Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет55/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68

2011  ж. -  15999 тп, 2012 ж. қаңтарда ең төменгі өмір сүру табысының 
көлемі  15959  тг.,  2013  ж.-18  660  тг  құрады.  Мемлекеттік  билік  ор- 
гандары  атаулы  элеуметтік  көмек  алудың  құқықтық  шегін  2015  ж. 
ең төменгі  өмір  сүру табысының 40%-нан,  2020  жылға қарай  100% 
дейін  артыруды жоспарлап отыр.
Мемлекеттік әлеуметтік саясатта халық элеуметтік көмек көрсету 
маңызды  орын  алады.  2013  жылдың  басына  қарай  Қазақстанда 
мүгедек  баланы  тәрибиелеушілерге  берілетін  жәрдемақыны  58,7 
мың  адам  алды,  бір  баланың  туылуына  байланысты  жәрдемақы 
-   381,2  мың  адамға  берілді,  бір  жасқа  толғанға  дейінгі  балалар- 
ды  күтуге  арналған  жәрдемақыны  147,9  мың  адам  алып  отырды, 
тұрмысы ауыр  отбасылардағы  18  жасқа дейінгі  балаларға берілетін 
жәрдемақыны  607,5  мың  адам  алды.  Халықты  қолдаудың  бұл 
тетіктері  сақталады,  бірақ  олардың  шынайы  қажеттілігін  ескеріліп 
және «өзара міндеттемелер»  енгізіліп тағайындалатын болады.
Қазақстандағы  әлеуметтік  саясатты  реттеудің  нәтижесі  кедей- 
шілік  деңгейінің  төмендетуі  болды.  ҚР  Статистика  жөніндегі 
агенттігінің деректері  бойынша ең  аз  күнкөріс  кірісі  бар  халықтың 
үлесі  соңғы  жылдары  тұрақты  түрде  төмендеп  отырған.  Егер  2007 
жылы  олардың үлесі  халықтың  жалпы  санына  шаққанда  12,7%,  ал 
ауылдық жерлерде -   17,1% құраса, 2008 жылы тиісінше  12,1% және 
15,9%, 2009 ж.  -  8,2% жэне  12,1%, 2010 ж. -  6,5% жэне  10,1%, 2011 
ж. -  5,3% жэне 8,8% құрады. Аймақтар бойынша алғанда кедейшілік 
деңгейі  2011  жылы  келесідегідей  бөлінді:  Маңғыстау  және 
Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  10,4%-дан,  Солтүстік  Қазақстан  -  
9,6%,  Қостанай -  6,4%,  Қызылорда мен Алматы облыстары -  6,2%, 
Шығыс Қазақстан -  6,1%және Атырау облысы -  5,2% күрады. Қала 
халқының  кедейшілігі  2008  жылғы  8,1%  -дан  2011жылы  2,4%-ға 
дейін төмендеген.
Әлеуметтік  қорғау  мен  әлеуметтік  саясат  экономиканы  мем- 
лекеттік  реттеудің  маңызды  бағыты  бола  отырып,  әлеуметтік 
орнықтылық  пен  қоғамдық  өндірістің  тұрақтылығын  сақтауға 
жұмылдырылған,  бұл  өз  кезегінде  ауыл  мен  қала  тұрғындары 
арасындағы  табыстың  айқын  дифференциациясын  байқалмайтын 
етеді.
171


Қысқаша қорытындылар:
1.  Әлеуметтік  сала  мәселесін  зерттеудің  құндылығы  халықты 
элеуметтік қорғау қайыршылық пен кедейліктің аражігін ажыратуға 
жэне  олармен  күресу  құралдарын  анықтауға  мүмкіндік  беріп, 
мақсаттары мен міндеттері белгіленеді,  әлеуметтік саясатты жүзеге 
асыру тәсілдері мен тетіктері айқындалады.
2.  Әртүрлі  елдердегі  элеуметтік  саясат  әртүрлі  модельдерде 
қүрылады.  Барлық  модельдер  бір-бірінен  экономикалық  дамудың 
жэне  элеуметтік  үдерістердің  түрлі  факторларына  байланысты 
болатын  экономикалық  және  элеуметтік  өмірге  мемлекеттің  ара- 
ласу  дәрежесімен  айырмашылықта  болады.  Соңғы  аталғандарға 
қарай  билік  органдары  халықты  әлеуметтік  қорғаудың  әртүрлі 
механизмдері мен тетіктерін пайдаланды.
3.  Республиканың  қазіргі  кездегі  элеуметтік  саясаты  Консти- 
туцияның  ережелерінен  бастау  алады жэне  отандық экономиканың 
шынайы жетістіктерінен қүралады, мұндағы басымдыққа ие мақсат 
экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік эділеттілікті ұстап тұру.
Н егізгі 
терминдер мен үғымдар:
•  әлеуметтік сала құрылымы
•  элеуметтік кепілдік
•  әлеуметтік төлемдер
•  әлеуметтік қорғалу
• ең аз күнкөріс кірісі
•  қайырымдылық қызметі
•  әлеуметтік игіліктер
•  масылдық сезім
•  әлеуметтік амортизаторлар
Сүрақтар мен оқу тапсырмалары:
1.  Оқулыққа  немесе  конспектіге  қарамай  элеуметтік  саланың 
қүрылымын  атаңыз.  Қазақстан  қоғамының  әлеуметтік  дамуын- 
дағы  әрқайсының  рөлі  қандай?  Әлеуметтік  саясаттың  негізгі 
бағыттарын  атаңыздар.  Сіз атаған бағыттың әрқайсысын  Қазақстан 
Республикасының  әлеуметтік  саясатына  қолдануға  болатындай 
сипаттаңыз.  Жетістіктері  мен  кемшіліктерін  көрсетіңіз.
172


2.  Әлеуметтік  модельдердің  әр  моделін  сипаттаңыз.  Сіз  атаған 
модельдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз.  Сіз 
атаған  модельдердің  қайсысы  қазақстандық модельге  жатады  жэне 
біздің моделдың басқа модельдерден айырмашылығы бар ма?
3.  Қазақстан қоғамдық өндірісі  элеуметтік саласының біріндегі, 
мысалы,  денсаулық  сақтау,  элеуметтік  қорғау,  қалалық  жэне  қала 
маңы көлігіндегі жай-күйі туралы айтып беріңіз.
Жаттығулар:
1. 
ҚР  Статистика  жөніндегі  агенттігінің  деректерін  пайдалана 
отырып қазақстандағы кірісті бөлу тенденциясын талдаңыз. Джини 
коэффициентінің мэнін түсіндіріңіз.
Джини  коэффициенті  10  пайыздық  (децилды)  топ  бойынша, 
индексі
Ж ы л -
д а р ы
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
Қ Р
0,366
0,328
0,315
0,305
0,304
0,312
0,309
0,288
0,267
0,278
2. 
ҚР  Статистика  жөніндегі  агенттігі  келтірген  деректер 
негізінде  ҚР  Республикалық  бюджетіндегі  элеуметтік  мақсаттарға 
жұмсалатын шығындар үлесін есептеп шығарыңыздар. «Әлеуметтік 
көмек  пен  әлеуметтік  қамтамасыз  ету»  бабы  нені  қамтиды? 
Халықты  әлеуметтік  қорғау  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың 
басымдықтарын жасақтаңыз.
2011  жылғы  1  мамырға қарайғы республикалық бюджет
(млн. теңге)
Атауы
Кассалық
орындалуы
I. ШЫҒЫНДАР
1  319 857,1
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
53 200,7
Қорғаныс
57 622,9
Қоғамдық тэртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық- 
атқарушы қызмет
89 733,5
Білім беру
68 006,3
173


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау