27
ынталандырулар өзімен нарықтық ынталандырмаларды ауыстырмауы немесе
əлсіретпеуі тиіс.
Экономиканы реттеу үшін, мемлекет экономикалық та, əкімшілік те
əдістерді қолданады. Əкімшілік əдістерді қолдану тиімді болатын жəне нарық
механизміне қайшы келмейтін салалар да болады. Мысалы, монополиялық
нарықтарға қатал мемлекеттік бақылау, экологиялық қауіпсіздікке бақылау,
халық əл-ауқатының ең төмен параметрлерін (еңбекақы, жұмыссыздық
бойынша жəрдемақы жəне т.б. ең төмен кепілді деңгейі) қолдау, əлемдік
шаруашылық жүйесіндегі ұлттық мүдделерді қорғау (экспортты лицензиялау
жəне т.б.) өзін-өзі ақтайды.
Нарықты мемлекеттік реттеудің экономикалық жəне əкімшілік
əдістерінің өзара тығыз байланысын атап кеткен жөн, себебі кез келген
экономикалық реттеуіш өзінде əкімшілік ету элементтерін қамтиды, ал
əрбір əкімшілік реттеуіш құрамында экономикалық құрауышы болады.
Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің тиімді қамтамасыз етудің
маңызды факторы ретінде ұлттық экономиканы дамыту мүддесінде
нарыққа экономикалық жəне əкімшілік əдістердің əсерлерін ұтымды
үйлестіруді санаған жөн.
2.3-кесте
Нарықты мемлекеттік реттеу
Бағыттар
Іске асыру тəсілі
Ө н д і р і с т і т ұ р а қ т а н д ы р у
С а л ы қ ж ə н е и н в е с т и ц и я л ы қ
с а я с а т
Ө ң і р л е р д і ң э к о н о м и к а л ы қ д а м у
д е ң г е й л е р і н т е ң е с т і р у
Ө ң і р л і к э к о н о м и к а л ы қ
с а я с а т
М е м л е к е т т і к қ о л д а у
Д е м о н о п о л и з а ц и я с а я с а т ы
Б ə с е к е л е с т і к т е р
Ғ ы л ы м и - т е х н и к а л ы қ
ү д е р і с т і
қ а р ж ы л а н д ы р у .
Ə л е у м е т т і к м а ң ы з д ы с а л а л а р д ы
д о т а ц и я л а у
Х а л ы қ т ы ң
а с ы р а
м ү л і к т і к
с а р а л а н у ы н е ң с е р у
Ғ ы л ы м и - т е х н и к а л ы қ
м а қ с а т т ы
б а ғ д а р л а м а л а р д ы ж ү з е г е а с ы р у
И н в е с т и ц и я л ы қ с а я с а т
К і р і с с а я с а т ы
Х а л ы қ т ы ң ə л е у м е т т і к қ о р ғ а л у ы
К а п и т а л м е н ж ұ м ы с к ү ш і н і ң
х а л ы қ а р а л ы қ к ө ш і - қ о н ы н
б а қ ы л а у
А н т и м о н о п о л и я л ы қ с а я с а т
Ə л е у м е т т і к с а я с а т
С ы р т қ ы с а у д а с а я с а т ы
М о н о п о л и я л ы қ н а р ы қ т а р ғ а қ а т а л
м е м л е к е т т і к б а қ ы л а у
2.3 Кəсіпкерлік қызмет субъектілері жəне оның түрлері
Кəсіпкерлік экономикалық қызметтің неғұрлым белсенді түрлерінің бірі
болып табылады. Елбасының 2014ж. жолдауында, Қазақстанның - «Жеке
кəсіпкерлікті қорғау жəне қолдау туралы» 1995ж., 1996-1999жж.
28
толықтыруларында, «Жеке кəсіпкерлік туралы» 1997, 1999жж. «Шағын
кəсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы», сондай-ақ 1992-2004жж.
қабылданған «Шағын кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту мемлекеттік
бағдарламасы
туралы» заңнамалық
актілерінде
кəсіпкерліктің
ел
экономикасын дамытудағы рөліне үлкен мəн беріледі. Онда кəсіпкерлік
(кəсіпкерлік қызмет) — бұл азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда
түсіруге бағытталған, өз қауіп-қатері мен мүліктік жауапкершілігімен
жүзеге асырылатын бастамалы дербес қызметі екендігі көрсетілген.
Кəсіпкер заңмен тыйым салынбаған жағдайда, барлық қызмет түрлерімен
айналыса алады, соның ішінде шаруашылық өндірістік, сауда-саттық,
инновациялық, консультациялық жəне басқа да коммерциялық делдалдық
қызметтер, сондай-ақ құнды қағаздармен операциялар.
Кəсіпкерліктің
субъектілері бола алады:
• өз қызметінде заңмен белгіленген тəртіпте шектелмеген Қазақстан
жəне басқа да мемлекеттердің азаматтары;
• шетел мемлекеттерінің азаматтары жəне азаматтығы жоқ тұлғалар
заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде;
• азаматтардың бірлестіктері (серіктестері).
Кəсіпкердің заңды тұлға ретіндегі мəртебесі кəсіпорынды мемлекеттік
тіркеу арқылы алынады. Кəсіпкерлік қызмет жалданбалы еңбекті қолданбастан
жүргізілген жағдайда, ол жеке еңбек қызметі ретінде, ал жалданбалы еңбек
қатыстырылған жағдайда – кəсіпорын түрінде тіркеледі. Бұдан кəсіпкерлік
қызмет қандай да бір меншік түрімен байланысты еместігі жəне келесілермен
жүзеге асырылатындығы анықталады:
• өндіріс құралдарының иесінің өзімен өз қауіп-қатерімен жəне өз
мүліктік жауапкершілігімен;
•
меншік иесінің атынан кəсіпорын басшысымен жəне т.б. Мұндай
жеке меншікке иелік ету шектері тараптардың өзара міндеттерін анықтайтын
келісімшартпен (шартпен) реттеледі. Бұл шартта мүлікті пайдалану жəне
жеке қызмет түрлерін іске асырудағы құқықтардың шектелуі, тараптардың
өзара қаржылық қатынастары мен материалдық жауапкершіліктерінің тəртібі
мен шарттары, шартты бұзудың негіздері мен шарттары көрсетіледі.
Қызмет
мазмұнына
байланысты,
кəсіпкерліктің
келесі
түрлері
ажыратылады :
• өндірістік;
• коммерциялық;
• қаржы;
• делдалдық;
• сақтандыру.
Əрбір түрдің өз спецификасы, өз ерекшеліктері, демек, өз технологиясы
болады. Кəсіпкерлік қызметтің салыстырмалы дербес түрлері бола тұра, олар
өзара тығыз байланысқан жəне бір-бірін толықтырады, жəне қызметтің бір түрі
екіншісінде қамтылуы мүмкін.
29
Өндірістік кəсіпкерлікке кейін тұтынушыларға сатылуы тиіс өнімдерді
өндіруге, жұмыстарды өткізіп, қызмет көрсетуге, ақпараттарды жинау, өңдеу
жəне ұсынуға бағытталған қызмет. Кəсіпкерліктің бұл түріндегі өндіру қызметі
негізгі болып табылады. Өндірістік кəсіпкерлікті қалыптастырудың бастапқы
элементі – негізгі қызмет саласын таңдау, бұл алдын ала маркетингіні өткізуді
болжайды, яғни ұсынылатын тауар немесе қызметтің тұтынушыға қаншалықты
қажет екендігін, оған сұраныстың тұрақты болуын, болашақта даму көлемі мен
үрдісін, тауардың мүмкін сатылу бағасын, өндіру жəне өткізу шығындарын,
болжамды сату көлемдерін анықтау керек.
Өндірістік-кəсіпкерлік қызметтің нəтижесі — сатылуы тиіс өнімнің
өндірілуі. Оны өткізу бойынша іс-шаралар кəсіпкерлік технологиясының
ақырғы кезеңі болып табылады. Өндірістік кəсіпкерлік кəсіпкерліктің ең қиын,
бірақ ең маңызды түрі болып саналады. Өндірістік қызмет кəсіпорын (фирма)
табыстылығының əдетте 10-12%-ын қамтамасыз етеді.
Коммерциялық кəсіпкерліктің мəнін тауарлық-ақшалай қатынастар, сауда-
айырбастау операциялары, яғни тауарлар мен қызметтерді алып-сату құрайды.
Өндірістік-кəсіпкерлік қызметпен салыстырғанда, мұнда өнім шығару үшін
бизнесті өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажеттілігі болмайды.
Технологияның бірінші кезеңі – нені жəне қашан сату, сатып алу қажет
екендігін таңдау. Бұл мəселелерді шешуде ең алдымен тауарды сату бағасы
сатып алу бағасынан едəуір жоғары болуы қажет екендігін; белгіленген
ауқымдағы мəмілені өткізу үшін, ұсынылатын тауарға сұраныс жеткілікті
болуы тиіс екендігін негізге алу керек.
Коммерциялық кəсіпкерлік технологиясының екінші кезеңін бірқатар
тауарлар мен қызметтер нарығын талдауға жəне нарық конъюнктурасының
болжамды бағасын шығаруға бағытталған (қандай тауарлар мен қызметтердің
ең көп сұранысқа ие болатындығын, сатып алу жəне өткізу бағаларының қандай
болатындығын талдау). Қазіргі кезде көптеген бизнесмендер басым бөлігінде
коммерциямен айналысқанды ұнатады. Коммерциялық мəміле таза пайда
шығынның кемінде 20-30%-ын құраған жағдайда мақсатқа лайық болып
саналады.
Қаржы кəсіпкерлігі коммерциялық кəсіпкерліктің бір түрі болып табылады,
себебі мұнда сату-сатып алу объекті ретінде өзіндік тауар — ақша, валюта,
құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, ваучерлер жəне т.б.)
қарастырылады. Қаржылық кəсіпкерлік мəміле жасау технологиясы
коммерциялық мəміле технологиясына ұқсас, бір ғана айырмашылығы –
мұндағы тауар ретінде қаржы активтері қолданылады. Осы бизнес түрін
бастайтын кəсіпкер қаржы операцияларын құнды қағаз нарығы мен
маркетингілік қызметті талдаудан бастайды. Соңғысы ақша, валюта, құнды
қағаздардың əлеуетті сатып алушыларын іздеумен жəне оларды қатыстырумен
байланысты. Мəміле ұзақтығы бір жылдан кем болғанда, таза пайда кемінде 5%
жəне ұзақмерзімді мəмілелер үшін 10-15% құраған жағдайда қаржы мəмілесі
мақсатқа лайық болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |