі, екіншісі Ескі Ниса – сарайлар мен храм ғимараттарынан тұрады. Жаңа Нисаның орнында парфияндық қабат кейінгі дәуірлерде қалыптасқан көп қабатты мәдени қыртыстың астында көміліп қалған. Ескі Нисада тіршілік сол заманда тоқтағандықтан оның мәдени қабаты толығымен парфиян дәуіріне жатады. Патшалардың ордасы болған Ескі Нисаның қалың қорғаныс қабырғасының ішкі жағынан археологтар храмдардың, сарай кешендерінің, патша қазынажайлары мен астық қоймаларының орындарын тапқан. Сарай ғимараты ішкі тұйықталған алаңмен жалғастырыла салынған тоғыз бөлмеден тұрады. Солардың ішіндегі ерекшесі салтанат сарайының аумағы 400 ш\м. Оның шаңырағын төрт сегіз метрлік діңгектер (колонна) ұстап тұрған. Патша тағы орналасқан осы сарайдың ішкі құрылысында эллинистік дәстүрдің іздері байқалады.

Тақ орналасқан сарай мен көршілес қазынажайдың есігі бекітіліп, мөр салынып, оның сыртынан кірпішпен қаланған күйінде ашылды. Солай бола тұрса да, оның ішіндегі қазына кезінде тоналып кеткен. Тонаушылардан қалып қойған заттардың қатарында күміс ыдыстардың сынған тұтқасы, қоладан жасалған денелер, күміс теңгелер, піл сүйегінен жасалған ритондар секілді бұйымдар кездеседі. Олар патшалықтың гүлденіп тұрған дәуірі б.з.д. ІІІ-І ғғ. жатады. Тонаушылардан қалып қойған заттардың ішінде ерекше көзге ілігетіндері піл сүйегінен жасалған қанатты сфинкс, Эрот пен Афиннің және қыранның күмістен жасалған мүсіндері. Мүйіз тәріздес етіп жасалған ритондар таза шығыстық зат болғанымен ондағы жалаңаш денелі әйел құдайлар мен кентаврлардың (жартылай адам, жартылай ат түріндегі мифтік тіршілік иесі) бейнесі таза антикалық тақырыпта жасалған. Жергілікті шеберлердің қолымен жасалған гректік бейнелер мен сюжеттер шығыс өнерінің ерекшелігі мен дәстүрін сақтаған. Осындай екі көркем стильдің қосындысын ритондардан біз көреміз.

Мәрмәр тастан гректік тәсілде жасалған мүсіндер қазынажайдың жеке тобын құрайды. Солардың ішінде киімі төмен қарай сыпырылып бара жатқан әйел құдайдың бейнесі жақсы сақталған. Осыған ұқсас бірсыпыра мүсіндер табылды.

Қазба кезінде ашылған қоймалардың ішінде орналасқан ірі хумдар мен қабылданған астықтың есебі жазылған тізім Ескі Нисаның ірі ауыл шаруашылық ауданның орталығы болғандығын байқатады.

Қазбадан табылған екі мыңнан астам ыдыс сынықтарына салынған жазбалардың ішінде парфиндық таңбалардан басқа грек жазбалары да кездеседі. Оларда шараптардың мөлшері және қашан, қайдан әкелінгендігі жазылған. Сол құжаттарда он жеті ауылшаруашылық аудандары мен он елді мекен көрсетілген. Бұл Нисаның төңірегіндегі ауыл шаруашылық аудандардың үлкендігін көрсетеді. Ниса қоймаларында жарты миллион литрге дейін шарап бір мезгілде сақталына алатындығы анықталды.

Парфияның Солтүстік – Шығысында жүздеген күзет мұнаралары бар қорғаныс қабырғасы қоршаған Мерв қаласы орналасты. Ол қол өнері шеберлері мен саудагерлердің қаласы еді. Мервтің Нисадан басты айрымашылығы да сонда. Қаланың ішкі құрылыс қалдықтарынан оның тұрғындарының таптық оқшаулануы анық байқалады. Құл иеленушілердің бай үйлері жеке орналасқан. Олардан оқшаулау жерде ұсақ қол өнері шеберлерінің үйлері мен оған жалғастыра салынған кіші гірім шеберханалары жалғасады. Қорғаныс қабырғасын қоршай ауылдық иеліктер мен бау, бақшалық алқаптар жатыр. Қаланың бұл бөлігі де қорғаныс дуалымен қоршалған.

МЕРЗІМДЕЛУ


Парсы одағының гүлденген дәуірі - б.з.д. ҮІ-Ү ғғ.

Кюзелигыр қалашығының негізі қаланған уақыт - б.з.д. ҮІ ғ.

Қой-қырылған қала бекінісі б.з.д. ІҮ ғ. классикалқ ескерткіші.

Топырақ-қала б.з.д. І ғ. қаланған

Қалалығыр қалашығы ахемениттік намесниктердің ордасы болған уақыт -б.з.д. Ү ғ. соңы мен ІҮ ғ.

Ахеменидтер әулетінің Орта Азияда билік жүргізген дәуірі - б.з.д. Ү - ІҮ ғғ.



Әдебиеттер
Беленицкий А.Н., Вентович И.Б., Большаков Л.Г. Средневековый город Средней Азии. – Л., 1973.

Буряков Ю.Ф. Генезис и этапы развития городской культуры Ташкентского оазиса. – Т. 1982.

Григорьев Г.В. Келесская степь в археологическом отношении//Изв.ИИАЭ АН КазССР, 1948 сер.археол.

Древнейшие государства Кавказа и Средней Азии //Археол. СССР.М.,1985

История таджикского народа. – М.,1963-1964.Т1-2.

Кошеленко Г.А. Культура Парфии. – М., 1966.

Пугаченкова Г.А. Искусство Туркменистана. – М., 1967.

Пугаченкова Г.А Дорогами тысячилетий. – М., 1989.

Пугаченкова Г.А. Шедевры Средней Азий. – Ташкент, 1986.

Пугаченкова Г.А. Древний Мерв. – Ашхабад, 1989.



Ежелгі славян археологиясы
Славяндардың тегі мен ертедегі тарихын зерттеу мен тарих, археология, этнология және лингвистика секілді түрлі ғылымдардың мамандары айналысуда. Славян қалықтарының қалыптасуы мен мәдени дамуы бірнеше кезеңнен өткен. Ең алғашқысы-славяндыққа дейінгі кезең. Ол б.з.д. бірінші мыңжылдықты қамтиды. Сол кезде Еуропаның орталығы мен шығысының едәуір бөлігін өзара туысқан тайпалар мекендеген. Бұл кезеңді славян тайпаларының қалыптасуының басы деуге болады.

Екінші кезеңді ежелгі славяндық дәуір деуге келеді. Б.з. бастапқы кезеңі ежелгі славяндардың археологиялық мәдениеті қалыптаса бастаған тұс. Сол тұстағы Славян тайпалары туралы жанама мәліметтер жазба деректерден де кездеседі. Халықтардың бір-бірін ығыстыра отырып, батысқа қарай қоныс аударған аяқ алған осы тарихи кезеңде Шығыс Славяндар мәдениетінің қалыптасу процесі жүріп жатты.

Слвян мәдениетінің қалыптасуының үшінші кезеңі феодалдық дәуірде жүрді. Бұл кезең орталығы Киев болған ежелгі Славян мемлекетінің қалыптасуымен байланысты. Жалпы славян халықтарының тарихы әлемдік өркениеттің бір бөлігі саналады.

Ежелгі грек тарихшысы Герадоттың «тарих» атты кітабында Скифтердің солтүстігі мен шығысында егіншілікті кәсіп еткен бірнеше тайпалар жайлы айтылады. Ал, б.з. басында өмір сүрген римдік тарихшы Тацит ежелгі Слаяндарды Венеттер деп жазған. Византиялық авторлар сол венеттердің ұрпағы анттар мен склавиндер деп көрсеткен. Дегенмен6 бұл деректер анттар мен венеттердің нақты мекені жайлы толық мәлімет бермейді. Осы тұста археологиялық материалдар ерекше маңызға ие болады.

Археологиялық мәліметтер бойынша б.з.д. ХІІ ғ. Висла мен Одер өзендерінің аралығында лужицк мәдениеті қалыптасқан. Сол мәдениеттің ескерткіштері солтүстікте – Балтық теңізінен, оңтүстікте – Висла мен Дунайдың жоғарғы ағысына, батыста – эльбаның ортаңғы ағысынан, шығыста – Буга мен Припяттың жоғарғы ағысына дейінгі аралыққа таралды.

Б.з.д. І – мың жылдықта аумағы бірнеше гектарды алатын лужайскілік қоныстар пайда болады. Олардың ішінде жақсы зерттелгені Познань қаласына жақын жердегі Бескупе көлінің маңында орналасқан кейінгі Лужицк қонысы. Мұнда бөренелерден салынған құрылыстардың қалдықтары ылғалды топырақта жатқандықтан жақсы сақталған. Мекен айнала үш қатардан тұратын қима бөренелерден қаланған қорғаныс қабырғасымен қоршалған. Бөренедердің арасы балшықпен толтырылған. Табанына бөренелер төселген қатар-қатар көшелер мен оларды жағалай орналасқан ағаштан салынған үйлердің орындары қазылған. Үйлер тігінен қағылған бөренелердің үстіне салынған. Бір үй бірнеше жеке бөлмелерден тұрады. Қазбадан көптеген ыдыстар мен ағаш соқаның қалдығы, мүйізден жасалған кетпен, темір орақтар тас дән үгіткіштер табылған. Бескөпе қонысында арпа, бидай, ноқаттардың дәндері жиі кездеседі. Қоныстың жерлеу ескерткіштері де жақсы белгілі. Өлген кісіні өртеп, күлін арнайы құмыраға (сауыт) салып, бетін ыдыс сынықтарымен жапқаннан кейін қабірге қойған. Қасына кейбір заттар да салынған. Осындай зираттарды «жерлеу алаңы» немесе «жерлеу сауыттары алаңы» деп атаған. Осындай жерлеу дәстүрі б.з.д. І – мың жылдықтың бірінші жартысында Шығыс Еуропаның көпшілік тайпаларында кең таралған.

Скиф дәуірінде Днепрдің ортанғы ағысы мен Буганың жоғарғы ағысы аралығын жайлаған Чернолесск, Оңтүстік Беларуссия мен Днепрдің оң жағалауына таралған милоград археологиялық мәдениеттері өкілдерінің ежелгі славяндарға қатысы қаншалықты екендігі әлі анық емес. Бұл археологиялық мәдениеттердің де шаруашылығының негізі егіншілік пен бақташылықтан тұрды. Қоныстары мен жерлеу ескерткіштерінде жүргізілген қазба жұмыстары оларда темір өндіру мен қол өнерінің жақсы дамығандығын көрсетеді. Славяндардың этногензінде б.з.д. ІҮ ғ. ерекше белес болып есептеледі. Осы уақытта лужицк мәдениетінің түрлі топтарының негізінде Польша, Беларуссия және Украинаның территориясында клешті жерлеу мәдениеті қалыптасты (клеш – төңкерілген қоңырау ыдыс). Осы мәдениетке тән ерекшелік өлген кісіні өртеп, күлін жерлеу сауытына, яғни клешке салып жерлеу. Мұнда жерлеу заттарының ішінде әшекей бұйымдары жиі кездеседі. Қоныстарының сыртында ешқандай қорғаныс құрылыстары болмайды.

Б.з.д. ІІ ғ соңы мен б.з. ІҮ ғ. аралығында клешті мәдениетінің орнында Пшевор мен Оксыв мәдени қауымдастықтары қалыптасты. Құрамына ежелгі славяндар кірген венедтердің ескерткіштері соларға жатуы мүмкін. Пшеварлықтардың қоныстары биік жерлерге орналасқан. Мәдениеттің тұрғындары жертөлелер мен мазанкаларда (мазанка – қабырғасы жіңішке ағаштардан тоқылып сырты балшықпен сыланған үйлер) тұрған. Негізгі шаруашылығы егіншілік пен бақташылық. Пшеварлық қоныстардың мәдени қабатынан темірден жасалған орақтар, балталар, шоттар, түрендер және көптеген жапсырма ыдыстар табылады. Ежелгі кельттер мен германик тайпаларында да дәл осындай құралдар болған. Жерлеу дәстүрінде мәйітті өртеу, сауытқа салып және сауытсыз жерлеу басым. Қабірлерге жапсырып жасаған ыдыстар мен жерлеу салтына сай әдейі бүлдірілген, кесілген немесе майыстырылған құралдар қойылады.

Б.з.д. І мың жылдықтағы жоғарыда айтылған мәдениеттер ежелгі славяндардың қалыптасқан территориясын шамалауға мүмкіндік береді.

Батыс Буганың жоғарғы сағасы мен Днепрдің ортанғы ағысы аралығында, яғни Оңтүстік Беларуссия мен Солтүстік Украина жерінде б.з.д. ІІ ғ. зарубинец мәдениеті қалыптасқан. Осы мәдениеттің орталығы айтылған территорияның батыс бөлігі деп есептелінеді. Еуропаның шығысындағы ежелгі славяндар қалыптасқан аймақта Зарубинецтіктер төрт жүз жылға дейін ең көп таралған тайпа болған. Бұл бірнеше туысқан мәдениеттердің дәстүрін бойына сіңірген тайпалар. Олардың қоныстары өзендердің қиын қырқаларына орналасқан, сыртында қорғаныс құрылыстары жоқ мекендер.

Қоныстар ағаш қабырғалар тындармен (тын – бөренелерден тұрғызылған дуалдар) қоршалған. Үйлері тік бұрышты мазанкалар (мазанка – балшық үй). Б.з. басында үйлердің басым көпшілігі аумаға 10-15 м кв. келетін жартылай жертөлелер түріне көшкен. Шатырлары ортасынан екі жағына қарай құлама. Қоныстардың мәдени қабатынан қолдан жапсырып жасалған қыш ыдыстардың сынықтары, гарпундар, темірден жасалған орақтар, пышақтар, найзалар, жебенің ұштары, дәнүгіткі, қолдирмен және ілгіш секілді түрлі заттар көп табылады. Шаруашылықтың негізі кетпенді егіншілік пен мал өсіру. Осы мәдениеттің қоныстарының ішінде белгілілері Гомелдің қасындағы Чаплин қалашығы мен Киев қаласына жақын жердегі қалашығы.

Мәдениеттің өзіндік ерекшелік белгісі – жерлеу сауыттары (поля погребальных урн) алаңдарында. Бұл дәстүр осы мәдениет тұсында кең таралды. Киевтің маңында екі үлкен мола Корчеватов пен Зарубинец жақсы зерттелген. Жерлеу қабірлерінен жартылай жанған сүйектер қыш ыдыстар шығады. Археологиялық материалдардың ішінде темір пышақтар, қоладан жасалған ілмектер, түйреуіштер, білезіктер көп. Зарубинец мәдениетінің этникалық тегі жайлы мәселеде ортақ көзқарас жоқ: зерттеушілердің бір бөлігі олардан славяндарды, екінші бір бөлігі балттарды көреді. Ғалымдардың үшінші бөлігі осы екі көзқарасқа да қарсы.

ІІ – ІІІ ғғ. халықтардың ұлы қоныс аударуына байланысты Еуропаның көпшілік аудандарында саяси, мәдени және этникалық өзара байланыстар жүрді. Осындай қатынасқа Зарубинец мәдениеті де түскен. Ұдайы қоныс аудару мен өзара ассимиляция ІІІ ғ. басында Зарубинец мәдениеті өкілдерін Днепрден Донға қарай ығысуға мәжбүр еткен.

Төменгі және ортаңғы Днепр, Оңтүстік Буга мен Днестрден Қара теңізге дейінгі аралықта черняхов мәдениеті пайда болды. Осы мәдениеттің археологиялық негізгі ескерткіштері болып ашық типтегі үлкен мекенжайлар есептеледі. Жерлеу ескерткіштерінде «жерлеу сауыттары алаңы» мен бірге қабірге мәйіттің сүйегін қою дәстүрі де кездеседі. Жерлеу дәстүрінің әр түрлі болуы черняхов мәдениеті өкілдерінің этникалық аралас сипатын білдіреді. Олардың мекендерінде сыртқы қорғаныс құрылыстары жоқ. Қоныстар егіншілікке қолайлы кіші өзендердің жағалауларында орналасқан. Тұрғындар мазанка үйлерде тұрған.

Жерлеу дәстүріндегі кейбір сыртқы ұқсастықтарына қарап кейбір ғалымдар оларды славяндардың арғы тегімен ат тайпасымен байланыстырады. Мамандардың екінші бір бөлігі оларды готтармен байланыстырады. Черняхов тайпасында қол өнері, сауда байланыстары, жыртпалы егіншілік, шарықта ыдыс жасау кәсіптері жоғары қарқынмен дамыды.

375 ж. Донды кесіп өткен Ғұндардың шапқыншылығынан Черняхов мәдениеті ыдырап, олар қоныс аударушы және көршілес тайпалармен сіңісіп кетті. Кейіннен Черняхов мәдениетінің орнында Гот тайпалық одағы қалыптасады. Тарих сахнасында аздағана уақыт дәурендеген готтық одақ Шығыс Еуропадағы елеулі тарихи бірлестік болды. Ол орманды дала аймағындағы отырықшы егінші тайпаларды, көшпелі-сарматтарды және басқа да тайпаларды біріктірді. Гот одағы римдік ықпалдың қойнауында дамуымен ерекшеленді.

Жоғарыда айтылғандай оңтүстік аудандарда черняхов мәдениетінің қалыптасуы ІІ-ІІІ ғғ белесінде зарубинец отырықшылық орталығын солтүстік пен солтүстік-шығыстағы Припять пен Десна өңіріне ығысуға мәжбүр етті. Б.з. бірінші мыңж ылдығының екінші ширегіне жататын кейінгі зарубинец зираттары мен қоныстары Могилев облысындағы Обидня шатқалында зерттелген. Десна алабындағы Жуковка қонысы мен Трубчевск ауданындағы бір топ ескерткіштер, Днепрдегі Колочинск қалашығы І мың жылдықтың орта тұсына жатады.

МЕРЗІМДЕЛУ


Б.з.д. ХІІ ғ. лужицк мәдениеті қалыптасқан уақыт.

Б.з.д. ІІ ғ соңы мен б.з. ІҮ ғ. Пшевор және Оксыв мәдени қауымдастықтары өмір сүрген уақыт.

Б.з.д. ІІ ғ. зарубинец мәдениеті қалыптасқан уақыт.
Әдебиеттер
Вапросы древней и средневековой археологии Восточной Европы. – М., 1978

Древние славяне и их соседи. – М., 1974

Древняя Русь и славяне. – М., 1978

Могилник черняховской культуры. – 1979

Седов В.В. Восточные славяне в ҮІІ – ХІІІ вв. – М. 1982

Седов В.В. Происхождение и ранняя история славян. – М. 1979

Средневековые древности Восточной Европы. – М. 1980

Формирование раннефеодальной славянской народности. – М. 1981



Негізгі археологиялық терминдер сөздігі
Абсолюттік мерзімдеу – Археологиялық ескерткішті немесе затты сандық өлшемде болмаса қазіргі заманғы жыл санау жүйесінде мерзімдеу.

Австролопитек (лат. тіл. «оңтүстік» және грекше «маймыл») – адамның арғы бабаларының бірі саналатын приматтың қаңқасы. Оның сүйек қалдықтары Оңтүсстік және Шығыс Африкада табылған. Жасы үш миллион жыл. Миының аумағы 500 – 600 куб см (салмағы 40 кг). Австролопитектер іштей бірнеше түрге бөлінеді. Олардың кейбіреулері қарапайым еңбек құралдарын жасай білген.

Агора – ежелгі грек қаласының орталық бөлігі, жиын өткізетін алаң.

Акинак – сақтардың екі жүзді қанжары. Сабының бас жағы әртүрлі кейіпте жасалады. көбіне қоладан құйылған.

Акрополь – ежелгі грек қалаларының цитаделі. Әдетте биік жерде орналасады.

Аллювий – (лат. Аlluvio — шайма, тосқын) — өзен аңғарларында тау жыныстары үгінділерінің жиналуынан пайда болатын борпылдак шөгінділер (малтатас, қиыршықтас, кұм, т.б.).

Амфора – скифтердің екі шетінде тұтқасы бар ұзынша келген ыдысы. Сұйық заттарды сақтауға немесе тасымалдауға арналған.

Амулетиесін әртүрлі кесірлерден қорғайды деп есептелетін зат, бойтұмар.

Ангобыдыстардың сыртын жылтыратып, үстінен өрнек салуға тұтас түс беретін балшық сылақ.

Антропоген. (грек. «адам» және « жаратам, жасаймын») – Жердің геологиялық тарихының қазіргі аталуы, кайназой эрасының соңғы кезеңі. Бұдан 2,5 мил. жылдан бұрын басталған. Басқаша аталуы – Төрттік кезең.

Антропогендік кезең - адам пайда болып, оның шаруашылық әрекеті табиғаттың бейнесін өзгерте бастаған төрттік дәуір.

Антропогонез (грек. «адам» және «жаратылу, жасалу») адамзаттың қалыптасуы туралы ілім. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығу процесі, адамның физикалық қасиетінің қалыптасу кезеңі, оның тіршілік әрекетінің алғашқы даму кезі, тілі мен адам қоғамының қалыптасқан шағы.

Антропоморфті (адам тектес) – қандай да бір жәндіктің немесе жануардың адам кейпінде салынған бейнесі.

Антропология. (грек. «адам» және « сөз, ілім») – Адамның қалыптасу және даму эволюциясын, рассалардың шығуын зерттейтін ғылым.

Аң стилі – бұғы, қой секілді жануарлар мен мысық тұқымдас жыртқыш аңдардың стильденген бейнесі.

Ареал (лат. агеа — жер, кеңістік) — жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін аймағы. Археологияда ежелгі адамзат мекен еткен аймақтар мен өңірлерге де қолданылады.

Аридтік климат (лат. аridus - құрғақ) - атмосфера ылғалдылығы жеткіліксіз жағдайда (қуаң, шөлді жэне шөлейтті өңірлерде) қалыптасатын климат.

Артефактархеологиялық заттардың еуропалық ғылымда айтылатын жиынтық атауы. адам қолымен жасалған зат немесе бұйым.

Архантроптар. (грек. «ежелгі» және «адам») адамның ежелгі тегі (ежелгі гоминидтер – питикантроп, синантроптар).

Археологиялық кешенархеологиялық нысандардың жиынтығы. Археологиялық кешендер жабық және ашық түрде болады. Жабық кешенге заттар бірақ рет (көмбелер, еңбек құралдары, кенеттен құлаған құрылыс астында қалған заттар)түседі. Ашық кешендер ұзақ мерзімге созылған уақыт барысында қалыптасады.

Археологиялық мәдениет бiр мезгiлде, бiр жерде дамыған шаруашылығы мен құрылымы жағынан бiр тектес ескерткiштерден алынған еңбек құралдары, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары секiлдi археологиялық заттардың кешенi.

Ассимиляциябір халықтың екіншісінің тілін, мәдениетін, әдет-ғұрып, дәстүрін қабылдау арқылы сіңіуі.

Астрогал – сүйектен жасалған істік құрал. Археологияда мекенжайлар мен жерлеулерде неолит дәуірінен бастап жиі кездеседі.

Ашель. (Франсиядағы жердің (Сент Ашель) атына байланысты алынған осы мәдениеттің шартты атауы) – Ерте палеолиттік археологиялық мәдениеттің аты. Бұдан бұрынғы 700 – 120 мың жыл аралығымен мерзімделеді. Қол шапқылар мен жарғыштардың (кливерлер) пайда болуымен және тасты леваллуаз тәсілімен жаңқалауды игерлуімен сипатталады. Қолдан салған лашықтар пайда болды, отты игерді. Тұрғындары аң аулап, терімшілікпен айналысты.

Бифас - шапқыш тәріздес екі жақты өңделген еңбек құралы.

Вкладыш (майда қырлы тастар) – сүйектен, ағаштан жасалған құралдар мен қаруларға салынатын, қыстырылатын пышақ, жаңқа түріндегі ұсақ тастар. Мұндай құралдар мен қарулар орта тас дәуірінде кеңінен қолданылды.

Вкладышты қарулар – тістері қыстырма тастардан құрастырылған ағаш немесе сүйек пышақ, қанжар, найза және орақтар.

Гарпун – сүйектен немесе металдан жасалған лақтыратын қару ұшында тістіктері болады. Кейбір мамандар тас дәуірінде тас тіліктері гарпун ретінде пайдаланылуы мүмкін деп те пайымдайды.

Голоцен (грекше «тұтас» және «жаңа») – мұздықтан кейінгі дәуір, Жердің геологиялық жасының соңғы төрттік (антропоген) кезеңінің, қазіргі жалғасып жатқан бөлігі. Оның басы Еуропа құрлығы мұздықтың еруімен сәйкес келеді. (12 – 11мың жыл бұрын ).

Гоминидтер (лат. homo — адам) — приматтар отрядының отбасы: адам тәрізді маймылдар, қазып алынған және қазіргі адамдар.

Гривна – металды жалпақтап немесе бұрап жасаған мойынға тағатын әшекей.

Денудация - тау жыныстарының бұзылу процестерінің жиынтық атауы және

табиғи күштер (су. жел, т.б.) әсерінен олардың төмен сырғуы, жылжуы.



Дефляция - тау жыныстарының табиғи күштер әсерінен бұзылуы, үңілуі, өзгерістерге ұшырауы. Қуаң аймақтардағы ескерткіштердің жас шамасын анықтауда палеолиттанушылар тас құралдарының сыртқы қабатындағы

өзгерістерге сүйенеді.



Диадема – асыл металдан жасалған басқа киетін тәж тәріздес киім. Кейде былғарыдан да жасайды.

Диірментас – дән үгітуге (тартуға) арналған, екі бөліктен тұратын тас құрал. Екі бөліктен тұрады. Олардың бір беттері тегіс болады.

Дольмен – қола және ерте темір дәуіріне жататын жерлеу құрылысы. Тік тастардың үстінен жалпақ таспен жауып жасалады.

Доместикация — жабайы аңдарды қолға үйрету.

Дресва – Балшықтан жасалған ыдысқа қосатын ұсақталған тас. Ол керамиканың сапалы және жарылмауы үшін пайдаланылған.

Дромос – жерлеу құрылысын салған кезде арнайы салынған немесе тонаушылар салған жер асты жолы.

Дротик – лақтыратын қысқа найза. Сабы ағаштан, ұшы тастан, сүйектен, металдан жасалуы мүмкін.

Жарқыншақ- кез келген жаңқалаудан қалған өнім; вентраль бөлігі сақталған. Соққы қырының болуы міндетті емес.

Жертөле – жерді қазып салынған ежелгі үйлер. Кейбір жерлерде ХХ ғ. дейін болған.

Зооморфты – жануарлар жасалатын стиль. Тастан, балшықтан, ағаштан, сүйектен және металлдан жануарлар кейпінде жасалатын зат.

Ингумация - өмірден өткен кісінің денесін қабірге жатқызып жерлеу ғүрпы.

Индустрия - археологияда өңдеу тәсілдері.

Инкрустация (зерлеу) – жасалған затты қосымша басқа материалдармен (ағаш, тас немесе асыл металлдар) зерлеу тәсілі.

Катакомба – қабірдің бүйірін кәулеп қазған қосымша ұясы болатын жерлеу құрылысы.

Каура – үнді мұхитында кездесетін ұсақ ұлудың қабыршағы. Еуразия кеңістігінде неолит дәуірінен бастап айырбас құралы, әшекей ретінде қолданылған.

Кескіш — шеті үшкір, үзын келген тас тілікшесі.

Кенотаф – марқұмның денесі жерленбеген жалған қабір.

Клектон — тасты өңдеу техникасы. Тасты шағып, оның жаңқасынан түрлі

тұрпаттағы құралдар жасаған.



Кливер — өзектастан немесе ірі тас жаңқасынан жасалған тас кұрал. Ашель

мздениетіне тән.



Кремация - өмірден өткен кісінің денесін өртеу.

Кромлех – тігінен тұрғызылған тастардан түзілген шеңбер, жерлеу кешенінің қосымша құрылыстары.

Леваллуа - тас өңдеу техникасы. Алдымен мұқият дайындалған дөңгелек

пішінді өзектастан тас тіліктері соғылып алынады. Одан соң тас тілігінен

қажетті кұрал жасалған. Бір жағы дөңестеу. келесі беті жалпақ болып келсді.

Меандра – сынық сызық түріндегі өрнектің түрі. Андрон мәдени қауымдастығы ыдыстарында жиі кездесетін өрнек.

Мегалиттер – ірі шомбал тастардан тұрғызылған ежелгі құрылыс.

Менгирлер – бір түзудің бойымен, кейде қарат тізбектеп қойылатын, ұзындығы бірнеше жүз метрден бірнеше шақырымға дейін созылатын тас бағандар. Олар жерлеу кешенімен байланысты.

Макролит - ірі тас; ірі етіп шағылған тас құралдары.

Мәдени қабат — адам тіршілігі нәтижесінде қалыптасқан жердін қабаты, онда тұрмыстық-шаруашылық кұрылыс іздері, өзге де заттар сақталынады.

Микролит - шағын тас; мөлтек тас: шағын тас трапеция, сегмент, үшбұрыш

тұрпатындағы тас тіліктері. Көбіне шаруашылық кұралдарына қыстырма,

қондырғы ретінде қолданылған.

Миоцен — неоген жүйесінің төменгі бөлімі.

Мотыга – сабына тастан, сүйектен, металдан жасалған істік бекітілген еңбек құралы. Жерді өңдеу үшін пайдаланылған.

Некропль – тіке мағынасында өлілер қаласы. Антикалық молаларды солай атаған.

Оббивка – тас құралдарды өңдеудегі соғу тәсілі. Тас өңдеу әдісінің ең алғашқы тәсілі.

Остеологиялык материал - жан-жануарлар қаңқасынан қалған сүйек

материалдары.



Оссуар – адам жерлеуге арналып жасалған үлкен құты. Әдетте тастан, балшықтан сопақ немесе төрт бұрыш етіп жасалады, қақпағы бар ыдыс.

Өзектас - нуклеус - құрал дайындау үшін арнайы өнделген тас. Ерте кездері

төменгі палеолитте дөңгелек, мустье дәуірінде пирамида пішіндес, жоғарғы

палеолитте призма тәрізді түрлері шыққан. Тас дауірінде олардан басқа бірнеше түрі бар.

Паипология - ежелгі флораны анықтау үшін колданылатын споралы-тозаңды

анализ.


Палеоантроптар (ежелгі адамдар) - мустье дәуіріндегі адамдардың қазып алынған қаңқаларының жалпылама атауы.

Пектораль – кеудеге тағылатын зергерлік әшекей.

Петрогифтер – жартасқа, жеке тастардың бетіне қашап салынған суреттер мен бейнелер. Едәуір нақтырақ атауы – тасқа салған өнер.

Пифос – астық және басқа да тағамдар сақтауға арналған аузы үлкен қыш құмыра.

Плейстоцен - геологиялық кезең. Ол төменгі, ортаңғы және жоғарғы болып бөлінеді. Бүдан 2 млн. жылдар бұрын басталған, голоценге дейін созылған. Кейде оны ұлы мұздық дәуірі деп те атайды.

Примат – сүт қоректілердің жоғары тобы, адам тектес маймылдар (маймыл адамдар).

Пышақ тәрізді тас тілік — призма пішінді өзектастан шағылып алынған үзынша келген еңбек кұралдары.

Ритон – сүйектен жасалған ыдыс.

Соққы алаңқайы — тас құралдарын соғып немесе шағып түсіруге арналған

жазық бөлік.



Стратиграфия - археологияда адам қызметі мен тіршілігінің нәтижесінде

қалыптасқан мәдени қабат.



Тасаттық орны (құрбандық шалатын орын) – тастан, кесектен, ағаштан салынған құрбандық шалатын орын. Археологияда мұндай орындар табиғатпен, жерлеу кешендерімен байланысты.

Тас тілік — ені ұзындығынан кемінде екі есе кіші, үзынша келген тас қүралы.

Тас жаңқа (отщеп) — тасты өндеу барысында оның сыртынан шағып алынған бөліктері.

Тас өзек (ядрище) - тас құралдары шағып алынган жұмыр тас кесегі.

Теракота (тіке мағанасында күйдірілген балшық) – шыңылтырланбаған керамикалық заттар: ыдыстар, ұсақ пластиналар, ұршықтың бастары, аулар мен тоқыма қондырғысының салмақ тастары, адамның күлін жерлеуге арналған сауыттар.

Тигель – металл және шыны балқытуға арналған отқа төзімді балшықтан жасалған ыдыс.

Торевтика – металдан жасалған көркем заттардың бет жағын қолдан бедерлеу, өрнектеу, шекімелеу.

Төрттік кезең — плейстоценнен бастап қазіргі (голоцен) кезенді қамтитын

геологиялық кезең. Оның басталған уақыты нақты анық емес, бірақ ол бұдан



2 млн. жылдан астам уақыт бұрын басталғандығы жөнінде ғалымдар тоқтамға келгеи.

Түзету (ретушь) - өңделіп жатқан қүралдың үстінен ұсақ жарқыншақтар мен қабыршақтар алу.

Унифас - бір шеті өңделген макролит.

Фреска - әлі кеппеген сылақтың үстінен сары бояумен салынған сурет.

Чоппер – малта тастан дайындалған ұзындау келген көлемді тас кұралы. Екі-үш соққымен бір шеті ғана өңделеді.

Чоппинг - екі шеті де бірнеше соққылармен өнделген малта тастан жасалған көлемді тас құралы.
жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау