Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет49/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68

2)  еңбекақы  төлеу  мен  еңбекақы  төлеу  жүйесін,  кадрлардың 
кэсіби  даярлануы  мен  қайта  даярлануын  жэне  олардың  біліктілі- 
гін  арттыруды,  кепілдіктер  мен  өтемақылық  төлемдерді,  еңбекке 
орналастырудың мемлекеттік кепілдіктерін белгілейтін элеуметтік- 
экономикалық реттеуді;
3)  эртүрлі  қызметтердің  жүмыс  істеуін  қамтамасыз  ететін түрлі 
басқару органдарының құрылуы мен қызмет етуін қамтитын инсти- 
туционалды реттеуді бөліп көрсетеді.
Қазақстанда  жүмыс  орындарын  жасау  жэне  халықты  ең- 
бекпен  қамту,  кадрларды  даярлау  мен  қайта  даярлау  жэне  еңбек 
қатынастарының  басқа  да  мәселелерімен  Үкіметті,  еңбек  жэне 
еңбек  қатынастарын реттеу жөніндегі  мемлекеттік уәкілетті  орган- 
ды,  еңбек  жэне  еңбек  қатынастарын  реттеу  жөніндегі  мемлекеттік 
уэкілетті  органның  аймақтық  бөлімшелерін,  еңбек  қатынастарын 
реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарды қоса биліктің 
эртүрлі органдары айналысады.
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  еңбек  қатынастарын  рет- 
теудің  негізгі  бағыттарын  әзірлейді  және  еңбек,  қауіпсіздік  пен 
еңбекті  қорғау  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  жүзеге  асы- 
рылуын  қамтамасыз  етеді,  орташа  еңбекақы  төлеуді  есептеудің 
біртұтас  тэртібін  белгілейді  жэне  еңбекақы  төлеу  шарттарының 
типтік  ережелерін  бекітеді,  жұмыс  берушілердің  республикалық 
бірлестіктерімен  жэне  қызметкерлердің  республикалық  бірлес- 
тіктерімен  бас  келісімшарт  жасасады,  әлеуметтік  жәрдемақы 
мөлшерін,  оны  тағайындау  жэне  төлеу  тэртібін  белгілейді,  осы- 
лар  бойынша  еңбекке  жарамсыздық  мерзімін  белгілейтін  сырқат 
түрлерінің тізбесін бекітеді, кадрлардың кәсіби даярлануына, қайта 
даярлануына жэне біліктілігін артыруға қойылатын жалпы талаптар- 
ды және т.б.  белгілейді.  ҚР Үкіметі  жалпы  еңбек қатынастырының 
17  бағыты  бойынша реттегіш эрекеттер жүргізеді.
Еңбек  жөніндегі  мемлекеттік  уэкілетті  органның  қүзыретіне 
келесі  реттегіш  эрекеттер  кіреді:  мемлекеттік  орган  еңбек  сала- 
сындағы  мемлекеттік  саясатты  іске  асырады,  еңбектің  қауіп- 
сіздігі  мен  қорғалуына  қойылатын  жалпы  талаптарды  белгілейтін 
нормативтік  қүқықтық  актілерді  қабылдайды;  халықтың  еңбекпен 
қамтылуы  туралы  еңбек  заңының  сақталуына  мемлекеттік  ба- 
қылауды  ұйымдастырады,  еңбек  қауіпсіздігі  мен  қорғалуы  сала- 
сында,  оның  түрлі  бағыттары  бойынша  басқа  мемлекеттік  орган-
153


дармен  үйлестіруді  жэне  өзара  әрекеттестікті  жүзеге  асырады; 
еңбек  жөніндегі  типтік  нормалар  мен  нормативтердің  ауысты- 
рылу  жэне  қайта  қаралу  тәртібін  белгілейді;  қызметкерлердің 
еңбекақысын  төлеу  жүйесі  жөніндегі  параметрлерді  ұсыну  қарау 
жэне  келісу  тәртібін  белгілейді;  анықтамалықтарды,  біліктілік  си- 
паттамаларын  әзірлеу,  қайта  қарау,  бекіту  және  қолдану  тәртібін 
жэне  т.б.  белгілейді.  Мемлекеттік  уәкілетті  реттегіш  орган 
еңбек  қатынастырының  24  бағыты  бойынша  реттегіш  эрекеттер 
жүргізеді.
Еңбек  жөніндегі  мемлекеттік  уэкілетті  органның  аумақтық 
бөлімшелері  өзінің  әрекетін  8  бағыт  бойынша  жүзеге  асырады, 
олардың  ішінде  еңбек  заңының  сақталуына  бақылау,  ұжымдық 
келісімшартқа  мониторинг  жасауды  іске  асырады,  өндірістік 
мақсаттағы  нысандарды  пайдалануға  қабылдайтын  мемлекеттік 
комиссияның қүрамына және т.б.  қатысады.
Еңбек  қатынастарын  реттеу  саласындағы  жергілікті  атқарушы 
органдардың  күзыретіне  мыналар  кіреді:  шетелдік  жұмыс  күшін 
тартуға рұқсат береді,  халықтың өмір-тіршілігін қамтамасыз  ететін 
ұйымдардағы  наразылық  бой  көрсетулерін  өткізуге  келісім  береді, 
халықты  еңбекпен  қамту  үшін  ҚР  заңымен  белгіленген  квоталар 
белгілейді жэне т.б.  эрекеттер жасайды.
Әлеуметтік-еңбек  қатынастарын  институтциалды  реттеу  тұ- 
рақты  жұмыс  атқаратын  республикалық,  салалық  және  аймақтық 
комиссияларды  қамтиды,  оның  қүрамына  атқарушы  билік  орган- 
дарының,  жұмыс  берушілер  мен  қызметкерлердің  өкілдері  кіреді. 
Жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  облыстық  бірлестіктері  мен 
шағын  кэсіпкерліктің  облыстық  бірлестіктері,  сондай-ақ  шағын 
бизнес  кәсіпкерлерінің  қалалық,  аудандық  бірлестіктері  жүмыс 
берушілердің уәкілетті өкілдері  болып табылады.
Осылайша, еңбек нарығындағы мемлекеттің рөлі бір мэнді емес. 
Мемлекет қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігінің сұранысы мен 
ұсынысының қалыптасу үдерісіне түрлі механизмдер арқылы ықпал 
ете  отырып,  оқыту,  олардың  мүдделерін  қорғау,  еңбекақы  төлеуді 
реттеу және басқа да шаралар арқылы оларға жұмыспен қамтылуды 
таңдауға  мүмкіндік  береді.  Бірақ  ол  шаруасын  тиімді  жүргізу  са- 
ясатын  іске  асыру  үшін  жүмыс  берушілерге  де  әрекет  еркіндігін 
береді.
154


11.3. Қазақстандағы  еңбек нарығының қазіргі жағдайы
Қазақстанда  қаржылық-экономикалық  дағдарыс  жағдайында 
Үкімет,  министрліктер  мен  аймақтық  билік  органдары  бірқатар 
ұйымдастыру  шараларын  жүргізді.  Атап  айтқанда,  қызметкерлерді 
жаппай  босатудың  алдын  алу,  еңбекпен  камтылуға  жәрдемдесудің 
жэне  жүмыссыздарды  элеуметтік  қорғаудың,  аймақтық  еңбекпен 
қамтудың бағдарламалары мен шаралары әзірленді.  «Жол картасы» 
бағдарламасын қаржыландыруға 2009 жылы  191,5 млрд теңге, және 
2010 жылы  150,6 млрд теңге бағытталды.
Дағдарыстан  кейінгі  сатыда  ел  Үкіметі  республикалық  Инду- 
стрияландыру  картасын  қалыптастырды.  Республиканың  эрбір  об- 
лысында аймақтық «карталар» әзірленді. Аталған мемлекеттік жэне 
аймақтық  қүжаттар  шағын  жэне  орта  бизнес  кәсіпкерлері  үшін  ка­
питал салу мен  еңбек ісінде айқын бағдар болып табылады.
Әртүрлі  деңгейде  эзірленген  әртүрлі  «карталарды»  іске  асыру 
аясында  2010  жылы  8  трлн  теңге  сомасына  294  нысан  қосылды. 
Тұтастай  алғанда,  200  мыңға  жуық  қазақстандық  өнеркәсіп  кә- 
сіпорындарын  салуға  тартылды.  Жоспарланған  нысандарды  түп- 
кілікті  пайдалануға  қосқаннан  кейін  161  мыңнан  астам  тұрақты 
жұмыс  орны  пайда болады.
Жол  картасы  бойынша  2009-2010  жылдары  8971  жоба,  соның 
ішінде  2009  жылы  -  5271,  2010  жылы  -   3600  жоба  іске  асырылды, 
390  мың  жұмыс  орны  құрылды,  соның  ішінде  2009  жылы  -258 
мыңға  жуық  болды,  2010  ж.  -   132  мың  жұмыс  орны  қүрылды. 
Жол  картасы  аясында  2009  ж.  97,7  мың,  2010  ж.  -   52,3  мың  адам 
оқуға жіберілді.  2009 ж. -  70,7  мың, 2010 ж. -  39,8  мың адам оқуын 
аяқтады.  Барлық  жиыны  75  мыңнан  астам  адам,  соның  ішінде 
2009  ж.  -  46,3  мың,  2010  ж.  -   28,9  мың  адам  жұмысқа  орналасты- 
рылды.  «Жол  картасы  -   2010»  бағдарламасын  іске  асыру  кезінде 
Қазақстанда  жұмыссыздар  саны  76  мың  адамға  қысқарды.  2009 
жылы  басында  жұмыссыздар  саны  557,8  мың  адамды  немесе  6,6% 
құраса,  2010  жылы  ортасында  5,6%  жэне  2011  жылы  басына қарай 
-  5,5%  құрады.  Еңбек  нарығының  дамуына  жергілікті  билік  шама- 
шарқынша  үлес  қосып  келеді.  Мысалы,  Тараз  қаласы  бюджетінің 
шығыс бөлігінен әлеуметтік қамтамасыз ету мен халықты еңбекпен 
қамтуға  941  млн.  теңге  бөлінген.  Оның  75  млн,  теңгесі  қоғамдық
155


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау