Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж



жүктеу 150,33 Kb.
бет15/37
Дата27.10.2022
өлшемі150,33 Kb.
#39884
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Инвестиция негіздері

3.2

Мемлекеттің инвестициялық
саясатты жүзеге асыру бағыттары

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағыт- талған инвестициялық саясатты жүргізу инвестициялық бағдар- ламаларға сәйкес; мемлекеттік инвестицияларды, бюджеттік қаржы бөлулерді және бюджеттен тыс қорды тікелей басқаруда; сараланған проценттік мөлшерлемелер мен жеңілдіктерді енгі- зуде; экономиканың нақты жағдайына қатысты өлшенген қар- жылық баға (мемлекеттік секторда), сонымен қатар несие саясатын жүргізуде; инвестициялық жобаларды тиісінше сарап- тау жағдайларында жүзеге асырылады.
Мемлекетаралық масштабтағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың басты бағыттары:

  • экономиканың мемлекетаралық интеграциясы (Еуразия- лық одақ);

  • инвестициялық саясатты жасау және жүзеге асырудағы ынтымақтастықты ұйымдастыру;

  • шаруашылықтың нарықтық жағдайында келісілген өзара байланысты құрылымдық-инвестициялық саясатты қай- та құру;

  • тәуекелдерден инвесторларды қорғау (кепілдемелер, сақтандыру және т.б.).

Инвестициялық саясатты жүргізудің алғышарты ретінде 1997 жылы 28 ақпанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР-ның заңы қабылданды. Бұл заң мемлекеттегі тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау үдерісіндегі пайда болатын қатынастарды реттеді. Сонымен қатар, шетел инвес- торларының құқығын және ҚР-ның аумағында инвестициялық қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітті. Тіке- лей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың құрылымын келесідей қарастыруға болады:

  • инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заңдық кепілдіктері;

  • инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты белгілі бір жеңілдіктер немесе артықшылықтар жүйесі- нің болуы;

  • инвесторлардың мүддесін қорғайтын арнайы мемлекет- тік органның болуы;

  • ҚР Үкіметінің халықаралық ұйымдармен бекіткен келі- сімдері және белгілі бір нормативтік-құқықтық актілері негізінде саяси тәуекелдерді жабу кепілдігін беруі.

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау экономиканың басыңқы секторында жүзеге асырылды. Экономиканың басыңқы секторларын ҚР-ның Президенті бекітеді. Осыған сәйкес 1998 жылдың 5 сәуір айында тікелей «Отандық және шетел инвес- тицияларын тарту үшін ҚР-ның экономикасының басыңқы сек- торларының тізімін бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шыққан.
Жарлықтағы басыңқы секторларға жататындар:

  • өндірістік инфрақұрылым;

  • өңдеуші кәсіпорын,

  • ірі қалаларға құрылыс объектілері;

  • үй ғимараттары;

  • әлеуметтік орындар мен туризм объектілері;

  • ауыл шаруашылығы.

Инвестициялық үдерістегі мемлекеттің рөлі орталықтанды- рылған және орталықтандырылмаған салымдардың мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Сондай-ақ, мемлекеттің функциясы икемді экономикалық саясатты жүргізу, нарықта қаражаттардың қозғалысын реттеу, мемлекеттік бағалы қағаздардың проценттік мөлшерлемесін басқару жолымен инвестициялық үдерісті рет- теу болып табылады.
Тiкелей отандық және шетелдiк инвестицияларды экономи- каның басыңқы секторларына тартуды ынталандыру, мемлекет- тік инвестицияларды пайдалануды оңтайландыру және оның тиiмдiлiгін арттыру мен iшкi жинақтарды жұмылдыру саясаты жалғаса береді береді. Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық жағдайды жақсарту үшін қолда- ныстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Басыңқы өндірістердің инвестициялық тартымдылығын арт- тыру шеңберінде мемлекет:

  • миноритарлық акционерлердiң құқықтарын қорғауды күшейтуге;

  • кәсiпорынды тiркеудiң жеңiлдетілген жүйесiн енгізуге;

  • қызмет түрлерiн лицензиялаудың ашық жүйесiн құруға;

  • кәсіпорындардың халықаралық қаржылық есептiлік стандарттарына көшуiн жеделдетуге;

  • ұлттық инновациялық жүйені – экономикалық дамуды басқарудың жаңа жүйесін дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруға;

  • мемлекеттік даму институттарының жұмысын үйлестіру бойынша іс-әрекетті жандандыруға, олардың қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған шараларды одан әрі қабылдайтын болады.

Қазіргі уақытта бюджеттік инвестициялардың қосымша ба- сыңқы секторлары:

  • мемлекеттік басқару функцияларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;

  • әлеуметтік секторды дамыту;

  • базалық инфрақұрылымды дамыту;

  • аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесу;

  • Астана қаласын дамыту болып табылады.

Сондай-ақ шағын бизнес субъектілеріне несие беру мүмкін- діктерін ұлғайтуға және инновациялық жүйені дамытуға ықпал ететін даму институттары қосымша капиталдандырылады.
Мемлекеттің инвестициялық саясатында кедергінің жоқты- ғынан шетел инвесторларының – Қазақстанның тек шикізат саласына ғана емес ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, туризм, телекоммуникация, тау-кен саласы және білім, меди- цина салаларына да инвестиция салуларына мүмкіндіктері бар.





жүктеу 150,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау