196
197
мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп
оқушыларының жеке жəне тұлғалық сапаларын тəрбиелеуге
қолайлы.
ИОТ-сын қолданатын оқыту үдерісінің құрылымында мына
кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау
кезеңі. Мұғалім жұмыс тəртібін ұсынады, оқушылармен бірге
сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу
проблемасын құрастырады.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар,
қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім
сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, рөлдерге,
ойын бөлімдеріне, ұпай санау тəртібіне (ойын таблосы құрылады)
тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен
ақылдасады, ойын барысы жəне мазмұны туралы өзара талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын үдерісінің өзі жүзеге асады.
Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға жəне бағытын
өзгертуге хақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының əрекетін
бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара
жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған
қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті: ойын əрекеттерін,
нəтижелерін, ұпай санауды бақылау жəне түсініспеушілік болған
жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе
өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нəтижесін талдау, талқылау жəне
бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында
эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз по-
зицияларын жəне шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды,
таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары,
идеясы туралы əңгімелейді.
Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе
спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке
қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интербелсенді режимдегі
теледидар сабақтары жатады.
Сабақ оқытуды ұйымдастырудың бір формасы
Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты.
Оқыту үдерісінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды.
Келесі кезең жеке-топтық оқыту əдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына
қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды.
Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту əдіс қолданылып, ол
қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-
сабақтық жүйенің авторы ретінде Я.А.Каменскийді атайды.
Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары
мынандай:
-
оқудың негізгі бірлігі сабақ;
- оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
-
мектептегі оқыту кезеңі;
- сабаққа қатысу бəріне міндетті;
-
сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;
- сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып
жəне бəріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
- оқыту барысын мұғалім басқарады.
Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы
үлгісі.
Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай
технологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ əр ұстазда
түрліше болып шығады. Кез келген сабақтың анық мақсаты болуы
керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай
классификациялайды.
-
жаңа сабақ өту;
- дағды мен біліктілігін қалыптастыру жəне дамыту;
-
білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;
- оқыту жəне білімді жүйелеу;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау жəне коррекциялау;
- кіріктірілген сабақ.
Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан
соң калай жəне қандай əдіспен жүзеге асыратынын анықтайды.
Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады,
кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.
Қорыта келгенде, бүкіл оқыту барысында оның əртүрлі
жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология
қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Нақты өмірде
бұл жағдай əрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір
технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана практикада
қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИОТ-ң бүтіндік принципі