6
7
1. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПƏНІ РЕТІНДЕ
Жоспар:
1.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің объектісі,
пəні, мақсаты, міндеттері.
1.2. Педагогикалық технология ұғымына жалпы түсінік.
1.3. Педагогикалық технология ұғымына ғылыми тұрғыдан
берілген анықтамалар.
1.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің
объектісі, пəні, мақсаты, міндеттері
Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіз мемлекет екендігін бүкіл
əлемге дəлелдеді. Ендігі басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп
өсуі, халықтың əлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі
болып табылады. Мемлекеттің əлеуметтік, экономикалық өсіп-
өркендеуінің түпқазығы – білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің
болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, əлемдік кеңістіктегі орны
білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ.
Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты
идеясына айланысуы тиіс екендігін Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Ə. Назарбаев атап көрсетті. Бұл білім саласына,
соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен
жауапкершілік жүктейтіні түсінікті.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы
коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын
айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп,
оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып,
білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Күн тəртібінде
қойылып отырған күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім
беруді əлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы
түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі – 12 жыл оқыту моделі.
Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі
ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге
құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық жəне рухани
қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған,
шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты – алған білімдерінің
негізінде еркін баяндалатын, өзін таныта, дамыта білетін, қазіргі
заманға бейімделіп, өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын
тұлғаны қалыптастыру.
Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды
саналы тəрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық
елдердің əлемдік озық үлгісін өнегесін, тəжірибесін үйрететін
ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы
тұста В. Г. Белинскийдің: «...ұстаздың қолында адам өмірінің
келешектегі тұтас тағдыры тұр», – деген сөзі еріксіз еске түседі.
Өйткені, ұстаз – болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тəрбиелеу жəне
терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі.
Ол жас ұрпақ бойына білімді, əдетті, дүниетанымдылықты, өмірге
деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға.
Уақыт өткен сайын білім саласының əлеуметтік рөлі де
нығайып келеді. Бұған дəлел – бүгінгі таңда еліміздің білім беру
мекемелерінің алдында Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға
дейінгі стратегиялық дамуын жүзеге асыру, 2015 жылға дейінгі
Қазақстандағы білім беру Тұжырымдамасының бекітілуі. Осы
аталған құжаттардың көздеген мақсаттары бір арнаға тоғысады. Ол
мақсат – білім беру мекемелерінің мамандарына еліміздің болашағы
– жастарды терең біліммен сусындату, яғни бір сөзбен айтқанда
бəсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мəселесі болып табылады.
Курстың объектісі – қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялардың мазмұны бастауыш сыныптар мұғалімінің 050102
– БОПƏ мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік
стандарты талаптарына сəйкес жоғары кəсіби білімнің құрамдасы
ретінде.
Курстың пəні – 050102 – БОПƏ мамандығы бойынша ҚР
мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес болашақ бастауыш сы-
ныптар мұғалімдерінің педагогикалық технологияларды қолдана
алуға қажетті білім, білік жəне дағдыларын қалыптастыру барысы.
Курстың мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне
қазіргі заман педагогикалық технологиялары жөнінде білім беру.
Курстың міндеттері:
•
«педагогикалық технология», «оқу пəндерін оқыту