Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет13/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85

38
жаппай  шығарылуы  басталып  кетуі  мүмкін. Пайыздық  тəуекелді  бекітілген
деңгеймен  салыстырғанда  орташа  нарықтық  пайыздың  ағымдағы  төмендеуі
барысында  пайызы  бекітілген  орташа  мерзімді  жəне  ұзақмерзімді  құнды
қағаздарды  айналымға  шығаратын  эмитент  көтереді. Басқаша  айтқанда,
эмитент нарықтан неғұрлым төмен пайызбен қаражаттарды қатыстыра алар еді,
бірақ ол құнды қағаздардың шығарылымымен байлаулы болады.
Биржалық  тəуекелдер биржалық  мəмілелерден  шығын  көру  тəуекелін
білдіреді. Бұл тəуекелдерге коммерциялық мəмілелер бойынша  төлем жасамау
тəуекелі, брокерлік  фирмаға  комиссиялық  сыйақы  төлемеу  қайпі  жəне  т.б.
жатқызылады.
Селективтік  тəуекелдер (лат. selektio — таңдау, іріктеу) — бұл
инвестициялық  портфельді  қалыптастыру  барысында  инвестициялауға
арналған капиталды, құнды қағаздарды салу түрін дұрыс таңдамау тəуекелі.
Банкроттылық тəуекелі кəсіпкердің  өз  капиталынан  толық  айрылу қаупін
жəне  өзіне  қабылдап  алған  міндеттемелер  бойынша  есептесуге  қабілетсіздігін
білдіреді. Кез келген капиталды инвестициялау барысында əрқашан өз тəуекелі
болады.
Портфельдік  тəуекелдерге  қатысты  ажыратылады: 1) кəсіпорынға
байланысты емес  себептер  бойынша  пайда  болатын жəне  кəсіпорын  оған  əсер
ете  алмайтын жүйелі (нарықтық) тəуекел; 2) элементтің  ерекшеліктеріне
байланысты жəне құнды қағаздар портфеліне олардың алуан түрін қосу арқылы
жойылуы мүмкін жүйелі емес (өзіндік) тəуекелЖалпы тəуекел тəуекелдің екі
түрін  де  қамтиды. Дегенмен  егер  өзіндік  тəуекелді  болдырмауға  болса,
нарықтық тəуекел əрқашан болады.
2.7. Тəуекелдерді басқару жəне оларды бағалау əдістері
Тəуекелдерді  басқару  қандай  да  тəуекел  түрінің  пайда  болуының  алдын
алуды, оның  құнын  анықтауды, шығынды  болдырмауға  немесе  азайтуға
мүмкіндік  беретін  ескерту  шараларының  өткізілуін  білдіреді. Кəсіпорын  өз
қызметін  жүзеге  асыру  барысында  тəуелді  болатын  тəуекелдің  шынайы
мүмкіндігі  мен  бағасына  дұрыс  баға  беру  тəуекелдерді  басқару  жүйесінің
маңызды  сəті  болып  табылады. Тəуекел  құны ретінде  кəсіпорын  үшін  нақты
шығындарды, оларды  азайту  жəне  орнын  толтыру  бойынша  шығындарды
ұғыну  қажет. Тəуекел  құнының  негізгі  үш  элементі  ажыратылады: Дегенмен
оперативті талдаудың нəтижелері ескерту шараларының əзірленуін қамтамасыз
етпейді, себебі  озық  бейнелеу  қасиетіне  ие  емес. Бұл  тек  жоспарды  əзірлеу
барысында өткізілетін перспективті талдау шеңберінде ғана мүмкін.
Ескерту  шаралары  арасында сақтандыру — қаражаттарынан  шығын  орны
толтырылатын ақшалай қорды құру бойынша іс-шаралар жүйесі маңызды орын
алады. Мүліктік, жеке  сақтандыруды  жəне  үшінші  тұлғалар  алдындағы
жауапкершілікті  сақтандыруды  ажыратады. Сақтандырудың  барлық  түрлері
бойынша  шығындар  өнімнің  өзіндік  құнына  кіргізіледі. Мүмкін  тəуекелден
болатын  шығындардың  азаюына  кəсіпорынның  өзін-өзі  сақтандыруы –


39
кəсіпорында  қаражаттары  шығын  орнын  толтыру  үшін  қолданылатын  тəуекел
қорын құру да септігін тигізеді.
Кəсіпкерлік тəуекелді сандық бағалау үшін əдістердің екі тобы қолданылуы
мүмкін. Б і р і н ш і   т о п   построена  теориялық  ережелер  мен  логикалық
пікірлер  негізіндегі  нақты  шешімдердің  нəтижелеріне  қойылатын  талаптарға
негізделетін априорлық (алдын ала) тұжырымдардан құралады. Е к і н ш і   т о п
эмпирикалық  тұжырымдарға  негізделген, бұл  жағдайда  күтілетін  тəуекелді
анықтаған  кезде, бұрынғы  тəжірибе, құбылыстар  мен  факторлар  негізінде
үлгілеу  жəне  экстраполяция  қолданылады. Дегенмен  əдістердің  бөлінуі
біршама  шартты  түрде  болады, себебі  іс  жүзінде  олардың  барлығы  өзара
байланыста болып, бір-бірін толықтырады. Бұл көптеген жағдайларда олардың
ешқайсысы бағалаудың растылығы мен  дəлдігінің қажетті деңгейін өз бетімен
қамтамасыз ете алмайтындығынан шығады. Үйлестіре қолданылған кезде, олар
өте  тиімді  болып  шығады: бір  əдістің  артықшылықтары  екіншісінің
кемшіліктерінің орнын толтырады.
Кəсіпкерлік  тəуекелді  өлшеу  əдістерінің  бірінші  тобының  негізінде
зерттелетін  құбылыстардың  өзара  байланыстарын  ескеру  арқылы  даму
логикасын  көрсететін  толығымен  немесе  ішінара  формалдандырылған
шаралардың  көмегімен  қандай  да  бір  жағдайларды  көрсету  əрекеті  жатады.
Оларды  пайдалану  зерттелетін  үдерістер  арасындағы  өзара  байланыстардың
мүмкін  сипаты  туралы  тұжырымдарды  ұсынуды, құбылыстардың  даму
логикасын 
тікелей 
көрсететін 
математикалық  заң 
түрінде 
немесе
қарастырылатын құбылыстардың дамуын жəне бар ақпарат негізінде үлгілердің
құрылуын  сандық  түрде  бейнелейтін  ережелер  жиынтығы  түрінде
формалдауды  болжайды. Үдерістердің  əсер  ету  механизмі  анықталмаған
жағдайларда, адам-машина  имитациялық  жүйесімен  жүзеге  асырылатын
имитациялық үлгілеу əдістері қолданылуы мүмкін.
Тəуекелді бағалау жəне өлшеу практикасында сараптамалық, статистикалық
жəне есептік-талдау  əдістері  кеңінен  таралған. Сараптамалық  əдістер  мүмкін
кəсіпкерлік  тəуекелдерді  анықтауға  жəне  оларды  бағалау  барысындағы
белгісіздікті  азайтуға  бағытталады. Олардың  қатарына «ақылмандар  сарабы»
əдісі, Дельфи  əдісі, деректерді  орташаландыру, эвристикалық  болжамдау,
априорлық саралау əдістері жəне т.б. жатқызылады.
Талдау  жəне  болжаудың статистикалық  əдістері  қажетті  ақпарат
белгілі  уақыт  аралығында  зерттелетін  құбылыстардың  жағдайы  туралы
нақты  деректерді  өңдеу  жəне  талдау  негізінде  алынатын  жағдайда
қолданылады. Мысалы, егер 100 сақтандырылған  жағдайға  нақты  уақыт
аралығында 5 сақтандыру  оқиғасы  орын  алған  болса, бұл  оқиғаның  орын  алу
мүмкіндігі 5%-ға  бағаланады. Жəне  есепке  алынатын  уақыт  аралығы  ұзағырақ
болған сайын, болжам да дəлірек болады. Осы əдістердің көмегімен қандай да
шығындардың  болу  тəуекелін  шарттаған  неғұрлым  маңызды  факторларды
анықтау  міндеттері  де  шешіледі. Осы  орайда  келесі  ұғымдарды  пайдалануға
негізделген экономикалық үлгілеу əдістері үлкен мүмкіндіктер береді:


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау