32
Статистика агенттігінің деректері бойынша шағын кəсіпкерлік субъектілерінің
республикадағы барлық кəсіпорындардың жалпы үлесімен салыстырғандағы
санын көптеген дамыған елдердің деңгейімен салыстыруға болады, ондағы
деңгей 90-95%-ға тең. Бізде бұл көрсеткіш 92% құрайды, ал кейбір қызмет
түрлері бойынша, мəселен, құрылыста сол саладағы əрекет етуші
кəсіпорындардың жалпы санынан 96%-дан артық, сəйкесінше – саудада 99%,
өнеркəсіпте 90%.
Нарықтық жағдайдағы кəсіпкерлік секторлар объективті экономикалық
заңдар салдарынан тең құқылы болмағандықтан, ал шағын бизнестің дамуы
мемлекет үшін тек экономикалық қана емес, жоғары əлеуметтік əсер
беретіндіктен, шағын кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеу əдетте мемлекеттік
қолдау түрінде қолданылады.
Қазақстандағы шағын кəсіпкерлік тиімді дамуы үшін, мемлекет арнайы
заңнама қолданып, қаржы, технологиялық, сыртқы экономикалық, ақпараттық,
консультациялық, кадрлық көмек көрсету жүйелерін орталықтандырылған
дерекнамалар мен айрықша қаржыландыру схемаларымен қоса жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Үкімет шаралары мен шағын кəсіпкерлікті қолдау
бағдарламалары шынайы нарықтық экономика логикасына əркез жəне барлық
жағынан бірдей сəйкес келе бермейді. Осының нəтижесінде шағын
кəсіпкерлікті қолдау үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге
асырылуда. Қазіргі кезде Елбасының халыққа арнаған жолдауы негізінде 2020
жылға дейін шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа ауқымды
жеделдетілген шаралар бағдарламасы əзірленуде.
Шағын кəсіпкерлікті дамытудың макроэкономикалық алғышарттарының
бірі ақша-несиелік реттеудің айқын механизмін қалыптастыру болып табылады,
ол Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне іскерлік белсенділікке ықпал
етуге, коммерциялық банктердің қызметін бақылауға, ақшалай айналымның
тұрақтануына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Экономикалық үдерісті ынталандырып, материалдық жəне зияттылық
құндылықтармен алмасудың кеңеюіне алып келген жаһандану өткен ғасырға
тəн өзіндік сипатқа айналды. Жаһандану үдерісі түрлі нарықтар, атап айтқанда,
капитал, технологиялар мен тауарлар жəне белгілі бір дəрежеде еңбек
нарықтары трансұлттық компаниялардың əлемдік желісіне ықпалдастырылып,
бұрынғыдан да бетер өзара байланысқан соңғы онжылдықта жеделдей түсті.
ХХ ғасырдың соңына қарай халықаралық экономикалық жүйе күрделі
құрылымға айналды, ондағы барлық елдер қандай да бір дəрежеде жиынтық
өнім өндірісіне қатысып, өз ұлттық нарықтарын құруға жəне оларды реттеуге
тырысады. Сонымен қатар, жетекші саясаткерлер мен сарапшылардың пікірі
бойынша, бүгінде жаһандану көптеген мемлекеттерді негізінен əлемдік
қауымдастықтағы елдердің теңсіздігімен шартталған көптеген жағымсыз
салдарға əкелетіндігі күмəн тудырмайды. Мұндай жағдайда шағын бизнестің ел
экономикасын дамытудағы рөлінің маңызы артады. Шағын кəсіпорындардың
кəсіпкерлік қызметін жоспарлау жүйесін одан əрі қалыптастыру мəселесі
ерекше маңызға ие болады.
33
Жоспарлаудың мақсаты даму мəселелері мен болашағы туралы идеяларды
жүйелендіру, оларды ықпалдастыру жəне болашақ бейнесін құрастыру үдерісін
бастамалауда қамтылады. Кəсіпкерлік қызметті тиімді жоспарлаудың басты
критерийі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жəне халықтың өмір
сүру сапасын үздіксіз арттыру болып табылады. Шағын кəсіпорындардың
кəсіпкерлік қызметін жоспарлау нарықтық экономика жағдайында əлеуметтік-
экономикалық дамуды ынталандырудың неғұрлым кең таралған құралы болып
табылады.
Қазақстан
Республикасы
жаһандық
экономикада
əлемдік
тауар
нарықтарына мұнай, газ, қара, сирек кездесетін жəне асыл металдар мен уран
өнімдерін жеткізетін, ал ауылшаруашылық өнімдерден бидай экспортын жүзеге
асыратын мемлекет ретінде қарастырылады. Қабылданған үлгіге сəйкес,
стратегиялық тұрғыдан Қазақстан ашық экономикалы, тауар, қызмет, капитал
жəне жұмыс күші экспортына бағдарланған, əлемнің барлық елдерімен
бəсекелестік пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген ел ретінде
қалыптасып келеді.
2015 жылға дейін Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында
көрсетілгендей, ұзақмерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға
ауысуға, шикізаттық бағдарланудан бас тартуға септігін тигізетін экономика
салаларын əртараптандыру арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізу үшін,
шағын бизнес салаларының өкілдеріне бөліп көрсетілуі тиіс міндеттер
белгіленген. Оларға келесілерді жатқызуға болады:
- жеке секторды ынталандырып, бəсекелестік басымдылықты жетілдіретін,
нақты өндірістердегі қосымша құн тізбегіндегі элементтерді меңгеру арқылы
барынша көп қосымша құнға қол жеткізетін кəсіпкерлік ахуалды, қоғамдық
институттардың құрылымы мен мазмұнын қалыптастыру;
- өңдеуші өнеркəсіпте шағын бизнес өкілдерінің қатысуымен 8-8,4% көлемінде
орташа жылдық өсу қарқынын қамтамасыз ету;
- əлемдік сапа стандарттарына ауысу;
- елдің экспорттық əлеуетін қосымша құны жоғары тауарлар мен қызметер
пайдасына əртараптандыру;
- жеке сектормен ынтымақтастық, серіктестік.
Əлеуетті бəсекеге қабілетті, соның ішінде экпортқа бағдарланған,
экономиканың шикізатсыз бағыттағы салаларында жұмыс істейтін өндірістерді
құру жəне дамыту индустриалдық-инновациялық саясаттардың басымдықтары
болып табылады. Мұндай тəсіл экономиканың түрлі салаларындағы
қызметкерлер үшін қолданыстағы өндірістерді техникалық жəне ұйымдық
жетілдіруге, сондай-ақ экспортқа бағдарланған өнімнің жаңа түрлерін жасауға
жол ашады. Шағын кəсіпкерліктің ірі кəсіпорындармен кооперациялануы бұған
септігін тигізеді, мұнда таратудың арнайы механизмінің көмегімен табиғи
монополия субъектілерінің олардың негізгі қызметіне қатысы жоқ
функциялары шағын бизнес субъектілерінің бəсекеге қабілетті ортасына
шығарылады. Осы айтылғанға қосымша, шағын кəсіпкерлікте инновациялық
жəне ғылым қажет ететін өндірістерді дамыту үшін, соның ішінде лизинг
Достарыңызбен бөлісу: |