Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет47/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68

152
ҚР АК 191, 192 баптарында меншік түрінің екі нысаны, яғни жеке 
жəне мемлекеттік нысандары қарастырылған.
Жекеменшік
Мемлекеттік меншік
объектісі  айналымнан  алынған 
заттардан басқа кез  келген мүлік 
болуы мүмкін.
объектісі кез келген мүлік болуы 
мүмкін.
Заңда  белгіленген  тəсілдер  бо-
йынша  пайда  болады,  заңмен  
тыйым  салынған  тəсілдерді  қос-
пағанда (тəркілеу).
Барлық 
тəсілдермен 
пайда 
болады.  Кейбір  тəсілдер  тек 
мемлекетке  ғана  тəн  (тəркілеу, 
салық жинау, иеліктен алу)
Меншік иесінің өкілеттік көлемін 
мемлекет белгілейді.
Мемлекет  өз-өзіне  меншік    иесі 
ретінде өкілеттік белгілейді.
Заң  құжаттарына  сəйкес  азаматтарға  немесе  заңды  тұлғаларға 
тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген 
мүлiк жекеменшiкте болуы мүмкiн.
Жекеменшiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.
Мемлекеттік меншік түрлері
ҚР АК 192-бабында мемлекеттiк меншiктің екі түрі қарастырылған:
а) республикалық
б) коммуналдық 
Республикалық  меншiк  мемлекеттік  қазынадан  жəне  заң 
құжаттарына  сəйкес  мемлекеттiк  республикалық  заңды  тұлғаларға 
бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.
Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры жəне ал-
мас қоры, мемлекеттiк меншiктiң жəне Азаматтық Кодекстің 193-ба-
бында аталған объектiлерi жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтi-
лiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының 
мемлекеттiк қазынасын құрайды.
Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан жəне заң құжаттарына 
сəйкес  коммуналдық  заңды  тұлғаларға  бекiтiлiп  берiлген  мүлiктен 
тұрады.
Жергiлiктi бюджет қаражаты жəне мемлекеттiк заңды тұлғаларға 
бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны 
құрайды.


153
Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды тұлғаларға ша-
руашылық  жүргiзу  немесе  оралымды  басқару  құқығымен  бекiтiлiп 
берiлуi мүмкiн.
Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мү-
ліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.
Мемлекеттiк  мүлiктi  мемлекеттiк  меншiктiң  бір  түрiнен  екiншi-
сiне беру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейтін тəртiппен 
жүзеге асырылады.
Мүлікті  жекеменшіктен  мемлекеттік  меншікке  ерікті  жəне  өтеу-
сіз беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен 
жүзеге асырылады.
Коммуналдық  меншiктегi  мүлiктi  жергiлiктi  мемлекеттiк 
басқарудың  бiр  деңгейiнен  екiншi  деңгейiне  беру  Қазақстан  Рес-
публикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заңнамалық 
актiлерде айқындалған тəртiппен жүзеге асырылады.
Жерге жəне басқа да табиғи ресурстарға меншiк құқығы ҚР АК 
193-бабында белгіленген. Жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк жəне жану-
арлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттiк меншiкте бола-
ды. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектер-
де жекеменшiкте болуы да мүмкiн.
9.2. Ортақ меншік
Екi  немесе  бiрнеше  адамның  меншiгiндегi  мүлiк  оларға  ортақ 
меншiк құқығымен тиесiлi болады.
Мүлiк  меншiк  иелерiнiң  əрқайсысының  меншiк  құқығындағы 
үлестерi  белгiлене  отырып  (үлестiк  меншiк)  немесе  ондай  үлестер 
белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн.
Мүлiкке  ортақ  меншiк  үлестiк  меншiк  болып  табылады,  бұған 
мүлiкке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды.
Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен 
кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге бол-
майды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сəйкес бөлiнуге жатпай-
ды.
Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта 
көзделген реттерде пайда болады.
Бiрлескен  меншiкке  қатысушылардың  келiсiмi  бойынша,  ал 
келiсiмге  қол  жетпеген  жағдайда – сот  шешiмi  бойынша  ортақ 
меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн.


154
Жылжымайтын  мүлiкке  меншiк  кондоминиум  нысанында  пай-
да  болуы  мүмкiн,  бұл  жағдайда  жылжымайтын  мүлiктiң  жекелеген 
бөлiктерi  азаматтардың  жəне  (немесе)  заңды  тұлғалардың  дара  (бө-
лек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте 
емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мү-
лiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады.
Əрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оның жылжымайтын 
мүлiктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз.
Əрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны 
ұстауға арналған шығындарға қатысу дəрежесi, егер заң актiлерiнде 
немесе  шартта  өзгеше  көзделмесе,  жылжымайтын  мүлiктiң  дара 
(бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады.
Инвестициялық пай қорының активтерiне ортақ үлестiк меншiктiң 
құқықтық  режимiнiң  ерекшелiктерi  Қазақстан  Республикасының 
инвестициялық қорлар туралы заң актiсiмен айқындалады.
Егер  үлестi  меншiкке  қатысушылар  үлестерiнiң  мөлшерi  заң 
құжаттары негiзiнде анықталуы жəне оған барлық қатысушылардың 
келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн болмаса, үлестер тең деп саналады.
Үлестi  меншiкке  барлық  қатысушылардың  келiсiмiмен  олардың 
əрқайсысының  ортақ  мүлiктi  құру  мен  көбейтуге  қосқан  салымда-
рына қарай қатысушылардың үлестерiн анықтау мен өзгерту тəртiбi 
белгiленуi мүмкiн.
Ортақ  мүлiктi  пайдаланудың  белгiленген  тəртiбiн  сақтай  оты-
рып,  оны  бөлмей  жақсартуды  өз  есебiнен  жүзеге  асырған  үлестi 
меншiк қатысушысының ортақ мүлiкке құқықтағы өз үлесiн тиiсiнше 
ұлғайтуға құқығы бар.Ортақ мүлiктi бөлiп алып жақсарту, егер үлестi 
меншiкке  қатысушылардың  келiсiмiнде  өзгеше  көзделмесе,  оны 
жасаған қатысушының меншiгiне түседi.
Үлестi  меншiктегi  мүлiкке  билiк  ету  оның  барлық  қаты-
сушыларының келiсуiмен жүзеге асырылады. Үлестi меншiкке əрбiр 
қатысушы  өзiнiң  үлесiн  өз  қалауы  бойынша  сатуға,  сыйға  тартуға, 
өсиет  етуге,  кепiлге  беруге,  не  Азаматтық  Кодекстiң 216-бабында 
көзделген шарттарды сақтай отырып, оған өзгеше түрде билiк етуге 
құқылы.
Үлесті  меншiктегi  мүлiктi  иелену  жəне  пайдалану  оның  барлық 
қатысушыларының келiсуiмен, ал келiсiмге келмеген жағдайда - сот 
белгiлейтiн  тəртiппен  жүзеге  асырылады.  Үлестi  меншiктiң  əрбiр 
қатысушысы  ортақ  мүлiктiң  өз  үлесi  мөлшерiне  тең  бөлiгi  өзiнiң 
иеленуiне  жəне  пайдалануына  берiлуiне  құқылы,  ал  бұл  мүмкiн 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау