Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет49/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68

158
қожалығының заңды тұлға ретiнде шаруа (фермерлік) қожалығының 
мүшелерi  өзiне  салымдар  жəне  басқа  жарналар  түрiнде  берген 
мүлiктiң, сондай-ақ оның қызметi нəтижесiнде алынған жəне заңдарға 
қайшы келмейтiн өзге де негiздер бойынша сатып алынған мүлiктiң 
меншiк құқығына ие болады.
Шаруа (фермерлік) қожалығының серiктестiкке қатысушылары не-
месе кооператив мүшелерi болып табылатын мүшелерi салымдарының 
мөлшерi  шаруа  (фермерлік)  қожалығының  мүлкiне  ортақ  меншiк 
құқығындағы өз үлестерiн негiзге ала отырып белгiленедi.
9.3. Меншiк иесi болып табылмайтын тұлғалардың заттық 
құқықтары
Меншiк  иесi  болып  табылмайтын  тұлғалардың  заттық  құқық-
тарына келесілерді жатқызуға болады:
Шаруашылық жүргiзу құқығы;
Оралымды басқару құқығы;
Жер қойнауын пайдалану құқығы;
Жер пайдалану құқығы;
Кепіл;
Сенімгерлікпен басқару  құқығы;
Сервитут;
Басқалары.
Жер  қойнауын  пайдалану  құқығы – «Жер  қойнауы  жəне  жер 
қойнауын  пайдалану  туралы»  Жарлықта  белгіленген  ережелер-
ге  сəйкес  жер  қойнауын  пайдаланушыға  берiлген  шарттық  аумақ 
шегiндегi жер қойнауына иелiк ету жəне оны пайдалану құқығы.
Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер 
учаскесін  өтеулі  жəне  (немесе)  өтеусіз  негізде  шектеусіз  мерзімге 
(тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша 
жер пайдалану) иелену жəне пайдалану құқығы.
Сенімгерлікпен  басқару  құқығы – бұл  ретте,  сенiмгер  бас-
қарушы, өзiнiң иеленуiне, пайдалануына жəне билiк етуiне берiлген 
мүлiктi пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге 
асыруға мiндеттенедi.
Сервитут – тұлғаның мүлікті шектеулі мақсатта пайдалану құқы-
ғы болып табылады. Жерге жекеменшіктің бекітілуіне орай, жер сер-
витуттары кеңінен таралған түрге айналды. Сервитуттарды заңға не-
месе шартқа орай бекітуге болады, сондай-ақ біржақты мəмілелерден 


159
(өсиет) бастау алуы немесе оны жүзеге асырудың көнелілігіне орай 
туындауы мүмкін. Сервитут өзге тұлғаларға қамтамасыз ететін құқы-
ғымен бірге ауысуы мүмкін.
Мiндеттемеге  сəйкес  несие  берушiнiң  (кепiл  ұстаушының)  бо-
рышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған рет-
те кепiлге салынған мүлiк құнынан осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл 
берушiнiң)  басқа  несие  берушiлердiң  алдында  артықшылықпен 
қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай 
əдiсi кепiл деп танылады.
Шаруашылық  жүргiзу  құқығын  нақтырақ  қарастырып  көрелік. 
Шаруашылық  жүргiзу  құқығы  мүлiктi  мемлекеттен  меншiк  иесi 
ретiнде алған жəне бұл мүлiктi иелену, пайдалану жəне оған билiк ету 
құқықтарын  Азаматтық  Кодекспен  жəне  өзге  де  заң  құжаттарымен 
белгiленген  шекте  жүзеге  асыратын  мемлекеттiк  кəсiпорынның 
заттық құқығы болып табылады.
Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi, егер заңдарда өзгеше 
көзделмесе, кез келген мүлiк бола алады.
Мүлiктi құрылып үлгiрген мемлекеттiк кəсiпорынға бекiту тура-
лы  меншiк  иесi  шешiм  қабылдаған  мүлiкке  қатысты  шаруашылық 
жүргiзу  құқығы,  егер  заңдарда  немесе  меншiк  иесiнiң  шешiмiнде 
өзгеше белгiленбесе, бұл кəсiпорында мүлiктi кəсiпорынның дербес 
балансына бекiткен кезде пайда болады.
Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiстерi, өнiмi 
мен  кiрiсi,  сондай-ақ  кəсiпорын  шарттар  немесе  өзге  де  негiздер 
бойынша  алған  мүлiк  меншiк  құқығын  алуға  арналған  заңдарда 
белгiленген тəртiп бойынша кəсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне 
келiп түседi.
Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға 
арналған  заңдарда  көзделген  негiздер  мен  тəртiп  бойынша,  сондай-
ақ  меншiк  иесiнiң  шешiмiмен  кəсiпорыннан  мүлiк  заңды  жолмен 
қайтарып алынған реттерде тоқтатылады.
Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктiң меншiк иесi заң құжаттарына 
сəйкес  кəсiпорын  құру,  оның  қызметiнiң  мəнi  мен  мақсаттарын 
белгiлеу, оны қайта құру мен тарату мəселелерiн шешедi, кəсiпорынға 
тиесiлi  мүлiктiң  өз  мақсатында  пайдаланылуы  мен  сақталуына 
бақылау жасауды жүзеге асырады.
Меншiк иесi өзi құрған кəсiпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi 
мүлiктi  пайдаланудан  келтiрiлген  таза  табыстың  бiр  бөлiгiн  алуға 
құқылы.


160
Мемлекеттiк  кəсiпорынның  мүлiктiк  құқықтарын  жүзеге  асыру 
ережелерi:
Қызметiн  шаруашылық  жүргiзу  құқығында  жүзеге  асыра-
тын  мемлекеттiк  кəсiпорынның,  егер  заң  актiлерiнде  өзгеше 
көзделмесе  меншiк  иесiнiң  немесе  ол  уəкiлдiк  берген  мемлекеттiк 
органның жазбаша келiсiмiнсiз:
1)  өзiне  тиесiлi  үйлердi,  құрылыстарды,  жабдықты  жəне 
кəсiпорынның  басқа  да  негiзгi  құралдарын  иеліктен  айыруға  не-
месе өзгеше əдiспен билiк етуге (осы бапта көзделген жағдайларды 
қоспағанда), ұзақ мерзiмдi (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша 
тегiн пайдалануға беруге;
2) филиалдар, өкілдіктер жəне еншiлес кəсiпорындар құруға, жеке 
кəсiпкерлермен бiрге кəсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, 
олардың өзiнiң өндiрiстiк жəне ақша капиталын сатуға; оған тиесiлi 
акцияларға (аталған жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық 
берешекке билiк етуге;
3) заемдар беруге;
4) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдеме неме-
се кепiлдiк беру.
Мемлекеттiк кəсiпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, негiзгi 
құралдарға  жатпайтын,  өзiне  шаруашылық  жүргiзу  құқығымен 
бекiтiлiп берiлген мүлiкке дербес билiк етедi.
Шаруашылық  жүргiзу  құқығындағы  мемлекеттiк  кəсіпорынның 
мемлекеттiк  кəсіпорынның  негізгі  құралдарына  жататын  мүлiкке 
қатысты, сондай-ақ оған тиесілi акцияларды сатуға жəне сыйға беру 
мəмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ
Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен 
қаржыландырылатын  мемлекеттiк  мекеменiң,  меншiк  иесiнен  мүлiк 
алушы  жəне  өз  қызметiнiң  мақсатына,  меншiк  иесiнiң  тапсырмала-
рына жəне мүлiктiң мақсатына сəйкес заң құжаттарымен белгiленген 
шекте  сол  мүлiктi  иелену,  пайдалану  жəне  оған  билiк  ету  құқығын 
жүзеге асырушы қазыналық кəсiпорындардың заттық құқығы болып 
табылады.
Оралымды  басқарудағы  мүлiктi  меншiктенушi  заң  құжаттарына 
сəйкес мемлекеттiк мекеме немесе қазыналық кəсiпорын құру, оның 
қызметiнiң  мəнi  мен  мақсаттарын  белгiлеу  мəселелерiн  шешедi, 
мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кəсiпорынның заң жүзiндегi 
тағдырын, оның қызметiнiң мазмұнын белгiлеуге құқығы бар.
Меншiк  иесi  мемлекеттiк  мекеменiң  немесе  қазыналық  кəсi-


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау