43
Қазақстан Республикасының «Неке жəне отбасы» туралы заңына
сəйкес 18 жастан бастап некеге тұруға болады. Ал, 17 жастағы Гаухар
некеге тұра ала ма?
Гаухарда толық əрекет қабілеттілік пайда болады ма?
Беркимбаева, бұзылған құқықты қорғаудың қандай тəсілін пайда-
лана алады?
Нотариустың іс-əрекеті дұрыс па?
Есеп 2-3
Мемлекеттік емес Университет «Асыл қиял» акционерлік қоғам
құрылымы ретінде тіркелген. Білім Министрлігімен берілген ли-
цензияда жоғарғы оқу орны (ЖОО) көрсететін білім қызметтерінің
түрлері анықталған. Олардың ішіне 3 класс жүргізушілерін даярлауға
арналған курсты ұйымдастыру мен өткізу кіреді. Бұл қызмет са-
ласын тəжірибелік қамтамасыз ету мақсатымен, гараж жəне авто-
көліктерге техникалық қызмет көрсетуге арналған жабдықтар
алынды. Уақыт өте келе бұның негізінде қызмет көрсету станция-
сы (ҚКС) құрылды. Прокуратура, ЖОО тексеріс жүргізе отырып,
университет оқу орны ретінде коммерциялық қызметпен айналыса
алмайды деген қорытындыға келді. ЖОО заңгерлерінің пікірінше,
университеттің ұйымдық-құқықтық құрылымы – акционерлік қоғам –
бұл коммерциялық заңды тұлғаның бір түрі, демек, жалпы құқықтық
қабілеттілігі бар жəне кəсіпкерлікпен шұғылдануға болады.
Есептен туындайтын сұрақтар:
1. Коммерциялық жəне коммерциялық емес заңды тұлғалардың
айырмашылықтары жəне құқық қабілеттілігі қандай?
2. Берілген жағдайға құқықтық баға беріңіз? Кімдікі дұрыс?
3.5. Тестілер
1. Несие берушілердің таратылатын борышқордың кепілмен
қамтамасыз етілген мүлкінің міндеттемелері жөніндегі талап-
тары қанағаттандырылады:
а) бірінші кезекте
b) екінші кезекте
с) үшінші кезекте
d) төртінші кезекте
44
2. Қосылу нысанындағы қайта құру жағдайларын қоспағанда,
заңды тұлға мына сəттен бастап қайта құрылған болып
есептеледі:
а) оның қайта құрылуы туралы соттың шешімі шыққан сəттен
бастап
b) қайтадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркегеннен бастап
с) бөлу балансын немесе өткізу актісін жасаған сəттен бастап
d) заңды тұлғаның ерікті түрде қайта құрылуы туралы шешім
шыққаннан бастап
3.Мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын құжат:
а) жарғы
b) жарғы жəне құрылтай шарты
с) құрылтай шарты
d) құрылтайшылар жиналысының хаттамалары
4. Заңды тұлға мына сəттен бастап құқық қабілеттілікке ие
болады:
а) құрылтай шартын жасасқаннан соң
b) заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне енгізілгеннен соң
с) жарғыны қабылдағаннан кейін
d) əділет органынан құрылу туралы рұқсат алғаннан кейін
5. Мүлкіне құрылтайшылары заттық құқықтарын сақтайтын
заңды тұлға:
а) мемлекеттік мекеме мен шаруашылық жүргізу немесе оралым-
ды басқару құқығындағы мемлекеттік кəсіпорын
b) қоғамдық жəне діни бірлестік
с) шаруашылық серіктестік
d) АҚ, өндірістік кооператив
6. Заңды тұлғаны қайта құру əдісі болып табылады:
а) ерікті тарату
b) жекешелендіру
с) банкроттық
d) өзгерту
45
7. Азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленiп, мiн-
деттердi жүзеге асыруға:
а) заңмен көзделген жағдайларда рұқсат етіледі
b) рұқсат етілмейді
с) коммерциялық құпияны қамтамасы ету мақсатында рұқсат
етіледі
d) мемлекеттік құпияны қамтамасы ету мақсатында рұқсат етіледі
8. Азаматтың əрекетқабілеттілігі толық көлемде пайда бо-
лады:
а) 14 жастан
b) 18 жастан
с) 16 жастан
d) туған сəттен
9. Банкрот деп танылмайды:
а) ЖШС
b) АҚ
с) коммандиттік серіктестік
d) қазыналық кəсіпорын
10. Қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі талап
ете алмайды:
а) міндеттемені мерзімінен бұрын тоқтатуды жəне шығындарды
өтеуді
b) қайта құру процесін тоқтата тұруды
с) міндеттемені мерзімінен бұрын орындауды жəне шығындарды
өтеуді
d) шығындарды өтеуді
11. Мүлікке меншік құқығы бар заңды тұлғаның
қатысушыларына жатады:
а) шаруашылық серіктестіктер
b) тұтыну кооперативтері
с) акционерлік қоғамдар
d) қазыналық кəсіпорындар
46
12. Қайта құруда біріктіру нысанын есептемегенде, заңды
тұлға қандай кезден бастап қайта құрылды деп есептеледі:
а) бөлу балансын жасағаннан бастап;
b) заңды тұлғаның басшысын тағайындағаннан бастап
с) оның бөлінуі туралы шешім қабылданғаннан бастап
d) жаңадан құрылған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген
кезінен бастап
13. Арнайы құқық қабілеттілікке ие:
а) мемлекеттік кəсіпорындар
b) ЖШС
с) Өндірістік кооператив
d) толық серіктестік
14. Коммерциялық ұйымның белгісі болып табылмайды:
а) оқшау мүліктің болуы
b) құқық қабілеттіліктің болуы
с) белгіленген тəртіп бойынша тіркелу
d) таза табыс табуға бағытталғандық
15. Екінші деңгейлі банктер ие:
а) жалпы құқық қабілеттелікке
b) арнайы құқық қабілеттілікке
с) шектеулі құқық қабілеттілікке
d) айрықша құқық қабілеттілікке
16. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына жатады:
а) құрылтайшылар жиналысының хаттамасынан көшірме
b) жарғы
с) заңды тұлға құру туралы шешім
d) ішкі еңбек тəртібінің ережелері.
17. Заңды тұлғаның жарғылық капиталының мөлшері азайған
жағдайда заңды тұлғаның міндеті:
а) тіркелуге
b) салық органдарынада тіркелуге
с) қайта тіркелуге
d) қайта құрылуға
Достарыңызбен бөлісу: |