144
145
ту құралы ретінде қарастырады. Оқыту қорытылған білім-білік
дағдылары жəне ойлау қабілеті бойынша жүргізеді. Интеграция
вариативтілік жағымды жағдай тудырады.
3. Оқу үдерісін формасы мен əдістерін жетілдіру бірқатар
педагог жаңашылдардың авторлық жүйелерінде, атап айтқанда,
В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдары, Р. Штейнердің азат
таңдау идеясы, С. Н. Лысенкованың алдын ала тапсырма беру,
П. М. Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, В. А. Сухомлинскийдің
сыныптағы зияттық фоны, Л. В. Занков бойынша жеке тұлғаны
дамыту, И. П. Волковтың шығармашылық жəне орындаушылық
қабілеттері сияқты дидактикалық идеяларында ашылады.
4. Тəрбие тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының
тұжырымдамасы қазіргі заман мектептеріндегі тəрбиенің дамуына
сəйкес: білім мектебін тəрбие мектебіне айналдыру, оқушының
жеке тұлғасын тəрбие жүйесінің орталығына қою, жалпыадамдық
құндылықтарды қалыптастыру, тəрбиенің ізгілік бағыттары, баланың
шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мəдени дəстүрлерді
жаңғырту, жеке тұлғалық жəне ұжымдық тəрбиені ұштастыру.
Ынтымақтастық педагогикасының технологиясы мен идеоло-
гиясы білім беру мазмұнын айқындайды.
5.
Қоршаған ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық
педагогикасы тəрбие құралы ретінде мектепті басты рөлге қойып
отыр. Жеке тұлғаны қалыптастыратын əлеуметтік институтқа мектеп,
жанұя жəне əлеуметтік орта жатады. Нəтижесі тəрбие беретін осы үш
бастаудың əрекетімен анықталады. Сондықтан да алдыңғы қатарға
құзіретті басқару идеясы, ата-аналармен ынтымақтастық қойылған.
В. А. Буховалов ынтымақтастық педагогикасының ұстанымдарын
айқындады, ол дидактикалық материалдарды құрастырудың, өсіп келе
жатқан тұлғаның адамгершілік жəне шығармашылық қасиеттерін
тəрбиелеу мазмұнының, сабақта, сабақтан тыс жəне мектептің жалпы
тұтас педагогикалық үдерісінде ынтымақтастық орнатудың жаңа
əдістемесін жасады.
В. А. Буховалов ынтымақтастық
педагогикасының
ұстанымдары деп төмендегілерді:
- педагогикалық үдерістің адамгершілік жəне шығармашылық
бағыттылығы;
- жариялылыққа негізделген қарым-қатынас;
- шығармашылық əрекетке деген мотивацияны дамыту;
- өз бетімен білім алу жəне өзін-өзі тəрбиелеу білігін дамыту;
- шығармашылық əрекет əдістерінің жетекші рөлін көрсетеді.
Ол тəрбиенің мазмұндық негізін тұлғаның адамгершілік жəне
шығармашылық қасиеттері құрылымының тығыз байланысында
қарастырады.
Ынтымақтастық педагогикасы жайлы ұғым. Көп жылдар бойы
бастауыш білім беретін мектептің оқыту жəне тəрбие жұмысын
зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер
мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық үдерісті
жоғары ғылыми-əдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп
тапты. Өйткені олар ескі дəстүр бойынша оқытудың əдеттегі
əдістерін, қағидаларын қолданып, жастарға білім жəне тəрбие
беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп
корытынды жасады.
Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске
асырылуының нəтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалім емес,
əсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы
келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл
орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды
іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы
ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен
талаптанушылығы жоқ болса дерлік, егер еріксіз көндірудің тəсілдері
тіпті жоқ болса, егер пəнге жалпы қызығушылығы болмаса, егер
біз өз міндетімізді орындағымыз келсе – онда алдымызда бір-ақ жол
бар: біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс
жəне дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тартуымыз
керек. Əйтпесе балаларды оқытуға болмайды, – дейді бірауыздан
жаңашыл мұғалімдер.
Оқудың нəтижесі ынталылық пен қабілеттердің көбейтіндісіне тең.
Егер ынталылық нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге
айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту
үдерісін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан
айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық
педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген –
олар. Мұндай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне
жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта
қалмаудың жолын іздестіреді.
Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша,
баланы айқай, қорқыту
арқылы тəрбиелеуге, оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру