40
• ықтималдылық деңгейі — қандай да бір нəтиженің берілген шектермен
шектелген аралыққа түсу мүмкіндігі;
• кез келген ақырғы нəтижені бағалаудың тұрлаусыздық деңгейі —
кездейсоқ
факторларға байланысты болады;
• шешім қабылдау нəтижесі — факторлардың нақты мəндері мен таңдамалы
бақылаулар
жиынтығы көлеміне байланысты;
• тəуекелді қабылдау — қолайсыз жағдайлардың жəне сонымен байланысты
шығындардың немесе олардың жағымсыз тоғысуының жəне қосымша
пайда түсуінің орын алу мүмкіндігін ескеру.
Есептік-аналитикалық əдістер математикалық тəсілдерге негізделеді.
Тəуекелді сандық бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады.
1.
Күтілетін табыстылық;
2.
Нұсқалылық (дисперсия) көрсеткіші (SD
2
) мүмкін нəтижелердің жоба
бойынша неғұрлым ықтимал мəндерінен алшақтылығының дəрежесін
сипаттайды.
3.
Орташа шаршылық ауытқу (стандартты) (SD) əрбір орташа нұсқаның
(жобаның) орташа шамадан қаншалықты ерекшеленетіндігін көрсетеді жəне
инвестициялар бойынша тəуекелдің
абсолюттік шамасын сипаттайды;
4.
Нұсқалылық коэффициенті салыстырмалы табыстылық шамасын
көрсетіп, күтілетін табыс бірлігіне тəуекелді сипаттайды. Нұсқалылық
коэффициенті жоғары болған сайын, нəтиже бірлігіне тəуекел де жоғарырақ
болады. Статистикалық шешімдер теориясындағы тəуекелді ескеру үшін, нақты
жағдайда таңдалатын шешімнің қолайлығы мен тиімділігін сипаттайтын
тəуекел көрсеткіші оның тұрлаусыздық дəрежесінің ескерілуімен қолданылады.
Тəуекел дəл деректер болған жағдайдағы (материалдық қорлармен қамтамасыз
етілу жəне т.б.) күтілетін əрекет нəтижесі мен аталған деректер анықталмаған
кезде қол жеткізілетін нəтиже арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
2.8 Тəуекелді азайту тəсілдері
Тəуекелдерді басқару жүйесінің маңызды элементі оларды азайту бойынша
шараларды əзірлеу болып табылады. Компанияның тəуекелдерін азайту
бойынша келесідей іс-шаралар ажыратылады:
• нормативтік əдіс;
• сақтандыру (резервтік) қорларды құру;
• тəуекелді сақтандыру;
• пайыздық тəуекелді сақтандыру;
• хеджерлеу;
• əртараптандыру.
Нормативтік əдіс — бұл нақты əрекеттерді өткізуге нақты нормативтер,
лимиттер, шектеулер орнату, атап айтқанда: өнім шығарудың шекті көлемін,
өнімді несиеге беріп тиеудің шекті көлемін (тұтынушылардың қаржылық
жағдайын ескере отырып), несиелік қаражаттарды қатыстыруға шектеулер,
нақты қызмет саласындағы инвестициялар көлеміне шектеулер (нақты
42
3. БӨЛІМ. КƏСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ƏДІСІ
МЕН ТƏСІЛДЕРІ
3.1
Б
асқару ғылымының
объектісі
Басқару гылымы экономикалық-үйымдастырушылық гылымға қатысты,
өйткені ол өндірісті басқару жэне түтас экономика процесінде адамдардың
қарымкатынасын, байланысын зерделейді.
Адамдардың қоғамдасып тіршілік етуі үшін материалдык өндіріс қажет, ал
осы өндіріске қатысты қарым-катынас адамдардың қогамдық түрмысын
(болмысын) анықтап береді. Қоғамдық өндірістің ішкі шеңберінде тікелей
өндіріс шешуші мэнге ие, «Өндіріс - түтыну үшін тек затты ғана өндіріп
қоймай, оның түтынудагы анықтамасын, сипатын, аяқталуын береді» (К.
Маркс). Онда болатын процестер мен оларды басқару осы ғылымньщ объектісі
болып табылады.
Басқару гылымының мазмүны біріккен еңбекті
басқару қажеттілігінен пайда
болатын ерекше міндетті іс (функция) ретінде басқарудың мэні арқылы
анықталады. Өндіріс пен барлық экономиканы біліктілікпен басқаруды қажет
ететін біріккен
еңбек саласы, жеке адамдардың кооператив
ретінде қарастыруға
болады. К. Маркс басқару ісіне қатысты былай деп жазған: «...жеке
орындаудағы скрипкашы ешкімнің сүйемелдеуінсіз өзі-ақ ойнай алады, ал
оркестрге дирижер керек».
Өндіріс пен оның адамдарды басқару процесіне адамдардың бір-біріне
белгілі бір қарым-қатынасы жатады. Сондықтан да басқаруды оқып-білу - бұл
ең алдымен ендіріс процесіне белгілі бір мақсатпен ықпал ету барысындағы
адамдардың өзара қарым-қатынасын зерделеу, басқару қатынастарын
қалыптастыратын заңдарды анықтау болып табылады. Осының негізінде
басқару қызметінің принциптері, оларды жүзеге асырудың формалары мен
тэсілдсрі белгіленеді.
Басқару ғылымы эр түрлі халық шаруашылығы буындарына қатысты
басқару процестерін зерттейді: оның алғашқы эрі ең шешушісіне
микродеңгей
жатады. Кэсіпорынды, жеке өндіріс түрін, былайша айтқанда, түпкі есебінде
қоғамның экономикаылык бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық
құндылыктарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып та-
былады. Осыған карай басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің
басты назарында үстайтын объектісі болуы керек.
Кэсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалык байланыстар мен
қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың
ғылыми сипатында кэсіпорын халық шаруашылыгының біртүтас жүйесін
құрайтын қоғамдық, баска да өндірістік жэне түтынушы ұяшықтарымен бірге
карастырылады.
Баскарудың бір объектісі -
мезодеңгей. Мүнда басқару пэндеріне өндіріс
үйымының, технологияның эр түрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар
салалар, аймақтар жатады. Аймақтарга олардың экономикалык дамуының