Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет11/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68

34
тұлғаларға  кейбір  қызмет  түрлерімен  айналысуға  рұқсат  етумен 
көрсетілсе, ал кейбір заңды тұлғаларға қызметтің заңда белгіленген 
түрімен айналысуға тыйым салынады. Мысалы, ҚР «ҚР банктер жəне 
банктік  қызметі  туралы»  заң  кез  келген  заңды  тұлға  арнайы  ресми 
банктің статусын алмаса, өзін банк деп есептеуге банктік қызметпен 
айналысуға тыйым салады.
Сонымен қатар, заңды тұлғаның құқыққа қабілеттілігі кəсіпкерлік 
қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін. 
Мысалы, бірнеше тауар түрлері мен қызмет көрсетулер мемлекеттік 
қауіпсіздік  негізінде  құқық  сақтаушылықты  қамтамасыз  ету-
де,  қоршаған  ортаны  қорғауда,  меншікті,  азаматтардың  өмірі  мен 
денсаулықтарын  сақтау  тек  мемлекеттік  лицензия  негізінде  ғана 
жүзеге асырылады.
ҚР АК 35 бабына сəйкес заңды тұлғаның құқыққа қабiлеттiлiгi ол 
құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатыла-
ды. Алайда айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет сала-
сында заңды тұлғаның құқыққа  қабiлеттiлiгi сондай лицензияны ал-
ған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу 
мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тəртiппен жарам-
сыз деп танылған кезде тоқтатылады. ҚР АК 37 бабына сəйкес заңды 
тұлғаның құқық қабілеттілігі оның органдары арқылы жүзеге асыры-
лады.
Заңды  тұлғаның  органдарына  заңмен  уəкілдік  берілген  неме-
се  құрылтай  құжаттарымен  заңды  тұлғаның  қызметтік  мəселелерін 
шешуге жəне заңды тұлға атынан сөз сөйлейтін лауазымды адамдар 
жəне заңды тұлғаның ұжымдық топтары жатады.
Заңды  тұлғаның  органы  құқықтың  дербес  субъектісі  болмайды. 
Заңды тұлға атынан əрекет ету барысында құқықтар мен міндеттерді 
өзіне  алмайды.  Өз  органдарының  іс-əрекеттері  арқылы  заңды  тұлға 
органдарының міндетін атқаратын нақты жеке тұлғаларды ауыстыру 
иеленген құқықтар мен міндеттерінің тоқтатылуына əкелмейді. Жал-
пы ережеге сəйкес ҚР заңды тұлғалардың құрылымы келесідей түрде 
сипаттауға болады:
заңды тұлғаны басқарудың ең жоғарғы органы (жалпы жиналыс 
немесе жалғыз құрылтайшы, қатысушы);
атқарушы орган (жеке-дара немесе ұжымдық);
бақылау органы (мысалы, бақылау-ревизиялық комиссиясы, ішкі 
аудит қызметі жəне т.б.).


35
3.2.5. Заңды тұлғаны құру
Заңды тұлғаны оның құрылтайшылары – жеке тұлға, заңды тұл-
ға, уəкілдік берілген мемлекеттік органдар құруы мүмкін.
Кейбір заңды тұлғалардың құрылтайшылары тек қана азаматтар 
(толық серіктестік), ал басқаларында – тек қана заңды тұлғалар (ас-
социациялар) болуы мүмкін. Құрылтайшылар – мүліктің меншік иесі 
немесе  онымен  уəкілеттік  берілген  органдар  мен  тұлғалар.  Қазіргі 
күнде  кейбір  заңды  тұлғалар  бір  ғана  құрылтайшыдан  құрылуы 
мүмкін (АҚ, ЖШС).
ҚР АК 41 бабына сəйкес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына 
жарғы  жəне  құрылтай  шарты  жатады.  Қазақстан  Республикасының 
заң  актiлерiнде  көзделген  жағдайларда,  коммерциялық  ұйым  болып 
табылмайтын  заңды  тұлға  ұйымдардың  осы  түрi  жөнiндегi  жалпы 
ережелер негiзiнде iс-əрекет жасай алады.
Шағын,  орта  жəне  ірі  кəсiпкерлiк  субъектiсi  болып  табыла-
тын  заңды  тұлға  өз  қызметiн  Қазақстан  Республикасының  Үкiметi 
мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
Заңды  тұлғаның  құрылтай  шартын  құрылтайшылары  жасасады, 
ал  жарғысын  құрылтайшылар  бекітеді.  Заңды  тұлғаның  жарғысын-
да:  оның  атауы,  тұрғылықты  орны,  оның  органдарының  құрылу 
тəртібі  жəне  олардың  құзыреті,  қызметін  қайта  құру  мен  тоқтату 
ережелері  белгіленеді.  Коммерциялық  емес  ұйым  мен  мемлекеттiк 
кəсiпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мəнi 
мен мақсаты белгiленуі тиiс. Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк 
қоғамы  мен  өндiрiстiк  кооперативтiң  құрылтай  құжаттарында 
олардың қызметiнiң мəнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн. Жарғыда 
заңдарға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін. Жарғы 
заңды  тұлғаның  тек  ішкі  ұйымдастыруына  ғана  емес,  сонымен 
қатар  оның  үшінші  тұлғалармен  қатынастарын  реттеуге  қажет 
болғандықтан, барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен 
танысуға  құқылы.  Құрылтай  шартында  тараптар  (құрылтайшылар) 
заңды  тұлға  құруға  мiндеттенедi,  оны  құру  жөнiндегi  бiрлескен 
қызмет тəртiбiн, оның меншiгiне өз мүлкiн беру жəне оның қызметiне 
қатысу ережелерiн белгiлейдi. Шартта құрылтайшылар арасында таза 
табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан 
құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тəртiбi де белгiленедi 
жəне оның жарғысы бекiтiледi. Құрылтай шартына құрылтайшылардың 
келiсуi бойынша басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн. Құрылтай шар-


36
ты  құрылтайшылардың  ішкі  қатынастарын  реттейтін  ережелерден 
құрылғандықтан,  оның  мазмұны  коммерциялық  құпия  болып  та-
былады.  Егер  заңды  тұлғаның  құрылтайшысы  бір  адам  болса,  онда 
құрылтай  шарты  жасалмайды,  жалғыз  құрылтайшының  шешімімен 
рəсімделеді.
Бiр заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қай-
шылықтар болған жағдайда:
А)  егер  олар  құрылтайшылардың  iшкi  қатынастарына  қатысты 
болса, құрылтай шартының;
B) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен 
қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелерiн қолдануға тиiс
Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды 
деп  саналады.  Құрылтай  шарты  қабылданып  жарғының  бекітілуі 
заңды  тұлғаның  құрылуын  білдірмейді,  ол  тек  құрылтайшылардың 
заңды  тұлға  құруға  ниетін  ғана  білдіреді.  Заңды  тұлға  мемлекеттік 
тіркеуден  өткен  кезден  бастап  құрылды  деп  саналады.  ҚР  АК 
42-бабының 1-тармағының сипатталуы «заңды тұлға əділет органда-
рында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс». Жоғарыда айтылғандардан 
келесі қорытынды шығады, заңды тұлға – ол ұйымдастырылып, бел-
гілі тəртіп бойынша тіркеліп рəсімделген ерекше мүліктік кешен.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің мақсаттары:
 
- заңды  тұлғаның  құрылғандығын,  қайта  құрылғандығын  жəне 
тоқтатылғандығы фактісін растау;
 
- құрылған,  қайта  құрылған  жəне  өздерінің  қызметін  тоқтатқан 
заңды тұлғаларды есепке алу жəне олардың құрылтай құжаттарының 
заңнамаға сəйкестігін тексеру;
 
- заңды  тұлғалардың  бiрыңғай  мемлекеттiк  регистрiн  жəне 
олардың филиалдары мен өкілдіктерінің реестрін жүргізу;
 
- шарттық  бастамаларда  заңды  тұлғалар  туралы  деректерді 
мүдделі тұлғаларға ұсыну.
Мемлекеттік  тіркеу  мерзімдеріне  қатысты  келесілерді  атап  өту 
қажет:  шағын  кəсiпкерлiк  субъектiлерi  болып  табылатын  заңды 
тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметiн үлгiлiк жарғының негiзiнде жүзеге 
асыратын  орта  жəне  iрi  кəсiпкерлiк  субъектiлерi  болып  табылатын 
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жəне олардың филиалдары мен 
өкiлдiктерiн есептiк тiркеуге қажеттi құжаттары қоса тiркелiп, өтiнiш 
берiлген күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiлуге 
тиiс.
Өз  қызметiн  үлгiлiк  емес  жарғының  негiзiнде  жүзеге  асыра-


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау