Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет59/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68

месе  мемлекеттен ластануға қосымша құқық  сатып  алуға тиіс,  бұл 
шығындарды көбейтеді.
Келтірілетін  шығындардың  бір  бөлігінің  орнын  толтыру- 
ды  қамтамасыз  ететін,  табиғатты  қорғау  шараларын  қосымша 
қаржыландыру  көзін  қалыптастыратын  экологиялық  сақтандыру 
мемлекеттің  табиғатты  қорғау  қызметінің  маңызды  тетігіне  ай- 
налуда.  Сақтандыру  апатты-қауіпті  нысандарды  анықтауға,  сақ- 
тандырылған кәсіпорындардың шығындарын сақтандыруға, өндіріс 
технологиясының  сақталуына  мүмкіндік  береді.  Мемлекеттік 
билік  органдары  экологиялық  тұрғыда  қолайсыз  кәсіпорындардың 
тізбесін  бекітеді,  ықтимал  әлеуетті  шығындарды  есептейді,  эрбір 
кәсіпорын бойынша сақтандыру жарнасының ставкасын белгілейді. 
Табиғатты  қорғау  қызметінің  пэрменді  реттегіштерінің  бірі  салық 
салу  болып  табылады.  Жеңілдікті  салық  салынуына  қалдықтарды 
қайта  өңдейтін  жэне  олардан  тауарлар  шығаратын  кәсіпорындар 
жатқызылады.
Осылайша,  мемлекет  табиғат  үшін  өндіріс  пен  қоғамдық 
тұрмыстық  қалдықтардан  келтірілетін  зиянды  барынша  азайтуға, 
сондай-ақ  экономикалық  белсенділікті  бүкіл  қоғамнан  жекеле- 
ген  кэсіпорындарға  ауыстыруға  ұмтылады.  Салықтың  бұл  түрін 
ғылыми  әдебиетте  «жасыл»  салық деп  те  атайды.  Мемлекет  соны- 
мен  қатар  ресурс  сақтайтын жэне  қалдығы  аз технологияны дамы- 
ту  үшін  шығарылатын  өндірістің  үнемділігін  есепке  ала  отырып, 
төмендетілген жэне экологиялық салықтарды белгілейді.
Мақсаты,  міндеттері,  жоспарланған  шаралардың  орындалуын 
қамтамасыз  ететін  қаржыландыру көзі  мен  материалдық ресурста- 
ры  белгіленген  мемлекеттік  экологиялық  бағдарламалар  табигат- 
ты  қорғау  қызметінің  реттегіші  болып  табылады.  Бағдарламалар 
ғылыми-техникалық  шаралардың  іске  асыруды,  аса  құнды  табиғи 
нысандарды  қорғауды,  сирек  табиғи  ресурстарды  рационалды 
пайдалануды,  экологиялық  апат  аймақтарын  ребилитациялауды, 
сондай-ақ  халықаралық  бағадарламаларды  орындауды  қамтиды. 
Бағдарламада белгіленген шараларды орындаушы ретінде тендерлік 
негізде жекеменшік фирмалар тартылады.
Қазақстанда  табиғатты  қорғау  қызметі  аса  өткір  болып  тұр, 
өйткені  мұнай,  газ  түсті  жэне  қара  металлургия  өндірісі  ластай- 
тын  өндіріспен  қатар  жүреді,  халықтың  урбанизациясы  жылдам
183


өсіп,  т.б.  жүріп  жатыр.  Сондықтан  мемлекет реттегіш  қызметін  де, 
бақылаушы қызметтерін де күшейтуі тиіс.
Қысқаша қорытындылар:
1. Адамның табиғатқа белгілі бір байлық пен игілікті алатын объ­
ект  ретіндегі  тұтынушылық  көзқарасы  жануарлар  мен  өсімдіктер 
әлеміне  елеулі  антропогенді  эсерден  бұрындары  болған  табиғат 
тепе-теңдігін  түбегейлі  өзгертті,  табиғи  ресурстарға  салғырт 
көзқарас өзін жедел көрсетті.
2.  Барлық  елде  табиғатты  пайдаланады,  бірақ  онда  бэрі  де 
бір-бірімен  байланысқан  жэне  жер  шары  оның  қойнауын  казіргі 
заманғы жылдамдықпен сарқа пайдаланатындай зор емес, олай бол- 
са,  табиғатты  пайдалану  мақсаттары,  міндеттері  мен  принциптері 
барлығы  үшін  бірдей  болуы  және  барлық  елдердегі  мемлекеттік 
реттеу халықаралық құжаттардан туындауы тиіс.
3.  Басқа  посткеңестік  мемлекеттерден  Қазақстандағы  мем- 
лекеттік  реттеудің  айырмашылық  сипаты  атомдық  және  бактерио- 
логиялық  қаруларды  сынау  жөніндегі  Семейдің  жэне  т.б.  полигон- 
дардың  жазылмас  жарасы  болып  табылады,  бұл  мемлекеттік  билік 
органдарының  табиғатты  қорғау  қызметіне  өз  спецификасын 
таңады.
4. Қазақстанда табиғаттың, жергілікті халықтың, жануарлар мен 
өсімдіктер  әлемінің  мүддесіне  сэйкес  табиғатты  қорғау  қызметінің 
түрлі  механизмдері  мен  тетіктері  біртіндеп  заңнамалық  деңгейде 
енгізіліп келеді.
Негізгі терминдер мен үғымдар:
• 
табиғатты  қорғау қызметі
• 
табиғатты пайдаланушылар
• 
табиғат кадастрлары
• 
қоршаған  ортаның ластануы
• 
экологиялық таза өнім
• 
экологиялық сақтандыру
• 
табиғатты  ақылы  пайдалану
• 
экотуризм
• 
қайта жаңғытылмайтын ресурстар
184


Сурақтар мен оқу тапсырмалары:
1.  Осылардың  негізінде  Қазақстанда  мемлекеттің  табиғатты 
қорғау  қызметі  іске  асырылатын  негізгі  құжаттарды  атаңыздар. 
Оларды  мемлекеттік билік  органдарының,  кәсіпорындар  мен  меке- 
мелердің,  азаматтардың  қалай  орындайтынына  мысалдар  кел- 
тіріңіздер.
2.  Кейбір  еуропалық  елдер  мен  Қазақстанның  мысалында  қор- 
шаған  ортаны  ластауға  квота  сатылуының  заңдылығын  қарас- 
тырыңыз.
3.  Сіздер қандай табиғи кадастрларды білетіндеріңізді атап шы- 
ғыңыздар? Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек жануар- 
лар мен өсімдіктерге мысал келтіре аласыздар ма?
4.  Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  мемлекеттік  қызмет 
түрлі тәіслдермен іске асырылады. Олардың арасында: айыппұлдар; 
заңнамалық  реттеу  (зиянды  заттардың  ауаға  шығуының  жол 
берілетін  шектерін  анықтау),  ластануды  азайту  үшін  фирмаларға 
берілетін субсидиялар. Оларды қоршаған ортаның жай-күйіне жэне 
экономикалық тиімділікке ықпалы тұрғысында салыстырыңыз.
5. Табиғи-климаттық жағдайлар аймақтардың экономикалық да- 
муы мен олардың өндірістің мамандануына қалай ықпал етеді?
Ә
д
е
б
и
е
т
:
1.  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексі  2007  жылғы 
мамырдың  15-сі. № 251-III ҚРЗ
2.  Бибатырова И.  А.,  Сагындыкова Г.  К.  Государственное регу­
лирование  национальной экономики.  Алматы.  2008  г.  С. 199- 
211
3.  Прудников  В.  М.  «Государственное регулирование предпри­
нимательской деятельности».  М.  2010, С. 111-159
185


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау