Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет38/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68

120
6.5. Тапсырмалар
Есеп 6-1
Насырова  өзінің  танысы  Абишевадан 200 000 теңге  қолхатсыз 
қарызға  ақша  алады,  ақшаны  беру  екі  куəгердің  (Абишеваның 
көршілерінің)  қатысуымен  жасалды.  Уағдаласқан  уақытта  Насыров 
қиын қаржы жағдайына байланысты ақшаны қайтарған жоқ. Абишева 
ақшаны қайтаруды жəне айыпақы төлеуді талап етіп сотқа жүгінеді. 
Сотта Насыров талапкерден ақша алған жоқпын  деп хабарлайды.
Есептен туындайтын сұрақтар:
1.  Талапкер  заем  мəмілесі  жасалғанын  растайтын  қандай  дəлел-
дерге сүйенуіне құқылы?
2. Дауды қалай шешуге болады?
Есеп 6-2
Мұқанов  əмбебап  дүкенінен  құны 300 мың  теңге  тұратын  теле-
дидар  сатып  алды.  Мұқанов  тауар  сапасына  ешбір  кінəратсыз  оны 
əмбебап  дүкеніне  үш  күн  өткен  соң  қайтарып  берді.  Ол 100 АЕК 
асырылған мəміле міндетті түрде жазбаша рəсімдеуге жататындығына 
сілтеме жасай отырып (ҚР АК 152-баптың 1-тармағы, 1-тармақшасы) 
теледидарға төленген ақшаны қайтаруды талап етті.
Есептен туындайтын сұрақтар:
1. Осы сатып алу-сату шарты заңи күшке ие ме? Сатып алушы-
ның талаптары заңды ма?
Есеп 6-3
Екі тарап жай жазбаша нысанда жасалатын мəміле жасасты, бұл 
заңнамаға  сəйкес  наториалдық  куəландыруға  жатады.  Екі  жақтың 
біріне  мəміле  пайдалы  болмағандықтан,  мəмілені  жарамсыз  деп  са-
нау  мақсатында  сотқа  қуыну  талабын  жіберді.  Талап  қоюшының 
пікірінше, мəмілені нотариалдық рəсімдеуде жөнінде заңнама талап-
тары бұзылған жағдайда, тіпті екі жақпен іс жүзінде жасалған мəміле 
де жарамсыз болып саналады. 
Өз кезегінде, қарама-қарсы жақ қарсылық білдірді. Оларды пікі-
рінше, мəміле нысанына ресми қойылған талаптар бұзылса да, егер 
оның мазмұны заңнамаға қайшы келмесе жəне үшінші тұлғалардың 
құқықтары  бұзылмаса,  онда  мұндай  мəміле  жарамды  болып 
есептеледі.


121
Сұрақ: 
1. Қандай мəмілелер наториалдық куəландыруға тиесілі?
2. Заңнама бойынша мəміле нысанына қойылған талаптар бұзыл-
ған болса, ылғи да ондай мəміленің жарамсыз деп түсіне керек пе?
3.  Екі  жақ  шарт  жасасу  үшін,  мəмілені  міндетті  нотариалдық 
куəландыруға  тиісті  ме,  егер  бұл  міндетті  түрде  нотариалдық 
куəландыруға жатпайтын мəміле болса. 
4.  Сот  бойынша  жарамды  деп  саналған  мəміле  нотариалдық 
куəландырылуға тиісті ме?
5.  Қайсыларының  ұстанымы  заңды,  жауапкердің  бе  əлде  талап 
қоюшының ба?
6.6. Тестілер
1. Заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн 
ғана жасалған мəміле:
а) өтірік мəміле
b) кіріптарлық мəміле
с) қулықпен жасалған мəміле
d) жалған мəміле
2.  Заңмен  талап  етілген  мəмiленiң  жай  жазбаша  түрiн  сақ-
тамау кезінде:
а) мəміле жарамды болып табылады
b) тараптар оның жасалуы туралы дəлелдеме қолдануы мүмкін
с) тараптар оның жасалуы туралы куəгерлердің жауабын қолдануы 
мүмкін
d) мəміле жарамсыз болып танылады.
3. Біржақты мəміле дегеніміз:
а) жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет жəне жеткiлiктi 
болатын мəмiле
b) тек бір тарап міндеттерге ие болатын мəміле
с) бір тарапта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын мəміле
d) тек бір тарап қатысатын мəміле
4. Жазбаша нысанда жасалған мəмілеге теңеседі:
а) бланкте жасалған мəмілелер
b) мəмілелерді тіркеу


122
с) хаттармен, факстермен, жеделхаттармен алмасу
d) жетон, билет беру
5.  Сыртқы  экономикалық  мəмiленiң  жай  жазбаша  түрiн 
сақтамау: мəмiленiң жарамсыз болып қалуына əкелiп соқтырады:
а) шетел заңнамасында тікелей көзделген реттерде ғана мəмiленiң 
жарамсыз болып қалуына əкелiп соқтырады
b) мəмiленiң жарамсыз болып қалуына əкелiп соқтырмайды
с) мəмiленiң жарамсыз болып қалуына əкелiп соқтырады
d) тараптарды куəгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады
6. Мəміленің жарамсыздық негіздері бекітіледі:
а) тараптардың келісімімен
b) сотпен
с) заңға тəуелді актілермен
d) заң актілерімен
7. Қандай мəмілелер мемлекеттік тіркелуге тиіс: 
а) пəтерді сатып алу-сату шарты
b) жиһазды сатып алу-сату шарты
с) киім-кешектерді сатып алу-сату шарты
d) кеңсе техникаларын сатып алу-сату шарты
8. Консенсуалдық мəміле болып танылады:
а) алдын ала шарт
b) екіжақты міндеттеуші шарт
с)  тараптар  барлық  мəнді  талаптар  бойынша  келісімге  келген 
сəттен бастап жасалған деп есептелетін мəміле 
d) мүлікті беру сəтінен бастап жасалған болып саналатын шарт
9. Жалпы ережелерге сəйкес мына мəмілелер жазбаша нысанда 
жасалуы керек:
а) 100 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға жасалған;
b) 500 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға жасалған
с)  берілген  қаржылық  жылға  арналған  «Республикалық  бюджет 
туралы» Заңда көрсетілген сомаға жасалған
d)  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  белгілеген  сомаға 
жасалған


123
6.7. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы жəне Ерекше бөлімдері) (өзгерістер 
мен толықтырулармен бірге).
ҚР 2003 жылдың 20 маусымындағы Жер кодексі (өзгерістер мен 
толықтырулармен бірге).
«Шаруа  (фермер)  қожалығы  туралы»  ҚР 1998 жылдың 31 
наурызындағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
«Жер  қойнауы  жəне  жер  қойнауын  пайдалану  туралы»  ҚР 2010 
жылдың 24 қаңтардағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге). 
«Мемлекеттік  кəсіпорын  туралы»  ҚР 1995 жылдың 19 
маусымындағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
«Бағалы  қағаздар  рыногы  туралы»  ҚР 2003 жылдың 2 
маусымындағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
«Бағалау  қызметі  туралы»  ҚР 2000 жылдың 30 қарашасындағы 
заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
«Қаржы  лизингі  туралы»  ҚР 2000 жылдың 5 шілдесіндегі  заңы 
(өзгерістер мен толықтырулармен бірге).


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау