Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет41/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87

162
163
Дидактикалық 
ойындарды 
ұйымдастыру 
мен 
жүргізу 
педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сəйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай əртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті жəне тартымды болуы.
4.  Ойынға  қатысушылардың  белсенді  шығармашылық 
позициясы.
5. Ойынның эмоциональды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай əдістемелік 
талаптар қойылады:
1. Ойынның мақсаты жəне керекті көрнекті құралдар мен мате-
риалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2.  Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тəртібі оқушыларға 
əбден түсіндірілуі қажет.
3.  Ойынға  сыныптағы  оқушылардың  барлығының  қатысуын 
қамтамасыз ету керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне 
жетелеу керек.
Ойындардың жіктемесін жасауда оқытудың білімділік, тəрбиелік 
жəне  дамытушылық  мақсаттарына  жетуге  бағытталған  мазмұндық 
мотивациялық аспектісі негізге алынады.
Дидактикалық  ойын  бастауыш  сынып  оқушыларының  жас 
ерекшелігіне  сай,  бағдарламадағы  материалдарға,  оның  ішінде 
нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мəнін ашады. 
Дидактикалық  ойындарды  жаңа  тақырыпты  түсіндіру 
барысында,  қайталау,  пысықтау,  жаттығу  сабақтарында  да 
пайдаланған  тиімді.  Дидактикалық  ойын  барысында  есте  сақтау, 
көру,  сезіну,  қабылдау,  ойлау  сөйлеу  үдерістері  дамып,  заттарды 
пішініне,  түсіне,  көлеміне  қарай  іріктеуге,  əр  түрлі  қимылдарды 
орындауға үйретеді. 
 Бастауыш сынып  оқушыларының өзін-өзі дамыту құзырлығы 
бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мəселе. Оқушыларды заман 
талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы 
– сезімі жоғары, ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға 
бейімделетін,  өзін-өзі ұстай алатын тұлға ретінде қалыптастыруда, 
құзырлы  білімдерін  дамытуда  ойын  технологиясының  маңызды 
функцияларының атқаратын орны ерекше. 
 1. Ойынның əлеуметтік-мəдени белгілері. Ойынның əлеуметтік-
мəдени  белгілі  мəдени  байлықты,  тəрбие  потенциалын  игерген 
ұжымның  толыққанды  мүшесі  бола  алатын  баланың  жеке  тұлға 
ретінде қалыптасуының көрсеткіші. 
 2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Ойындар арқылы кез 
келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі əр түрлі жағдаяттардан 
жол  таба  білуге,  кикілжіңді  қатігездіксіз  шешуге,  əрқилы 
эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді. 
 3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында 
бала өзін іс жүзінде көрсетеді. 
 4. Коммуникативтік ойын. Оқушыларды əр түрлі қиыншылықтан 
жол таба білуге итермелейді. 
 5. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, 
шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді. 
 6. Ойынның  емдеу  функциясы.  Ойын  адамның  тəртібіндегі 
өзін  қоршаған  басқа  адамдармен  қарым-қатынасын  жəне  оқудағы 
туындаған əр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады. 
 7. Ойынның  түзету  функциясы.  Түзету  ойындарының  тəртібі 
нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі 
зор. 
 8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, 
көңіл көтеруге итермелейді. 
  Əр  мұғалім  технологияның  нəтижесін  дұрыс  болуы  үшін 
мынандай жағдайларды ескеруі қажет:
 Əр ойынның тəрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын 
алдын ала жете түсініп, оның балаларға қандай нəтиже беретіндігін  
анықтау
 Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының 
эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын ала əзірлеу.
 Сыныптағы 
оқушылардың 
жас, 
психологиялық 
ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорнына сəйкес келуі.
 Ойын  кезіндегі  қозғалыс,  техникалық  қауіпсіздіктен 
қамтамасыз ету.
 Ойынның,  сабақтағы  ойын  элементтерінің  оқушылардың 
ынтасын  тартып,  пəнге  деген  қызығушылығын  арттыруға 
бағытталуы.
Заман  талабына  сай  əр  мұғалім  өз  сабағын  жаңаша 
ұйымдастырып,  шығармашылық  ізденіспен  өткізеді.  Ойын 
дегеніміз – жас  ерекшелікке  қарамайтын,  адамның  көңіл-күйін 
көтеретін, ойландыратын  үдеріс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, 


164
165
тапқырлықты, 
ұқыптылықты, 
ізденімпаздықты, 
іскерлікті, 
дүниетаным  өрісінің  көлемділігінің,  көп  білуді,  сондай-ақ 
басқа  да  толып  жатқан  сапалылық  қасиеттерді  қалыптастыруға 
үлкен  мүмкіндігі  бар  педагогикалық,  тиімді  əдістердің  бipi. 
В.А.Сухомолинскийдің  сөзімен  айтар  болсақ, «Ойынсыз  ақыл-
ойдың  қалыпты  дамуы  да  жоқ  жəне  болуы  да  мүмкін  емес.  Ойын 
дегеніміз – ұшқын,  білімге  құмарлық  пен  еліктеудің  маздап  жанар 
оты». 
 Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге əзірлік, ойынды 
өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті 
құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге əзірлік болып табылады. 
  Балаларды  ойынның  мазмұнымен  таныстыру  ойынды  өткізу 
болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, 
балалардың белсенділігі жəне олардың іс-əрекеті болып табылады. 
  Сонымен  балалардың  сөздік  қорларын  дамытуда  ойындарды, 
тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нəтиже береді. Ойын арқылы 
балалардың  сөздік  қоры  дамып,  ауызша  сөйлеу  машығын  игереді, 
таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, əрі 
адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. 
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тəжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып 
қиын мəселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3.  Оқу  процесінде  алған  білімді  нақты  істе  қолдана  білуге 
мүмкіндік береді.
4. Оқушы əрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7.  Ойын  барысында  шешім  қабылдау  оқушылардан  аса 
жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт 
мөлшерін алады.
10.  Ойын  материалдары  дəстүрлі  оқу  материалдарымен 
салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12.  Ойын  нəтижесі,  өз  жетістіктері,  əсерлері,  алған  білімі, 
дағдысы  жөнінде  оқушылар  ата-аналарымен,  өзге  балалармен, 
мұғалімдермен көбірек əңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене 
білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Бастауыш  сынып  сабақтарын  қызықты  да,  əсерлі  етіп, 
түрлендіріп 
өткізу 
мұғалімнен 
шығармашылық 
ізденісті, 
педагогикалық шеберлікті талап етері сөзсіз.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – 
айналадағы  дүниені  тану  тəсілі.  Ойын  балаларға  өмірде  кездескен 
қиыншылықтарды  жеңудің  жолын  үйретіп  қана  қоймайды, 
ұйымдастырушылық  қабілетін  қалыптастырады.  А.С.Макаренко: 
«Ойын – балалар  өмірінде  өте  маңызы  зор  нəрсе,  үлкендердің 
қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың 
ойыны  да  сондай  маңызды.  Ойында  бала  қандай  болса,  өскен 
кезде  жұмыста  да,  көбінесе,  сондай  болады.  Сондықтан  болашақ 
қайраткер, ең алдымен, тəрбиені ойын арқылы алады», – деп балалар 
ойынын жоғары бағалаған.
Тиімді  қолданылған  ойын  мұғалімнің  түсіндіріп  отырған 
материалын  оқушылардың  зор  ынтамен  тыңдап,  берік  меңгеруіне 
көмектеседі.  Өйткені  бастауыш  сыныптағы  оқушылардың  аңсары 
сабақтан  гөрі  ойынға  ауыңқырап  тұрады.  Қызықты  ойын  түрінен 
кейін  олар  тез  серігіп,  тапсырманы  ықыластана  əрі  сапалы 
орындайтын болады.
Ойын  балалардың  оқуға,  еңбекке  деген  белсенділігін, 
қызығушылығын  арттырудағы  басты  құрал.  Ойын  барысында 
балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал  мұғалімнің  міндеті – балаларды  ойынға  өз  қызығушы-
лығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын  мен  адам  мəдениетінің  өзара  байланысы  ғылыми  түрде 
анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның 
психологиялық жəне əлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең 
қарастырылуда. Ойын технологиялары əлі де білім беру саласында 
жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық  технология  ұғымы  түрлі  педагогикалық  ойын 
түрлерін  педагогикалық  үдерісте  əдістер  мен  тəсілдердің  кең 
көлемді  топтарын  біріктіреді,  оның  жалпы  ойындардан  ерекшелігі 
оқытуда нақты мақсатының қойылуымен жəне оның оқу-танымдық 
бағыты  сипатталған,  негізі  салынған  педагогикалық  нəтижесіне 
сай  анықталады.  Сабақ  барысындағы  ойын  əдістері  оқушыларды 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау