жауапкершілік жүктелуінде мемлекет өзінің негізгі міндеті етіп
кірістерді қорғауды мойнына алады. Қоғамда өмір сүру деңгейін
кедейлік шегінен жоғары үстап тұратын элеуметтік амортизатор-
лар жүйесі пайдаланылады, ол тұтастай алғанда қоғам мүшелерінің
элеуметтік қорғалуымен сипатталады.
Мемлекет игіліктерді
бөлу, құқықтық қорғалу, салықтық, бюджеттік саясат арқылы өз
азаматтарының жоғары дәрежеде қорғалуын қамтамасыз етеді.
Тұтастай алғанда қарастырылып отырған модель еркін бәсекелестік
жэне еркін тұлғаның гүлдену принциптеріне негізделген.
Ұлыбритания мен Ирландияда тараған Беверидж моделі қоғам
мүшелері ауру, зейнет жасы, босану жэне т.б. форс-мажорлық
жағдайда сақтандыру жәрдемақысымен немесе элеуметтік көмекпен
қамтамасыз етілуі тиіс деген ұғымнан туындайды.
XX ғасырдың 60 жылдары АҚШ-та жарияланған «жалпыға
бірдей игілікті мемлекет» моделі әлеуметтік саланы мемлекеттің
жоғары деңгейде реттеуі, дамыған нарықтық экономика негізінде
жүзеге асырылатын нарықтық модель ретінде сипатталады. Мем
лекет қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты өз мойнына ала
ды, нарықтық жүйе халыққа жеткілікті деңгейде бере алмайтын
әлеуметтік қызмет көрсетулердің кең ауқымымен қамтамасыз етеді.
Швецияда, Данияда, Норвегияда, Финляндияда қолданыстағы
әлеуметтік саясаттың скандинавиялық моделі жоғары жауап-
кершілігімен сипатталады. Аталған жүйе елде тұрып жатқандардың
барлығы элеуметтік қамтамасыз етілуге құқылы, ал барлық жұмыс
істеушілер табысына байланысты жеңілдіктер алуға құқылы
принципінен бастау алады. Бұл модель ел халқының жоғары
әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің әлеумет-
тік саланы жоғары деңгейде реттеп отыруымен сипатталады. Әлеу-
меттік саясаттың скандинавиялық моделінің экономикалық негізі
халыққа және кәсіпкерлік қызметке жоғары салықтық қысым түсіру
болып табылады. Мұндай қырынан келу қызметкерлер еңбегі
сапасының жоғары деңгейін ұстап тұру қажеттілігінен туындаған,
бұл сапалы білім алу, жоғары мәдениет жэне еңбек тэртібі негізінде
біліктілікті тұрақты арттырып отыруды талап етеді. Негізгі міндет
ретінде мемлекет еңбекпен толық қамтамасыз етілуді алдыңғы
орынға қояды жэне оны өз жауапкершілігіне алады. Түптеп келген-
де мұның барлығы қоғамдағы жоғары әлеуметтік стандарттарды
қалыптастыруға және ұстап тұруға мүмкіндік береді.
165
Әлеуметтік саясаттың нарықтық моделі қоғамдағы әлеуметтік
қатынастардың қатаң аясымен сипатталады. Бұл моделдың
ерекшелік айырмашылығы халыққа дотациялар, субсидиялар және
төлемдер түріндегі жәрдемді барынша азайту болып табылады.
Қарастырылып отырған модельдегі өзіне тэн сипат әлеуметтік
қатынастардың нарықтық тетіктердің кеңінен пайдаланылуында.
Қандай да бір моделды қандай да бір елдің тәжірибесіне енгізу
халықтың элеуметтік қорғалуы мәселелерін өздігінен шеше салмай-
ды, өйткені ол әзірленген жэне колданыста болған елде ғана пэрменді
болады. Бұл әр елде экономикалық жэне әлеуметтік заңдардың
эсеріне өз таңбасын қалдыратын ерекше айырмашылыктың болуы-
на байланысты. Сондықтан қарастырылып отырған модель кандай
да бір ел өзінің жеке әлеуметтік саясатының моделін эзірлегенде
тек бағдар ретінде ғана қызмет ете алады.
12.3. Қарқынды индустриалдық-инновациялық даму
сатысындағы Қазақстанның әлеуметтік саясаты
Мемлекеттің өз қоғамының мүшесін қолдауы Қазақстанның
Конституциясында: «Қазақстан Республикасы өзін жоғарғы кұн-
дылық адам, оның өмірі, қүқығы мен еркі болып табылатын
демократиялық, зайырлы, қүқықтық жэне әлеуметтік мемлекет деп
бекемдейді» деп айқын көрсетілген. Тэуелсіз Қазақстанда халықты
әлеуметтік қолдау жөніндегі қүжаттың бірі республика үкіметінің
1991 жылы балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету
ережелерін бекіту жөніндегі Қаулысы болды. Бағаның өсуіне
және азық-түлік пен балалар киімнің қымбаттауына байланысты
кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына отбасының кіріс
көлеміне қарамастан барлық балаларға отбасылық жәрдемақы
төленетін болды. 1992 жылдың аяғына таман бірдей жәрдемақы
алуға жэне әлеуметтік қолдауға шектеулер белгіленіп, элеуметтік
қолдауды тек оған мүқтаж отбасылар ғана ала бастады. Бүл шара
мемлекеттік бюджет шығындарын азайту қажеттілігінен туындады.
Қазіргі кездегі әлеуметтік саясат халықтың түрақты еңбекпен
қамтылуына мүмкіндік беріп отырған өнеркэсіптік, аграрлық,
инфрақұрылымдық жэне басқа кәсіпорындардың салынуынан
көріністабатынотандықэкономиканыңшынайыжаңажетістіктеріне
қарай қүрылған. Сондықтан мемлекет тауарлар шығару мен қызмет
166
көрсету кәсіпорындарының құрылуына немесе кеңейтілуіне ықпал
етуге міндетті. Бұл жұмыс орындарының санын арттыруға, жалақы
алуға, салық төлеуге жэне азаматтық борышын өтеуге мүмкіндік
береді. Қазақстан үкіметі жүргізген элеуметтік-экономикалық
саясаттың нэтижесінде Қазақстандағы жүмыссыздықтың деңгейі
2003-тен 2010 жылдар аралығында мынадай төмендеу үрдісіне ие
болды: 2003 ж. - 8,6%, 2004 ж. - 8,3%, 2005 ж. - 8,1%, 2006 ж. -
7,8%, 2007 ж. - 7,3%, 2008 ж. - 7,1%, 2009 ж. - 6,6%, 2010 ж. - 5,5%.
Қазақстанда жыл сайын ел халқының әлеуметтік жағдайы
жақсарып, халықтың кірісі мен жалақысы өсуде. Бұларға: әлеуметтік
төлемдер мен олардың төлену көлемінің, зейнетақы мен бюджет са-
ласы қызметкерлері жалақысының 30%-ғы ұлғаюы, 2011 қарашада
5,4%-ды қүраған жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі түрткі болды.
Елді индустриялық-инновациялық қарқынды дамыту жөніндегі
Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2010 жылы 800 млрд теңгеден
астам сомаға 152 жоба өткізіліп берілді, 23 мыңнан астам тұрақты
жұмыс орны құрылып, 30 инвестициялық жоба өзінің жобалық
қуатына шықты.
Қазақстандағы 2011 жылдан басталатын экономикалық бел-
сенділік Индустрияландыру картасын іске асырудың арқасында
қамтамасыз етілді. Тұтастай алғанда 2011 жылы 1 трлн теңге сомасы-
на шамамен 20 мыңдай жұмыс орны құрылған 237 жоба іске қосылды.
«Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасының
барлық бағыттары бойынша жүмыс істейтіндердің жалпы саны 95
мыңнан асатын 1000 кәсіпорынға қолдау көрсетілді. Индустрия-
лизациялау картасы мен Бизнестің жол кратасы -2020 жобаларын
жүзеге асырудың жалпы тиімділігі 2011 жылы ЖІӨ-нің 2% құрады.
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын іске асырған екі
(2009-2010) жылдың ішінде 392 мың жұмыс орны құрылды, бұл
халық кірісінің төмендеуін, кедейшіліктің жэне жұмыссыздықтың
өсуін болғызбауға мүмкіндік берді.
2011 жылғы ақпанда «Жұмыспен қамтылу - 2020» бағдарламасы
бекітілуге ұсынылды. Бағдарлама үш бағыт бойынша қолданыста.
Бірінші бағыты тұрғылықты жері бойынша еңбекке орналасуы-
на жәрдемдесу жолымен Қазақстан азаматтарының тұрақты жэне
өнімді еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етілуін қарастырады
жэне өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және
күн көрісі томен азаматтарды қамтиды. Жұмыссыз адамдар кэсіби
167
Достарыңызбен бөлісу: |