Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет52/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87

206
207
Осы  тұрғыдан  алғанда  «үлгерімі  төмен,  баяу»  оқушы  жақсы 
оқитын  оқушыға  ілесе  алмай  жатса  не  істеуге  болады? – деген 
сұрақ  туады.  І  деңгейден  аса  алмай  жатқан  жағдайда  қалған 
тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту 
технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім 
жүйесінде қолданылатын рейтинг – ұпай жинау əдісіне баулу.
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында 
ең  негізділерінің  бірі – жоғары  интеллектуалды  жастарды  жан-
жақтылыққа  тəрбиелеу,  олардың  потенциалдық  деңгейінің 
көтерілуіне  үлес  қосу.  Сондықтан  ұстаз-мұғалімдер  қауымының 
алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пəнді 
тиімді ұғындырудың бірі – қазіргі заманғы педагогикалық технология 
негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат 
құралдарымен  жұмыстана  білуіне  назар  аударған  жөн.  Оқушы 
қызметін белсендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі 
– деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының элементтерін қолдану 
білім сапасын көтеруге ықпал етеді.
Деңгейлік  тапсырмалар  рейтинг-ұпай – балл  жинау  əдісімен 
бағаланатынын  ескерсек,  оқушылардың  деңгейлік  сабақ  өткеннен 
кейін  де  сол  тапсырмаларда  жіберген  қателіктеріне,  тапсырмала-
рын  орындауда  қолданған  тəсілдеріне  талдау  жасап,  қателіктері 
мен  кемшіліктерін  анықтай  білуге  мүмкіндік  береді.  Келесі 
тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп, 
мұғалмнен,  сыныптастарынан  қосымша  материалдардан  білім 
жинайды.
Деңгейлік  тапсырмаларды  дұрыс  орындағаны  үшін  оқушылар 
сол деңгейді игергені үшін сəйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 
5 ұпай, екінші деңгей үшін – 15 ұпай, үшінші деңгей үшін – 30 ұпай. 
Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар-
ды, əрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап 
көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі жəне дамыта оқыту принципі 
орындалады.  Нəтижесінде  оқушылардың  табиғи  қабілеттері  мен 
дарынды қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.
Сонымен, əр деңгейдегі тапсырмаларды оқушы жанында ілулі 
тұратын жалпы ведомосқа жəне өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс 
дəптерлерінің соңындағы ведомосқа шеңбермен белгілеп отырады.
Бұл  оқушылар  арасында,  олардың  бір-бірінің  үлгерім  деңгей-
лерін  бақылап  отыра  алатындықтарынан,  өзара  жұмыс  тудырады. 
Бірақ оқушылардың өзара көмегіне жəне мұғалім тарапынан демеп 
жіберуге жол беріледі.
Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау 
болып  табылады.  Сабақ  дұрыс  орындалған  барлық  тапсырмалар 
үшін жинаған ұпайларды есептеумен аяқталады.
Жинаған  ұпайларын  оқушылар  кестеде  əр  сабақтың  соңында 
нүктемен белгілеп отырады.
Осы  нүктелердің  арасын  түзу  сызықтармен  біртіндеп  қосса, 
график  шығады.  Ол – оқушының  даму  мониторингі  деп  аталады. 
Мониторинг  бойынша  мұғалім  кезекті  тақырыптық  бақылау 
жұмысының  алдында  əр  оқушының  өткен  материалды  қандай 
деңгейде  меңгергенін  қадағалап,  үлгермеушілермен  қосымша 
жұмыс жүргізеді. 
Тақырыптық бақылау жұмысы да əр деңгейлі тапсырмалармен 
беріледі.  Бұл  жағдайда  ол  бөгде  біреудің  көмегінсіз,  орындалады 
жəне  мұғалім  тарапынан  оқушылар  қатаң  бақыланып,  өздерінің 
нақты алған білімдеріне тиісті ұпайларын алады. 
Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылау мен сыртқы 
бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар да оқушылардың даму 
мониторингтеріне белгіленеді. 
Оқушының  даму  мониторингі,  оның  жеке  басының  қабілетіне 
қарай,  тақырып  бойынша  игерген  білім  сапасының  объективті 
сипатын  көрсетеді.  Осы  жағдайда  оқушының  даму  деңгейі – 
басқалармен  емес,  уақыт  өткен  сайын,  өзімен-өзін  салыстыру 
арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға деген ізгілік қатынасты 
көрсетеді. 
Бағалау  жүйесінің  негізі  болып  оқушы  білімнің  ең  төменгі 
деңгейі алынады жəне ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі 
талабына сəйкес келеді.
Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне 
де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының 
дұрыс орындауы міндетті. 
Бұл  технологияның  тағы  бір  ерекшелігі  дарынды  балалармен 
тұрақты жəне жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
Саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының 
ерекшілігі:  жеке  құрылымдарға  бағдар  беру;  білім  мазмұнының 


208
209
сипаты  мен  көлемі,  оқу  жоспарының,  материалының,  баяндау 
түрлерінің дидактикалық құрылымы.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: 
-  əрбір  оқушы  өзінің  даму  деңгейінде  оқу  материалын 
меңгергенін қамтамасыз етеді;
-  деңгейлеп  оқыту  əр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  пайдалана 
отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді; 
-  деңгейлеп  оқыту  əр  түрлі  категориядағы  балаларға,  олармен 
саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
-  деңгейлеп-саралап  оқыту  құрылымында  білімді  игерудің  үш 
деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық) , бағдарламалық, 
күрделенген деңгей.
Оқытудағы саралау əдісінің əдістік негіздері 
  оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі 
меңгеруі; 
  алынған нəтижені өлшеуге болатындығы; 
 оқу үдерісінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы; 
  бағалаудың жетелеушілік қасиеті; 
 дамыта оқытудың əдісі 
Деңгейлеп-саралау  негізіндегі  педагогикалық  технология 
əдістемесі.  Деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясында  жұмыс 
міндетті  үш  деңгейлік,  қосымша  шығармашылық  деңгей 
талаптарынан  тұрады.  Оның  басты  мақсаты – білім  алушыларды 
«қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау, оқытудың 
тиімділігін арттыра отырып, сапалы білімге қол жеткізу.
Саралай  оқыту  əрекеті – білім  алуға  бағытталған  əрекет. 
Ол  өз  бетінше,  əрі  мұғалімнің  жетекшілігімен  жүзеге  асады.  Біз 
басшылыққа  алып  отырған  саралай  оқытудың  жүйелік  негізін 
Б.Ананьев,  Л.Выготский,  А.Леонтьев,  т.б.  ғалымдар  жасаған.  Ал 
бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу əрекеті В.Давыдов, Л.Занков, т.б. 
зерттеулерінде  қарастырылады.  Саралай  оқытуды  ұйымдастыру 
арқылы  баланың  ойы  абстрактіден  нақтыға  қарай  өрлейді,  ілімдік 
ойлауы  қалыптасады.  Оқушы  дамуының  негізі  болып  табылатын 
əрекет, оқу əрекеті əрбір сабақтың өзегі деп түсінуі керек. Саралай 
оқытуды  ұйымдастыру  арқылы  бала  ақыл-ой  деңгейі  мен  белсенді 
əрекеті арқасында репродуктивті емес нəтижеге жетеді. 
Бастауыш  мектептің  оқу  үдерісінде  деңгейлеп-саралап  оқыту 
технологиясын  пайдалану.  Бастауыш  сыныптар  да  жаңаша  оқыту 
даралап, саралап оқыту технологиясына негізделеді. Өйткені жаңаша 
оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат 
қою,  оны  жоспарлау,  ұйымдастыра  білу,  өзін-өзі  бақылау,  өзін-өзі 
бағалауға үйретеді.
Кез  келген  бастауыш  сынып  мұғалімі  əр  пəн  бойынша  оқу 
модельдерін əзірлеп, əдістемелерін жинақтауы керек. Ол үшін:
- оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу;

деңгейлеп-саралап 
оқытудың 
тұлға 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға жəне оны дамытуға ықпалын анықтау; 
-  оқушылардың  пəнге  деген  тұрақты  қызығушылығын  тудыру 
керек.
Егер  деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясын  оқу-тəрбие 
үдерісіне енгізіп, ғылыми-əдістемелік құжаттармен, ұсыныстармен 
қамтамасыз  етілсе,  онда  дəстүрлі  оқытудың  төмендегідей 
мəселелерін шеше аламыз:
-  оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі;
-  оқушылардың  жүктемесін  оңтайландыруға  мүмкіндік  туады 
(үй тапсырмасы азаяды);
- оқушылардың оқу қызметтерінің нəтижелері əділ бағаланады;
- оқушыларда сəтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойыла-
ды;
- дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға 
жағдайлар жасалады; 
- танымдық үдерістерді, оқушылардың танымдық қабілеттерін 
зерттеу əдістері жүйеленеді;
-  олимпиада,  конференция  жүлдегерлері,  шығармашылық 
жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.
Бастауыш  сынып  оқушыларының  дербес  ерекшеліктерін 
анықтау үшін мұғалім алдымен, олардың ықылас-жігерін, ынтасын, 
еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, жалпы білім деңгейін зерттеуі 
керек. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін 
анықтауға  арналған  тапсырмалар  дайындау,  оқушы  біліміне 
диагностика  жүргізу,  оқушыларға  сауалнама,  психологиялық 
тəжірибе жасау, ата-аналармен əңгіме жүргізу керек. Оқушылардың 
жеке  ерекшеліктері  сабақтың  сұрақ  беру,  кіріспе  əңгіме,  оқыған 
материалды,  т.б.  тиянақтау  сатыларында  ескерілуі  тиіс.  Мəселен, 
үлгерімі  жақсы  оқушыларға  берілген  сұраққа  тікелей  жауап  беру 
талап  етілсе,  орташаларына  ойланып,  қажетті  есептеулер  жасауға, 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау