Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет8/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85

25
• қоршаған  ортаны  өндірістік  жəне  басқа  да  қызмет  түрлерінен  қорғау
механизмінің болмауы;
• ұдайы қалпына келтірілмейтін қорларды сақтай алмау;
• халықтың жұмыспен қамтылуына кепілдіктің болмауы;
• ғылымдағы терең жəне қолданбалы зерттеулерді дамытуды қаржыландыру
механизмінің болмауы;
• даму тұрақсыздығы, рецессивтік жəне инфляциялық үдерістерге тəуелділік.
Бей-берекет  нарықтық  қатынастар  шеңберінде  шешілуі  мүмкін  емес
мəселелердің 
болуы 
ұлттық 
экономиканы 
дамытудағы 
мемлекеттік
институттардың маңыздылығын шарттайды. Мемлекет нарық механизмдерінің
жұмыс  істеуі  үшін  қалыпты  шарттар  қалыптастыруға  жан-жақты  қолдау
көрсетіп, оларды нарық шеше алмайтын міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін
элементтермен толықтыруға міндетті.
Қазіргі  нарық, бір  жағынан, капиталдың  шоғырлануымен  жəне  бизнесті
ұйымдастырудың корпоративтік нысандарының дамуымен, ал екінші жағынан,
- өздеріне  тəн  кəсіпкерлік, икемділік  пен  бейімделушілік  рухымен  көптеген
ұсақ  тауар  өндірушілердің  сақталуымен  сипатталады. Нарықтың  аса  маңызды
құраушысы – ақпараттар нарығы қарқынды дамып келеді.
2.2. Нарықты (экономиканы) мемлекеттік реттеу
Нарықты мемлекеттік реттеу — бұл мемлекеттік органдардың келесі екі
негізгі атқарымды орындау бойынша қызметі:
1) нарық механизмі жұмысының қалыпты жағдайын қамтамасыз ету;
2) нарық  механизмдері  тиімсіз  болған  салалардағы  экономикаға  əсер  ету.
Нарықтық  экономиканың  жұмысына  мемлекеттің  кірісуі  экономиканы
мемлекеттік реттеу арқылы жүзеге асырылады.
Экономиканы  мемлекеттік  реттеу — бұл  нарық  механизмі  жұмысының
қалыпты жағдайын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттің шаруашылық
жүргізуші  субъектілердің  қызметіне  жəне  нарықтық  конъюнктураға  ықпал
етуі. Экономиканы мемлекеттік  реттеу  ықпал  ету  объекті  бойынша  өндіріс
пен қаржы қорларын реттеуді қамтиды. Ол экономикалық саясатты жүргізу
арқылы  жүзеге  асырылады. Экономикалық  саясат — экономиканы  басқару
бойынша  нақты  элементтер  жинағын  қамтитын  шаралар  жүйесі, іс-əрекеттер
жиынтығы, олардың негізгілері:
• антициклдік саясат;
• салалық саясат;
• антимонополиялық саясат;
• ақша жүйесін ұйымдастыру;
• халықтың əлеуметтік қорғалуы;
• ұжымдық  қолданыстағы  қызметтер  мен  тауарларға  сұранысты
қанағаттандыру;
• жұмыссыздықпен күресу жəне т.б.


26
Экономиканы  реттеу  барысында  мемлекеттің  жалпы  қызметі — циклдік
даму  механизмінің  экономикаға  əсерін  жеңілдетуге  арналған  жағдайды
қамтамасыз ету.
Ақша  айналымын  ұйымдастыру  мемлекет  монополиясы  болып  табылады.
Ұлттық  нарықта  айналымда  жүрген  ақша  мөлшерін  өзгерту  арқылы
мемлекет  ақша  жүйесінің  жұмыс  істеу  жағдайына  ықпал  етеді. Бұл
мəселедегі  маңызды  рөлді  Қазақстан  Ұлттық  Банкі  атқарады, ол  ақша
нарығының  күйіне  белсенді  ықпал  етуге  арналған  құралдардың  үлкен
жиынтығына  ие (есептік  мөлшерлемелер, құнды  қағаздармен  операциялар,
резервтер, əкімшілік шектеулер).
Адам құқығының кепілі болып табылатын мемлекет уақытша экономикалық
қиындықтарды  сезінетін, қоғамдағы  қарып  болған адамдардың  əлеуметтік
қорғалуының  қамын  ойлауға  міндетті. Бұл  үдерістің  қаржыландырылуын
қамтамасыз  етудің  негізгі  құралы — салық  заңнамасы. Мемлекет  тарапынан
салық  инспекциясы, Əлеуметтік  сақтандыру  қоры, Əлеуметтік  саясат  жөнінде
комитет жəне т.б. сияқты арнайы органдар құрылған.
Нарық  механизмдері  қоғамның  əрбір  мүшесінің  еңбек  ету  құқығын
автоматты  түрде  жүзеге  асырмайды. Сондықтан  жұмыссыздықпен  күрес
мемлекетке  жүктеледі. Мемлекет  жұмыспен  қамтылу, жұмыс  орындарынан
айрылған  адамдарды  материалдық  қамтамасыз  етудің  нақты  деңгейін  қолдау
мақсатында, еңбек нарығын реттеп отыруы тиіс. Мұндағы шешуші рөлді еңбек
заңнамасы мен оның орындалуын бақылайтын мемлекеттік ұйымдар атқарады.
Сонымен  қатар, салалық жəне антимонополиялық  саясат  экономикалық
саясаттың элементтері болып табылады.
Мемлекет ұжымдық  қолданыстағы  қызметтер  мен  тауарларға: ұлттық
қорғаныс, мемлекеттік  басқару, бірыңғай  энергетикалық  жүйе, ұлттық
коммуникация  желілері, қоғамдық  тəртіпті  сақтау, вакцинация  жəне  т.б.-ға
сұранысты қанағаттандыруда басты рөлді атқарады. Сонымен қатар, ол адам
қызметінің  коммерциялық  негізде  толық  көлемде  жүзеге  асырыла  алмайтын
салаларын да қолдайды (ғылым, білім, мəдениет, денсаулық сақтау жəне т.б.).
Ұлттық  нарықтардың  қалыпты  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ете  отырып,
мемлекет  сəйкес сыртқы  сауда  саясатын,  капитал  мен  жұмыс  күшінің
халықаралық  көші-қонына  бақылауды  жүзеге  асырады, валюталық  курстарға
ықпал етіп, төлем теңгерімдерін басқарады жəне т.б. Мемлекеттік органдардың
нарықтық  қатынастар  саласындағы  қызметінің  бірқатар  бағыттары 2.3-кестеде
көрсетілген.
Нарықтық  қатынастар  жүйесі  мемлекеттік  реттеуге  бірқатар  талап  қояды.
Бірінші 
кезектегісі 
мемлекеттің 
нарық 
элементтерінің 
ішкі 
өзара
байланыстарын  сиықсыздандыратын  немесе  бұзатын  кез  келген  əрекеттерінің
болдырылмауы. Мемлекет тарапынан бағаға əкімшілік бақылау орнатудан жəне
қолдағы бар қорларды табиғи бөлуден  аулақ болған жөн, себебі бұл əрекеттер
нарықтық  механизмнің  орталық  буындары – баға, сұраныс  жəне  ұсыныс
бойынша  соққы  жасайды. Мемлекетпен  қолданылатын  экономикалық


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау