Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет15/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68

47
18. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылады:
а) нотариуста
b) əділет органдарында
с) прокурормен
d) сотта
3.6. Нормативтік актілердің тізімі
ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 1994 жыл 27 желтоқсан
«Заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу  жəне  филиал  мен 
өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР 1995 жылдың 17 сəуіріндегі 
Заңы.
«Заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу  мəселелері»  ҚР  əділет 
министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы Бұйрығы.


48
3.1-тақырып. Заңды тұлғалардың таратылуы мен 
банкроттығының құқықтық мəселелері
3.1.1. Заңды тұлғалардың таратылуы
3.1.2. Заңды тұлғалардың банкроттығы
3.1.3. Тапсырмалар
3.1.4. Тестілер
3.1.5. Нормативтік актілер тізімі
3.1.1. Заңды тұлғалардың таратылуы
Заңды  тұлғаның  таратылуы  заңды  тұлғаның  құқықтық  мирас-
қорлықсыз  жойылуына  бағытталған.  Таратылатын  заңды  тұлғаның 
құқықтары  мен  міндеттері  тоқтатылады.  Заңды  тұлғаның  таратылу 
тəртібі  ҚР  АҚ (49-57 б.),  сонымен  қатар  заңды  тұлғалардың  жеке 
түрлерінің құқықтық статусын анықтайтын («Мемлекеттік кəсіпорын 
туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі 
жəне  қосымша  жауапкершілігі  бар  серіктестіктер  туралы»)  арнайы 
заңдармен реттеледі. Заңды тұлғаның таратылуы ерікті түрде немесе 
ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның ерікті түрде таратылуы заңды тұлғаның мүлкін 
меншіктенушінің  немесе  меншік  иесі  уəкілдік  берген  органның 
шешімі  бойынша,  сондай-ақ  құрылтай  құжаттарында  шешім 
қабылдауға уəкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі бойын-
ша таратылуы мүмкін. Ал, республикалық мемлекеттік кəсіпорынның 
таратылуы ҚР Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Заңды 
тұлғаның  мəжбүрлеу  түрінде  тарату  негіздері  ҚР  АК 49 бабында 
көзделген, ол тек соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Ондай 
негіздер болып  төмендегілер табылады:
 
- заңды тұлғаның банкроттығы;
 
- заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін си-
патта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп 
танылған;
 
- заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет 
үнемі жүзеге асырылған;
 
- тиiстi  рұқсат  алынбаған  (лицензиясыз)  қызметтi,  не  заң 
құжаттарында  тыйым  салынған  қызметтi  жүзеге  асырған,  не 


49
қызметiн  заңдарды  бiрнеше  рет  немесе  өрескел  бұза  отырып 
жүргiзген  жағдайларда,  соның  iшiнде  заңда  белгiленген  табыс  ету 
мерзiмiнен  кейiн  бiр  жыл  өткен  соң  корпорациялық  табыс  салығы 
туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы) 
декларация  немесе  оңайлатылған  декларация  табыс  етпеген,  заңды 
тұлға орналасқан жерi бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша 
болмаған, сондай-ақ заңды тұлға бiр жыл ішінде оларсыз жұмыс істей 
алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) жəне лауазымды адамдар 
болмаған;
 
- заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы 
мүмкiн.  Атап  айтқанда,  ЖШС  туралы  Заңның 27 бабында  ЖШС 
жарғылық капиталының мөлшері заңда белгіленген тəртіп сақталмай 
азайтылғандығы  ЖШС-ның  мəжбүрлеу  түрінде  таратылуына  негіз 
болады.
Заңды  тұлғаны  тарату  туралы  талапты  заң  актiлерiнде  осындай 
талап  қоюға  құқық  берiлген  мемлекеттiк  орган,  ал  банкрот  болған 
жағдайда – несие берушiлер де сотқа беруi мүмкiн. Заңды тұлғаны та-
рату процедурасын, заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған 
тұлға (орган) құрған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Тарату ко-
миссиясы құрылған кезден бастап заңды тұлғаның мүлкін жəне істе-
рін басқару жөнінде өкілеттік соған ауысады. Тарату комиссиясының 
негізгі мақсаттары болып төмендегілер табылады:
 
- таратылатын ұйымды қалыптастыру;
 
- таратылатын ұйымның несие берушілерін анықтау;
 
- заңды тұлғаның мүлкін сату;
 
- несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру;
Заңды тұлға таратылған кезде оның несие берушілерінің талапта-
ры ҚР АК 51 бабында көзделген кезек бойынша қанағаттандырылады.
Бiрiншi  кезекте – жалақыдан  жəне  өзге  де  кiрiстен  ұсталған 
алименттерді төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ таратылатын заңды 
тұлға  өмiрiне  немесе  денсаулығына  зиян  келтiргенi  үшiн  алдында 
жауаптылықта  болатын  азаматтардың  талаптары  тиiстi  мерзiмдiк 
төлемдердi капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады.
Екінші  кезекте – банкроттық  мəселелерін  реттейтін  заң  ак-
тісіне  сəйкес  талаптар  сомасының  бір  бөлігі  бесінші  кезекте  қана-
ғаттандырылатын  жағдайларды  қоспағанда,  еңбек  шарты  бойын-
ша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу жəне өтем төлеу, 
Мемлекеттік  əлеуметтік  сақтандыру  қорына  əлеуметтік  аударымдар 
бойынша,  еңбекақыдан  ұсталатын  міндетті  зейнетақы  жарналарын 


50
төлеу жөніндегі берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бо-
йынша сыйақы төлеу жөнінде есеп айырысулар жүргізіледі.
Үшінші  кезекте – кредиторлардың  таратылатын  банкроттың 
кепілмен  қамтамасыз  етілген  мүлкінің  міндеттемелері  жөніндегі 
талаптары,  кредиторлардың – ипотекалық  тұрғын  үй  қарызы  шарт-
тары  бойынша  талап  ету  құқықтары  кепілімен  (ипотекалық  куəлік 
кепілін  қоса  алғанда)  қамтамасыз  етілген  ипотекалық  облигация-
ларды,  сондай-ақ  аталған  облигацияларды  ұстаушыларда  оларға 
меншік құқығы туындаған немесе мəмілелер бойынша не Қазақстан 
Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойын-
ша  оларға  ауысқан  жағдайларда  Қазақстан  Республикасының  мем-
лекеттік бағалы қағаздарын ұстаушылардың талаптарын қоспағанда, 
қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады.
Төртiншi  кезекте – салық  жəне  бюджетке  төленетiн  басқа  да 
мiндеттi төлемдер жөнiндегi берешек өтеледi.
Бесiншi  кезекте – заң  құжаттарына  сəйкес  басқа  да  несие 
берушiлермен есеп айырылысады.
Таратылған  заңды  тұлғаның  мүлкi  жеткiлiксiз  болған  жағдайда, 
егер заңда өзгеше белгiленбесе, ол несие берушiлер арасында тиiстi 
кезекпен қанағаттандырылуға жататын талаптардың сомаларына қа-
рай бөлiнедi. Егер несие берушi талап қойып сотқа жүгiнбесе, несие 
берушiлердiң  тарату  комиссиясы  мойындамаған  талаптары  да,  сот 
шешiмiмен несие берушiге қанағаттандырудан бас тартылған талап-
тар  да  өтелген  деп  есептеледi.  Заңды  тұлғаның  несие  берушiлердiң 
талаптары  қанағаттандырылғаннан  кейiн  қалған  мүлкi,  егер 
заңдарда  немесе  заңды  тұлғаның  құрылтай  құжаттарында  өзгеше 
көзделмесе,  оның  бұл  мүлiкке  заттық  құқықтары  бар  немесе  заңды 
тұлға  жөнiнде  мiндеттемелiк  құқықтары  бар  меншiк  иесiне  немесе 
құрылтайшыларына (қатысушыларына) берiледi. Осы жөніндегі жаз-
баны  заңды  тұлғалардың  мемлекеттік  тіркеліміне  енгізгеннен  кейін 
заңды тұлға таратылған деп есептеледі.
Банкроттық заңды тұлғаны мəжбүр етіп таратуға арнайы негіз бо-
лып табылады. Банкроттық факті (дерек) тек сотпен белгіленеді.
Банкроттықтың субъектілері:
а)  заңды  тұлғалар  (қазыналық  кəсіпорындар  мен  мекемелерді 
қоспағанда);
б) жеке кəсіпкерлер.
Қазыналық кəсіпорындар мен мекемелер банкроттық субъектісіне 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау