Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет52/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68

Нақты жалақының,  кәсіпкерлер меншігінің кірісінен және әлеу- 
меттік  төлемдердің  артуы  есебінен  халықтың  өмір  сүру  деңгейін 
жоғарылату ең маңызды бағыт болып табылады.
Әлеуметтік саясат келесі принциптерге:
-   Материалдық  ресурстарды  жасау  жэне  адамның  өзін  да- 
мыту  жөніндегі  кешенді  шаралар  жолымен  ресурстық  әлеуетті 
қамтамасыз етуге;
-   Әлеуметтік  саясаттың  жалпыға  ортақтығына,  яғни  халықтың 
барлық бөілгін қамтуға;
-   Әлеуметтік  кепілдіктер  жүйесінің  икемділігіне,  яғни  қоғам- 
ның  экономикалық  жэне  элеуметтік  салаларында  болып  жатқан 
өзгерістерге сезімталдық танытуға негізделеді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мэні  келесілермен:
1) кірістер мен шығыстардың ұлттық құрылымын қалыптастыру;
2) қоғам мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз  ету;
3)  денсаулық  сақтау,  білім  беру  жэне  еңбек  қызметі  арқылы 
қызметкерлердің ісін жандандырудың уэждік принциптерін жасау;
4)  жасалған  игіліктерді  құрау  мен  бөлуде  әрбір  қызметкердің 
үлесін есепке алу;
5)  әлеуметтік  инфрақұрылымды  дамыту  функция ларынан 
көрініс береді.
Кірістер  мен  шығыстардың ұтымды  қүрылымын  қалыптастыру 
белгілі  бір  уақыт  кезеңіне  мақсатты  бағдарламалар  мен  жоспар- 
ларды  жэне  оларды  іске  асыру  жөніндегі  шараларды  жасауға 
негізделеді.
Әлеуметтік  қорғалуды  қамтамасыз  ету  қоғам  кірісінің  өсуімен 
бірге  халықтың  қайта  қаралып  отыратын  ең  төменгі  күнкөрісін 
қамтамасыз етуге негізделеді.
Уәждік принциптерді мемлекеттік көтермелеу қоғамның барлық 
мүшелері  үшін  кіріс  көздері  мен  мемлекеттік  жэне  жергілікті 
бюджет  шығындары,  әлеуметтік  есеп  аударылымдары  туралы 
ақпараттың мөлдірлігі  мен  қолжетімділігіне  негізделеді.
Нарықтық жағдайларда  қоғамдық  игіліктерді  жасау  мен  бөлуде 
қызметкерлер  үлесін  есепке  алу  өндіріс  факторларын  есепке  алу 
арқылы  жүргізіледі  жэне  нарық  механизмі  арқылы  игілікті  бөлуде 
эркімнің үлестік қатысы  анықталады.
162


Мемлекеттің  әлеуметтік инфрақұрылымды  дамытуы  денсаулық 
сақтау,  білім  беру жүйесі,  рухани  әлемді  байыту,  спорт  пен  туризм 
арқылы жағдай туғызуды жэне т.б.  қамтиды.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру ісінде кәсіпкерлік 
ортаның,  фирмалардың,  корпорациялардың  жэне  қайырымдылық 
үйымдарының қайырымдылық қызметіне үлкен мэн беріледі.
Сонымен  бірге  әлеуметтік  саясат  көп  дэрежеде  жалпы  әлемдік 
стандарттарға  сэйкес  бола  бастады.  Қызмет  етудің  келесідегідей 
функциялары:
1)  әлеуметтік  саясаттың  жалпыға  ортақтық  принциптері  осы- 
ларға  жатады.  Даму  деңгейіне  қарамастан  элемнің  барлық  елдері 
адамдардың, халықтың барлық бөлігінің қорғалуын қамтамасыз ету 
жөніндегі кешенді шараларды әзірлейді;
2) объективті шартты қауіптерден әлеуметтік жүйенің қорғалуын 
құқықтық қамтамасыз етеді;
3) элеуметтік саясаттың тікелей атаулы сипаты болады;
4)  элеуметтік  қорғалу  дәрежесінің  критериилері  мен  жеңілдік- 
тер  түрін  жіктеуде  жалпыәлемдік  өлшемдер  қырынан  келу  прин- 
циптері  де  жатады.  Олар  атаулы  (мысалы  ¥О С   қатысушылары 
мен мүгедектеріне жэне т.б берілетін) зейнетақылардан, төлемақы- 
лардан көрініс табады.
Мемлекеттік билік органдары халықтың кірісін реттеу жөніндегі 
кешенді  шараларды  әзірлейді  және  іске  асырады,  бүл  жерде  бір 
жағынан әлеуметтік сақтандыру (жүмыссыздық жөніндегі төлемдер, 
зейнетке  шығу  жэне  т.б.)  жөніндегі  шаралар  да  жүргізіледі.  Бір 
жағынан мемлекеттік жэрдем бағдарламасын жасайды жэне жүзеге 
асырады.  Осыған  байланысты  кейбір  елдердің  заңнамаларында 
прогрессивті  салық  салу  жағы  қарастырылып  жатқанын  атап  өту 
керек.  Көптеген  елдерде  өтемсіз  мемлекеттік  төлемдер  түріндегі 
әлеуметтік  жэрдемақылар,  сондай-ақ  жол  жүруге  жеңілдіктер  мен 
көмектің басқа да ақшалай түрлері бар.
Мемлекет  сондай-ақ  қарттарға,  бала  күнінен  мүтедектерге, 
еңбекке  қабілетсіздерге  мемлекеттік  жэрдемнің  арнайы  бағдар- 
ламаларын  әзірлейді.  Көптеген  мемлекеттер  мәжбүрлі  (меди- 
циналық,  зейнетақылық,  бақытсыздық  жағдайларына,  жұмыс- 
сыздықтан жэне т.б.) элеуметтік сақтандыруды жүзеге асырады.
Мемлекет  адамдардың  жекелеген  санаттарына  (¥О С   мүге- 
дектеріне,  диабетпен ауратындарға жэне т.б.)  медициналық қызмет
163


көрсету,  білім  беру,  мәдениет,  дене  тәрбиесі  мен  спорт  жэне  т.б. 
сияқты  элеуметтік  салаларды  қаржыландырады.  Сонымен  катар 
жергілікті  билік  органдарының  қаражатынан  да  эртүрлі  төлемдер 
жасалады. Әлеуметтік қатынастарды реттеу саласына еңбекке орна- 
ластыру және жұмыссыздарды қайта мамандандыру бағдарламасын 
әзірлеу мен жүзеге асыруды да жатқызуға болады.
Қазіргі  заманғы  дамыған  елдердегі  қоғамның  эрбір  мүшесі 
экономикалық ғана емес,  элеуметтік игілікті  алудан да үмітті.  Яғни 
өзінің  дәрежесіне,  жұмыс  орнына  жэне  т.б.  қарамастан  өндіріс 
құралына бірдей қол жеткізу құқына, елдің заңдары алдында бірдей 
жағдайға ие,  білім  алуға,  денсаулығын  сақтауға,  тарихи  жэне  руха- 
ни қүндылықтарға бірдей қол жеткізу қүқығына ие.
Экономикальщ әдебиетте элеуметтік саясаттың бірнеше моделін 
ажыратады.  Олар  қазіргі  заманғы  қоғамның  экономикалық  жэне 
әлеуметтік  өміріне  мемлекеттің  араласу  дэрежесімен  бір-бірінен 
айырмашылықта болады, бұлар қоғамдық өндірістің даму деңгейіне 
элеуметтік  үдерістердің  ел  экономикасына  ықпал  ету  дәрежесіне, 
билік  органдарының  халықтың  элеуметтік  қажеттіліктерін  қар- 
жыландыру мүмкіндігіне  байланысты болады.
Оқулық  әдебиетте  патерналистік  элеуметтік  моделды  бөліп 
көрсетеді, оны басқаша патерналистік социалистік модель деп атай- 
ды.  Бұл  модель  азаматтардың  экономикалық  жагдайы,  өндірістегі 
және  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулерді  бөлудегі  мемлекеттік 
монополия,  еңбек  етумен  қамтамасыз  етілудегі  жэне  жалақы 
төленуіндегі  тұрақтылық  үшін  мемлекеттің  жан-жақты  жауапты 
болуымен  сипатталады.  Сонымен  бірге  экономика  тиімділігінің 
төмендігі  ел  азаматтарының хал-ахуалын  одан  ары  карай  дамытуға 
мұрша  бермейді.  Халықта  біртіндеп  масылдық  сезім  қалыптасады, 
еңбек  сүйгіштік төмендейді,  бастамашылық жоғала  бастайды.  Осы 
әлеуметтік саясатты жүргізгенде мемлекет экономикалық саясатпен 
қатар  мәжбүрлеу мен  экімшілік  күштеу тәсілдерін де  пайдаланған.
40  жылдардың  аяғы  мен  50  жылдардың  басында  Германияда 
әзірленген  әлеуметтік-бағдардағы  нарықтық  экономиканың  моделі 
тауарлар  мен  қызмет  көрсетулерді  еркін  тандау  мен  жеке  тұлғаның 
әрекет  еркіндігі  принципінде  қызмет етеді.  Неміс  моделінің  негізгі 
принциптері өз азаматтарына осы кезеңде лайықты өмір сүруге жэне 
болашақтағы  игілікті  қамтамасыз  етуге  қажетті  қаражатты  табуға 
мүмкіндік  беру  болып  табылады.  Жүмыстың  болу  мүмкіндігі  үшін
164


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау