Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет41/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68

130
7.4. Тестілер
1.  Сенім  білдіруші  қайтыс  болған  жағдайда  ол  берген 
сенімхаттың күші:
а) тоқтатылмайды
b) сенімнің ауысуына байланысты тоқтатылмайды
с) тоқтатылады
d) ол берілген мерзімнің аяқталуына байланысты тоқтатылады
2. Өкіл əрекет етеді:
а) өз атынан
b) өкілдік беруші атынан
с) өз атынан немесе өкілдік беруші атынан
d) үшінші тұлғалардың атынан
3. Заңды тұлға атынан ақшаны алуға немесе беруге берілетін 
сенімхатқа қол қою керек:
а) оның басшысы 
b) оның басшысы жəне бас (аға) бухгалтерi
с) оның басшысы жəне кадр бөлімінің бастығы
d) оның басшысы, экономисті жəне бас (аға) бухгалтерi
4. Өкiл арқылы жасауға жол берiлмейдi:
а) өсиет
b) мүлікті сақтауға беру
с) жеке сақтандыру
d) мұрадан бас тарту
5. Өкілдік дегеніміз:
а)  болашақта  жасалуы  мүмкін  мəмілелерге  қатысты  келіссөздер 
жүргізу бойынша қызмет
b) өз атынан жүзеге асырылатын заңдық қызмет
с) делдалдық қызмет
d) басқа адамның атынан жəне оның мүддесі үшін заңды негізде 
жасалатын қызмет
6. Сенімхаттың ең ұзақ əрекет ету мерзімі:
а) 6 ай
b) 1 жыл


131
с) 3 жыл
d) шектелмеген
7. Бас сенімхат қандай іс-əрекет жасау үшін беріледі?
а) шектелмеген көлемде біртекті заңды іс-əрекеттерді жасау үшін
b) белгілі бір мəміле жасау үшін
с) шектелмеген көлемде біртекті емес заңды іс-əрекеттерді жасау 
үшін
d) өкілдің қарауы бойынша жасалатын іс-əрекет
8. Коммерциялық өкілдің ерекшелігі неде:
а)  бір  мезгілде  мəміленің  əртүрлі  тараптарының  мүдделерін 
білдіреді
b)  мəміле  қатысушыларының  келісімі  болса,  бір  мезгілде 
мəміленің əртүрлі тараптарының мүдделерін білдіреді
с) жай өкілден ешқандай айырмашылығы жоқ
d) жай өкілге қарағанда дербестікке ие емес
9. Бір жолғы сенімхат қандай іс-əрекет жасау үшін беріледі?
а) шектелмеген көлемде біртекті заңды іс-əрекеттерді жасау үшін
b) белгілі бір мəміле жасау үшін
с) шектелмеген көлемде біртекті емес заңды іс-əрекеттерді жасау 
үшін
d) өкілдің қарауы бойынша жасалатын іс-əрекет
10. Сенiм ауыстыру жөнiнде берiлген сенiмхаттың қолданылу 
мерзiмi аспауы керек:
а) 3 айдан
b) 6 айдан
с) 3 жылдан
d)  ол  негiзге  алынып  берiлген  алғашқы  сенiмхаттың  қолданылу 
мерзiмiнен
11.  Өкіл  жасаған  мəмілелер  бойынша  кімнің  азаматтық 
құқықтары  мен  мiндеттері  тiкелей  туады,  өзгередi  жəне 
тоқтатылады:
а) өкілдің
b)  олардың  өзара  келісімі  бойынша  өкілдің  немесе  өкілдік 
берушінің


132
с) үшінші тұлғаның
d) өкiлдiк берушiнiң
12. Сенiм бiлдiрiлген адамның өз өкiлеттiгiн басқа адамға беруi 
жөнiндегi сенiмхат:
а) ауызша жасалуы керек
b) жазбаша жасалуы керек
с) нотариат куəландыруға тиiс 
d) тіркелуі тиіс
7.5. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
ҚР  Азаматтық  кодексі  (Жалпы  бөлімі) (өзгерістер  мен 
толықтырулармен бірге).


133
8 тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзімдер
8.1. Азаматтық құқықтағы мерзімдерді белгілеу ұғымы, 
түрлері жəне тəртібі
8.2. Талап қою мерзімі
8.3. Тапсырмалар
8.4. Тест
8.5. Нормативтік актілер тізімі 
8.1. Азаматтық құқықтағы мерзiмдерді белгiлеу ұғымы, 
түрлері жəне тəртібі
Азаматтық  құқықтағы  мерзiмдерді  белгiлеу  ҚР  АК  анық-
талған.  Заңдармен,  мəмiлемен  белгiленген  не  сот  тағайындайтын  
мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе сөзсiз болуға тиiстi оқиға көрсетiлiп 
белгiленедi.
Мерзiм  жылдармен,  айлармен,  апталармен,  күндермен  немесе 
сағаттармен  есептелетiн  уақыт  кезеңi  ретiнде  де  белгiленуi  мүмкiн. 
Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң өтуi күнтiзбелiк күннен не-
месе мерзiмнiң басталуы белгiленген оқиға болғаннан кейiнгi келесi 
күннен басталады.
Жылдармен  есептелетiн  мерзiм – мерзiмнiң  соңғы  жылының 
тиiстi  айы  мен  күнiнде  бiтедi.  Жарты  жылмен  есептелетiн  мерзiмге 
айлармен  есептелетiн  мерзiмнiң  ережелерi  қолданылады.  Жыл 
тоқсандарымен есептелетiн мерзiмге айлармен есептелетiн мерзiмнiң 
ережелерi  қолданылады.  Бұл  орайда  бiр  тоқсан  үш  айға  тең  деп 
есептеледi, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргiзiледi.  
Айлармен  есептелетiн  мерзiм – мерзiмнiң  соңғы  айының 
тиiстi  күнiнде  бiтедi.  Жарты  аймен  белгiленетiн  мерзiм  күндермен 
есептелетiн  мерзiм  ретiнде  қаралады  да,  он  бес  күнге  тең  болып 
есептеледi.
Егер  айлармен  есептелетiн  мерзiмнiң  аяқталуы  тиiстi  күн  саны 
жоқ айға тура келсе, мерзiм сол айдың соңғы күнiнде бiтедi. Апталар-
мен есептелетiн мерзiм – мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде 
бiтедi.
Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге тура келсе, со-
дан кейiнгi ең таяу жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып са-
налады. Егер мерзiм қандай да бiр əрекет жасауға белгiленген болса, 


134
ол əрекет мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке дейiн орын-
далуы мүмкiн.
Алайда, егер бұл əрекет ұйымда жасалуға тиiс болса, онда мер-
зiм  осы  ұйымда  белгiленген  ережелер  бойынша  тиiстi  операциялар 
тоқтатылған сағатта бiтедi. Мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат жиырма 
төртке дейiн почтаға, телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесiне 
тапсырылған  жазбаша  мəлiмдемелер  мен  хабарламалар  мерзiмiнде 
жасалған болып саналады.
8.2. Талап қою мерзімі
ҚР АК 177-бабында талап қою ұғымының анықтамасы берілген. 
Талаптың  ескiруi – адам  құқығының  немесе  заңмен  қорғалатын 
мүдденiң  бұзылуынан  туындайтын  талаптың  қанағаттандырылуы 
мүмкiн  болатын  уақыт  кезеңi.  Талап  қою  мерзiмдерi  жəне  оларды 
есептеу тəртiбi заңмен көзделедi жəне оларды тараптардың келiсуiмен 
өзгертуге болмайды.
Талап  қоюдың  жалпы  мерзiмi  үш  жыл  болып  белгiленедi. 
Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қою-
дың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым 
ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.
Талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуiне қарамастан бұзылған құқықты 
қорғау  туралы  талапты  сот  өз  қарауына  алады.  Талап  мерзiмiн  сот 
шешiм  шығарғанға  дейiн  дауда  тарап  жасаған  мəлiмдеме  бойынша 
ғана сот қолданады. Талап қойғанға дейiнгі талап қою мерзiмiнiң өтiп 
кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз бо-
лады.
Басты  талап  бойынша  талап  қою  мерзiмiнiң  бiтуiне  байланы-
сты  қосымша  талаптар  (айыптарды  өндiрiп  алу,  кепiлдiк  берушiнiң 
жауапкершiлiгi  жəне  т.б.  туралы)  бойынша  да  талап  қою  мерзiмi 
бiтедi.
Талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген 
немесе  бiлуге  тиiс  болған  күннен  басталады.  Белгiленген  орындау 
мерзiмiне байланысты мiндеттемелер бойынша талап қою мерзiмiнiң 
өтуi орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн басталады.
Орындалу мерзiмi белгiленбеген не талап ету кезiмен белгiленген 
мiндеттемелер бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi мiндеттеменi орын-
дау  туралы  талап  қойылған  кезден  басталады,  ал  егер  борышқорға 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау