156
157
негіздеріне жақсы қол жеткізіледі. Адамгершілік жайт «тақырып»,
«проблематика» тасасында қулана тығылып қалмай, сабақ бетіне
ашық қалқып шыға келгенде, балалардың кез келген тапсырманы
ынталана орындайтынын байқайсың. Бастауыш сынып оқушылары
оқулықты оқып, пікір таластырып, тапсырманы орындап қана
қоймайды, сонымен бірге мектеп дəлізіндегі кабинетті безендіреді,
түрлі ойындарды, жарыстарды да белсене өткізіп, экскурсияға
аттанады. Ия, сабақ «сəттерімен» емес, бүкіл мəнісімен тəрбиелейді.
Бірақ, алайда, сəттер болмайынша мəннің өзі де болмайды. Бастауыш
сынып оқушыларын осы жерде «уыстан шығарып алмаймыз ба?».
Сабақ – бұл жəрдем. Əлдекімге жедел жəрдем, əлдекімге
шұғыл жəрдем, ал əлдекім əзірше күте тұрады... Бастауыш сынып
оқушыларының мұғалімге деген зейін деңгейін, мұғалімнің олардың
əрқайсысына əдеби кейіпкердің бір сəттік қана емес, сонымен бірге
этикалық тағдырын оқушының көңіліне ұялататын пікірлерге деген
ықыласының нəтижесімен айқындайды. Сол себептен де барлық 30-
40 оқушы сабақта болады.
Кез келген сабақты өткізгенде өмірлік, эстетикалық,
адамгершілік тағылымдар болады.
Тағылым ажырамастай
ұштасқанда ғана ол тəрбие сабағына айналады.
«Кітапты сүйіңдер.. ол сіздерді... үйретеді...» М. Горькийдің бұл
сөздерін бастауыш сынып мұғалімі өзінің оқушыларына əрдайым
айтып отырады.
Бастауыш сынып оқушылары қандай да бір ертегіні оқып
шығып, оның талқылауын оқушылардан күтіп отырмай, қайта
талқылау арқылы жаппай оқып шығуға итермелеу қажет. Талдау
арқылы талдау үшін жағдай жасалады. Ертегіні түсініп оқып шығуға
мəжбүр ететін кітаптағы бетті тауып, оған қоса қызықты етіп талдап
шығу керек. Бастаған бет бүкіл ертегіге баурап кететіндей болуы
керек. Сабақта бастауыш сынып оқушыларын ертегіні оқуға қарай
жетелеу керек. Тəжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерінің ең
негізгі сыры – ертегі кітабын тезірек ашып, бəрін соған бағындыру.
Сыныппен тілдесу – кітаптағы ертегіні сөйлетпейінше қыңыр тірлік.
Сабақтың міндеті, ертегі кітабын түгел қамту емес, қайта ішінара
талдау арқылы оған ықылас туғызу. Кез келген бастауыш сынып
мұғалімі сабақ барысында оқушыларды қызықтыра отырып, баурап
əкету принципін қалыптастыруы керек.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1.
Е. Н. Ильиннің адамгершілікті қалыптастыруға негізделген
əдебиетті оқыту жүйесіне сипаттама беріңіз.
2. Бастауыш мектепте тіл дамыту пəнін оқытуда Е. Н. Ильиннің
жүйесін пайдалану бойынша тірек сигналдарын жасаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Ильин Е. Н. Урок продолжается. –
М., 1973.
2. Ильин Е. Н. Искусство общения. – М., 1982.
3.
Ильин Е. Н. Рождение урока. – М., 1986.
4.
Ильин Е. Н. Путь к ученику. – М., 1988.
5.
Ильин Е. Н. Герой нашего урока. – М., 1991.
6.
Ильин Е. Н. Воспитаем читателя. –
СПб., 1995.
7. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары.
Алматы, 2005.
8. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
9. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту
құралдары. – Алматы, 2007.
10. Педагогические технологии: Методические рекомендации
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д.
Ушинского, 2002.
11. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
12. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.