Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж



жүктеу 150,33 Kb.
бет17/37
Дата27.10.2022
өлшемі150,33 Kb.
#39884
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Инвестиция негіздері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ



  1. Мемлекеттің инвестициялық саясаты дегеніміз не?

  2. Инвестициялық саясат түрлерінің ерекшелігін анықтаңыз

  3. Амортизациялық саясат дегеніміз не?

  4. Мемлекетаралық масштабтағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың басты бағыттары

  5. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың құрылымы

  6. Инвестициялар бойынша Комитет қызметінің негізгі мақ- саты қандай?

  7. Инвестициялар бойынша Комитет қызметінің міндеттері?

  8. Инвестициялар бойынша Комитеттің функциялары қандай?

  9. Инвестициялар бойынша Комитет қызметінің өкілеттілігі?

  10. Инвестициялар бойынша Комитет қызметінің негізгі бағыттары қандай?

  11. ҚР Президентінің жанындағы шетел инвесторларының Кеңесінің қызметі қандай?

  12. ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңе- сінің негізгі мақсаты қандай?

  13. ҚР Президентінің жанындағы Кәсiпкерлер кеңесiнің негізгі мақсаты қандай?

4. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАР- ДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТІ КЕҢЕЙТУДЕГІ РӨЛІ







4.1

Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың
орны мен рөлі

Инвестициялық нарық кең мағынада ел экономикасын қажет- ті қаражатпен қамтамсыз етудің тетігін білдіреді. Осы мәселені шешу үшін қаржылық институттардың орны мен мәні зор. Олар қаржы нарығында инвестордың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарды тарту есебінен, әрі осы ақша-қаражат- тарды тартуды әртараптандыруды ескере отырып, инвестиция- ның есебінен тәуекелді азайту мақсатында жұмыс істейді.
Атқаратын қызметіне қарай қаржылық институттарды
келесідей жіктеуге болады:

  • реттеуші;

  • инвестициялық-коммерциялық;

  • арнайы мамандандырылған;

  • кепілдендіруші;

  • кәсіби;

  • даму институттары.

Реттеуші қаржылық институттар – қаржылық ұйымның қаржы нарығындағы субъектілерінің қызметін реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын қаржылық институттар. Оларға ҚР Ұлттық банкі, өзін-өзі реттеуші ұйымдар жатады.
Инвестициялық-коммерциялық қаржылық институттар – тиісті заңды негізге ала отырып, белгілі мөлшерде пайда табу мақсатында инвестициялық, сақтандырушы, қаржы-несиелік, жинақтаушы қызметтерді жүзеге асыратын қаржылық институт-
тар немесе институционалды инвесторлар. Оларға коммер- циялық банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары және инвестициялық қорлар жатады.
Кепілдендіруші қаржылық институттар – субъектілердің салымдарын, төлемдерін кепілдендіруді және қайта қаржылан- дыруды жүзеге асыратын қаржылық институттар. Оларға ипоте- калық несиелерді кепілдендіру қоры, депозиттерді кепілдендіру қоры, сақтандыру төлемдеріне кепілдендіру қоры, және т.б. жатады.
Арнайы мамандандырылған қаржылық институттар – бұлар уәкілетті органның лицензиясы негізінде қаржы-несиелік қызметтердің шектеулі түрлерімен айналысатын қаржылық институттар. Оларға несиелік серіктестіктер, микронесиелік ұйымдар, несиелік бюролар, ломбардтар, пошта-жинақ жүйелері және т.б. жатады.
Кәсіби қаржылық институттар – бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын және қызметі міндетті түрде лицензияланатын қаржылық институттар. Оларға қор биржасы, брокер-дилерлік компаниялар, тіркеушілер, касто- диандар, депозитарий және т.б. жатады.
Даму институттары бұлар ҚР-ның индустриалды- инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мақсатында құрылған институттар болып табылады. Даму институттары мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін еліміздің экономикасына сыртқы және ішкі инвести- цияларды тартуға септігін тигізу мақсатында құрылды. Оларға Ұлттық даму институттарының және индустриалды-иннова- циялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп проценті тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалар жатады:

  1. Индустрияны дамыту саласында:

    • «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акци- онерлік қоғамы.

  2. Технологиялық даму саласында:

    • «Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық агенттiк» ак- ционерлік қоғамы;

    • «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталы- ғы» акционерлік қоғамы.

  3. Жергілікті қамтуды дамыту саласында:

    • «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі

«NADLoС» акционерлік қоғамы.

  1. Инвестициялар тарту саласында:

    • «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.

  2. Экспортты дамыту және ілгерілету саласында:

    • «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы;

    • «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.

  3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қол- дау көрсету саласында:

    • «Қазақстан инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы;

    • «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы.

  4. Технологиялық даму саласында:

    • «Астана Innovations» акционерлiк қоғамы;

    • «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингi» акцио- нерлiк қоғамы;

    • «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

    • «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акцио- нерлік қоғамы;

    • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлiк қоғамы;

    • «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы және т.б.






жүктеу 150,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау