170
171
2-қатарға «баяндауыш» деп ат қойылады. «Бастауыштар» сөйлемде
бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды
білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.
Араларға көмек ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың байланыстырып сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру.
Ойынның шарты: тақтаға араның ұясындағы балға келе жатқан
аюдың сүреті ілінеді. Аюдың балға келе жатқандығын ескертуге
күзетші ара басқа араларға кетеді. Оқушыларға тақырыпқа
байланысты грамматикалық тапсырмалар беріледі.
Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрау.
Көптік жалғауын дұрыс жалғау.
Септік жалғауларын табу.
«Адасқан айлар» ойыны.
Төрт қорап дайындайсыз. Əр қорап сыртында жыл мезгіліне сай
сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы əр айды жыл
мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады.
Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады.
Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай
сақтағанын бағалайды.
«Сымсыз телефон» ойыны. Лексикалық бақылауды ауызша
жүргізілгенде қолданамыз. Мысалы тақырыбы: «Қалада. Қаладағы
мəдени орындар». Оқушы телефон тұтқасын алады да сөзді айтады.
Біздің қала – аудармасын 2 - оқушы. Ары қарай жалғаса береді.
Сөздік диктант үнемі жүрсе баланы жалықтырады, сондықтан
бұл ойынды оқушылар қызыға ойнайды. Осы ойын арқылы шағын
диалогты ойнатуға болады. Бұл ойын оқушыны дұрыс мəдениетті
сөйлеуге үйретеді, сөздік қорын бағалауға мүмкіндік береді.
Үлкен бір модульді аяқтаған кезде нəтиже сабақта «Қоржынды
кім тез шешеді?» деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе
3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Əр қоржында аударма жұмысы,
сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модулға сəйкес грамматикалық
тапсырма, мəнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып,
дұрыс айтып шығады (7-10 минут). Бұл ойынды мұғалім белгілі бір
модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере
алады.
Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан
тұрады. Асықты «Сен айт», «Мəтінді жалғастыр»
ойындарында
қолдануға болады. Бұл ойындар асық лақтыру арқылы жүреді
де, баланы шапшандыққа, тез ойлауға дағдыландырады. Сабақта
ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында мұғалім сөздермен
таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт-дəстүрді сүюге
тəрбиелейді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі
болуына жақсы дағдыланады.
Əр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты
етіп өткізу арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген
ынта-ықыласын, пəнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын
баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның
бір түрі «сергіту сəті». Сабақта сергіту сəтін өткізгенде оқушының
шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тəрбиелік мəніне де
назар аудару қажет. Мысалы: «Ұзын құлақ, сұр қоян» немесе
дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: «Əй, шымыжық,
шымыжық».
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып,
балаға тəрбиелік мəні зор ойындар арқылы дамытуға болады.
Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды.
Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз
мүмкіндігінше іс-шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.
Ойын арқылы өткізілген сабақтарда артта қалған, жасық мектептен
қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше,
баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-
əрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
«Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ»,
«Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б. дидактикалық
ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға
мүмкіндік береді.
«Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту
барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше əсер етіп, оқуға
деген құштарлықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруға
себепші болады.
«Сөз құрамы» тақырыптарын қорыту барысында «Білім
биржасы», «Брейн ринг» оқыта үйрету ойындары оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.
Дүниетану сабақтарында «Адам», «Табиғат», «Қоғам»