|
Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж
|
бет | 12/37 | Дата | 27.10.2022 | өлшемі | 150,33 Kb. | | #39884 | түрі | Оқулық |
| Инвестиция негіздері БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Инвестициялық қызмет дегеніміз не? Оған анықтама беріңіз?
Инвестициялық қызметті реттейтін заңдарды атаңыз.
Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу.
Даму институттарының тұрақты жұмыс істеуіне негіздел- ген қағидаларды атаңыз.
Шетелдік тікелей инвестициялар дегеніміз не?
Инвестициялық климатты бағалау көрсеткіштерін атаңыз.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты қандай?
Инвестициялық климаттың жағымды және жағымсыз фак- торларын анықтаңыз.
Инвестициялық салықтық преференция дегеніміз не?
Инвестициялық преференцияның түрлерін атаңыз.
3. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ- ЛЫҚ САЯСАТЫ
3.1
|
Инвестициялық саясат түсінігі және оның қағидалары
|
Инвестициялық саясат мемлекеттің экономикалық саясаты- ның бір бөлігі, сонымен қатар, мемлекеттің экономикасына, шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметіне әсер етуші құрал.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты – бұл инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы көтеру, өндірістің тиімді- лігін арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу және басқа да әр түрлі жағдайларды жасау бойынша шаралар жиынтығы.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты арқылы өндіріс саласын кеңейтуге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, қоғам- дық өндіріс құрылымын өзгертуге және басқа да көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге болады. Сондықтан да, инвес- тициялық саясат бюджет тапшылығын болдырмауға, орталық- тандырылған инвестиция көздерін қысқартуға, керісінше орта- лықтандырылмаған көздер есебінен инвестицияларды қаржы- ландыруға бағытталуы тиіс. Себебі, еліміздің өндірістік әлеуе- тінің өсуі, еркін экономикалық аймақтардың дамуы, экология- лық мәселелердің шешілуі, өндірістік материалдардың және рухани игі көздер көлемінің ұлғаюы және сапалы болуы, сонымен қатар нарықтық инфрақұрылымның жеке дамуы осы инвестициялық саясатқа тікелей байланысты болып келеді.
Инвестициялық саясатты бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:
амортизациялық саясат;
ғылыми-техникалық саясат;
шетел инвестицияларын тарту бойынша саясат;
салық саясаты.
Амортизациялық саясат – мемлекет амортизациялық ауда- рымдарды есептеу мен пайдалану тәртібін бекіте отырып, ұдайы өндіріс жылдамдығын және сипатын реттеуі.
Амортизациялық саясатты жүргізу барысында мемлекет келесідей қағидаларға сүйенеді:
инфляция жағдайында негізгі қорлардың қайта бағалан- уы (дұрыс және уақытында жүргізілуі);
амортизация нормалары негізгі қорлардың функционал- дық мағынасына байланысты әр түрлі болуы және олар- дың моралдық, физикалық тозуы дұрыс есептелуі тиіс;
амортизация нормалары тек жай өндіріске ғана емес, сонымен қатар ұдайы өндірісті кеңейтуге арналуы тиіс;
амортизациялық саясат негізгі қорларды жаңартуға және ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге жағдай жаса- уы тиіс.
Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты – ғылыми-техни- каның дамуы және олардың нәтижелерін халық шаруашылы- ғына енгізетін шаралар жүйесі.
Инвестициялық саясат ғылыми-техникалық саясатпен өте тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық үдерісті жеделдету экономикалық өсудің негізгі факторы болып табылады және мемлекетті индустриалды мемлекетке өзгеруіне мүмкіндік бер- еді. Мысалы, Жапонияның қысқа мерзімде әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекет болуына екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдердегі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуі және мемлекет саясатының дұрыс жүргізілуімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|