|
Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж
|
бет | 13/37 | Дата | 27.10.2022 | өлшемі | 150,33 Kb. | | #39884 | түрі | Оқулық |
| Инвестиция негіздеріШетел инвестицияларын тарту бойынша саясат – қолайлы инвестициялық климат құру арқылы мемлекетке шетел инвестициясын тарту болып табылады.
Қазақстан өзінің шетел инвестицияларын тарту бойынша саясатында инвесторлармен қарым-қатынаста тұрақтылық және ашықтық қағидаларын, инвесторлардың мүдделерін қорғау, жергілікті және шетел инвесторлары үшін теңдей жағдай жасау, жасалған келісім-шарттардың тұрақтылық қағидаларын жетік қарастырған.
Салық саясаты – белгілі бір жеңілдіктер беру арқылы инвестициялық саясатқа әсер ету, сонымен қатар салықтық және кедендік баж салығы бойынша ынталандыру мен жеңілдіктер беру болып табылады.
Сонымен қатар, инвестициялық жобаны іске асыруға қажетті импорттық құрал-жабдықтар, шикізаттар және басқа да материалдар кеден бажынан жартылай босатылған.
ҚР Елбасының экономиканы орнықты дамытудың іргетасы ретінде экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру бойынша жолдауына сәйкес салық жүйесінің ынталандырушы сипатын күшейту бағытында өзгерістер енгізілді.
Елімізде ЭЫДҰ елдерінің үздік стандарттарына және тәжі- рибелеріне сәйкес инвестициялық климатты құрудың іргелі жолдарын жүзеге асырылуда.
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» сәйкес инвесторларға экономиканың басым салаларында келесідей ин- вестициялық жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған:
инвестициялық жобаны іске асыруға қажетті жабдықтар- ды, компоненттерді, шикізатты және қосалқы бөлшектерді әкелу кезіндегі кедендік баждарды төлеуден босату;
мемлекеттік заттай гранттар (жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар және құралдар, есептеуіш тех- никасы, өлшейтін және реттеуші аспаптар мен жабдықтар, жеңіл автокөліктен басқа көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары).
Қосымша 2 млн АЕК-тен (13 млн АҚШ доллары шамасын- да) кем емес және экономиканың басым секторларында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар бойынша мемлекет- пен жеке инвестициялық келісім-шарт жасасу мүмкіндігіне сәйкес инвесторға жаңа ынталандыру жиынтығы қол жетімді:
КТС және жер салығы (10 жыл) және мүлік салығы (8 жыл) бойынша салықтық (10 жыл), жеңілдіктер;
салықтық мөлшерлемелердің (ҚҚС пен акциздерден басқа), экологиялық алымдар мен төлемдердің 10 жыл мерзімге тұрақтылығы;
инвестициялық субсидия – инвестордың 30% дейінгі капиталды шығындарының өтемақысы;
жобаларды іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуды оңайлату.
Қазақстандағы инвестициялық қызмет барысында туындай- тын шетелдік инвесторлардың проблемалық мәселелерін жедел шешу мақсатында диалог алаңдары құрылып, ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі, ҚР-ның Премьер- Министрі жанындағы Инвестициялық климатты жақсарту жөн- індегі кеңес табысты қызмет атқаруда. ҚР-да инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Инвес- тициялық Омбудсмен институты құрылды. Ол инвесторлар мен мемлекет арасындағы инвесторлардың соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіптегі ағымдағы мәселелерін шешу үшін олардың өзара әрекеттесу платформасы ретінде қызмет етеді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР-ның Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы ҚР-ның Заңы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚР заңына сәйкес ҚР-ның инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған келісім-шарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған ҚР-ның заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақта- лады деп белгіленді.
ҚР-ның инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мем- лекеттік органмен жасалған инвестициялық стратегиялық жоба бойынша салық преференциялары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған ҚР-ның заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленді.
ҚР-ның инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған инвестициялық басым жоба
бойынша ҚР-ның салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленді.
Мұның бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту және оны әртараптандыру үшін шынайы ынталандыруға арналған. Бұл жеңілдіктер жойылмай және салық салынатын база кеңейтілмей, салықтық жүктемені азайту есебінен ғана іске асырылады.
Жалпы дамыған елдердің салық саясаты экономикаларды жаһандандыру және салықтық бәсекені күшейту жағдайларында капиталдан алынатын кіріске салық салуды төмендету үрдісі- мен, салық салу ауыртпалығының неғұрлым аз объектілерді тұ- тынуымен материалдық меншікке ауыстырылумен сипатталады. Салық саясатын одан әрі дамыту оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оның жаһандық үдерістердің қыр
көрсетулерінің тиімділігіне бағытталады.
Салық саясатын жетілдірудің негізгі бағыттары келесілер:
салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау және бағалау негізінде әлемдік тәжірибені ескере отырып, экономика секторларында қолданыстағы жеңілдіктер мен преференцияларды қайта қарау және тиімсіз жеңіл- діктерді, өз мақсаттарына жұмсалатын жеңілдіктерді, сондай-ақ салық жүйесінің тарапсыздығын бұзатын жеңілдіктерді жою жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау;
кәсіпкерлік орта үшін маңыздылардың бірі болатын кор- порациялық табыс салығын азайту;
халықтың әлеуметтік бөлігіне жүктеме деңгейін сақтау- ды ескере отырып, орта мерзімді кезеңде салық ауырт- палығын заңды тұлғалардың кірісінен жеке тұлғалардың кірісіне кезең-кезеңімен қайта бөлу жөніндегі ұсыныс- тарды тұжырымдау;
инвестициялық преференцияларға қол жетімділікті оңай- лату;
салықтық және кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлату, сондай-ақ олардың ашықтығын арттыру.
Бұл бағыттар Қазақстанның халықаралық деңгейдегі салық- тық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономиканың шикізат- тық емес секторы қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың қолданыстағы тетігі бірқатар маңызды басымдықтарға ие. «Ин- вестициялар туралы» Қазақстан Республикасының заңында тең дәрежеде отандық та, шетелдік де инвесторларды қолдау мен ынталандыру көзделген, инвестициялық преференцияларды беру тәртібі жеңілдетілген, оған сәйкес инвестициялық префе- ренциялар беруге арналған өтінішді қарау мерзімі елеулі қыс- қартылған (30 жұмыс күніне дейін).
Жоғары қосылған құн салығы бар өнімді, жоғары техно- логиялық өнімді құруға бағытталған компаниялар үшін қажетті жағдайлар жасалған. Жаңа өндірістерді дамытуды ынталандыру, қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңарту үшін салық кодексінде инвестициялық салықтық преференцияларды беру көзделген, оларды алып салық төлеуші инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты корпоративтік табыс салығын, мүлікке салынатын салық пен жер салығын есептеу бойынша салық жағдайларына құқығы бар.
Инвестициялық салықтық преференциялар тіркелген актив- терге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты белгіле- неді, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Бұл ретте, қызмет түрлеріне және тіркелген активтерге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты корпоративтік табыс салығы бойынша преференциялардың қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша 10 жылға дейін ұзартылған.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|