146
147
əдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.
Адамгершілік жəне ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын
алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі
жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір
тəрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ,
ынтымақтастық педагогикасы – құлық педагогикасы.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеясы жəне оларды
оқу-тəрбие үдерісінде қолдану. Тəрбие мақсатын жүзеге асырудың
орта жəне жоғары мектеп зор рөл атқарады. Өйткені оларда барлық
жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады.
Тұлғаның дамуы мен тəрбиесі идеологиясының жаңаруы
көптеген идеяларға негізделді. Олар:
тəрбие мақсатының реализм идеясы;
бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылардың бірлесу іс-
əрекетінің идеясы;
тəрбие бағыттарының дербес идеясы;
тəрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;
өзін-өзі талдау (анализдеу) идеясы;
қиын мақсаттық идеясы;
сүйеніш идеясы;
ірі блоктар идеясы;
ата-аналармен ынтымақтастық;
мұғалімдердің ынтымақтастығы;
өзін-өзі сыйлау идеясы;
өзін-өзі басқару (реттеу) идеясы, т.б.
Реализм идеясы, яғни тəрбиенің шынайы мақсатта – адамдарды
қабілетіне жəне дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту.
Шынайы мақсатының жетістік құралы – мəдениеттің базалық негізін
игеру.
Бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылардың бірлесу іс-
əрекетінің идеясы «Ынтымақтастық педагогикасы» қағидасынан
туады, өйткені ол бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылар еңбегінің
бірлестігіне сүйенеді. Осындай бастауыш сынып мұғалімдері
мен оқушының шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық
басшылықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тəрбие бағыттылығының дербес идеясы бастауыш сынып
мұғалімнің оқушыларға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық
тəрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға – бала. Ол
педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы
зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.
Ұжымдық шығармашылық тəрбиеде ұжымдық бағыттылық
идеясының мəні ете зор. Бірыңғай тəрбие ұжымы – бұл тəрбиешілер
мен тəрбиеленушілердің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар
жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық жəне елеусіз қамқорлығы
дамиды. Мұндай ұжымда тəжірибе ашық жəне елеусіз түрде тəрбиеші
арқылы беріледі, оны тəрбиеленушілер ұжымдық шығармашылық іс
– бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы,
талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге
бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері
ізденудің тиімді жолдарын, əдістерін, құралдарын қарастырады.
Тəрбие ұжымының қозғаушы күші – жолдастық, тəрбиелілік,
қамқорлық. Оның мəні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық
талаптың бірлігі. Жолдастық тəрбиелік қамқорлықтың мақсаты –
адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның
шығармашылық күшін анықтау жəне дамыту.
Өзін-өзі талдау идеясы. Балаларды өзін-өзі жеке жəне ұжымды
талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин оқушыларын
өздерінің өмірі, іс-əрекеті жайында ойлануға үйретеді.
Ата-аналармен ынтымақтастық. Мектепте, үйде балалар
ересек адамдарға ашық сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық
педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйде
балалармен жолдастық, жылы-шырайлы қатынас болуы қажет.
Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша, ата-аналар жиналысында
балалар туралы сын көзбен ескерту жасауға болмайды. Балалар
мен ата-аналар арасында ұрыс-керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім
балалар жөнінде ата-аналарға айтып наразылық білдірмейді,
күнделіктеріне не болса, соны жазбайды. Балаңыз сабаққа
дайындалмайды деп мұғалім əр ата-ананың есігін қағуды қоюы
керек.
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда
оған керегінше (бір ай, əлде бір жыл керек пе) көмек көрсету
қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата-аналарына
да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықыласпен оқып білім
алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы
қарым-қатынас бірлігінің беріктігі – ынтымақтастық педагогиканың
қағидасы.
148
149
Мұғалімдердің
ынтымақтастығы.
Экспериментшіл
мұғалімдердің əрқайсысының педагогикалық еңбек өтілі 25-тен
40 жылға дейін. Олар əр түрлі мектеп ұжымдарында балалармен
жұмыс істеген, талай мұғалімдер жəне директорлармен істес болған.
Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте
күрделі, оны оқыту жəне тəрбиесінде қолдануға болмайтын шығар
дейді. Шынында, олардың тəжірибесі бойынша кез келген мұғалім-
нің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы
мүмкін, бірақ бір айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы
мүмкін емес. Əрине, егер кімде-кім жаңа педагогиканы ақылға салып
ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды.
Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі
жоқ, əдеттегі оқу бағдарламасы жəне оқулықтар бойынша əрбір
мұғалім өзінің сыныбында, əрбір директор өзінің мектебінде қайта
құру кезеңінде мəселелерді тың зерттеумен айналысады.
Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта
балаларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай
жағдайды мұғалімдер арасына да болдырмау керек.
Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден, оқу
жəне тəрбие əдістерін жаңарту, екіншіден, балалармен қатынасты
жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін-өзі жаңартуы; төртіншіден,
оқушылармен жəне өзара ынтымақтасу.
Өзін-өзі құрметтеу идеясы. Осы уақытқа дейін оқушының
сабаққа, тəртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы
көбірек назар аударылды. Демек, оқушының мұндай көзқарасы,
қатынасы мұғалім жəне мектеп жұмысындағы тəртіпке байланысты
деп айтушылар да болды. Енді бұдан былай балаға көмектесу, дұрыс
педагогикалық назар аудару, əсіресе бала өзіне-өзі көңіл аударуы
қажет. Атап айтқанда, баланың өзін-өзі құрметтемеуі тұлғаның өз
құнын кемітуі – бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының,
қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғам-
нан жəне қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы келеді. Оған ешқашан
жазалау, қауіп немесе дəлел əсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп
қарайды, өзін-өзі құрметтемейді.
Осы сияқты мұғалім де өзін-өзі құрметтемейді. Өйткені ол
өзінің шығармашылық мүмкіншілігін ескермейді, жеңіл-желпі
жетістіктермен қанағаттанады, тəртібі нашарлаған мектепте өзінің
құқын қорғамайды, көнбістікке салынады.
Мұғалімнің де жəне баланың да беделі, іс-əрекеттеріндегі
жетістіктерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына,
соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты.
Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы – бұл сөзсіз тұлғаны
демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеумен бірге
өзін-өзі құрметтей білуге үйрету – сонда ғана ол басқаларды да
құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы сөзбен немесе
үндеу арқылы құрметтеу емес, тек баланың абыройын шын құрмет
ету.
Өзін-өзі реттеу идеясы. Əдебиет беттерінде өзін-өзі реттеу мен
өзін-өзі тəрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар.
Шынында, өзін-өзі тəрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді. Ал өзін-өзі
реттеу дəл мағынасында өзін-өзі тəрбиелеу емес. Өзін-өзі тəрбиелеу
– бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндеттеріне
саналы қатынасы жəне келешегіне көз жіберіп, талаптануының
негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің,
қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі.
Тұтас педагогикалық үдерісте өзін-өзі реттеудің мəні өте зор.
Оқытуда зорлау, тəрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты əрекеттер
баланы өзін-өзі реттеуден бездіреді. Барлық жаңа əдістеме, соның
ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы керек. Күнде сабақтан
кейін міндетті түрде берілетін үй жұмысын оқыту үдерісінен
шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өз жұмысын өзінің
жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар, т.б.),
реттеуге мүмкіндік береді, И.Волковтың оқушылары жұмыстарын
өздері іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мəскеу
мектебінің оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл –
ынтаны, қабілетті босату, яғни еркін қолдану. Бала тəртіп бұзушы
емес, ол қабілетін өз бетінше іс-əрекетін орындауға дайын тұлға,
оған толық мүмкіншілік беру керек.
Жаңашыл ғалым И. П. Ивановтың əдісі бойынша тəрбиенің
басты элементі ұжымда өзін-өзі талдау болады. Əрбір жалпы
іске – өнімді еңбек пікірталас, жарыс, жорық, демек, түрлі іс-
əрекеттеріне қатысушылар ұжымдық талдау жасаулары қажет.
Оқушыларды ұжымында өзін-өзі таңдауға үйрету зор педагогикалық
шеберлікті талап етеді. Осыдан ересек адамдар мен балалар арасында
ынтымақтастық туады. Оқушылар жалпы іс үшін тілектес болуға,
оның барысын қадағалап бақылауға үйренеді, өздерін сол істің
иесімін деп сезінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |