202
203
баға беру ғана емес, қайта олардың үйрену белсенділігін жоғарылату
құралына айналдырады.
Бұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға қысым түсіру емес,
қайта, табысқа жетудің шаттығын сыйлайды.
5. «Игеріп оқу» теориясы оқушылардың үйрену барысындағы
жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, əсіресе оқуда нашар
оқушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дəмін татуға
көмектесуге ерекше мəн береді.
Нысаналы оқыту барысы
1. Байқап көру жəне толықтау барысы. «Байқап көру» дегеніміз
оқушылардың жаңа білімді үйренуге қажетті даярлық білімін
тексеріп көру деген сөз. Толықтау дегеніміз – байқап көру негізінде
анықталған кемшіліктерді түрлі формалармен (оқулықты оқыту,
өзара пікір алмасу, түсінік беру) толықтыру барысын көрсетеді.
Оқыту мазмұны жалғастылыққа ие болатыны белгілі. Жаңа
білімді үйрену оқып кеткен білім негізінде, оқушының тырысып
үйренуі арқылы орындалады, басқаша айтқанда, белгілі бір жаңа
білімді игеру үшін, сөзсіз даярлық шарты болуға тиісті.
Блумның көзқарасы бойынша, оқушының игерген білімі
оның жаңа үйренуіне 50% (пайыздық) ықпал жасайды. Міне, бұл
оқушының үйрену нысанасына жету-жетпеуі оның алған біліміне
байланысты екенін көрсетеді.
2. Нысананы көрсетіп түсінік қалыптастыру. Нысаналы
оқытудың ең басты ерекшелігі оқыту нысанасын белгілеп, оны
оқыту мазмұнының темірқазығына айналдыру.
Жаңа сабақтың нысанасы оқушыға айқын болғаннан кейін бүкіл
бір сағаттық оқу қимылы сол темірқазықтың төңірегінде өрбиді.
Оқыту нысанасы мұғалім мен оқушының оқыту жəне оқу
қимылының əрі шығар жері, əрі тиянақтар жері болады.
Мұғалім мен оқушыда ортақ нысанаға жету сезімі болғандықтан,
сыныптағы оқыту үйлесімді де саналы түрде реттеліп, оқыту мен
оқу өзара сəйкестік табады.
Оқыту нысанасы жаңа сабақты бастаған кезде немесе оқыту
барысында жеке-жеке көрсетілуі қажет.
Нысананы қосымша тақтаға алдын ала жазып əкеліп көрсетуге
де, сабақ үстінде жазып көрсетуге де немесе бейнемагнитофон, ко-
доскоп арқылы көрсетуге де болады. Нысананы көрсету уақыты
əдетте 1-2 минуттан аспауы керек.
3. Нысанаға жету. Жаңа сабақ өткізу – сынып оқытуының ең
өзекті мəселесі. Ол алдын ала жоспарланады да, нысанаға мұғалім
мен оқушы болып ортақ қимыл арқылы қол жеткізеді. Бүған əдетте
19-20 минуттай уақыт кетеді.
Нысаналы оқытуда нысана белгілеу, бағыттау жəне бағалау
сынды барыстар бүкіл оқыту кимылының негізі болады. Сондықтан
мұғалім оқыту барысында саналы түрде оқушыларды нысанаға
карай жетектеп, нысана төңірегінде үйренуді ұйымдастыру арқылы
нысанаға жету үшін белсенді түрде ортақ қимылдауы қажет. Бұл
нысаналы оқытудың дəстүрлі оқытудан басты айырмашылығы
болып табылады.
Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі – кері байланыс пен
толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан аяқ қайталанып
отыруы. Кері байланыс пен толықтыру сəтті жүргізілсе, оқыту
барысында жасалған əрбір қадамның нəтижелілігін тексеріп, мұғалім
мен оқушының уақытын үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады.
Сондықтан кері байланыс пен толықтыру оқыту барысын
меңгеру мен үздіктендірудің маңызды құралы болып саналады.
Оқыту нысанасының нақты мазмұнына жету мəселесіне келетін
болсақ, оған жаңа сабақ өту барысында əр түрлі оқыту формаларын
пайдаланып жетуге болады. Мысалы, «түсіну» мазмұнында
оқушыларға оқуға тиісті мазмұнды көрсету, оқыту, түсіндіру арқылы
«түсіну» нысанасына жетуге болады; «есте сақтау» мазмұнында
оқушыларға лайықты уақыт бөліп оқытып, одан соң сұрақ қойып
жауап алу арқылы «есте сақтау» нысанасына жетуге болады;
«игеру» мазмұнында оқушы түсінігін қиындық туғызатын мазмұнды
мұғалім бір жағынан түсіндіріп, бір жағынан талқылап, жинақтап,
қорытындылау формаларымен нысанаға жетуге болады; «қолдану,
талдау жəне жинақтау» нысанасына оқушыларға нақты сұрақтар
қою, жаттығулар мен есептер беру арқылы жетуге болады.
4. Оқушы өзінің алған білімін мұғалім көрсеткен нысанаға
салыстыру арқылы жүйелеп есте сақтайды.
Мұғалім бұл барыста оқушының ұғымды түсінуіне, қателескен
жерін түзеуіне көмектеседі жəне оқулықтың қай бөлігін тиянақтап
оқу керектігін, қосымша қандай материал қарау керектігін көрсетеді.
Əдетте бұған минуттай уақыт беріледі.
204
205
5. Нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру. Оқушылардың
нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру үшін мұғалім əр түрлі сұрақтар
қойып, жауап алу немесе сынақ жүргізуі, егер олқылықтар байқалса,
толықтырулар жасауы қажет. Əдетте бұған 5 минуттай уақыт кетеді.
Тапсырма беру. Берілетін тапсырма оқушылардың осы сабақтан
алғаш білімін бекітумен бірге, келесі сабаққа тікелей көмегі тиетін,
даярлық негізіндегі тапсырмалар болу керек. Бұған əдетте 1-2
минуттай уақыт ажыратылады.
Қорыта келгенде, «Нысаналы оқыту технологиясы» қазіргі
заманғы оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп
үйрену жəне өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жақсы үйлеседі.
Бұл оқыту технологиясының дəстүрлі оқытудан басты ерекшелігі де,
басты айырмашылығы да осында.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Нысаналап оқыту технологиясын сипаттаңыз.
2. Блумның «Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы
мен «Игеріп оқу» теориясына қыскаша шолу жасаңыз.
3. Нысана түрлерін сипаттаңыз.
4. Нысаналы оқыту əдістемесін саралаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары.
Алматы, 2005.
2. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
3. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту
құралдары. – Алматы, 2007.
4. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
5. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д.
Ушинского, 2002.
6, Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
7. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990.
12.3. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
(Ж. Қараев)
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан
бастап мектептің барлық сатысына, барлық пəндерге еніп, оқу
үдерісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту техноло-
гиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып,
іздену іс-əрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда
бірінші орында оқушы тұрады жəне өз бетімен білім алудағы
белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш
деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз»
деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастық қарым-қатынас
достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға əділдігіне;
- білім көрсетудің əділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нəтиже.
Қоғам талабы да – нəтижелі оқушы даярлауда болып отыр.
Деңгейлеп оқыту түрлері. Қараевтің деңгейлеп, саралап оқыту
технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім
негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың
алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне жəне оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен
қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша əдебиет-
терді қолдана отырып жауап береді.
4) шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығарма-
шылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық
ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту əр оқушының
белсенділігін оятады.
Достарыңызбен бөлісу: |