Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет13/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68

40
Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот 
органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн
Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уəкiлдiк берген ор-
ган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында 
қайта құруға уəкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды 
сот  органының  шешiмiнде  белгiленген  мерзiмде  жүзеге  асырмаса, 
сот  заңды  тұлғаның  басқарушысын  тағайындайды  жəне  оған  осы 
заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы 
тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi 
өкiлеттiк соған ауысады.
ҚР АК 45 бабына сəйкес заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта 
құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлға-
лар  тiркелген  кезден  бастап  қайта  құрылған  деп  есептеледi.  Заңды 
тұлғаны  оған  екiншi  бiр  заңды  тұлғаны  бiрiктiру  жолымен  қайта 
құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне бiрiктiрiлген 
заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кез-
ден бастап олардың бiрiншiсi қайта құрылған деп есептеледi.
Заңды  тұлғаларды  қосқан,  біріктірген,  қайта  құрған  кезде  олар-
дың  əрқайсысының  құқықтары  мен  мiндеттерi  өткiзу  құжатына 
сəйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады. Заңды тұлғаны 
бөлген кезде оның құқықтары мен мiндеттерi бөлу балансына сəйкес 
жаңадан  пайда  болған  заңды  тұлғаларға  ауысады.  Заңды  тұлғаның 
құрамынан бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығарғанда, 
бөлу балансына сəйкес олардың əрқайсысына қайта құрылған заңды 
тұлғаның  құқықтары  мен  мiндеттерi  ауысады.  Қайта  құру  заңды 
тұлғаның  несие  берушілерінің  құқықтары  мен  заңды  мүдделерінің 
бұзылуына  əкелуі  мүмкін,  ҚР  АК 48 бабында  несие  берушілердің 
құқықтарына бірқатар кепілдіктер бекітілген.
1.  Заңды  тұлғаның  мүлкiн  меншiктенушi  немесе  заңды  тұлғаны 
қайта  құру  туралы  шешiм  қабылдаған  орган  бұл  туралы  қайта 
құрылатын  заңды  тұлғаның  несие  берушiлерiне  жазбаша  түрде 
хабарлауға мiндеттi.
2.  Бөлiнген  жəне  бөлiп  шығарылған  кезде  құрылатын  заңды 
тұлғаның  несие  берушiсi  осы  заңды  тұлға  борышқоры  болып  та-
былатын  мiндеттемелердiң  мерзiмiнен  бұрын  тоқтатылуын  жəне 
келтiрiлген залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы.
3.  Егер  бөлу  балансы  қайта  құрылған  заңды  тұлғаның  құқықты 
мирасқорын  анықтауға  мүмкiндiк  бермесе,  жаңадан  пайда  болған 
заңды  тұлғалар,  сондай-ақ  құрамынан  басқа  заңды  тұлға  бөлiнiп 


41
шыққан заңды тұлға, қайта құрылған заңды тұлғаның мiндеттемелерi 
бойынша оның несие берушiлерiнiң алдында ортақ жауапты болады.
3.3. Филиалдар мен өкілдіктер
Заңды  тұлғалар  жиі  тұрған  жерінен  тыс  орналасқан  аумақтық 
оқшауланған құрылымдық бөлімшелер, филиалдар мен өкілдіктерді 
құрады.  Тəжірибеде  олардың  құқықтық  табиғатын  түсінбегендіктен 
көптеген  сұрақтар  туындайды.  Осындағы  басты  мəселе  ретінде  фи-
лиалдар  мен  өкілдіктердің  өздеріне  алатын  міндеттемелері  бойын-
ша заңды тұлғаның мүліктік жауапкершілігіне қатысты мəселелерді 
атауға  болады.  Филиалдар  мен  өкілдіктер  өздерін  құрған  заңды 
тұлғаның бір бөлігі болып есептеледі, яғни олар заңды тұлға болып 
табылмайды. Олардың белгілері:
а) Дербес құқық субъектісі болып танылмайды;
в) Жеке мүлігі болмайды, олардың дербес балансы болмайды;
с)  Олар  өз  аттарынан  емес,  оларды  құрған  заңды  тұлға  атынан 
қызметін жүзеге асырады;
d)  дербес  мүліктік  жауапкершілік  атқармайды,  жауапкершілік 
заңды тұлғаға жүктеледі.
Филиал  мен  өкілдіктің  айырмашылығын  олардың  атқаратын 
қызметінің мөлшерімен айыруға болады.
Филиал  ҚР  АК 43 бабына  сəйкес  заңды  тұлғаның  толық  неме-
се  ішінара  қызметін  атқарады,  сонымен  қатар  өкілдік  қызметін  де 
атқарады.
Ал,  өкілдік  оны  құрған  заңды  тұлға  мүддесінің  құқығы  мен 
өкілдігін  қорғауды  жүзеге  асырады,  заңды  тұлға  атынан  мəмілелер 
жасайды.  Яғни,  филиал,  мысалы,  тауар  өндірумен  айналыса  алады, 
ал өкілдік ондай қызмет атқара алмайды.
Филиалдар  мен  өкілдіктер  оларды  құрған  заңды  тұлға  бекіткен 
ережелер  негізінде  қызмет  етеді.  Филиалдар  мен  өкілдіктердің  бас-
шыларын заңды тұлға уəкілдік берген орган тағайындайды жəне оның 
бас сенімхаты негізінде жұмыс істейді. Сенімхатта уəкілдік берілген 
басшылардың  атқаратын  мəмілелері  мен  құқықтық  іс-əрекеттері 
көрсетіледі. Олардың іс-əрекеттері үшін заңды тұлға жауапты. Фили-
алдар мен өкілдіктер тұрған жері бойынша есепке алынып тіркелуге 
жатады. Тіркелу үшін филиал (өкілдік) туралы ереже, оларды құрған  
заңды  тұлғаның  тіркелген  құрылтай  құжаттарының  көшірмесі  жəне 
филиал (өкілдік) құру туралы шешімнің көшірмесін тапсыру қажет.


42
3.4. Тапсырмалар
Есеп 2-1
Акционерлік қоғам директорының бұйрығымен филиал – қаржы 
орталығы  туралы  ереже  бекітілді.  Бұл  ереженің  мазмұнында  фи-
лиал  қызметінің  мақсаты  болып  мерзімділік,  қайтарымдылық  жəне 
төлемділік жағдайларында халықтан жəне ұйымдардан қаражат тарту 
қарастырылды.
Филиал бұл қызметті жүйелі түрде 7 ай бойына жүзеге асырды. 
Филиалдың бұл қызметі банктік қызметтің бір түріне жататындықтан 
жəне лицензияны талап ететіндіктен, прокурор филиалдың халықтан 
қаражат тарту бойынша банктік операцияларды жүзеге асыру туралы 
қызметін  акционерлік  қоғам  тиісті  лицензияны  алғанша  тоқта  тұру 
туралы талап-арызын акционерлік қоғамға қойып, сотқа жүгінеді.
Есептен туындайтын сұрақтар:
1. Заңды тұлғаның өзі иеленбейтін құқықтарды филиалына беруге 
құқығы бар ма?
2. Бұл істі қалай шешуге болады?
Есеп 2-2
Автокөлік апатынан ата-анасының екеуі де қайғылы қайтыс бол-
ған соң Гаухар Беркимбаева, оған мұра ретінде қалған үйде қамқоршы 
болып белгіленген апайымен бірге тұрды. 
Гаухар 17 жасқа  толғанда  некелік  жасты  төмендету  жөніндегі 
жергілікті əкімдіктің шешімін алып, басқа қалада тұратын 22 жастағы 
Тоқаевпен некеге тұрды. 
Гаухар жұбайына көшетіндігі себепті, үйін сатуға шешім қабыл-
дап, тіпті сатып алушыны да табады. Бірақ нотариус, Гаухардың неке 
қию  туралы  куəлігін  ұсынғанына  қарамастан,  мұра  ретінде  қалған 
үйдің сатып алу-сату шартын куəландырудан бас тартты. Нотариустың 
пікірінше, Гаухар кəмелет жасына толмаған. Ал Гаухардың қолында 
қамқоршылық  пен  қорғаншылық  органының  үйді  сатуға  қатысты 
рұқсаты жоқ. 
Есептен туындайтын сұрақтар:
Жеке  тұлғаларға  қатысты  толық  жəне  толық  емес  əрекет  қабі-
леттілігі нені білдіреді, түсіндіріңіз?


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау