124
7-тақырып. Өкілдік. Сенімхат
7.1. Өкілдік ұғымы мен түрлері
7.2. Сенімхат
7.3. Тапсырмалар
7.4. Тестілер
7.5. Нормативтік актілердің тізімі
7.1. Өкілдік ұғымы мен түрлері
«Мəмілелерді өкілдер арқылы жасауға жол беріледі. Басқа тұл-
ғаның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр тұлғаның (өкiлдiң) сенiмхатқа,
заңдарға, сот шешiмiне не əкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлеттiгi
күшiмен жасаған мəмiлесi өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары
мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi жəне тоқтатады», -
деп ҚР АК анықталған. Сонымен бірге, өкілдік сипаты осы бапта
анықталғаннан да кеңірек. Мəмілелерді жасасудан тыс, өкіл өзге де
заңи іс-қимылдарды (ақшаны алу, мүлікті қабылдау, сотқа қатысу
жəне т.б.) жасай алады.
Өкілдік субъектілері болып үш тұлғаны атауға болады:
өкілдік беруші – өзінің атынан жəне өзінің мүддесінде мə-
мілелерді жасасатын тұлға. Азаматтық құқықтың кез келген субъек-
тілері, құқыққабілеттілігі бар немесе жоқ адам, заңды тұлға да өкілдік
беруші бола алады.
өкіл – өкілдік берушінің атынан жəне соның мүддесінде əрекет
ететін тұлға. Азаматтық əрекетқабілеттігі бар кез келген тұлға кейбір
жағдайларды қоспағанда, өкіл бола алады. Ал, заңды тұлғадағы
өкілдік жарғымен айқындалған құқыққабілеттікке қайшы келмеуі
тиіс. Ал, жеке тұлға 14 жастан еңбек қатынастарында бола алады, 16
жастан өндірістік кооператив мүшесі бола алады.
үшінші жақ – өкілдік берушінің атынан жəне соның мүддесінде
өкілдің мəміле жасасатын тұлғасы, азамат немесе заңды тұлға. Кез
келген құқыққабілеттілігі жəне əрекетқабілеттілігі бар азамат үшінші
тарап бола алады.
Заңда кейбір мəмілелердің өкіл арқылы жасалмайтындығы
көрсетілген, өзінің сипатына қарай міндетті түрде азаматтың өзі жеке
орындауы тиіс. Мысалы, өсиет қалдыру.
125
Өкілдің өз өкілеттілігін өкіл берушінің атынан жəне соның
пайдасына жүзеге асыруы өкілеттіліктің мəнін құрайды. Үшінші
тұлғалармен болатын қатынастарға өкілдік берушінің атынан қатысу
жөніндегі өкілдің субъективті құқығы өкілеттілік деп танылады. Өкiл
жеке өзiне қатысты да, сонымен бiрге өзi өкiлi болып табылатын
басқа адамға қатысты да өкiлдiк берушiнiң атынан мəмiлелер жасай
алмайды.
Өкіл тек қана құқықтарды ғана емес, сонымен бірге міндеттерді
де иеленеді. Ол жасалатын мəміленің сипаты жөніндегі өкілдік
берушінің нұсқауларын қатаң сақтауы тиіс. Мəмiле жасауға уəкiлдiк
берiлмеген адамның басқа адам атынан немесе өкiлеттiгiн асыра
пайдаланып жасаған мəмiлесi өкiлдiк берушi осы мəмiленi кейiннен
мақұлдаған ретте ғана ол үшiн азаматтық құқықтар мен мiндеттердi
туғызады, өзгертедi жəне тоқтатады. Егер ол кейіннен ондай мəмілені
мақұлдамаса, онда оның жағымыз салдарлары өкілетсіз əрекет еткені
үшін өкілдің өзіне жүктеледі.
ҚР АК өкілдіктің туындау негіздері келесідей сипатта бекітілген:
мəміле не өзге де шарттар – сенімхатты (біржақты мəміле) беру,
тапсырма шартын жасасу;
əкімшілік актілер, сот шешімдері;
Əдетте, өкілдің өкілеттілігін тексеру міндетті болып табылады.
Алайда, егер өкілдің өкілеттілігі нақты жағдайдан айқын көрінетін
болса, онда бұл талап етілмейді. Мысалы, сауда, тұрмыстық қызмет
көрсету, қоғамдық көлікпен тасымалдау жəне т.б. салалардағы
ұйымдардың қызметкерлерінің өкілеттілігі олар əрекет ететін
жағдайдан айқын көрінеді.
Коммерциялық өкілдік ерікті өкілдіктің айрықша бір түрі болып
табылады. Егер азамат тұрақты жəне дербес түрде кəсіпкерлердің
мүдделерін шарттарды жасасу кезінде білдіретін болса, онда
өкілдіктің осы түрі туындайды. Міне, осылайша, өкілдік беруші
ретінде мұнда кəсіпкерлер бола алады жəне коммерциялық өкіл де
кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырады. Тараптардың арасында жазба-
ша нысанда жасалатын шарт коммерциялық өкілдіктің туындау негізі
болып табылады жəне онда өкілдің өкілеттіктері көрсетілуі тиіс. Егер
олар онда көрсетілмесе, онда шартқа сенімхат қоса тіркелуі тиіс.
126
7.2. Сенiмхат
Əдетте, өкілдің өкілеттіктері арнайы құжат-сенімхатта бекітіледі.
Бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi
адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уəкiлдiгi сенiмхат деп та-
нылады (ҚР АК 167-бап).
Сенімхат беру – біржақты мəміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін
бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет жəне жеткілікті,
сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді. Мүлiкке билiк жасауға
жəне нотариаттың куəландыруын талап ететiн мəмiлелер жасауға
берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе,
нотариат куəландыруға тиiс. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім
көрсетілсе, ол 3 жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрестілмесе
– берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер
сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе, ол жарамсыз деп танылады.
Өкілдік алған өкілеттігінің көлемі мен мазмұнына орай
сенімхаттың үш түрі болады:
Бас (жалпы) сенімхат – ол белгілі бір кезеңге арналып, əртүрлі
мəмілелер жасайтын өкілге беріледі, мысалы заңды тұлғаның
филиалының басшысына берілген сенімхат, мүлікті пайдалануға
берілген сенімхат;
- арнайы сенімхат – ол біртекті мəмілелер жасайтын өкілге
беріледі, мысалы, заң кеңесшісіне сотта іс жүргізу үшін берілген,
экспедиторға жүкті қабылдауға берілген;
- бір жолғы, бір мəрте берілетін сенімхат – ол тек бір əрекет жа-
сау үшін беріледі.
Заңда сенімхаттың нысанына белгілі бір қатаң талаптар қойылады.
Сенімхаттың құжат болып табылуына орай, ол жазбаша нысанда жа-
салуы жəне сенім білдірушінің қол қоюы тиіс. Мүлiкке билiк жасауға
жəне нотариаттың куəландыруын талап ететiн мəмiлелер жасауға
берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе,
нотариат куəландыруға тиiс. Нотариустан тыс, сенімхатты өзге де
уəкілетті тұлғалар куəландыра алады. Мұндай сенімхаттар нотариал-
ды куəландырылған сенімхаттарға теңестіріледі (ҚР АК 167-баптың
3-тармағы).
Жалақыны,
сəлемдемелерді,
почталық
аударымдарды,
авторлардың сыйақыларын, жəрдемақыларды, шəкіртақыларды,
почталық корреспонденцияларды алуға берілетін сенімхаттардың но-
тариалды куəландырылуы талап етілмейді. Оларды сенiм бiлдiрушi
Достарыңызбен бөлісу: |