Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет16/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68

51
жатпайды, себебі олар өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі 
ақшамен  жауап  береді.  Ақша  жеткіліксіз  болған  жағдайда  оның 
қарыздары бойынша қосымша жауапкершілікті меншік иесі атқарады. 
Банкроттық істі бастай алады:
 
- азаматтық-құқықтық міндеттер бойынша несие берушілер.
 
- борышқор;
 
- уəкілетті мемлекеттік орган (салықтық жəне басқа да салыққа 
қатысты бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер);
 
- прокурор – мемлекеттік  органдар  мен  мемлекет  мүддесіне 
əдейі  банкроттық  белгілерін  байқағанда  жəне  жоқ  борышкердің  не-
сие берушілер мүддесіне.
Борышкер  қажет  жағдайларда  заңды  тұлғаның  уəкілетті  органы 
немесе оның мүлкі иесінің шешімімен сотқа ерікті түрде банкроттық 
туралы  арыздана  алады.  Егер  заңды  тұлғаның  банкроттығы  оның 
құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк 
иесiнiң  iс-əрекетiнен  туындаған  болса,  заңды  тұлғаның  қаражаты 
жеткiлiксiз  болған  жағдайда  құрылтайшы  (қатысушы)  немесе  оның 
мүлкiнiң  меншiк  иесi  несие  берушiлер  алдында  субсидиарлық 
жауапкершiлiкте  болады.  Банкроттық  туралы  заңда  төлем 
қабілетсіздік, дəрменсіздік жəне банкроттық деген сабақтас ұғымдар 
қолданылады. Дегенмен, бұлардың əрқайсысының өзіндік құқықтық 
мағынасы бар.
Төлем  қабілетсіздігі – борышкердің  ақшалай  міндеттемелерін 
жəне өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындау мерзімі бастал-
ған кезден бастап үш ай ішінде оларды орындауға қабілетсіздігі. Егер 
борышкер мiндеттемесiн орындау мерзiмi жеткен кезден бастап үш ай 
iшiнде орындамаса, ол төлеуге қабiлетсiз деп есептеледi. (Банкроттық 
туралы  заң, 1,4 баптар).  Кредиторлардың  борышкердi  банкрот  деп 
тану  туралы  сотқа  арыз  берiп  өтiнiш  жасауына  борышкердiң  төлем 
қабiлетсiздiгi  негiз  болып  табылады.  Несие  берушінің  талап  ететін 
сомасы  (жоқ  борышкердің  банкроттығын  есептемегенде) 150 АЕК 
төмен болмауы тиіс. Заңда бір өтініште бір борышкерге бірнеше не-
сие берушілердің талаптарын біріктіруге немесе бірнеше талаптардың 
біріктірілуіне рұқсат етіледі.
Дəрменсіздік – ақшалай  міндеттемелер  бойынша  кредиторлар-
дың  талабын  толық  көлемде  қанағаттандыруға  борышкердің  сот 
белгілеген қабілетсіздігі. Дəрменсіздік борышкердің банкроттық ту-
ралы ерікті түрде сотқа арыздануына негіз болуы мүмкін. Жалпылай 
алғанда, дəрменсіздік соттың борышкерді банкрот деп тануға шешім 
қабылдауына негіз болып табылады.


52
Міне осылайша, дəрменсіздік – төлем қабілетсіздігіне қарағанда, 
борышкердің төлем қабілетсіздігінің тұрақтырақ нысаны.
3.1.2. Заңды тұлғалардың банкроттығы
Банкроттық – борышкердің сот шешімімен танылған оны тара-
туға  негіз  болатын  дəрменсіздігі.  Дəрменсіздік  ретінде  ақшалай 
міндеттемелер  бойынша  кредиторлардың  талабын  толық  көлемде 
қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалармен 
еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуге, салық жəне бюд-
жетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, мемлекеттік əлеуметтік 
сақтандыру  қорына  əлеуметтік  аударымдарды,  сондай-ақ  міндетті 
зейнетақы  жарналарын  төлеуді  қамтамасыз  етуге  борышкердің  сот 
белгілеген қабілетсіздігі танылады. Соттың борышкердi банкрот деп 
тану  жəне  конкурстық  iс  жүргiзудi  қозғау  туралы  шешiмi  мынадай 
жағдайларда:
 
- iс  қозғалған  кезден  бастап  екi  айдан  аспайтын  мерзiмде  сот-
тың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дəлелдей 
алмағанда;
 
- iс  қозғалған  кезден  бастап  отыз  күннен  аспайтын  мерзiмде, 
оның дəрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкердiң өз жа-
уабында дəрменсiздiгiн мойындағанда;
 
- iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде, оның 
дəрменсіздігін  растайтын  құжаттарды  қоса  борышкер  өзiн  банкрот 
деп тану туралы арыз бергенде;
 
- кредиторлар комитетiнiң бас тарту туралы шешiмi алынған кез-
ден бастап бес күннен аспайтын мерзiмде, кредиторлар комитетi бо-
рышкерге оңалту рəсiмдерiн қолданудан бас тартқанда;
 
- банкроттық  туралы  iс  бойынша  iс  жүргiзу  жаңғыртылған 
күннен  бастап  он  күннен  аспайтын  мерзiмде  оңалтуды  басқарушы 
оңалту  рəсiмдерiнiң  сəтсiз  өткiзiлгенi  туралы  уəкілетті  органның 
қорытындысымен сотқа жазбаша жүгiнгенде;
 
- Банкроттық  туралы  iс  бойынша  iс  қозғаудан  борышкер  ай-
тарлықтай зардаптар шегеді. Атап айтқанда, 
 
- заңды тұлғаның барлық органдары борышкердiң мүлкiне билiк 
ету құқығынан айырылады;
 
- соттардың  бұрын  қабылдаған  шешiмдерiн  орындау  тоқтатыла 
тұрады;
 
- кредиторлардың,  салық  органы  мен  салық  жəне  бюджет-


53
ке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  жөніндегі  өзге  де  уəкі-
летті  мемлекеттік  органның  талаптары,  соның  iшiнде  даусыз 
(акцептісiз)  тəртiппен  қанағаттандырылуға  тиiстi  талаптары  бойын-
ша  борышкердiң  банк  шотынан  ақша  өндiрiп  алуға,  сондай-ақ 
борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;
 
- кредиторлардың  борышкерге  қоятын  кез  келген  талаптары  
банкроттық рəсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
 
- борышкердің лауазымды адамдарына акцияларды, борышкердiң 
мүлкiндегi үлестердi иелiктен айыруға тыйым салынады.
Борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, əдейі жəне жалған 
банкроттық  белгілерінің  бар  екенін  анықтау,  қаржылық  жағдайына 
талдау  жүргізу,  борышқордың  төлем  қабілеттілігінің  қалпына 
келтірілуін немесе келтірілмеуін жəне несие берушілердің алдындағы 
міндеттемелерді  орындаудан  жалтару  жөніндегі  əрекеттерді  (əре-
кетсіздіктерді)  айқындау,  борышқордың  қаржылық-шаруашылық 
қызметінің жағдайына несие берушілер тарапынан бақылауды жəне 
олардың  қайта  құрылуын  жүргізуі,  басты  құралдарды  иеліктен 
шығару,  мүлікті  кепілге  немесе  жалға  беру  мəмілелеріне,  сондай-
ақ  нарықтық  бағасынан  анағұрлым  төмен  бағадағы  не  орындалуы 
борышқорға  залал  келтіруі  мүмкін  өзге  де  мəмілелердің  жасалуына 
бақылау  жасау  мақсатында  борышқорға  сыртқы  байқау  белгіленуі 
мүмкін.  Төлем  қабілеті  жоқ  борышкерге  оның  таратылуына  жол 
бермеу мақсатында төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған, 
оңалту рəсімі қолданылуы мүмкін. Ол тек сот шешімі бойынша несие 
берушілер комитеті мен уəкілетті орган келісімімен жүзеге асырылады. 
Оңалту шараларына кез келген ұйымдық-шаруашылық, техникалық, 
қаржы-экономикалық,  құқықтық  жəне  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасына қайшы келмейтiн, дəрменсiз борышкердi таратуға жол 
бермеуге бағытталған өзге де шаралар, сондай-ақ осындай шаралар 
кешенi,  атап  айтқанда,  санация,  мүлiктi (активтердi)  сауда-саттық 
жүргiзу арқылы сату, борышкердiң талап ету құқықтарына кеңшiлiк 
жасау,  борышты  акцияға  айырбастау,  бiтiмгершiлiк  келісім  жасау 
кіруі мүмкін. Борышкер жөнiнде оңалту рəсiмiн қолдануға оның тара-
тылуына жол бермеу мақсатында төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң 
нақты  мүмкiндiгiнiң  болуы  негiз  болып  табылады.  Борышкердiң 
төлем  қабiлетiн  қалпына  келтiрудiң  нақты  мүмкiндiгi  тиiстi  шарт-
тармен,  есептермен,  экономикалық  негiздемелермен  жəне  басқа 
да  құжаттармен,  егер  борышкерге  қатысты  сырттай  байқау  рəсімі 
енгізілсе, сырттай байқау əкімшісінің төлем қабілетін қалпына келтіру 
мүмкіндігі туралы қорытындысымен расталады.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау