210
211
суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгерімдері төмендеріне нақты
сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту
үдерісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін
оқу-тəрбие жұмысында бастауыш сынып мұғалімі өзіне лайық əдіс
енгізеді.
Өзіндік əдісті жүзеге асыруда мына мəселелер көзделеді:
бастауыш сынып оқушыларының жеке ерекшеліктерін
зерттеп, типтік топтарға бөлу;
бастауыш мектептің оқу үдерісінің барлық сатыларында əр
түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тəрбиелеу жəне дамытудың
əдістемелігін жасау;
əр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың
жүйесін құру;
білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.
Бастауыш мектепте деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану
Деңгейлеп-саралап оқытудың негізінде сабақтың əр түрлі
кезеңдерінде оқушылардың оқу əрекетіне қойылатын келесі талаптар
анықталады:
Сабақтың схемасы. Жаңа материалды түсіндіру.
I кезең. Өткенді қайталау.
Əр түрлі қиындықтарға байланысты оқушылардың өзіндік
жұмысы.
Бірінші топ: тапсырманы түсінуде, талап ететін өзіндік
шығармашыл жұмысты орындайды; 2-ші жəне 3-ші топтардың
жұмыстарын бақылайды, қиыншылық туған жағдайда оларға
көмекке келеді; 2-ші жəне 3-ші топтар үшін қайталанған материал
бойынша қорытынды жеке тапсырмалар жасайды.
Екінші топ: өткен сабақта 1-ші топ оқушыларының дайындаған
тірек схемаларының ережелерін жасайды, үлгі бойынша жұмыс
жасайды; жаңа материалды меңгеруге қажетті ережелерді қайталай
отырып, 3-ші топ оқушыларының үй тапсырмаларын тексереді.
Үшінші топ: жатталған ережені тəжірибеде қолданады, алдыңғы
сабақта 1-ші жəне 2-ші топ оқушылары жұмыс істеген тірек
схемалары бойынша өз бетімен жұмыс істейді, жаңа материалды
түсіндіру үшін материалды қайталайды.
II кезең. Жаңа білімді тəжірибеде қолдану əдісіне байланысты
барлық топ оқушыларына мұғалімнің материалды фронталды
түсіндіруі (барлық топ жұмыс істейді).
III кезең. Барлық топ оқушыларының білімді меңгеру сапасын
анықтау жəне меңгерген материалды тəжірибеде қолдана білуі.
Бірінші топ: білімін кеңейту жəне тереңдетуде өзіндік жұмысы,
оқушылар өздерінің уақыты мен күшін керексіз қайталауға жұмсамау
керек.
Екінші жəне үшінші топ: тірек схемаларын қолданып, негізгі
сұрақтар бойынша жаңа материалды екінші рет түсіндіру.
Екінші топ: тірек схемасы жəне үлгі бойынша өзіндік жұмысы.
Үшінші топ: жаңа материалды түсіндіруі бойынша түзету:
1) оқулық бойынша теориялық жағдайы; 2) оқу жұмысының
дағдыларын меңгеру мақсатында мұғалімнің жетекшілігімен
тақырыптық жаттықтыру жаттығулары.
IV кезең. Өзіндік жұмысты орындаудың нəтижесін тексеру
үшінші топтан басталады, сосын екінші бірінші топпен аяқталады.
Жаңа тақырыпқа байланысты өзіндік тапсырманы үшінші топ екі
рет тыңдайды, бірінші топтың өзіндік жұмысының орындалуын
екінші жəне үшінші топ тыңдайды.
V кезең. Барлық топқа арналған бірдей өзіндік жұмыс. Сосын
барлық топқа қосымша тапсырмалар беріледі (əр түрлі күрделілігіне
байланысты).
VI кезең. Үй тапсырмасы екі түрлі болады: күрделілігі жəне
мазмұны бойынша əр түрлі, күрделілігі бойынша немесе мазмұны
бойынша əр түрлі.
Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға жəне жұмысқа
деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының
неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін
түсінеміз. Бұл белгі бойынша бастауыш сынып оқушылары оқуға
қабілеті жоғары, орташа жəне төмен деп үш топқа бөлуге болады.
Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес.
Сондықтан сабақ кезінде əрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың
түрін таңдап, сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы.
Сондықтан сынып оқушыларының жеке бас ерекшелігін жəне
жалпы ой-өрістерінің даму деңгейін анықтау үшін Р.Аметхауердің
интеллектік құрылымға арналған тестілердің əдістері негізінде
педагогикалық-психологиялық тест жүргізген пайдалы. Бұл тест
төрт топтан тұрады:
1-тест. Сынаушыдағы мəнді, маңызды заттар мен құбылыс-
тарды екінші дəрежелі маңызсыз заттар мен құбылыстардан жіктеп
алу.
212
213
2-тест. Бұл бесінші артық деп алып тастайтын сөздік вариант-
тар түрінде құрылған тапсырмалардан тұрады. Осы əдіс арқылы
зерттеулерден алынған нəтижелер тексерілушінің жалпылау немесе
жекешелеу операцияларын іріктеу мүмкіндіктерін көрсетеді.
3-тест. Мұндай тапсырмада аналог бойынша ой қорыту.
Бұларды орындау үшін тексерілушіге логикалық байланысты жəне
түсініктер арасындаға қатынастықты таба білу керек.
4-тест. Бұл жалпылай білу мүмкіндігіне бағытталған. Оқушы
тест тапсырмасына кірген қос ортақ біріктіретін түсінікті айта білуі
тиіс.
Бұл алынған тестер нəтижесінде оқушылардың ойлау
қабілеттерінің даму деңгейі белгілі ұпайлар арқылы анықталып,
жоғары, орта, төменгі деңгей болып үш топқа бөлінеді. Мұның
нəтижесінде оқушылардың ойларының ұшқырлығы, таным
қабілеттерінің жоғарылылығы байқалады. Ал келесі тапсырма оқу
бағдарламасы бойынша құралды, яғни білім сапасының көрсеткіші
анықталды.
Күнделікті сабақ жоспарын жазуда сынып оқушыларының
ерекшелігін ескере отырып, берілген оқу материалдарының ауыр,
жеңілдігіне қарай топтап түрлендіру керек. Өйткені оқушы өз
мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті.
Бірыңғай тапсырмалар оқушыны жалықтырып жіберуі де мүмкін.
Сондықтан оқушыны жалықтырмай, оған қажеттілік туғызатындай
тапсырманы деңгейіне қарай саралап күрделендіріп отыруға болады.
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың жеке басының
ерекшелігін ескере отырып, танымдық белсенділігін арттыру,
оқытудың жаңа əдіс-тəсілдерін қолдану арқылы баланың дүниеге
өзіндік көзқарасын қалыптастыруға жол ашу, оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұмыс істеуі
керек. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру мақсатында əр түрлі
шығармашылық іс-əрекетті ұйымдастыру, мысалға: көріністі сурет
бойынша, тірек сөздер арқылы, жоспар бойынша мазмұндама,
шығарма жазу, мəтінді өңдеу, ертегі құрау, мəтіндегі берілген
əңгіме басы, ортасы немесе соңы бойынша əңгіме құрау, мəтінді
жалғастыру, т.б. тапсырмалар беруге болады. Мұндай жұмыстарды
да топтардың ерекшелігіне сəйкес ыңғайлау қажет. Жұптық əдіс
арқылы мықты мен əлсіз оқушы бірге отырып, жұмысты орындауы
керек. Мұнда əлсіз оқушы өзіне деген сенімсіздіктен арылып,
мықтысы өзінің қабілеті мен икемділігін одан əрі бекітеді. Мысалы,
өлең мазмұнын əңгімелеп беруде немесе жазуда оқушы ерекшелігі
ескеріледі. Бірінші топ өлең мазмұнын əңгімелеп жазып берсе,
екінші топ ондағы тірек сөздер бойынша сөйлем құрайды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің
белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз
білімін жаңа əдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып мұғалімі əрдайым оқушы білімі мен оның
жетістіктерін, кемшіліктерін, олардың себептерін анықтап, өз
жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.
Сонымен қатар деңгейлеп-саралап оқыту барысында бастауыш
сынып оқушылары да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен
жіберген кемшіліктері туралы мəліметтер алып, өз еңбегіне талдау
жасайды. Ең бастысы, бастауыш сынып оқушылары оқудан
лəззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға
дағдыланады.
Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан
кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады.
Мəселен, 3-сыныпта қазақ тілі сабағынан «Зат есім» тақырыбын
алайық. Бұрынғы дəстүрлі сабағымызда зат есім дегеніміз не, оның
сұрақтары қандай, оның дара, күрделі түрі бар екеніне, жасалуына,
деректі, дерексіз түріне мысал келтіріп, анықтамасын өзіміз айтып
түсіндіретін едік. Оқушылар бейжай отырып тыңдайды. Содан
соң кітаптағы жаттығуларды орындатумен шектелеміз. Қабілеті
мол, шапшаң, дарынды балалар оны тез орындайды да əрі қарай
бос отырады, ал үлгерімі төмен балалар кейбір жаттығуды жасап,
кейбіріне шамасы жетпей отырады. Мұғалім қабылдауы тез,
дарынды оқушыға əрі қарай іздендіретін, ойландыратын жұмыс
беріп талпындыру жағдайын қарастырмайды. Ал профессор
Ж.Қараев технологиясында Л.Выготскийдің «Оқыту үдерісінде
оқушының ақыл-ойының дамуы», «өзекті даму аймағынан», «жақын
арадағы даму аймағына ауысуы» туралы теориясы басты негізге
алынған. Мұнда, ең алдымен, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты
меңгеруіне қолайлы жəне қызықты тапсырмалар беріледі. Олар
«сұрақ-жауап» диалогы түрінде беріліп, оқушылардың дербестік
қалпы мен танымдық іс-əрекетін дамытуға бағытталған. Бұл
оқушыларды жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді
өздігінен қорытуға жəне анықтамаларды қарастыруға жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |