242
243
жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл – біздің
Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады.
Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол.
Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне
еркін бойлай алады.
Ақпараттық-коммуникациялық
технология
электрондық
есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті
құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік
оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық əдістемелік
материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану
арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияның
келешек
ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі талантты,
шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық,
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерісі əлемдік
бəсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ə. Назарбаев Қазақстанның
əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бəсекеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық
мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби
мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір.
Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-
тəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын
жоғарылатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –
ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы
да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға
сай
қазіргі
қоғамды
ақпараттандыруда
педагогтардың
біліктілігін
ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің
біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын
меңгеру үшін жағдайлар жасау керек», – деп көрсетілген. Солардың
бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық
жəне оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез
келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту
құралдары барлық пəндерді оқытуға пайдаланылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық
білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін
дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық
қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы – əлемнің
жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық
қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы
қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас
бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың
бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық-
техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен
міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру
жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру
қабілеттеріне, мұғалім мамандардың информатикадан білім
деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тəрбие бағытының
ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тəуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану-ғылыми білім беруде сабақ
барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті
құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен
жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Интерактивті тақта дегеніміз не?
Интерактивті
тақта – бұл
компьютердің
қосымша
құрылғыларының бірі жəне де дəріс берушіге немесе баяндамашыға
екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен
қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше
интерактивті тақта түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында
қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard (Promethean компаниясы) – ACTIVstudio про-
граммасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер,
244
245
мультимедиялық проектор жəне ақпараттарды енгізуге арналған
активті қаламнан тұрады.
Активті қалам дегеніміз не?
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы жəне
компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы
құрылғы.
ACTIVwand указкасы. Электронды ACTIVwand указкасының
ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да
қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма
тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard
– интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың
сəулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол» сонымен
бірге «сол қолмен» жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудито-
рияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға
қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дис-
плейде жазылған жазуларды компьютер арқылы тақтадан көруге
мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат,
бөлмеден бөлмеге қиындықсыз-ақ алып жүре беруге болады, ал
проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanelpro ДК
басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін
құрылғыға жатады.
ACTIVslate. Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы
топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді
қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация
кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель
аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады.
ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан
тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet. ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның
қызметін атқара алады, презентация мен конференция материал-
дарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard
көмегенсіз)
компьютерде
дайындауға
мүмкіндік
бетерін
құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады,
бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы
батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote. ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық
қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың
нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу əдісімен
жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат
ACTIVboard қабылдайды жəне де өңделіп конференция
қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест
жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене
чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында
флипчартта мəтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары
кітапханада сақталады да, тестің нəтижесі кесте немесе диаграмма
түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нəтижесін EXСEL
немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio программасы. ACTIVstudio PE программасы
арнайы презентацияларды өткізуге жəне оны сабақ барысында
қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard жəне
ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio
программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презента-
цияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға,
негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша
ақпараттарды енгізуге жəне басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын
негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға жəне
оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше
флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа,
объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте
келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан
шығаруға немесе əр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
«Активті экран» кешені білім үдерісінде қолданылатын
ақпаратты көрсетуге жəне оны компьютермен басқаруға
тағайындалған əмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті
экран»
бағдарламалық-техникалық
кешенінің
дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі
қызметі – жалпы ақпаратпен кəсіби біліктілікті жетілдіру бағытында
қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың ойлау жəне
ойын қысқа жəне түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып,
өз ойларын қазіргі заманғы педагогикалық технология құралдары
көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете
алатыны белгілі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |