Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет54/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68

даярлау  жэне  қайта  даярлау,  біліктілігін  арттыру  курстарына 
мемлекеттің  есебінен  жіберілетін  болады.  Мемлекеттік  уэкілетті 
орган дар  жұмыссыздарға  вакансиялар,  соның  ішінде  элеуметтік 
жұмыс  орындарын іздейтін болады.
Екінші  бағыты  ауылдық  жерлердегі  халықтың  экономикалық 
белсенділігін  арттыруды  қарастырады.  Белсенділікті  арттыру  ми- 
кронесиелеу  негізінде  жүргізілетін  болады.  Микронесиелер  өз  ісін 
ұйымдастыруға немесе кеңейтуге берілмек.
Үшінші  бағыты  еңбек миграциясын  көтермелеуді  көздейді,  бүл 
орайда  ауыл  жастарына  көңіл  аударуға  басымдык  беріледі.  Кірісі 
ең  аз  күнкөріс  деңгейінен  томен  жұмыссыздардың  басқа  аймаққа 
көшуін  субсидиялайды.  Сондай-ақ  соңынан  сатып  алатын  жал- 
дамалы  типтік  баспана  беру  мен  қажетті  мамандықтарға  оқыту 
жоспарланған.  Осы  шаралардың  барлығы  ел  мен  қазақстандық 
қоғамды  тұрмысының  артуына,  елдің  экономикалық  өсуіне  жэне 
әлеуметтік теңсіздіктің төмендеуіне алып келуі тиіс.
Қоғамдың  қатынастардың  дамуында  этникалық  тегіне,  діни 
сеніміне,  терісінің  түсі  мен  тілінің  айырмашылығына  қарамастан 
ел  халқының  әлеуметтік  ұйымшылдығы  едәуір  жоғары  деңгейде 
болуын  қамтамасыз  ету  керек.  Қазақстан  әлеуметтік  қорғаумен 
бір  қатарда  тегін  медициналық  жэрдем  мен  білім  берудің  барлық 
түрлері  де  болатын  адамгершілікті  қоғамды  құру  ісіндегі  ұзак 
жолдың бастапқы сатысында тұр.
Қазақстанның  элеуметтік  саясатының  мақсаттарына  қол  жет- 
кізу  үшін  бюджет  қаражатының  51%  әлден-ақ  әлеуметтік  қа- 
жеттілікке  бағыттап  отырғын  үкімет  органдардың  ғана  емес, 
жергілікті  органдардың  да  күш  салуын  қажет  етеді.  Мұндай  мы- 
салдар  барлық  жерде  кең  тараған  сипат  алып  отыр.  Мысалы  Тараз 
қаласы  бюджетінің  шығыс  бөлігінде  білім  беру  шығындары  9,7 
млн  теңге  көлемінде  белгіленген,  әлеуметтік  қамсыздандыру  мен 
халықтың еңбекпен қамтылуына 941  млн. теңге, кадрларды даярлау 
мен  қайта  даярлауға  2  млн  теңге,  атаулы  әлеуметтік  жәрдемдерді 
төлеуге  -   55  млн  теңге,  тұрғын  үй  төлемдерін  төлеуге  -   190  млн 
теңге,  мүгедектерді  элеуметтік  қамтамасыз  етуге  жэне т.б.  -  30  млн 
теңге бөлінген.
Халық үшін,  әсіресе  ауыл  халқы  үшін  медициналық жәрдемнің 
қолжетімді  болу  проблемалары  жөнінде  Оңтүстік  Қазақстан  облы- 
сында жергілікті  билік  үлкен  жұмыстар жүргізіп  жатыр.  2010 жыл-
168


дан  бері  қарай  «Денсаулық»  емдеу алдын алу арнайы поезы жұмыс 
істеп  келеді,  осы  арқылы  ондаған  мың  адам  ем  алды.  Шейх Халиф 
бин Зайда аль-Кахайан атындағы жекеменшік инвестициялық қоры 
есебінен  25  млн  долларға  салынған  перинаталды  орталық  жүмыс 
істеп  жатыр.  Халыққа  медициналық  жәрдем  көрсетуге  арналған 
бірқатар  шаралардың  арқасында  облыста  туу  25%  артып,  өлім- 
жітім  11% төмендеді, халықтың табиғи өсімі  1,7 есе артып,  ана мен 
бала өлімі азайды.
Экономикалық  даму  жэне  сауда  министрлігінің  сайтында 
жарияланған  ҚР  Үкіметінің  болжамы  бойынша  таяу  жылдары 
әлеуметтік-экономикалық  дамудың  негізгі  макроэкономикалық 
көрсеткіштері  едэуір  жақсарады.  Атап  айтқанда,  жалақының  ең  аз 
мөлшері мен ең төмен күнкөріс деңгейі 2010 жылғы  14952 теңгеден 
2015 жылға 20971  теңгеге дейін артады. 2013 жылдың  1  қаңтарынан 
бастап  ең  аз  жалақы  көлемі  18  660  теңге  құрады.  Зейнетақының 
ең  аз  мөлшері  2010  жылғы  12344  теңгеден  2015  жылы  22665 
теңгеге дейін артады,  бұл 2013  жылдың өзінде  19066 теңге құрады, 
жұмыссыздық деңгейі де тұрақты төмендейді, 210 жылғы  6,4%-дан 
2015  жылы  5,5%  болады  деп  күтілуде.  2011  жылдың  басында-ақ 
жұмыссыздықтың деңгейі 5,5% жэне 5,7% деңгейінде белгіленгенін 
атап өту керек.
Ел  Президентінің  нұсқауымен  2009  ж,  210  жэне  2011  жылдың 
басы  мен  ортасына  зейнетақы  мен  бюджеттен  еңбекақы  алатын 
қызметкерлердің  жалақалыры  аталған  жылдарға  сәйкес  25%,  25% 
және 30% арттырылған. Бірақ сонымен қатар, салалар жэне аймақтар 
бойынша  жалақы,  едәуір  жоғары  және  төмен  еңбекақы  бір-бірінен 
едэуір айырмашылықта болып отыр. Едәуір жоғары еңбекақы елдің 
мұнай  өндіретін  батыс  өңірлерінде,  төмен  жалақы -  елдің оңтүстік 
аймақтарында  сақталып  отыр.  Бүл  жағдайларда  түпкілікті  өнім 
шығаратын  өнеркәсіптік  диверсификациялау,  ауылшаруашылығы 
өндірісінің  бірқатар  секторын  өнеркәсіптік  негізге  көшіру  міндеті 
қойылып отыр, бүл тек халықты жүмыспен қамтып ғана қоймайды, 
тауарлар  бағасын  теңестіреді  жэне  инфляциялық  үдерістерді 
бэсеңдетеді.  Осы  істердің  барлығында  мемлекет  ақша-қаражат 
саясаты  мен  халық  кеңінен  тұтынатын  азық-түлік  бағасын 
ауыздықтауды  қоса  ұйымдық,  заң  шығарушылық  және  басқа  да 
қызметтерді  атқарады.  Атап айтқанда,  ауылшаруашылығы тауарла- 
рын  өндірушілердің  өздері  делдалдарды  айналып  өтіп,  ірі  қалалар
169


халқына сатуын ұйымдастырылады, ұйымдастырушылардың ойын- 
ша  бұл  бағаға  эсер  етуі  жэне  инфляциялық үдерістерді  төмендетуі 
тиіс.
Мемлекеттік қорлардан  облыстарға халыққа нан  пісіруге  астық 
пен қүс фабрикалары мен мал бордақылау базаларына жем-шөп та- 
ратылады. Азық-түлік тауарларының бағасын үстап тұруға арналған 
басқа да шаралар жүргізіледі.
Жеке  баспананың  болуы  мен  оның  жай-күйі,  коммуналдық 
қызмет  көрсетулерге  төленетін  төлемнің  мөлшері  қазақстандық 
әлеуметтік  саясаттың денсаулық  сақтау мен  білім  беруден  басқа да 
маңызды  бағыты  болып  табылады.  Бұл  мәселенің  маңыздылығына 
орай негізгі халық үшін ел Ү кіметі тарифтер көлемі мен монополист- 
кэсіпорындардың  өз  активтерін  жаңарту  қабілеті  арасында  ақылға 
қонымды компромис табуды, негізгі міндет деп есептейді. Жарыққа, 
газға,  суға  ай  сайын  төленетін  ақы  қазақстандықтар  алатын  кіріс- 
пен  теңестірілуі  тиіс,  өйткені  олар  адамдардың  едәуір  өміршеңдік 
мәселелеріне қатысты жағдайлар.
Ең  төменгі  өмір  сүру  табысы  арқылы  мемлекет  әлеуметтік 
саясаттың  бағытын  белгілейді  жэне  халықты  әлеуметтік  корғау 
жөніндегі саясатты жүзеге асырады.
Ең төменгі өмір сүру табысы адамға өмір-тіршілігін сақтау үшін 
қажетті  тіршілік  қажеттіліктерінің  жиынтығын  білдіреді.  Дэл  осы 
бір көрсеткішті Еңбек жэне халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
мен  Статистика  жөніндегі  агенттігі  ең  төменгі  өмір  сүру  табысы 
деп  атаса,  республикалық  бюджетте  -   ең  аз  еңбекақы  деп  атайды. 
Әлемдік  практикада  тұтыну  себетінің  құны  ең  төменгі  өмір  сүру 
табысының  жартысын  құрайды.  Қазақстанда  ең  төменгі  өмір  сүру 
көлемі  инфляцияны  есепке  алумен  жэне  «Республикалық  бюджет 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңына  сэйкес  жасалады. 
2006  жылы  азық-түлік  себеті  қайта  қаралды  жэне  қажетті  азық- 
түлік  түрлерінің  саны  23-тен  43  атауға  дейін  арттырылды.  2010 
жылғы  қарашада  шығындар  құрылымында  ет  пен  теңіз  өнімдерін 
сатып алу 20,6%, сүт, май бұйымдары мен жұмыртқа -  16,5%, жеміс 
пен  көкеніс  -  11,2%,  нан  өнімдері  мен  жарма  бүйымдары  -  8,9% 
жэне  8%  қүрады.
ҚР  Статистика  жөніндегі  агенттігінің  деректері  бойынша  ең 
төменгі  өмір сүру табысының динамикасы  келесідегідей:  2000 ж.  -  
4945  тг.,  2005  ж.  -   7618  тг.,  2009  ж.  -   12660  тг.,  2010  ж.  -   15338  тг.
170


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау