Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 ОҚУШЫНЫҢ ƏРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУ ЖƏНЕ



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет40/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   87

158
159
11. ОҚУШЫНЫҢ ƏРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУ ЖƏНЕ 
ИНТЕНСИВТЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Жоспар:
11.1.  Ойын технологиясы
11.2.  Проблемалық оқыту технологиясы
11.3.  В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы
11.1.  Ойын технологиясы
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту 
формасын,  əдістерін,  технологияларын  таңдауда  көп  нұсқалық 
қағидасы  бекітілген.  Бұл  білім  мекемелерінің  мұғалімдеріне, 
педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектепте оқыту үдерісінде дидактикалық ойындар əрі 
оқу, əрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. 
Ойын – балалар  əрекетінің  бір  түрі,  оқушыларды  оқыту  жəне 
тəрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың əдісі мен құралы. Ойын 
əрекеті  естің,  ойлау  мен  қиялға,  барлық  таным  үдерісіне  əсерін 
тигізеді.
Ойын – балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін 
енуіне,  өзіндік  «Менін»  қалыптастыруға  жəне  шығармашылыққа, 
белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Ойын – əрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке 
дайындайды.
Н.  К.  Крупская  «Қандай  ойын  болмасын  баланы  бір  нəрсеге 
үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен 
ынтымақты болуға үйретеді» – дейді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені 
танудың тəсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды 
жеңудің  жолын  үйретіп  қана  қоймайды,  ұйымдастырушылық 
қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.
Н.  Ф.  Талызина  «Алты  жасарлар  ойнай  отырып,  логикалық 
қабылдау арқылы оқуды жəне математиканы таным қызығушылығын 
меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу əрекеті орын алады», 
– деген пікір айтты.
В. В. Давыдов оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді 
шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тəжірибені 
меңгертуге  болады,  яғни  соның  нəтижесінде  білім-білік,  дағды 
дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Н.  К.  Крупская  өз  еңбектерінде  бала  өмірінде  ойынның 
маңызының зор екенін көрсеткен.
Балалар  бір-бірімен  ойнау  арқылы  қарым-қатынас  жасауға, 
ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына 
қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дəлелдер. 
Психолог  А.С.Выготский: «бала  ойнау  барысында  өзінің 
кішкентай  екеніне  қарамастан  оның  ойлауы,  іс-əрекеттері  көп 
жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді. 
Я.А.Каменский «ойынды рухани жəне дененің даму қозғалысы» 
-  деді.  Ойындар  баланың  жасына,  халықтың  əдет-ғұрпына  сəйкес 
болу керектігін айтты. 
К.Д.Ушинский  сабақ  үйрету  барысында  ойын  элементтерін 
орынды  қолдану  оқушылардың  білім  алу  процессін  жеңілдетеді – 
деді.
Жоғарыда айтылған мəселелерді теория жəне практика жүзінде 
ұлы педагог В.А. Сухомлинский терең жəне жан-жақты қарастырған.
Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен 
жаттығады жəне ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды 
орындауға  тырысады,  ойын  оқушыларды  ізденуге,  жеңіске  жетуге 
ынталандырып,  бұдан  оларды  тез  қимылдауға,  тез  ойлауға,  тез 
шешім  қабылдауға  жəне  тапсырманы  нақты  орындауға  əкеледі. 
Əрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.
Жарыс  элементі  ойында  əрқашанда  маңызды  болып  келеді. 
Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай 
түседі.
Ойынды  таңдау  кезінде  оқушылардың  техникалық  деңгейін, 
сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс.
Ұлы  класик  педагогтар  Я.А.Каменский,  И.Песталоцци, 
А.Макаренко,  Н.К.Крупская,  В.А.Сухомлинский  жəне  қазақ 
халқының  ағартушы  педагогтары  А.Құнанбаев,  Ы.Алтынсарин, 
М.Жұмабаевтар,  ойынның  маңызын  айта  келе,  ойын  дегеніміз  –
айқын,  білімге  құмарлық  пен  еліктеудің  маздап  жанар  оты.  Міне, 
ойын – тынысы  кең,  алысқа  меңзейтін,  ойдан-ойға  жетелейтін, 
адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нəрсе, өмір тынысы 
дейді.


160
161
Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың əрі формасы, əрі əдісі ретінде 
дербес  дидактикалық  категория.  Сонымен  бірге  ойынды  мұғалім 
мен  оқушылардың  бірлескен  оқу  əрекетінің  өзара  байланысты 
технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын 
формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың 
маңызы  өте  зор.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  мектепке 
келгенге дейінгі негізгі əрекеті – ойын болса, оқу-тəрбие үдерісінде 
олар біртіндеп ойын əрекетінен оқу əрекетін орындауға бейімделуі 
тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар 
арқылы жүзеге асады. 
Ойынның  мақсаты – Ойын  технологиясы  арқылы 5-6 жастағы 
балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. 
Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық  ойындар – балалардың  білімдерін  арттырудың 
құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. 
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты 
міндетті шешеді. 
Ойын: 
- сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. 
-  сабақтың  ортасында – көңіл-күйін  сергітеді,  ерік-жігерін 
дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. 
- сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді 
жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. 
Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды 
көп  қажет  етеді.  Оларға  пайдаланылатын  ойындар  оқушылардың 
жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. 
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. 
Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды 
көп  қажет  етеді.  Бастауыш  сынып  мұғалімі  оларды  жалықтырмай 
əр  түрлі  ойын  түрлері  мен  сабақты  қызықты  өткізуі  керек.  Ойын 
əрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық 
қызығушылығы  сапаларын  дамытатын  басты  нəрсе:  білім,  əрекет, 
қарым-қатынас.  Міне,  осы  жағдайларды  ескере  отырып,  ойын 
түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
1.  Мазмұнды  бейнелі  ойын:  отбасы,  балабақша,  мектеп, 
аурухана,  ұшқыштар,  мал  фермасы,  құрылысшылар,  мұнайшылар, 
темір жол, теңізшілер;
2.  Қимыл-қозғалыс  ойындары: «ақ  серек,  көк  серек», «ұшты-
ұшты», «аңшылар», «сиқырлы  таяқ», «мысық  пен  торғайлар», 
«бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан; 
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты 
серуенге  дайында,  орныңды  тап,  ойлан  тап,  түсті  лото,  тез  ретке 
келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дəл тауып айт, т.б. 
4.  Құрылыс  ойындары:  лото,  жəне  басқа  констукторларды 
пайдалану; 
5.  Рөлді-сюжетті  ойындар:  ертегі,  əңгімелерді  рөлдерге  бөле 
отырып орындау, сахналық көрініс көрсету. 
Ұлттық ойын ойнау баланың салт-дəстүріне, əдет-ғұрпына деген 
сүйіспеншілігін  арттырады  жəне  адамгершілік  құндылықтарын 
қалыптастырады.  Еңбек  ету  барысында  ұйымшылдық,  жауап-
кершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
Ойын əрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен 
бастап-ақ маңызды зор халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың 
бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар 
бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тəрбие 
құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тəрбиесінен бастап, 
мектептегі жеке пəндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, 
баланың  сол  пəнге  қызығушылығын  арттыру  үшін  пайдалануға 
болады.
Оқушының  бəрі  жақсы  оқығысы  келеді.  Оқушылардың 
кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері 
керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін 
өз  мүмкіндігіне  сəйкес  сабақты  меңгерту,  тілін,  ой  ұшқырлығын 
дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа 
жетелейтін,  пəнге  қызығушылығын  арттыратын  əдістің  бірі – 
грамматикалық ойынның түрлері.
Ойындарға  материалды  таңдап  алуда  төмендегідей  жайттарды 
ескеру керек:
 Ойындарды  пайдалануға  оқу  материалы  мазмұнының 
мүмкіндіктері.
 Білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы.
 Ақыл-ой 
іс-əрекеті 
тəсілдерін 
қалыптастырудың 
алғышарттары.
Ойынның  құрамына  қойылатын  талаптар    ойынның  мақсаты, 
мазмұны жəне формасы арқылы анықталады. 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау