2
3
ƏОЖ
КБЖ
Ш
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
С. Н. Жиенбаева – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Қ. М. Мендаяхова – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;
Н. А. Əбішев – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Ф. Б. Бөрібекова, Н. Ж. Жанатбекова
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. – Алматы:
2014. – 360 бет.
Еліміздің əлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12
жылдық білім беруге көшу мəселесі көкейкесті тақырыпқа айналды.
Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап,
шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын
қалыптастыра отырып, танымдық, шығармашылық, рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған, логикасы жетілген жеке
тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Ұсынылып отырған оқулық ЖОО-ындағы болашақ мұғалімдер
мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады. Жаңа технологияны
оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай пайдалану, оқушылардың
шығармашылық сапа қасиеттерін дамытып, интелектуалдық пəрменділігін
арттыру мақсатында пайдалануға негізделеді.
ƏОЖ
КБЖ
ISBN
Түсінік хат
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаңа білім беру
жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Осыған орай, алдыңғы қатарлы
идеялар мен педагогикалық технологияларды практикалық тұрғыдан
жаңарту жəне оларды ғылыми тұрғыда негіздеу бағытындағы
жұмыстар жүргізілуде. Болашақ маман – бүгінгі студент педагогика
теориясы мен практикасындағы қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялардың түрлерін біліп, оларды бастауыш мектептің оқу-
тəрбие үдерісінде шығармашылықпен қолдануға тырысуы тиіс.
Қазіргі заманғы озық технологияларды мектеп тəжірибесінде тиімді
қолдану, ең алдымен, оларды терең, жан-жақты оқы п-үйренуді талап
етеді. Сондықтан да аталмыш курс кредиттік жүйе бойынша білім
беретін мамандықтардың оқу жоспарына енгізілген.
Еліміздің əлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі
– 12 жылдық білім беруге көшу мəселесі көкейкесті тақырыпқа ай-
налуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі
ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге
құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық жəне рухани
қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған,
шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық,
педогогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тəжірибесін
тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог
ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен
əдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық
ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға
бетбұрыс жасау қажеттігін дəлелдеуде.
Қазіргі кезде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларын пайдалана алу əрбір мұғалімнің біліктілігін
анықтайды. Бұл курстың қоғамда алатын орны мен методологиясына
негізделіп жүзеге асады. Курсты оқу студенттердің жинаған
білімдерін шығармашылықты негіздеуге жəне курстық, дипломдық
жобаны
орындау
кезінде
ғылыми-зерттеушілік
əрекетінде
білімдерін қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан бастауыш
сынып мұғалімдеріне арналған «Қазіргі заманғы педагогикалық
© Н. Ж. Жанатбекова,
Ф. Б. Бөрібекова, 2014
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2014